Мемлекеттик бюджет

Автор: c*************@list.ru, 26 Ноября 2011 в 15:07, реферат

Описание работы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.docx

— 13.32 Кб (Скачать)

Мемлекеттік бюджеттің  кірістері мен шығыстары. 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен  шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі  де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті  ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды  жалпымемлекеттік қажеттіліктерге  сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері  кірістер, бюджеттік кредиттер өтеу,мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар,бюджеттік  кредиттер, қаржы активтерін сатып  алу, қарыздар бойынша негізгі борышты  өтеу болып табылады.

 Бюджеттің кірістерін  көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа  экономикалық дағдарысқа қарсы  шаралардың жиынтығында нысаналы  басқаруға бағытталған шараларды  әзірлеу және дәйекті іске  асыру мемлекеттің қаржы жағдайын  тұрақтандыруға жағдай жасайды.

 Кірістер мен  шығыстардың құрамы мен құрылымы  нақты әлеуметтік – экономикалық  және тарихи жағдайларда жүзеге  асырылатын мемлекеттік бюджет  және салық саясатын жүргізудің  бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі  бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың  және шығыстарды жұмсаудың қолайлы  нысандары мен әдістерін пайдаланады.

 Бюджет кодексіне  сәйкес бюджеттің құрылымы мына  бөлімдерден тұрады:

1.кірістер:

 Салықтық түсімдер;

 Салықтық емес  түсімдер;

 Негізгі капиталды  сатудан түскен түсімдер;

 Ресми трансферттер  түсімдері;

2.шығындар;

3.операциялық сальдо;

4.таза бюджеттік  кредит беру:

 Бюджеттік кредиттер;

 Бюджеттік кредиттерді  өтеу;

5.қаржы активтерімен  жасалатын операцияларбойынша сальдо:

 Қаржы активтерін  сатып алу;

 Мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6.бюджет тапшылығы  (профициті) ;

7.бюджет тапшылығын  қаржыландыру (профицитін пайдалану):

 Қарыздар түсімі;

 Қарыздарды өтеу;

 Бюджет қаражаты  қалдықтарының қозғалысы.

 Бюджеттерді бекіту  және бюджеттердің атқарылуы  туралы есептерді түзу осы  көрсетілген құрылым бойынша  жүзеге асырылады.

 Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті  төлемдер (салықтар және бюджетке  төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке  өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын  сипатта болмайтын және мемлекеттің  қаржы активтерін сатумен байланысты  емес, бюджетке есептелуге тиісті  ақшалар болып табылады. Салықтық  емес түсімдер – бюджетке төленетін  міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден  басқа, бюджетке өтеусіз негізде  берілетін ақша.Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік  мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік  материялдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін  жеке меншікке сатудан немесе  оларды тұрақты немесе уақытша  жер пайдалануға беруден, мемлекетке  тиесілі материялдық емес активтерді  сатудан түсетін ақшалар жатады .

 Ресми трансферттердің  түсімдері – бұл бюджеттікң  бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық  қордан бюджетке түсетін трансферттердің  түсімдері.

 Бюджеттің шығындары  – қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджет қаражаттары. Шығындардың  қатаң мақсатты арналымы болады.

 Бұрыңғы кезеңмен  салыстырғанда шығыстардың құрылымында  бюджеттік ресурстардың әлеуметтік  бағыттылығы арта түсуде . Республикалық  деңгейдегі білім беруді , денсаулық  сақтауды , әлеуметтік сақтандыру  мен қамсыздандыру және басқа  бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік  – мәдени шараларға жұмсалатын  тікелей шығындар барлық шығыстардың  60 пайызынан асып отыр . Сонымен  бірге өнімсіз мақсаттардың : басқаруға  , армияға , құқық қорғау органдарына  , үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге  , дипломатиялық мекемелерді ұстауға  , дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен  шараларды жүргізу квоталары  бойынша жарналарға және т.с.с.  жұмсалатын шығындар да өсуде  . Бұл мақсаттарға жыл сайын  бюджет қаражаттарының 1/3 жұмсалады  . 

 Бюджет шығындары  мынадай түрлерге бөлінеді:

1. мемлекеттік мекемелердің  қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2. тұрақты сипаты  жоқ іс-шараларды ұйымдастыру  мен өткізуге байланысты шығындар;

3. мемлекеттік тапсырысқа  арналған шығындар – мемлекеттік  саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің  тұтынуына арналмаған)өндірілетін  тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін  қызметтерге)мемлекеттік органдардың  ақы төлеуі;

4. жеке тұлғаларға  ақшалай төлемдер – қызметкерлерге  еңбегі үшін ақшалай төлемдерден  басқа, Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес  жеке тұлғаларға ақша нысанындағы  төлемдермен байланысты шығындар;

5. заң тұлғаларға  субсидиялар – мемлекеттік мекемелер  және қоғамдық бірлестіктер болып  табылмайтын заңи тұлғаларды  өтеусіз және қайтарусыз негізде  қаржыландыру;

6. ресми трансферттер  – бюджеттің бір деңгейінен  екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға  трансферттер төлеу және мемлекеттік  міндеттемелерді орындауға арналған  шығындардың өзге де түрлері.

Информация о работе Мемлекеттик бюджет