Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған.
Тігін бұйымдарын көбейту мақсатында айналым қаражаттарын алып тиімді пайдаланудың бизнес-жоспары серіктестіктің қаржылық жағдайын тұрақтандырып және пайда алу жан-жақты қарастырылған.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................... 4

1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52

Қорытынды......................................................................................................... 76

Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80

Қосымшалар......................................................................................................... 83

Работа содержит 2 файла

Фирмада__ы ▌шк▌ жоспарлауды__ нег▌зг▌ ____жаты рет▌ндег▌ .22.doc

— 923.00 Кб (Скачать)

  Серіктестік бизнес үшін заңды шешiмдерді және жобаларды басқару қызметінде  жобаның  мүмкіндік шегін анықтаудан,  жүйені пайдалануға дейін, және ұзақ мерзiмдi қызмет көрсетуді  жүзеге асыратын тәжірибелі жүйелiк интегратор болып табылады.

«Ақанай» серіктестігі қазiргi дәрежесіне сәйкес шетелге танымалы инженерлiк тәсілдер мен технологияларды қолданады.

Біздің тапсырыскерлерге және дайын өнімнің негізгі тұтынушылары: «Казбургаз» ААҚ, «Мирас» ЖШС, «ТНК Казхром» АҚ, «Пундж Лойд Казахстан» ЖШС, Атырау ПЧС, Қызылорда ПЧС, БҚО Төтенше жағдайлар-мен мобилизациялық дайындық басқармасы ГУ, «ТКА-КРО» ЖШС, «Наркескен» Қоғамдық қоры, Облыстық тарихи-өлкетану музейі ГККП,  Мәдени ағарту бірлестігі ГККП, «Датка» ЖШС және т.б. болып табылады. Батыс Қазақстан нарығында «Ақанай» серіктестігі ең қолайлы жүйелiк интеграторлардың  бірі деп есептеледі.

Серіктестік өзінің тапсырыскерлеріне ұзақ мерзiмдi қызмет келiсiмдерi-нiң негiзiнде бұйымдардың мерзімсіз қолдауын қамтамасыз етуге ұмтылады. «Ақанай» серіктестігі 3 халықаралық стандарттар бойынша жұмыс жасайды, атап кететін болсам, OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі», ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйелері», ИСО 9001:2008 «Сапа менеджментінің жүйелері» атты стандарттармен сертификатталды.

«Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы төмендегі 1сызбадан көруге болады.


 

 

 

 

 

                1.Сурет. «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы.

 

 

2.5 Серіктестіктің  баланс активтерінің құрамы мен  құрылымының динамикасын талдау.

 

         Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің  маңызды элементі болып саналатын  активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын  жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштер-ден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын  өнім және тауарларды қайта бағалау  жүргізілмейді. Сондықтан да олардың  құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.                                                  Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-ші аналитикалық кесте құрылды.    

           1 кесте

«Ақанай» серіктестігінің баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.

 

Активтер

Сомасы, мың  тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+ ; -)

 

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

Мың

тг.

Үлес салмағы%

Ұзақ мерзімді активтер

               

Негізгі құралдар

4597

11837

10937

38,7

50

58,2

+6340

+138

Материал-дық емес активтер

41

98

93

0,3

0,04

0,5

+52

+127

Ұзақ мерзімді активтер

жиыны

4638

11936

11031

39

50

58,7

+6393

+138

Қысқа мерзімді активтер

               

Ақшалай құралдар

 

134

 

8504

2831

1,12

35,8

15

+8370

+6246

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар

 

1290

7

0,8

10,8

0,03

0,004

-1289,2

-99,9

Запастар

3780

50 260

2574

3938

31,8

10,8

21

+158

+4,2

Басқа да қысқа  мерзімді активтер

2024

747

169

17

3,1

0,9

-1855

-91,6

Жиыны

7230

11834

7750

61

50

41,3

+4604

+63,7

Баланс

 

 

11869

23770

18781

 

 

100,00

100,00

100,00

+11901

+100,2 жалпы серік-тестік


 

 

Берілген кесте  мәліметтеріне сүйеніп  серіктестік баланс валютасының 2009 жылы 11901 мың теңге көлемінде артқандығына көз жеткізуге болады.      Талдау нәтижесі барысында төмендегідей өзгерістер байқалады, яғни жылдан жылға ұзақ мерзімді активтер көлемі арта түскенде, ал керісінше қысқа мерзімді активтер төмендеген, бұл пайыздық тұрғыда сәйкесінше 39; 50; 58,7.және 61; 50; 41,3 болып отыр.

Айта кететін  нәрсе, қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар 2008 жылы 1290 мың теңгені құраған болса, ал одан кейінгі  2009 және 2010 жылдары  сәйкесінше 7 мың және 869 теңгені құраған Басқаша айтқанда қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар осы жылдар ішінде 99 пайызға дейін қысқарып отыр.

Негізгі құралдар 2008 жылы 4597 мың теңге шамасында болса , оның көлемі 2009 жылы 11837 мың және 2010 жылы 10937 мың теңгеге  дейін артқан немесе соңғы кездері 138 паызға көбейген. Ақшалай құралдар көрсеткіштер активтерінде де әжептәуір өсім болып отырған, яғни  134 мың теңгеден 8504мың теңге көлеміне дейін артқан. Оның өсімі тіпті 6246 пайызды құраған.

Запастар активі көлемі де өсу үстінде: 2008 жылы 3780 мың теңгені  құраса 2010 жылы 3938 мың теңге шамасын  құрап отыр, яғни пайыздық өсім 4,2 - ні құраған.

Кесте мәліметтерінен активтердің  нақты құнын көрсететін баланс валютасының 3 жылдық көрсеткіші деректері бойынша 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 96912 мың теңгеге немесе 58,2 %-ға артқандығын көруге болады. Бұл серіктестіктің дамуының оң нәтижесін сипаттайды.  Активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ  серіктестіктің өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.                                                                                                           

1 кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасына тарату соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2008 жылы –61; 2009 жылы -50; 2010 жылы 41,3 болып, жылдан жылға кемісе, ал ұзақ мерзімді активтер дің көлемі 2009 жылы 50 пайызға, 2010 жылы тіпті 58,7 пайызға дейін артуы байқалады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамды-ғын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.                                                                                       

Талдау жүргізіп отырған серіктестікте бұл коэффициенттің деңгейі 2008 жылы 0,17 (2024:11869), 2009 жылы 0,0,03 (747:23770), ал 2010 жылы 0,01 (169:18781) құрады. Серіктестік активтерін таратудың тиімділігін сипаттай-тын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.                                                                                                                                      

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

Талданып отырған  кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі 2008 жылы – 0,43 (2024:4638), 2009 жылы - 0,06 (747:11936), ал 2010 жылы – 0,01 (169:11031) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық  өзгеріс-тер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың  нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2008 жылы – 38,7%-ға, 2009 жылы - 50%-ды, ал 2010 жылы – 58,2 пайызды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын  талдау қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер серіктестіктің ағымдағы активтерінің жағым-сыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер, яғни 2009 жылғы ақша қаражаттары 2008 жылмен салыстырғанда 8370  мың теңгеге немесе 6246%-ға артқан.                                                            

Серіктестік активтерінің ішінде 2009 -2010 жылдары қысқа мерзімді  дебиторлық қарыз әжептеуір азайған. Егер оның көлемі 2008 жылы – 1290 мың теңгені құраған болса ал , 2009 жылы – бұл көрсеткіш бар болғаны 7  мың теңгені құраған, 2010 жылы ол - 897 теңге көлемінде ғана қалып отыр. немесе 99 %-ға төмендеген.

Айта кеткен жөн, серіктестіктің қаржы жағдайына дебиторлық қарыз-дың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның  дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген  болып екіге бөлінеді. Өтелмеген  дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі  өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары  бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланыс-ты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс [1].   

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.   Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты  ретіндегі бизнес – жоспар  жасау

3.1 Бизнес – жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»

 

Қазіргі кезде  айналысып жатқан тігін цехын  ұйымдастыру біздің қызметіміздің  негізгі түрі болып табылатын. Шығарылатын өнімнің өндірісін ұлғайтудағы өз мүмкіндіктерімізді түсіне келе, біз шығарылатын өнімнің ассортименті мен көлемін ұлғайту мақсатында қажетті шикізаттарды сатып алуға арналған несиелік ресурстарды берілуі туралы ұсынысқа шығамыз.

Жобаның өзгешелендіретін ерекшелігі қаражаттардың тез меңгерілу  мүмкіндігі, қысқаша дайындау кезеңі және қызметінің басталғанынан 3 - 4 ай өткеннен кейінгі өндірістің жоспарланған көлеміне шығу мүмкіндігі болып табылады.

 Нағыз жоба  сыртқы киімді, қысқы және жазғы ассортименттегі арнайы жұмыс киімдерін тігуге мамандану мақсатымен және халық тұтынатын тауарларға деген облыстың сұраныстарын қанағаттардыру үшін жасалған.

Мазм__ны СНАБЖЕНЕЦ.doc

— 93.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау