Бизнес-жоспардың жобасының жасалу негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 23:11, реферат

Описание работы

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтың ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.

Работа содержит 1 файл

Бизнес жоспар.doc

— 40.50 Кб (Скачать)

          Бизнес-жоспардың жобасының жасалу негізі 

    Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтың ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.

    Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып қүрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:

    Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды ше-шудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.

      Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашаққа шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

    Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Бірақ олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы ңажет.

    Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және қызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмұны бір тектес болуы керек.

    Бизнес-жоспар құрудан бұрын, жоспардың мақсаты  айқын болуы тиіс. Атап айтқанда:

    1) Сіз өнім өндіруді қалай ұйымдастырмақшысыз және оны жан-жақты таңдадыңыз ба?

    2) Несие алмай-ақ өндірісті жүргізе аласыз ба?

    Егер  банктен несие алмақ болсаңыз, онда мыналар қажет:

  1. Қанша ақша аласыз?
  2. Ол ақша не үшін ңажет?  .

    Ол  ақшаны қашан, қалай қайтарасыз?

    Бизнес-жоспар құрылымы бойынша кейде бір-бірінен ажыратылуы мүмкін, бірақ мазмұны бір болуы тиіс.

    Көптеген кәсіпкерлер қаржыландыру құралы ретінде, бизнес-жоспарды бірінші орынға қояды. Себебі, кәсіпкер керекті қаржыны таба алмаса, басқа қалған жұмыстарының барлығына сенімсіздік туындайды. Дегенмен, қаржы табу маңызды мәселе болғанмен, ол көп мәселенің бірі ғана.

    Жалпы, бизнес-жоспардың негізгі рөлі - ақша негіздерін табу құралы деп түсінген кәсіпкерлер өздеріне қолайсыздық туғызады. Өйткені, ондай ойдан туындаған жоспар, шынайылықтан ауытқиды.

    Ең  дұрысы, бизнес-жоспар мүмкіндігінше объективті деңгейде жазылуы керек. Ал, мектептен тыс жоғары көрсеткіштермен жазылған жоспар-несие көздері мен инвесторлары үшін алдамшы жағдай сияқты.

    Бизнес-жоспарды кәсіпкердің өздері құру керек десекте, осы жұмыс  барысында, бухгалтерлік, кеңесшілер-дің кәсіби білімін пайдаланса, сондай-ақ, осы үдеріске тікелей қатыспайтындардың да ескертпелерін есепке алса пайдалы жағы өте көп болған болар еді. Өйткені, кәсіпкерлердің ұсақ-түйек деп қараған мәселелерінің өзі, кәсіби мамандар көзімен кең көлемді мәселе болуы мүмкін.

    Мүдделі тұлғалар (инвесторлар, банктер) жобаны іске асыруға ақша жұмсаудан бұрын бизнес-жоспарды шын пейілмен оқып, зерттейді. Сондықтан, жоспар жасаушылар шынайы бағытты ұстау керек те, ал кәсіби мамандар осы үдерістің дәнекері бола алады. Сонымен бірге, мүдделі тұтынушылардан түсетін сұрақтарға нақты жауаптар дайындау керек, егер ол жауаптар бизнес жос-пардың өзінде көрініп тұрса тіпті жақсы.

    Егер  кәсіпкер өз жұмысын жақсы талдай білсе, бизнес-жоспар жазу өте қиын шаруа емес. Дегенімен, жинақталған ақпараттарды салыстырмалы бағалау бойынша анықтауда қиындықтар кездеседі. Осындай жағдайларда да кәсіби мамандардың көмегі тиеді.

    Өндіріс орындары да, сондай-ақ өндірісте жұмыс  жасамайтындар да бизнес-жоспарды оқиды. Сонымен қатар, жоспарды қызығып оқитындар қаржыландыру көздері (банктер, инвесторлар) кәсіби кеңесшілер, сондай-ақ мүдделілік (ңызығушылың) танытатын тұлғалар. Жалпы айтқанда, қаржыландыру көздерінің екі түрі бар:

  1. қарыз беретіндер
  2. инвесторлар

    Қарыз беретіндерге коммерциялық банктер жатады. Олар негізінен несиеге ақша бөледі немесе қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке алып қарыз (сауда) берумен айналысады. Инвесторлардың да қаржыландыру мәселесімен айналысатыны белгілі. Дегенмен, инвесторлар мен қарыз беретіндердің бизнеске деген мүдделілігі әр түрлі.

    Қарыз берушілердің қызығатыны - кәсіпкерлердің өз қарызын қайтару қабілеттілігі. Кәсіпкер үлкен табысқа жетті ме, жетпеді ме, ол қарыз берушіні қызықтырмайды, оны қызықтыратыны - тек ақшаның өз уақытында (пайызы, т.б.) қайтарылмайтындығы.

    Инвесторлар болса, олар өздері салған инвестициялың қаражатқа қайтарым ретінде ірі көлемді таза пайда алуға мүдделі.

    Сондықтан, инвесторлар - үлкені көлемді таза пайда алуға мүмкіндік болған жағдайда, үлкен тәуекелге баруға дайын.

    Бизнесті  инвестиция есебінен қаржыландыруға қарағанда, қарыз есебінен қаржыландырудың мынадай бір артықщылыгы бар, ол: инвесторларға қарағанда, қарыз берушілер қаржыландыру жөніндегі шешімді жылдам қабылдап қояды (мысалы, қарыз берушілер, бизнес-жоспармен танысқан уақыттан бастап 2-3 ішінде қаржыландыру туралы шешім қабылдаса, ал инвесторлар осындай шешім қабылдауға 2-3 есе уақытты көп жібереді екен.)

    Кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша айта кететін бір жайт, әсіресе, ұсақ кәсіпкерліктің бастапқы қаржыландыру көздері ретінде кәсіпкердің өз капиталын достарының немесе отбасы мүшелерінің қорларымен толықтыру мүмкіндігі. Кей жағдайда мұндай тәсілді де қолдануға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Бизнес-жоспардың жобасының жасалу негізі