Өндіріс шығындар мен өнімнің өзіндік құнын есептеу

Дата добавления: 13 Марта 2012 в 16:40
Автор: j*******@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (5.04 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Документ Microsoft Word (3).doc

  —  32.00 Кб


 

Өндіріс шығындар мен өнімнің өзіндік құнын есептеу

 

 

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

 

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

  Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

 

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

 

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

 

Кіріспе

 

Біздің еліміз өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес жүргізіп келеді. Осыған орай 2010 жылға жасалған даму жоспарымызда біз экономикамыздың өсуіне алып келетін басымды бағыттарымызды анықтадық.

 

Кәсіпорын экономиканың басты буыны болып табылатындықтан, ел экономикасының дамуы нақ осы деңгейден басталады. Сондықтан да қазақстандық кәсіпорындардың тиімді әрекет етуі өте маңызды.( «2003-2015 жылдардағы арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамудың стратегиясы»)

 

Аз шығын жұмсап едәуір көп тиімділік алу, еңбек, материал және қаржы ресурстарын үнемдеу мәселесі қазіргі уақытта аса өзекті болып отыр. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның барлық шығындарын ақшалай нысанында айқындайтын басты экономикалық көрсеткіші болып табылады.

 

Өнеркәсіптік өнім өндірісіндегі шығындардың қомақты үлесін шикізат пен негізгі материалдар, содан кейін еңбек ақы мен амортизациялық аударымдар алады. Жеңіл өнеркәсіпте шикізат пен негізгі материалдар үлесі 86 , ал еңбек ақы үлесі 9 құрайды. Өнімнің өзіндік құны өндіріс тиімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ол өнім құнының қомақты бөлігін айқындап, өнімді өндіру мен өткізу шарттарының өзгерісіне тәуелді болады.

 

Шығындар денгейіне өндірістің техника-экономикалық факторлары үлкен әсерін тигізеді. Бұл әсер техника, технология өндірісті ұйымдастыру, өнім сапасы мен құрылымын және оны өндіру шығындары көлемінің өзгерісіне байланысты айқындалып отырады.

 

Дипломдық жұмысының тәжірибелік бөлімінде «Желаев АӨК» АҚ-ын қарастырдым. Бұл кәсіпорында Қазақстан Республикасының барлық бидай қорының 60-тен астам ресурстары шоғырланған. Статистикалық органдарының мәліметтері бойынша бұл комбинат Батыс Қазақстан барлық ұнының 90 өндіреді, яғни бұл аймақта бидай өндіру бойынша монополист болып табылады.

 

Бүгінгі күнде «Желаев АӨК» АҚ облыстағы тұрақты әрекет етушілерінің бірі болып табылады. Көлемі бойынша Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Оралдан басқа мұндай кәсіпорындар Ақтөбе мен Шымкентте бар. Бірақ «Желаев АӨК» АҚ-ы солардың ішіндегі ең ірісі. Кәсіпорының жоғары бәсекелік қабілеттілігі жаңа құрал-жабдықтарды пайдаланумен, түрлі техникамен жарақтанумен, біліктілігі жоғары жұмысшылардың болуымен қамтамасыз етіледі.

 

«Желаев АӨК» АҚ бидайды сақтау мен оның мемлекеттік ресурстарының өңдеу өнімдері бойынша Республикалық тендердің жеңімпазы болып табылады.Бұл дипломдық жұмыста « Желаев АӨК» АҚ –ның қазіргі жағдайы мен даму бағыттарының болашағы қарастырылады.



Описание работы
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Содержание
содержание отсутствует