Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:51, курсовая работа

Описание работы

Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ, қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республиксының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать)

Ұлттық Банкінің жедел  басқару органы – Директорлар  кеңесі, ол Ұлттық Банк төрағасымен басқарылады. 

Директорлар кеңесі, «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі  туралы» Заңға сәйкес  Ұлттық Банкінің қарауындағы басқа басқа  мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Оның құрамына – төраға, оның орынбасарлары  және департамент директорлары кіреді.

Ұлттық Банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады  және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.

 

 

    1.2  Ұлттық Банктің негізгі  қызметтері және операциялары 

 

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі –Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банк туралы»  Заңында былай жазылған:       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.  
   Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басќа да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. 
   Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. 
   Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық Банкіні «банктердің банкі» деп атайды.

Ұлттық Банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:

- коммерциялық  банктердің резервтерін сақтайды;

- коммерциялық  банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне  байланысты қысқа мерзімді қарыздар  береді;

- жалпы ұлттық  ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды  жүзеге асырады;

- банктердің  қызметіне қадағалау және бақылау  жүргізеді.

Қазақстанның  Ұлттық банкi:

- Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк ақша-несие  саясатын жүргiзедi, банкноттар мен  тиындардың Қазақстан Республикасының  аумағындағы бiрден-бiр эмитентi  болып табылады, бағалы қағаздар  эмиссиясын жасайды.  
   Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады; 

- Қазақстан  Республикасының Үкiметiмен келiсiм  бойынша Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге ќатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;  
     -  банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға несие беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;  
   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардан алған несиелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;  
     - банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргізу тәртібін  айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды; 
     - Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және  қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға (бұдан әрі – уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі  туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;  
      - қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;  
      - Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргізілуін ќамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;  
      -  банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;  
      - Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;  
      -  қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; 
     - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;  
    - Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың  жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi; 
     -  қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет  органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;  
    - банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;  
    - барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республиксының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 
    - операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады; 
     - арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 
    - бухгалтерлiк есепке алу және қаржылыќ есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;  
    -  уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;  
    -  уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары  қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi; 
    -  валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;  
    - банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;  
    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргізуші  субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; 
    - Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының  бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға  және олардың қызметіне қатысуға құқылы;  
    - қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды жәнее инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;  
    - Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;  
     -  елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ  мерзiмдi болжамды бағаларын әзірлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады [6]. 
     

   

 

1.3  Орталық банктердің қызметінің  шетелдік тәжірибелері

 

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875ж.) пен неміс жер банкі (1948ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн. Неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңесі Франфурт-на Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

Кеңес – ақша-несие  саясатының қалыптасуына жауапты негізгі  орган болып табылады. Кеңесті  президент басқарады, кеңеске вице-президент  мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Директорат  – жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа  мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

Жер орталық  банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер  арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне  қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі  – дүние жүзіндегі көне және беделді  орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден  акцияларды міндетті түрде сатып  алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу  процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақыланған.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффициентін  касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициент ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициценті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.

1971 жылдан кейін коэффициенттер  алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

Коммерциялық  банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкі  екі департаментке бөлінген –  эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы  қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік департамент  өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді.

Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі  туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептелінеді, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі. Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.

АҚЩ-тың федералдық резервтік жүйесі  өзінің мәні жағынан  басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ  оның ұйымдастырылуына осы елдің  федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

Федералдық  резервтік жүйе өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді. Федералдық резервтік жүйені құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүддерлерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан федералдық резервтік жүйенің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. Федералдық резервтік жүйенің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып,  федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары  коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан федералдық резервтік жүйе  өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің  қатарына жатады.

Федералдық  резервтік жүйе үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық федералдық резервтік жүйенің мүше банктері. Одан басқа федералдық резервтік жүйеге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті және Федералдық консултативтік  кеңес.

Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі - федералдық резервтік жүйенің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін  жалпы басқаруға және жұмысын  бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін  конгрестің мақұлдауымен президент  тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары  маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

Басқарушылар  Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі  мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

  1. олар орталық банктер болып саналады;
  2. квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
  3. «банктердің банкісі».

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар

арқылы Басқару  кеңесінің негізгі саясаттары  жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының  Федералдық Резервтік банкісі.

Бұл банктер  квази қоғамдық банктер болып  табылады, яғни олар жеке меншіктің  және қоғамдық  бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

Федералдық  резервтік банктер – «банктердің  банкі», өйткені олар орталық банктің  барлық қызметін орындайды.

Федералдық  резервтік жүйенің жұмысына АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы  коньюктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол федералдық резервтік жүйе  есебінен мемлекеттік облигацияларды  сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялдар береді.  Федералдық  консультациялық  кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер  жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік  байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады. Басқармада  ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады [7].             

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН  ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН  ӘСЕРІ

 

2.1  Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау

 

Қазақстан Республикасы қаржы секторының  негізі бірнеше  рет реформалау нәтижесінде ең қарқынды дамып келе жатқан және тұрақты бөлігі болып отырған   банктік жүйе болып табылады.  Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың мойындауы бойынша бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі   ТМД-дағы ең қарқынды  дамушы банк жүйесі болып табылады.

Банктер  барлығы  дерлік қатысушылары  болып табылатын  халықтың салымдарына кепілдік беру жүйесі жұмысының, сондай-ақ банктік  құпия жөніндегі заңнама нормаларын  күшейту  нәтижесінде  депозиттік нарық  жедел қарқынмен  дамуда [8].

Қазақстан соңғы  жылдары экономиканың дамуында біршама  прогресске қол жеткізді.  Осы  жетістіктерді индустриялық елдер  және көпжақты қаржы институттары  мен даму институттары мойындады.

Осы кезеңде  әлемнің барлық халықаралық рейтингтік  ірі агенттіктері Қазақстанның инвестициялық деңгейдегі  егеменді рейтингін растады.

Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға 4-ші деңгейдегі рейтинг берді. Екі  индексті: «өсуге арналған бәсеке қабілеттілігінің индексін» және «бизеске арналған бәсеке қабілеттілігінің  индексін» құрайтын Дүниежүзілік экономикалық форумының бағалауына сәйкес Қазақстан тиісінше 61 және 62 орындарда тұр. Бұл ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары позиция.

Біз  мемлекеттік  тәуелсіздіктің  14  жылын өткердік.  Бұл тарихтың  жаһандық  сынақтарына жауаптар  және  жаңа  экономиканы іздеудің  күрделі кезеңі  болды. Кідіріссіз  де  қысқа мерзімде  біртұтас  үш  міндетті:тәуелсіз  мемлекет  құру,  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға  және  тоталитаризмнен  демократияға  көшуді  жүзеге  асыру  міндеттерін  шешу  қажеттігі  туындады.  Біз  өзімізге  әлемнің  көптеген  жетекші  державалары  секілді  ондаған  жылдар  бойы,  ал  жүздеген  жылдар  туралы  тіпті  сөз  жоқ,  біртіндеп  дамып,  экономикалық  және  демократиялық  өзгерістерді  біртіндеп  нығайтуға  жол  беріп  қоя  алмадық.  Тарих  бізге  басқа  шарттарын  көлденең  тартты,  біз  оларға  төтеп  бердік [9]. 

Қазақстан Республикасында  болған өзгерістерді қорытындыласақ,  мына жетістіктерге жеткеніне көз жеткізуімізге болады: нарық маханизмін іске қосу, бағаны,  тауар қозғалысын, бәсекелестік табиғатын, инвестиция ағынын  ұсыныс пен сұраныс арқылы реттеліп отыруы.  

Біздің  еліміз  әлемдік  темір  рудасы  қорының  шамамен  8 пайызына,  әлемдік  уран  қорының  25  пайызға  жуығына  иелік  етеді.  Мұнайдың  барланған  қоры  бойынша  Қазақстан  әлемде  12 – орын  алады  және  болжам  бойынша  2015  жылы  мұнай  өндірудің  көлемі  жағынан  алғашқы  ондық  елдерінің  қатарына  кіреді [10].

Қазақстан  көмір  өндіретін  ел  ретінде  әлдеқашан  танылған.  Республикадағы  көмір  қоры  35,8  миллиард  тоннаны  құрайды.  Бұл  жалпы  әлемдік  қордың  3,6  пайызы.  ТМД  елдерінің  арасында  көмір  қоры  мен  оны  өндіру  бойынша  Қазақстан  Ресей  мен  Украинадан  кейін  үшінші  орын  алады. 

Біздің  республиканың  міндетіне  үлкен  бөлігі  тасып  әкетілетін  табиғи  ресурстарды  өндіру  кірді.  Қазақстанда  өндірілетін  мұнайдың – 70,  темір  рудасының  – 55,  қара  металдың – 46,  көмірдің 28  пайызы  сыртқа  кетіп жатыр.

 

ЖІӨ   несиелік  қатынасы, 2003 жыл, (%). Қазақстан, 2005 ж.

        Ескерту:  ЕЦБ,АФН РК.

 

Сурет 2

 

 

Біздің   өнеркәсіп    жоғары    қосымша    құны   бар  өнімдерді  жеткілікті шығармады,    онда    4    және    5    қайта     бөлісулер     болмады.     Жерімізде  ресурстардың     барлық    түрі    бола  тұра,    біз    ақырғы  өнімді  шығармадық          (кесте 1).

Информация о работе Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы