Қонақ үй кызметі

Дата добавления: 14 Ноября 2011 в 12:38
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (34.67 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қонақ үй кызметін қалыптастыру негізі.docx

  —  37.72 Кб

Жоспра 

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2

  1. Қонақ үй жайлылық индустриясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
    1. Қонақ үй негізі мен менеджменті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5

    2.  Қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтермен олардың қалыптасуы . . . . 9

    1. Қонақ үйлердегі негізгі қызмет көрсету түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . 12

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14

Пайдалнылған  әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне  шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы  қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде  кең таралған.

Ежелгі  Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, саяхатшыларға арналған ертедегі конақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып  саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер  қазіргі қонақ үй функцияларына  ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен. Сол  замандағы негізгі көлік ретінде  аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен  тұрақтар болуымен қатар адамдар  тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден  тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға  арналған бұл кешендерге әжептәуір  өзгерістер енгізілген. Қосымша театр  сахналары пайда болған. Қонақ  үй иелері өз жанұясымен, кұлдары мен  кызметшілері келген қонақтарға кызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету  деңгейі жоғарғы сапалы көлемді  қызмет көрсетумен ерекшелінген. Қонақ  үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай.

     Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде  ерте кезден болған. Әсіресе сауда  жолы бойындағы базарлы қалаларда  көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен жолға  шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар  керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Сарай  иелері жолаушылардан мол төлем  алып тұрды. Сонымен қонақ үй шаруашылығы  ертеден пайда болғанына күмәніміз  жоқ. Осындай мысалдармен бірге  айта кететін бір жай бар. Бізге  белгілі болғандай адам баласының  бойында қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар арқылы саяхат жасау ниеті  пайда болды. Біздің эрамызға дейін 4000 жыл бұрын Египет халқы Сүмерлер дөңгелекті ойлап тапты, сонымен  біршама жолдарды өту кезінде  уақыт ұтты. Сонымен қатар біздің эрамызға дейінгі 200-ші жылдары жолаушылар үшін хандықтар және таверналар пайда  болды. Біздің эрамызға дейінгі 700- ші жылдары  антик гректердің олимпияда ойындары спорт туризмінің дамуында тарихи жағдай болып есептелді.

     Сауда қатынасын жандандырған Ұлы Жібек  Жолы бойында бекеттер және тамақтану  орындары қалыптасты. Америка континентінің  халықтарының дүние жүзін аралау ниетінің әсерінен көптеген саяхаттар  жасалды.

     Жоғарыда  айтып кеткендей Ұлы Жібек  жолын қонақ үй шаруашылығының даму ордасы деп тұжырдасақта болады деп  есептеймін. Ұлы Жібек жолы кейбір мәліметтерге көз салсақ , 7-12 мың км деседі . Бірақ осы Ұлы Жібек жолының барлығын басып өткен саудагер жоқ екендігін айқындайды. Негізінде саудагерлер тездетіп өздерінің тауарларын айырбастап , сатуға икемденген. Әрине олар мұндай әрекеттерден пайда көріп отырған және уақыт ұтқан. Осы аталған ұлы жолымыз, әр-түрлі жолдар жүйесін құраған. Сонымен қатар Шығыс пен Батысты яғни әлемдік цивилизация Рим империясымен Хан империясын біріктірген. Мұндай жол қатынасы тек әлемдік цивилизация емес, сауда қатынасы, мәдени шаралардың жасалып даму жолында маңызы зор.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Қонақ үй жайлылық индустриясы
 

     Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы  экономикамыздың дамуының әлуетті  және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса , әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп,  халықтың танымдық деңгейін көтереді.

     Қазақстанның  туризм саласында келесідей қайта  құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері  өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда, кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда.

     Қазақстандық  туризмнің стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру. Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатаынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

     Дипломдық жұмыстың мақсаты-қазіргі кезде  қонақ үй бизнесінде кездесетін проблемаларды  анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонакқ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

     Атаулы  қойылған мақсаттан мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

• экомика  саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәнін және ерекшеліктерін анықтау;

• қонақ  үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және оны анықтайтын факторларды  анықтау;

• қонақ  үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару  құрылымдарын талдау;

• қонақ  үй кәсіпорны ұсынатын қызмет жиынтығының  ерекшеліктерін зерттеу;

• ұтымды технологиялар мен маркетингтің тиімді құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.

     Берілген  жұмыста орналастыру құралдары  мен нөмірлердің негізгі жіктелімі, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, қонақ үй бизнесіні  қазіргі жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген.

     “Қазақстан” қонақ үйі мысалында басқару  құрылымы немесе қонақ үйдің негізгі  қызметтеріне сипаттамалар келтірілген. Сонымен бірге қонақ үйдің экономикалық , соның ішінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін нөмірлер жүктемесі, табыс, пайда, шығындар, рентабельділік сияқты көрсеткіштер көрсетілген.

     “Қазақстан” қонақ үйінің тұтынушылары зерттеліп ,олардың негізгі сұранымдары  анықталды. Қазіргі нарықта бәсекелестіктің өршелене түсуі жағдайында бәсекелестердің қызметіне талдау жасау маңызды орынға ие болады, яғни өзінің қызметін негізгі бәсекелестер қызметтерімен салыстырып отырып,артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға болады.

     Артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отырып қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында, кіршіксіз беделді қалыптастыруда, басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруде маңызды аспект ретінде менеджмент және маркетинг құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған. 
 

    1. Қонақ үй негізі мен менеджменті
 

     Қонақ үй менеджменті – қазіргі кездегі  нарықтық экономика жағдайында қонақ  үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

     Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

     Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе –  әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын  мүддесіне жауап беретін мақсаттар  қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын  басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.

     Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны – қолда бар адам мен материалдық  ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын  құру.

     Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды ұсына  алуы не бәсекелестеріне қарағанда  ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

     Қонақ үй шаруашылығында – ең алдымен  қызметшілер. Осыдан келіп бұл терминнің  үшінші анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің  жұмысын ұйымдастыру.

     Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок  капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі  іс.

     Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз  жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын  жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек. Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.

Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару. Менеджерлер деген кім? Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

     Менеджер  – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез – келген адам да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.

     Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

     Европалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі  тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы  адамдар.

«Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жанұясы  – фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер  мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының  болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

     Оның  біріншісі – қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер – әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады.

     «Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды  жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті  жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын  пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс – әрекеті менеджердің кэз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс – әрекетін қадағалай білуі тиіс.

     Менеджердің екінші міндетіне – кез келген шешімді қабылдап, іс әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы  туралы да ойланып – толғануы жатады. Әрбір менеджерге – деп атап көрсетеді. Дракер – өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

     Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау  үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

     Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық  құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Содержание
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
Қонақ үй жайлылық индустриясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Қонақ үй негізі мен менеджменті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2. Қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтермен олардың қалыптасуы . . . . 9
Қонақ үйлердегі негізгі қызмет көрсету түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Пайдалнылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15