Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы

Дата добавления: 18 Февраля 2013 в 21:12
Автор: d*******@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (34.78 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Аааа.docx

  —  37.30 Кб

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. СӨЙЛЕУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГІЗІ

1. 1 Тіл, ойлау және сөйлеу негіздері.....................................................................5

1.2  Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы..................................6

2. СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН  ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар.....7

2. 2 Оқушылардың  тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.......................8

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................10

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................11  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ел тәуелсіздігін тіл  тәуелсіздігімен астастыра қарап,  туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан    Республикасындағы    тіл    саясатының    тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы Заң»  сияқты  стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.  
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды. 
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық   әдебиеттерді,   мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   сөз   саптауы   көңіл аударарлық     көпшілігінің    тіл    мәдениеті    төменгі     деңгейде     деген қорытынды жасауға болады.   Олар   өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,     бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   Мысалы   педагогика   ғылымының  докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып   табылады»   -    дейді. Бүгінгі таңда қазақ    мектептерінің    өзекті    мәселелерінің    бірі – оқушылардың  тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. 
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.  
Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды: 
-    тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру; 
-    оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының 
себептерін саралау; 
-    тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды 
айқындау; 
-    тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы 
анықталатындығын көрсету; 
-    тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын 
анықтау; 
-    оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,  
әдістемелік ұстанымдарды негіздеу; 
-    мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу; 
-    жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды 
тұжырымдау.     Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. СӨЙЛЕУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  НЕГІЗІ

 

 

1. 1 Тіл, ойлау  және сөйлеу негіздері

 

   Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. 
Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:  
1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;  
2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;  
3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді, 
4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.  
Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп   жеткізу,   жаңа   мәлімет   беру   сияқты    қосымша    мәліметтері    бар». 
Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы

 

Тілдің қатысымдық қызметі  – адамның тіл арқылы алуан  түрлі қарым-қатынасқа түсуі. Оқытудың қатысымдық қызметі тілді жан-жақты  меңгеру, хабарлау, суреттеу, диалогтік, монологтік, көркемдік-тілдік құралдарды пайдалануды талап етеді.

  Лингвистикалық талдаулар  негізінде іскерлік қарым-қатынас  жайлы берілетін білім мазмұнының  көлемін, ұғымдар жүйесін, оларды  толық меңгеруге мүмкіндік беретін  теориялық мәліметтер мен дағдыландыратын  практикалық жаттығулар жүйеленді. 

   Қатысым дегеніміз  – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары  мен нұсқасы болады. Сондықтан  біз қатысымдық әрекеттің негізіндегі  сөйлеу нұсқаларына байланысты  тілдік құралдарды анықтадық.  Әдістемелік әдебиеттерде қарым-қатынас  құралдарын сөйлеудің екі нұсқасымен  байланысты анықтайды. Олар: ауызша  және жазбаша. Ал бұлардың әрқайсысына  тән икемділіктері мен дағдылары,  қарым-қатынас әрекетінің құралдары,  сөйлеудің бұл нұсқаларын игерудің  өзіндік жолдары бар.

   Іскерлік қарым-қатынас  тілін дамытуда дағдылар төмендегідей  бағытпен жүзеге асады: 1. Лексикалық  дағдысын қалыптастыру; 2. Грамматикалық  дағдысын  қалыптастыру.

   Сондықтан біз  зерттеуімізде іскерлік қарым-қатынас  тілін  дамытуды мынадай жүйеде  құрдық:

       - сөйлеуге  қажетті лексикалық материалдар  беру үшін лексикалық икемділіктері  мен дағдыларын қалыптастыруға  машықтандыру;

       - оқушы  өз ойынан сөйлем құрастыра  білу үшін грамматикалық ұғымдарды  сауатты қолдану дағдысын қалыптастыру  мен дамыту;

       -  оқушының  сөйлеуі нәтижелі болу үшін  мәтін құрастыра білу икемділігін  жетілдіру.

   Жоғарыдағы пікірлерді  тұжырымдай келгенде, модульдік  технология арқылы іскерлік қарым-қатынас  тілін дамытудың мәні мен мазмұны  баланың қарым-қатынас жасау үшін  ана тілінің жүйесі мен заңдылықтарын  білу, сол меңгерген білімдерін  басшылыққа ала отырып, өзін қоршаған  өмірдегі ұғымдар негізінде ойлау  икемділіктерін арттырып, оларды  күнделікті қарым-қатынас пен  өз тәжірибесінде түрлі орындар  мен ахуалдарға орай пайдалана  білу шеберліктерін қалыптастыру  болып табылады. Сондықтан біз  зерттеуімізде оқушылардың іскерлік  қарым-қатынас тілін дамыту икемділігі  мен дағдыларын қалыптастыруды  лингвистика, психология, педагогика  ғылымдары негізінде анықтап,  қатысымдық іс-әрекет теориясын  әдіснамалық модель ретінде негізге  алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН  ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

 

 

2.1 Тіл мәдениетіне  тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік  ұстаным

 

  Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар — қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру. 
Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді. 
 Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі. 
 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді: 
1.  Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту. 
2.  Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру. 
3.  Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту. 
4.  Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту. 
5.  Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.

 

2. 2 Оқушылардың  тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

 

  Жалпы білім беретін мектептер бағдарлы оқытуға бет алды және оқу мерзімі де ұзарды, ал оның әлеуметтік тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын табу әрбір пән әдістемесінің негізгі мәселесіне айналды. Бұл мәселенің түйіні білім философиясының жаңаруы, жаңа парадигманың енуі, білім мазмұнының қоғам талабымен ұштасуы, жаңа технологияның қолданылуы т.б. тенденциялардың маңыздылығын ескере отырып, оқытуды интеллект дамуының қайнар көзіне айналдырудың тетіктерін айқындау арқылы шешілері сөзсіз. 
 Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса, білімнің мәні — өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, оқушының өзіндік әрекетіне бағыт беруде, оны әрдайым дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде. 
 Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу үшін оларға берілетін білім өзегінде, біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілегтілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары сатыда жеткіншекке тілдің танымдық сипаты мен коммуникативтік қызметіне сай өмір тіршілік-жағдайларын ескере отырып, жан-жақты меңгерудің тиімді жолдарын үйрету көзделді. Бұл сөз мәдениетін қарым-қатынастың нақты түрлері бойынша жүйелі дамыту, жетілдіру арқылы шешілмек. Тілдік мәдениеті, білігі бар адам ғана қай ортада да өзіне сенімді бола алады және айналасындағылармен өзара тіл табыса білуге қабілетті болады. Ал, тіл табыса білу — еңбек нәтижелігінің ең қажетті шарты. 
Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Яғни тіл мен сөйлеу — сол адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым оқушының коммуникативтік дағдыларын жеке тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастыруды қажет етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде оқушының сөз мәдениетін жетілдірудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етілетіні даусыз. 
Сондықтан 10, 11-сынып бағдарламасы мынадай жүйемен беріледі: Сөз мәдениеті және қарым-қатынас, «Шешендік және сөз мәдениеті», «Пікірталас мәдениеті». 
Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнындағы түбегейлі бетбұрыстар оқушыға теориялық терең мағлұмат берумен қатар баланың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруға қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген қағиданы берік ұстауды қажет етеді. Бұл орайда оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, нақты практикалық маңызы бар тілдік іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-пікір алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Сондықтан тілді оқытудың әдістемелік жүйесінде естігенін тез қорытып, өз ой-түйіндерін дұрыс та мәнді, тиімді етіп айта білуге төселдіретін оқыту құралдары мен тәсілдері, жолдары анықталуы керек. Жеткіншек сөз әлемінің өзіне әлі де беймәлім ықпыл-жықпылдары бар екенін, одан әркім өзінше жол тауып шығуы қажет екенін мойындататын схоластикалық тұрғыдағы идеалды малданып отырмай, өзі сол сөйлеу талап-тарымен бетпе-бет келгенде не істей алар едім деген сауалға жауап табуына қажетті білім-біліктерді меңгертуге икемделген оқыту жүйесі қажет. Міне, сол себепті де ой тереңдігімен, сөз сиқырымен танылған таңғажайып дарынды шешендердің не дегенін ежіктеп баяндаудан гөрі, өзін әрбір жағдаятқа қоя отырып, толқу, толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар арқылы сынға түсуіне орайласқан оқу процесінде ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны ескерілуі мәнді. Бұл, оқыту жүйесіндегі шешендік өнерден бас тарту емес, сол шешендік сөздерді өз деңгейінде, өз орнында пайдалана отырып, оны сөз мазмұнын, ой түйінін жеткізетін құрал ретінде түсіну қажет деген сөз. Сөз мазмұнын түсіну ғана баланың логикалық ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін жаттығулар арқылы тілі ширайды. Сондықтан тарихта болып өткен шешендердің сәздерінің теориялық негіздерін танытатын ережелерден гөрі, сол шешендердің сөз үлгілеріне еліктетіп, ой айтуға үйрету әлдекайда тиімді. Әрі мұндай әдістер оқушының жас ерекшеліктерімен де іштей қабысып жатыр. Себебі жоғары сатыдағы мектеп оқушысы үшін темірдей теорияларды қабылдаудан гөрі, өз тәжірибесіне сүйене отырып ой түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын жүйелеу қызықты да маңызды болады. Өйткені олар қандай жағдаятта да өз бетімен жол табуға құштар. Оның үстіне XXI ғасырдың табалдырығын аттағалы отырған жас буынды білімнің сипаты немесе тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні көбірек алаңдатады. Бұл әрине, өте табиғи талап. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты — тіл табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей білу болса, онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу қабілетін тек практика арқылы дамытуға болатыны ақиқат шындық. Сондықтан да шешендікке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрдегі эмпирикалық ережелерге, заңдарға сәйкес берілетін білім мен біліктің бірлігіне негізделеді. 
Төртіншіден, жаңа білім мазмұнында ұлттық дәстүр мен жалпы адамзаттық құндылықтардың бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып берілуі де маңызды талаптардың бірінен саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен, шешендікпен, пікірталас мәдениетімен орайластырудың негізінде де жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; олардың тілдік талғамын қалыптастыруды уақыттың бүгінгі талаптарымен үндестіру, ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларымен тамырластығын түсіндіру арқылы да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Соның нәтижесінде оқушының өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі. 
Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі — тілдің табиғи қызметі қарым-қатынас құралы екендігін таныту. Бұл сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асатыны белгілі. Психологияда сөйлеудің әрекет деп танылуы туралы қағида тілді оқыту әдістемесінің методологиялық негізі ретінде алынды. Сөйлеу, яғни, практикалық әрекет, тілдік білімнің адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында нақты жүзеге асуы болып табылады. Яғни сөйлеу — тілдің әрекетке ұласуы, білімнің адам қажеттіне айналуы. Сол себепті бағдарламада оқу материалдары логикалық-семантикалық ұстаным негізінде сөз мәдениетінің ауқымында беріліп отырады. 
Міне, осы қағидаларды топтастыра отырып, 10, 11-сыныптардағы қазақ тілін оқытудың мақсаты — ана тілінің тарихымен бүгіні шешендік өнердің алуан сипаттары туралы мағлұмат негізінде оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру болып айқындалды. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың тіл мәдениетін дамытуға интерактивті әдістер арқылы қол жеткізуге болады. 
Интрактивті әдістерге: миға шабуыл, дебат, пікірталас, диалог т.б. жатады. Соның ішінде диалогқа тоқталайық. Диалогтік сөйлеуде оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын   арттыруға   үйретіледі.    Бір-бірлеріне   сұрақ   қоя   білуге төселеді. Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай  нәрсеге  сұрақты  қалай  қоя  білуіне де  байланысты  танылатынын пайымдайды. Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы – ойлаудың  алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің «кілті». Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті. 
Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы - оған бүкіл топ оқушылар куә болғандықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады, қандай мәселе төңірегінде болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе де сыйымды) оның есінде ерекше сақталады. Оқушылардың бірі басым түсуі, екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген оқушы қатесін түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Қазақ тілінің негізгі өзекті мәселелерінің бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, олардың тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті жолы - белгілі бір тақырып төңірегіндегі өзара сынға арналған пікір алысуды ұйымдастыру. 
Тіл мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі - дебат. Қазіргі уакытта мектепте, жоғарғы оқу орындарында бұл әдісті жиі қолданылады. 
Қорыта айтқанда, тілді талғампаздықпен жұмсау, дұрыс қолдану мәселелер тілдік дағдыларды жетілдіріп, әдеби тіл нормаларына сай заңдылықтарды меңгертуге келіп сиятыны белгілі. Осы міндеттің дүрыс шешім табуы жоғарыда аталған тиімді әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде қолдану. Басты нысана етіп, тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алып, оны жүзеге асыру үшін оқушының сөйлеу, жазба тілдерін жетілдіріп, тіл мәдениетін көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жұмысты қорытындылай келе, Іскерлік қарым-қатынаста оқушыларды тіл (сөйлеу) мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат – ана  тілінің мәні, тарихы мен бүгіні, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру. 
Осы мақсатқа сай туындайтын негізгі міндеттер: 
- сөйлеу мәдениеті негіздерін меңгерту; 
- сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, сөз әдебінің нормаларын меңгеру; 
- іс-қағаздары үлгілерін сауатты жазуға дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру; 
- қарым-қатынас түрлерінің сөз мәдениетімен, стильмен арақатынасын таныту; 
- шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру; 
- шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру; 
- пікірталас түрлері, олардың маңызы туралы білім беру; 
- оқушыны пікірталас мәдениетіне баулу; 
- ұлттық көркем сез нормаларын меңгерту ауқымында белгіленді. 
 Өмірге қажетті тілдің функиионалды жүйелеріне сай сөз саптауға машықтандыру үстінде қазақ тілінің грамматикалық негіздері туралы негізгі сатыда алған білімдері кеңейтіліп отырады. Мысалы, сөз әдебіне қатысты материалдар фонетикалық, лексикалық, синтаксистік білімдерін жаңғырта отырып меңгерілсе, жазба тіл мәдениетіне арналған тақырыптарда орфография мен пунктуация, стильдер туралы ұғымдарға көбірек назар аударылады. Ал, шешендікке баулу тіл тарихына, социолингвистикаға байланысты білімдерге негізделіп отырады. 
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу сөз мәдениеті негіздері туралы және тіл туралы жан-жақты ұғым беруден басталады. Сөз әдебі, әдетте, ауызша сөйлеу тілі мәдениетімен тұтастықта танылатындықтан, адамның айналасындағылармен табыса білуінің құпиясы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және іскерлік секілді түрлерімен сабақтастық сараланды. Осы қатынас түрлерінің мақсатына қарай тілдің қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылды. Ал, жазба тіл мәдениеті аясында, негізінен, іс-қағаздары стилі мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының үлгілері топтастырылды. Осы тақырыптар бойынша берілетін білім мен іскерлік-дағдылардың шығармашылық бағытта кең өрістеуіне шешендікке баулу арқылы мүмкіндік туғызылады. Одан кейінгі кезекте жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары, нақты сөзге дайындықтың сатылары, сөз құрылымы (сөздің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы), тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары туралы мағлұмат беріліп, практикалық тапсырмалар мен тақырыптар көрсетіледі, пікірталасының түрлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері, пікірсайысындағы өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениеті туралы, оның талаптары мен шарттары ұлттық және мәдени дәстүрге негізделе отырып ұсынылады. Өз пікірін қорғаудың, қарсыласын мойындатудың түрлі тәсілдері оқушы ұғымына ыңғайластырылған. Сұрақ қою, сұраққа жауап берудің әдіс-амалдары нақтыланып беріледі. Айтысу шеберлігін жетілдірудің негізгі жолдары анықталып көрсетілген. Әдістемелік жағынан, осы тақырыптарға орай ұсынылатын жұмыстарда мазмұн бірлігін сақтай отырып, грамматикалық талдаулардың да жүйелі берілуіне баса назар аударылады. Практикалық жұмыстар оқушы өміріне, қазіргі заманға ыңғайландырылуы керек. 
 Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік, практикалық бағыттылық, тілдік қызметтің барлық түрін өзара байланыста оқыту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынады. 

Страницы:12следующая →
Описание работы
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес
Содержание
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. СӨЙЛЕУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГІЗІ
1. 1 Тіл, ойлау және сөйлеу негіздері.....................................................................5
1.2 Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы..................................6
2. СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар.....7
2. 2 Оқушылардың тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.......................8
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................