Өндіріс теориясы

Дата добавления: 06 Марта 2013 в 18:55
Автор: a*********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (29.01 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

referattar.kz_119899453.docx

  —  32.14 Кб

            Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             СӨЖ

            Тақырыбы:     Өндіріс теориясы

 

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған: Чегебаева С.А.

                                                                                      Тексерген: Оразалин Р.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Алматы 2012 

Жоспар:

 

 

  1. Кіріспе

                               1.1 Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі.

  1. Теориялық бөлім

 

  1. Тәжірибелік бөлім

3.1  “Прииртыш” фабрикасының өсу тиімділігі.

  1. Қорытынды

 

    

 

          Кіріспе

 

      

 

        Өндіріс теориясы аясында менің таңдаған тақырыбым- “Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі”. Бұл тақырыптан,мен,”қай уақытта өндіріс ауқымы оң әсерге ие болады?” деген сұраққа жауап іздедім. Жалпы өндіріс ауқымының өсуі дегеніміз – бұл өндіріс факторлары шығындарын арттыру мен өндіріс көлемінің өзгеруі арасындағы арақатынастың сипатын көрсететін өндірістік үрдістің маңызды қасиеті.

Фирма ұзақ мерзімді кезеңде  өз қызметіне қажетті өндіріс  масштабының өсу тиімділігін  таңдау және анықтау мәселесін шеше алады. Сол себепті ұзақ мерзімді кезең- барлық өндіріс факторларының  өзгеруі болып табылады.

        Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім- қазіргі таңда біздің еліміздегі мыңдаған жұмысшылары бар өндіріс орындары ауқымының маңызы аса зор. Себебі,олардың қазіргі атқарып жатқан жұмыстарының басты мақсаты қаржы дағдарысына қарсы тұрып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуының қарқынын сақтап, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жұмыс жасау болып табылады. Өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.Өндірістік шаруашылықтардың өнімін көбейту арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең алдымен өнім өндіруші еңбеккерлерге қатысты еңбек ресурстарын тиімді басқару болып табылады.

 Өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы мемлекеттің реттеу және қолдау көрсету ролін күшейтуге ерекше мән беріліп отыр. . Бұл өндірістік процестің ұзақ мерзімді кезеңіндегі ерекшелігі болып табылады. Өндіріс ауқымындағы өндіріс факторлары мен өнім шығару көлемі бір-біріне тәуелді және байланысты болып табылады. Себебі белгілі бір фирмадағы өндіріс факторлары санының өсуі нәтижесінде өнім шығару көлемінің өскенін де байқаймыз. Ал фирманың өнім шығару көлемінің артуы, әрине, өндіріс ауқымына оң әсерін әкеледі. Мысалы, кез келген бір фирманы алайық. Оның негізгі мақсаты- пайда (табыс) табу. Фирма өзінің қызметтерін атқара отырып белгілі бір өнім шығарады.  Осы кезде фирманың өндіріс көлемі ұлғайған жағдайда өндіріс факторларының өнімділігі де жоғарылайды. Бұл жерде өндіріс факторларын жұмысшылар саны деп есептесек, онда өндіріске оң тиімділікті болдыру үшін, өнім көлемінің жоғарылауына байланысты жұмысшылар санын да көбейткен жөн. Яғни, өндіріс көлемі 2 есеге өскен кезде, жұмысшылар санының да 2 еседен көп өскендігі.  Сондықтан да бұл фирмаға оң әсерін тигізуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Теориялық бөлім

 

     Өндіріс теориясының маңызды мақсаты болып өндірістің тиімді әдістерін ұйымдастырудың принциптерін қалыптастыру табылады, яғни ресурстардың берілген мөлшерінде өнім шығарудың максималды көлемін қамтамасыз ететін өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктерін және өндірістің ауқымын таңдау болып табылады.

       Шығарылатын өнім көлемін арттыру өндірістің барлық факторларының санын ұлғайту есебінен, яғни өндіріс ауқымын өсіру есебінен жүзеге асады.

 Факторлардың  өзара алмастырылу үйлесімділіктерін  өзгертпей, факторлардың шығындарын  арттырудың және өнім шығарудың  көлемін арттырудың арасындағы  тәуелділіктің сипатын масштаб  тиімділігі деп атайды. Факторлардың  санын салыстырмалы өзгерту мен  өнім көлемін салыстырмалы өзгертудің  арасындағы қатынасқа байланысты  масштаб тиімділігінің мынадай  түрлерін бөліп көрсетуге болады:

    • масштабтың оң (өспелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі көбірек шамаға өскенде орындалады;
    • масштабтың тұрақты тиімділігі, бұл өнім көлемінің де, факторлар шығындарының да бірдей шамаға өзгергенінде орындалады;
    • масштабтың теріс (кемімелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі азырақ шамаға өскенде орындалады.

 Фирма  өз өндіріс көлемінің ауқымын  масштабтың кемімелі тиімділігі  басталғанша дейін арттыра беруі  қызметін экономикалық жағынан  тиімді, әрі ақылға сыйымды деп  санауға болады.

 Өндіріс  ауқымының көлемін арттыруда  маңызды рөлді техникалық прогресс  ойнайды, оның еңбекқарқынды,  капиталқарқынды және бейтарапты  деген типтерін өндірісте қолдануға  болады.

Өнім шығару көлемінің өсуі барлық пайдаланатын факторлардың санын өсірумен байланысты екенін зерттегенде , біз өндірістік процестің ұзақ мерзімді кезеңіндегі  ерекшеліктерін байқаймыз.

         Барлық қолданылып отырған факторлар  бір пропорцияда өзгеретін болса,  мысалы а рет, онда фирма  өндіріс ауқымын өзгертеді. Егер  осы кезде өнімді шығару көлемі  а реттен көп өссе, онда бұнда й өсу өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп аталады.

         Өндіріс факторларының екі есе  көбеюінің нәтижесінде өнім көлемі  екі еседен де көп өсіп тұр.  Сондықтан өндіріс ауқымының  өсуі оң әсерлі болады дейміз.

 

 

 K



 

 

 400


                                     


 

                                                     200    


                                                                                  

                                   

 

                                                             L

 200 400


 

 

        1. сурет. Өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігі.

                                                Тәжірибелік

 

 

“Прииртыш” құс фабрикасы.

Бұл кәсіпорынның бүгіні мен  ертеңі туралы сөз қозғамас бұрын, оның өткен тарихы туралы да қысқаша айта кеткеніміз жөн болар. Ол осыдан тура ширек ғасыр бұрын Семей үйрек фабрикасы деген атпен іске қосылған-ды. Қаладан соншалықты алыс емес, нақтылап айтсақ 25 шақырым жерде бой көтерген жаңа кәсіпорын жанынан Утинка деп аталатын жаңа кенттің де қоса салынғаны есімізде.

Осы жаңа кәсіпорынның алдына жылына үш мың тонна үйрек етін өндіру міндеті жүктелген болатын. Бірақ түрлі себептермен бұл міндет орындалмай қалды. Ақыр соңында ол бройлер етін өндіруге бейімделіп қайта құрылды. Бұл шақта іргедегі кент аты Прииртыш деп өзгертілген еді. Соған орай кәсіпорын енді Прииртыш бройлер құс фабрикасы атанды.

Бірақ, өкінішке қарай, фабрика  аты өзгергенмен затында, яғни іс нәтижесінде сондайлық өзгеріс  байқала қоймады. Оның үстіне жығылғанға жұдырық дегендей, бұрынғы мызғымастай көрінген Одақ тарап, нарық келіп есік қаққанда фабрика бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Бірінен кейін бірі келіп, жиі ауысып жатқан сол тұстағы басшылар да кәсіпорынды тығырықтан алып шығуда дәрменсіздік танытқандары рас.

Ақыр соңында фабрика  тізгіні Бейсенғазы Тастекеев деген  азаматқа сеніп тапсырылды. Бұл 2001 жылдың ақпан айы болатын.

 Солайша мұнда 2003-2004 жылдар аралығында өндірісті қайта жабдықтау және бройлер ет өнімдерін өндіру жұмыстарын ғылыммен ұштастыра жүргізу қолға алынды. Сол мақсатпен бірінші кезекте бройлер балапандарын өсіретін корпустар, инкубатор, құс сою цехы қайтадан құрылып, жаңартылды. Оның сыртында ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның өзі өндіріс технологиясын түбегейлі өзгертуге жол ашты. 18 корпуста шетелдік жем беру және суару қондырғылары орнатылды. Жылу мен жарық өз алдына, желдеткіш жүйесінің қалыпқа келтірілуі өндіріс мәдениетін артыра түсті. Ендігі жерде барлық жұмыс компьютерлік жүйемен бақыланатын болды.

Осы орайда айта берсе әңгіме көп. Мәселен, құс сою цехы венгрлік қондырғылармен қайта жабдықталды. Соның нәтижесінде сағатына 1500 бас құс союға мүмкіндік туды. Тәуліктік қуаттылығы 8 тонна мұздатқыш камералар өндірілген өнімді алаңсыз сақтауға кепілдік берді. Соның бәрі қосыла келгенде үздік көрсеткіштерге жеткізді. Айталық, аталған фабрика қазірде бройлерді өсіру көрсеткіштері жөнінен тек өз елімізде ғана емес, ТМД елдеріндегі құс фабрикалары арасында үздік деп танылып отыр. Мұнда небәрі 40- 42 күн ішінде балапан салмағы 2,300 килоға жеткізіліп қана қоймай, соның 98 пайызын аман сақтауға кепілдік бар.

Қазірде бройлер құс етін өндіруден фабриканың жылдық қуаты 6-6,5 тоннаға жетіп отырған көрінеді. Ендігі меже 12 мың тонна Және бұл бос сөз үшін айтылып жатқан әңгіме емес. Бұрын балапанды өсіру үшін 56-60 күн кететін. Ал оны қазір 40-42 күнге түсірген.

мұнда күніне – 20, ал айына 500-550 тонна құс еті өндіріледі екен. Ал бұл дегеніңіз күніне – 125, айына төрт мыңға жуық ірі қараның салмағына парапар ет деген сөз. Осында өндіріліп жатқан соншама құс етінің 30-35 пайызы семейліктердің қажетіне жұмсалып жатса, қалғаны көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағандыны айтпағанда, бір шеті Астана, Алматыға, тіпті Ақтауға дейін жөнелтіліп жатқан көрінеді. Күні ертең бұлар 12 мыңдық межеге жеткенде кәсіпорынның қызмет көрсету аясы бұдан да кеңи түсетіні айтпаса да түсінікті.Қазір мұнда 370 адам еңбек етеді екен.

 

 

 

 

 

          Шетелдік қондырғылардың кеңінен  пайдалану нәтижесінде, көптеген  жаңа құрылғылардың сатып алынуы  нәтижесінде “Прииртыш” құс фабрикасы өз мақсатына жетіп, қазіргі таңда ең ірі фабрикалардың біріне айналып, бәсекелес фабрикалардың арасында үздік орынға ие болып отыр. Сонымен қатар жаңа цехтар мен корпустардың салынуы өндіріс технологиясын өзгертті. Бұл “Прииртыш” фабрикасының өндіріс ауқымын кеңейтіп, үздік орынға жеткізді.

Әрине, фабрика үшін бұл  үлкен жетістік. Және бұл жетістік- өндіріс ауқымының оң тиімділігіне  әкелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

                                              Қорытынды

 

 

  

      Өзімнің жұмысымда көтерген мәселелер: өндіріс теориясы, өндіріс ауқымының өсуі , өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігі, “Прииртыш” құс фабрикасындағы өндіріс ауқымы.

       Қорыта  келе, өндіріс ауқымының оң тиімділігі  деп- 

өндіріс факторларының екі  есе көбеюі нәтижесінде өнім көлемінің  де екі еседен көп өсіп тұрғандығын  айтамыз. “Прииртыш” фабрикасына жүргізілген мысалдан, өндіріс көлемінің факторларға байланысты ұлғайғанын көрдік. Яғни, факторлардың өзгеріп, көп мөлшерде қолдану аясында фабрика көлеміне әсерін тигізгенін байқадық. Бұдан, біз, өндіріс факторлары мен өнім шығару көлемінің арасындағы байланыс бар екендігін көреміз.

        Отандық  басқа да фирма, фабрикалардың өндіріс көлеміне байланысты іс-әрекеті осындай болғандығын қалаймын. Себебі бұл- еліміздің дамып,  көркеюіне, көрші елдерге экспорттау нәтижесінде танылуга зор мүмкіндік береді. Өндіріс ауқымының оң тиімділігі- халықты қажетті түрде өнім мен қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.

Ал, мен келтірген фабрика  мәселесіне келсек, ең бастысы сол, қала маңындағы ет, сүт өндіретін шаруашылық, кәсіпорындардың өзекті мәселелері Елбасымыздың ұдайы назарында. Соған орай республика Үкіметі тарапынан да қамқорлықты сезініп келеді. Бірақ жоғарыда айтқандай, бармен қанағат деп қол қусырып, отыра беруге болмайды. Сондықтан әлі де өз шешімін таппаған өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге тырысып бағу керек. Мәселен, елімізде құс шаруашылығын дамыту мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айының соңында Парламент Сенатының ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелде кеңінен қозғалды. Онда осы фабрика тарапынан да бірқатар мәселелер ортаға салынды. Айталық, шығыс өңіріндегі құс фабрикаларын тұқымдық балапандармен қамтамасыз ету үшін облысымыздың Глубокое ауданындағы серіктестік базасында тұқымдық зауыт салу, құс өсірумен айналысатын кәсіп-орындар үшін электр жарығының бағасын төмендету, құс етін тасымалдауда кедендік төлемді азайту сияқты мәселелердің шешімін тездетпесе болмайды.

Екінші ұсыныс - Семей өңіріндегі кәсіпорындардың бәрінде дерлік экологиялық төлем сол кәсіпорындар есебінен төленуде. Егер мәселенің қисынына келетін болсақ, әлгіндей кәсіпорындар кезіндегі атом сынақ полигонының өтемдерін неге өз мойындарына алуы керек. Сондықтан республика Үкіметі алдағы уақытта бұл мәселені де оңды шешеді деп ойлаймын . Ал соның бәрі қосыла келгенде бұлардың жедел дамуына бұрынғыдан да зор мүмкіндік туғызған болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиетке сілтеме.

 

  1. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001

 

  1. Самуэльсон П. Экономика. Т. 1, 2. - М.: Финансы и статистика,

 

 

  1. Закон РК «О государственной поддержке  малого предпринимательства» от 17 июля 1997 г.

 

  1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика. - Алматы, "Экономика", ҚазЭУ, 2000    http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_64/

 

 

  1. http://www.egemen.kz/?p=9140

 

  1. Қ.С.Есенғалиева  “Микроэкономика” 2007

 

  1. Өндіріс теориясы http://diplomy.kz/load/ndiris_teorijasy/16-1-0-2779

 

  1. http://www.smsreferat.kz/%D0%A0%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82/14284-%D3%A8%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81-%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B-6-%D0%B1%D0%B5%D1%82.html

 

  1. http://www.bazernet.kz/load/102-1-0-755

 

 

 

Страницы:12следующая →
Описание работы
Өндіріс теориясы аясында менің таңдаған тақырыбым- “Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі”. Бұл тақырыптан,мен,”қай уақытта өндіріс ауқымы оң әсерге ие болады?” деген сұраққа жауап іздедім. Жалпы өндіріс ауқымының өсуі дегеніміз – бұл өндіріс факторлары шығындарын арттыру мен өндіріс көлемінің өзгеруі арасындағы арақатынастың сипатын көрсететін өндірістік үрдістің маңызды қасиеті.
Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өз қызметіне қажетті өндіріс масштабының өсу тиімділігін таңдау және анықтау мәселесін шеше алады. Сол себепті ұзақ мерзімді кезең- барлық өндіріс факторларының өзгеруі болып табылады.
Содержание
Кіріспе
Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі.
Теориялық бөлім
Тәжірибелік бөлім
“Прииртыш” фабрикасының өсу тиімділігі.
Қорытынды