ҚР президенті жайлы деректер

Дата добавления: 23 Сентября 2011 в 14:04
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (68.00 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.docx

  —  72.04 Кб

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар. 

     «БОЛАШАҚТЫҢ  ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ»

     «ПОСТРОИМ  БУДУЩЕЕ ВМЕСТЕ» 

    Қадірлі  отандастар!

    Құрметті  депутаттар мен Үкімет мүшелері!

    Ханымдар  мен мырзалар! 

Биыл – біз  үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда  біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік  оқиғалардың қалтарысында қалып  қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде  күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір  мүшел жаста ғана жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық  ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды  жарқырата түскен бұл мерейлі  белестен бұрын да біз біршама  биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы  заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған  әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары  шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз  келіп, халық саны бір жарым миллионға  артты.

Біз Сарыарқаның  сайын даласына сәулеті мен дәулеті  келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның  халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа  жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан  астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар  біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам  өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы  саласы да дамып келеді.

Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз  мөлшерді құрады.

Орташа айлық  жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың  теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат  деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің  рейтингінде Қазақстан өткен  жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені  дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл  бет бұрдық.

Алдымызға ұланғайыр  мақсаттар қойдық және оларға қысқа  мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары  салынды.

Медицина мекемелерінің  материалдық-техникалық базасы айтарлықтай  жақсарды.

Еліміз білім  беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.

Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге  көбейді.

Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.

Астанада ғылым  мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы  орталығы болатын университет ашылды.

Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды  елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға  баулу мақсатында жасалуда.

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан  дәрігерлері мен провизорларының  ІІ- сьезінде 4 стратегиялық тапсырманы айқындап берген болатын.Атап айтсақ, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту, халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медициналық ғылымды дамыту, ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайту. Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының ІІ сьезінен кейінгі уақыт ішінде денсаулық сақтау саласының қызметі «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын, жыл сайынғы Елбасының жолдаулары мен Үкімет бағдарламаларын бұдан әрі іске асыруға бағытталған. Өткен 5 жыл ішіндегі кезеңде 2005–2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оны іске асыру жұмыстары бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңіндегі жұмыстарды атқаруға бюджеттен 165,7 млрд теңге бөлінді. 

Қазақстан дәрігерлері  мен провизорларының ІІ- сьезінде айтылған мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Денсаулық сақтау саласының заңңамалық базасы қалыптасты. Денсаулық сақтау саласына 2 жаңа заң, 15 бұрынғы заңға  толықтырулар енгізілді. Әділет министрлігінің Заңнама институтымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кодексі», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің жобасы әзірленіп, мәжіліс депутаттарының талқылануына жіберілді.. 

Жыл сайын денсаулық  саласына бөлінетін қаржы да молайып  келеді. Соның арқасында аймақтар мен үлкен қалаларда кең көлемде  құрылыстар жүргізілуде. Медициналық  мекемелер жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Ақысыз медициналық  көмекке бөлінген қаржы жылдан-жылға  еселеп өсуде. Егер 2005 жылы осы бағытта  жұмсалған шығын 118,5 млн теңген болса, науқасқа шалдыққан бір адам 7800 теңге  құраған. Ал, 2007 жылы бұл бағытқа 195 млн  теңге болса, әр науқасқа-12700 теңгеден келеді. 2006–2007 жылдары емдеу мекемелерінің  материалдық-техникалық базасын нығайтуға  және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 70 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. 

Алматы қаласында  қабылданған бірінші медициналық-санитарлық көмек жетістіктерінің декларациясы аясында жергілікті тұрғындарға  бірінші медициналық-санитарлық көмек  көрсету жұмыстары жүргізіледі. 2007 жылы БМСК-дамытуға бюджеттен 30 пайызға  жуық қаржы жұмсалды. Мемлекет медицина қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде. Елбасының арнайы тапсырмасымен  биылғы жылдан бастап, медициналық  қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, мамандық түріне және жұмыс жүктемесіне  қарай сараланған жүйе енгізілді. Үстіміздегі  жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. 

Астана қаласында  медициналық ұйымдардың инновациялық кластері құрамында биылғы жылы дүниежүзілік стандартқа сәйкес Республикалық балаларды  оңалту орталығы және Ана мен бала денсаулығын сақтау ұлттық орталығы ашылды 

Аталмыш орталықтар жаңа түрдегі медицина кадрларын  даярлау мен қайта даярлау  үшін ғылыми, практикалық база, инновациялық білім, ғылым мен басқарушылық технологиялары трансфертінің орталығы болатын  медициналық кластердің әлеуеттік  мүмкіндіктерін пайдаланылатын болады. Таяуда арада республикалық диагностикалық орталық, Медициналық жедел-жәрдем орталығы, Нейрохирургиялық орталық  пайдалануға беріледі. Жыл сайын  халыққа тегін медициналық көмек  көрсету еселене түсуде. Елімізде санитарлық-эпидемологиялық жағдай тұрақты.

Бүгінгі күнде  Үкімет емделушілерді дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етуге, құрал-жабдықтар  жарақтауға, кәсіби мамандарды даярлауға, диагностикалық лабароторияларды көтеруге және туберкулез ауруының алдын-алу  қызметіне арнайы қаржы бөліп, аталған  мәселелерді шешуге қолдау көрсетті. 

Соңғы жылдары  медициналық білім мен ғылым  айтарлықтай табыстарға жетті. 2006 жылдан бастап медициналық және фармацевтикалық  білім алу тұғырнамасы жасалды. Тұғырнама бойынша медициналық  мамандарды дайындау қағидасы түбегейлі  өзгерді. Медициналық мамандарды халықаралық  жүйе бойынша жаңа стандарттарға  сай дайындау енгізілді. Мемлекеттік  тапсырыс бойынша дәрігер мамандарын дайындау деңгейі кенейген. 2003 жылмен салыстырғанда медицина мамандығы  бойынша қабылданған студенттер 4 мыңға дейін өскен. Алдағы уақытта  да бұл көрсеткіш одан әрі көбейе бермек. 2008 жылы бағдарлама бойынша 100 аурухана құрылысы басталады. Және бағдарламаны іске асыру ауқымында Астана, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Алматы медициналық  университетері жанынан клиникалық база бой көтереді. Медицина мамандарын шет елдерде білім алу тәжірбиесі жалғасуда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 700-ге тарта жас маман  АҚШ-да, Германия, Дания, Израйль, Ресей  және т.б елдерге оқуға жіберілді. 

Бүгінгі таңда  еліміздің медициналық ғылымын  дамыту мақсатында оны ақпараттық және қаржылай ресрустармен қамтамасыз етуі үшін 2007–2012 жылдарға арналған ұзақ мерзімдік  ҚР Денсаулық сақтау саласы ғылымын  дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ақпараттық технологиялар денсаулық  сақтауды басқару мен жұмыстың тиімділігін  арттырудың ажырамас компоненті болып  табылады. Министрліктің алдында  таяудағы екі жылдың ішінде Бірыңғай ақпараттық жүйенің шеңберінде бағдарламалық  кешендерді тәжірибелік пайдалануды  енгізу мәселесі тұр, бұл үшін халықаралық  консалтинг тартылатын болады. Жобаны әзірлеу үшін Астана пилоттық өңір болып белгіленді. Президенттің Жолдауына  сәйкес емделушілердің электронды медициналық  картотекасын құру жөніндегі жұмыс  басталды.  

Денсаулық сақтау саласында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету кепілдіктері

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан  халқына Жолдауында, халықтың денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсатына жетудегі табыстың ажырамас құрамы деп белгіледі

Денсаулық сақтау саласындағы кепілдектерді қамтамасыз ету деңгейін көтеру мақсатында 2010 жылғы 17 ақпанда Солтүстік Қазақстан  облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Денсаулық сақтау саласында  балалардың құқықтарын қамтамасыз ету  кепілдіктері» тақырыпта кеңес  өткізді. 

Кеңесте Қазақстан  Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінде белгіленген балалардың құқықтарын іске асырудағы өзекті мәселелері қозғалды.

Кеңес жұмысында  білім басқармасының, денсаулық  сақтау органдар мен ұйымдардың өкілдері, аудандық білім бөлімдердің әдіскерлері, лицей,  коледж, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары  қатысты.

Кеңес қорытындысы  бойынша тәжірибелік қызметінде қолдану үшін ұсыныстар қабылданды.

4.2 Денсаулық  сақтау 

Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. 

Бүгін біз медициналық  қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін  енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. 

Дәрілердің 50%-ы  біздің елімізде шығарылатын болады. 

Білім беру мен  денсаулық сақтау салаларындағы  мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет. 

Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс. 

2011 жылғы Азия  ойындары үшін біз дайындап  жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады. 

Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге  елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 

30%-ға дейінгі  қазақстандықтар бұқаралық спортқа  тартылуы керек. 

Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз. 

Бұл бүкіл Үкіметтің  міндеті де. 

Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды  даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс. 

Страницы:12следующая →
Описание работы
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.
Содержание
содержание отсутствует