Қаржы негіздері. Бизнес бастамасы.ъ

Дата добавления: 11 Октября 2011 в 18:44
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (12.16 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Бизнес.doc

  —  45.00 Кб

Пәннің  аты: Қаржы негіздері. Бизнес бастамасы.ъ

Сынып:  6

Мерзімі:

Мұғалім: Нұрлыбаева Ж.Е.

Сабақтың  тақырыбы: Ұйымдастырылған бизнес нысаны.

Сабақтың  мақсаты:

      - Оқушыларды бизнес түсінігімен  таныстыру

      - Бизнес түрлерін ажырата білуге  үйрету;

      - Сабақ барысында кәсіпкерліктің басты мәселелерін шешуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

      Оқушыларды  түгендеп, сабаққа қатыстарын тексеру.

Өткен сабақты қайталауға сұрақтар беру:

  • Табиғаттың экономикаға қатысы бар ма?
  • Өз қаламызда экологиялық мәселелер бар ма?
  • Біздің ҚР-да «Қызыл кітапқа» енген жануарларды ата?

Үй  тапсырмасын тексеремін.

Жаңа  сабақты түсіндіру.

Оқушыларға дәптерге керекті анықтамаларды жаздыру.

     Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі

     Бизнес  адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады

     Фирма (итал. firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.

   Кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.  
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.  
Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.  
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:  
• жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;  
• бизнес-жоспарды құру;  
• қажетті ресурстарды іздеу;  
• құрылған кәсіпорынды басқару.  
Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде , барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.  
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.  
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.  
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.  
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.  
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатнасы жатады.  
Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:  
• нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;  
• тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;  
• төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;  
• бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;  
• маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;  
• табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

І – жоғары пайыз  мөлшерлемесі;  
ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;  
ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;  
ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.  
Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:  
- несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі;  
- ақпаратпен толық қамтылмауы;  
- бизнес-жоспар жасаудың толықсыздығы;  
- елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, олардың бағдарламаларды ақпаратпен қамтамасыз етпеуі;  
Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.  
Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға жеке карточкалар таратып беремін.

1 тапсырма. Ұсынылған сөздерден сөйлем құра, жаз.

1 нұсқа        2 ңұсқа

Ғылым, Экономика, адамдар, ресурстар, қалай, зерттеуші, бөледі, қанағаттандыру, үшін, қажеттіліктер, өз  
 

______________________________

Шаруашылық, елдер, Экономика,  кешен, барлық, салалар, қамтитын, өндірістік емес, және сфералар, өндірістік  
 
 

________________________________________

2 тапсырма. Буындар  қазынасы. Буындар қазынасын пайдалана  отырып, экономикалық мәнді сөздерді  көбірек құруға тырыс

Үйге  тапсырма: анықтамаларды қайталап келу, өздерінің туыстарының бизнесі жайлы жазып келу. 

Описание работы
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады.
Содержание
содержание отсутствует