Құжатты аккредетив маңызы, аккредетив түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 12:00, реферат

Описание работы

Аккредитив - банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредетивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.
Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдық операциясы.

Работа содержит 1 файл

Лекции БЕ.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

     Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдас-ру әрбір банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша карыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны етеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режімі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.

  Сондай-ақ несиені контекоррештік шот ашу  арқылы беруге болады. Бұл шотта  бір жағынан түсімдер, екінші жағынан  несие және төлемдер және де кредиттік  пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.

  Лимиттер  әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокорренттік несие қарыз алушыға контокорренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем құжаттарын төлеу негізінде беріледі. Контокор-ренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокорренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады. Несиені беру кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе - банк беретін несиені қамтамасыз ету.

  Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін  кепілдендірмесе де, банктің жогалту  тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен  бірге несиені қамтамасыз ету  қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәчандырылуы керек. Ол несие бойыкпіа мікдеттемелердің орындалуымен бірге тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасағаннан басталып, жыл соңында тоқтатылады. Тапсырманың ерекшелік саны кепілдік беру болып табылады.

  Шаруашылық  субъектілер берген кепілдіктер  кепілді банкте сақталады және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз

ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені   беру  туралы  шешім   қабылдаған  кезде клиент  банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.

Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс: несиенің мақсаты; ,    берілетін несиенің жалпы сомасы; ,    лесиенің валютасы; несиені өтеу мерзімі; несиені өтеу әдісі; .    қамтамасыз ету; сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

   Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған  құжат мерзімді міндеттемелерден басқа  несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойы-лады Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік кұжаттамаға кез келген несиені үсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі кұжаттар келесілер:

- қарыз   алушы   қол   қойған,   несиені   пайдалану   мақсаты керсетілген   және   баланстық   құны   белгіленген,   несиеріі қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік керсетілген өтініш;

- егер  ол заңды тұлға болса, белгіленген  тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;

- қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюга өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

- жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы; -

- клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлык компанияның қорытындысы;

- егер клиент жеке түлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы,   негізгі кәсібі туралы аныктама;

-несиенің  пайдаланылу  мақсатын  растайтын  құжат  (4-косьімша);

- зайды тұлғаның бизнес-жоспары;

- несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығЫй растайтын салық органының  анықтамасы;

- басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

  Егер  ұсынылған несие жылжымайтын  мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша кужаттарға келесілер кіреді:

  • мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының түп-нұсқасы (5-қосымша);
  • кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;
  • егер  несие   осы   мүлікті   алу  үшін   берілсе,  онда   кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат,

   Несиелік  құжаттамаға жылжымалы мүлік  кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағ-дайына ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпа-рат және олардың құнын аныктау әдісі ұсынылады.

  Егер  қарыз алушы несиені құрылыс  саласында қолданатын болса, онда құжаттамаға  жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық қүжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орын-далуын бекітетін қарыз алуиліның қабылдау-өткізу актісі қосылады.

  Несие бойынша міндеттемелерді орындау  кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша кұжаттар тігіледі:

  • кепіл және кепілгерлік шарты;
  • кепіл  берушінің  немесе  кепілгердің  қаржылық  жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;
  • кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме   шартына   қол   қоюға   құзыреті   бар   тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін құжаттар;
  • несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің    қаржылық есебі.

  Несиелеу  үрдісіндегі маңызды кезең - ұсынылған  несиеге кеткен қаражат шығындарына  бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның Қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.

  Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы Қарыз алушының есеп айырысу шотынан сызылады. Несие материалды ордер ретінде қолданылатын мерзімді міндеттемелер иегізінде өтеледі. Төлеушінің қаражаты болмаған кезде қарыз сомасы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі ұзартылады.

  Заңды және жеке тұлғаларға несие өндіріс  тиімділігін жоға-Рьілату, жаңа, тиімділігі жоғары әнім түрлерін шығаруды ынтландыру, халыққа әр түрлі кызмет көрсету және т.б. мақсаттарда беріледі.

   Әрбір банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесі болады. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген талаптарын, және несиелеу тәртібін орындау арқылы несиелік операциялардыжүзеге асыру кезіндегі тәуекелді төмендету болып табылады.

    Несиелер мыналар  есебінен беріледі:

  • жеке және занды тұлғалардың депозиттік және баска шот, тарында тартылған қаражагтары және меншікті кдражаттары қосылатын банктің меншікті әлуеті;
  • шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарықта алынатын несиелік қарыз ресурстары.

   Несие мынадай несиеқабілеттіліктің негізгі  критерийлеріне сай келетін қарыз  алушыларға ұсынылады:

  • жоғары  пайда  нормасында  қаржылығы тұрақты,   барльіқ қаражаттың 30% көлемінде меншікті капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдагы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді;
  • қарыз алушының беделі;
  • шығарылатын енімінің  бағасы,  өткізілуіне келіп  жагатын ұсыныстар, ұсынылатын қызмет сипаты;
  • экономикалық конъюнктурасы  (бизнестің даму перспективасы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы).

Информация о работе Құжатты аккредетив маңызы, аккредетив түрлері