Бюджет табыстарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Республикалық бюджет әрқашан экономика мен әлеуметтік ораны дамытуға ықпал жасайтын маңызды құралдар мен экономикалық иін болып табылады. Осындай ықпалдар мемлекеттің басқарылуымен берілетін ақша құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақша құралдарының түсімдері мен қолданулары айрықша экономикалық форма, яғни бюджеттің кіріс бөлігі жалпы мемлекеттік салық есебінен құралады. Олардың Қазақстан Республикасында 5 түрі бар. Олар: қосымша құн салығы, акциздер, жеке және заңды тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және жер қойнауын қолданушыларға арналған салықтармен арнайы төлемдер. Республикалық бюджеттен 1997 жылғы барлық кірістер, сондай-ақ кеден төлемдері де «Салықтың түсімдері» деп аталатын категорияға біріктірілді.

Содержание

Кіріспе..................................................................3
1 бөлім. Кірістер туралы жалпы түсінік......4-15
1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі

1.2. Бюджеттік құрылым және түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу
2 бөлім. Табыстар есебінің мәні,
ұймдастырылуы ........................................16-22

2.1. Кірістердің түрлері және олардың мәні
2.2. Кірістер есебінің ұйымдастырылуы және кірістер бойынша толтырылатын құжаттар

3 бөлім. Кірістер есебінің жүргізілуі........23-26
3.1. Табыстар (кірістер) бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды................................................27
Қолданылған әдебиеттер..........................28
Қосымша материалдар...................................1-

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

       Кірістерге жақынрақ тоқталатын болсақ:

1.  Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізінде берілнтін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Бюджет Кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.  Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

2.  Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсеиін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Бюджет Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізінде берілетін ақша қаражаттары.

3.  Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін табыстар болып табылады:

      А) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп  берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      Б) мемлекеттік материалдық резервтерден тауарларды сатудан түсетін табыс  ақша;

      В) мемлекет меншігіндегі  жер учаскілерін  жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға  беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық  шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскілерін, өзге құқықтық нысаналарды өткізуден түсетін ақша;

      Г) мемлекетке тиесілі материалдық  емес активтерді сатудан түсетін  ақша;

4. Ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

     Кірістердің жаңа түрлерін, қолданылып жүргендердің күшін  жою немесе оларды өзгерту Бюджет кодексінде міндетті түрде өзгертулер немесе толықтырулар енгізіле отырылып жүзеге асырылады.

     Нысаналы  ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердң нысаналы мақсаты болмайды. Сонымен  қатар мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуденг түсетін табыс ақша тиісті бюджетке есептелуі тиіс.

     Еге Қазақстан Республикасының заң актілерінде мемлекеттік мекемелердің өздерінің негізгі қызметтеріне жатпайтын,  төленетін ақшаның міндетті сипаты болмайтын  әрі жеке және заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды өткізу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің  иелігінде қалуы мүмкін.

     Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуінен түсетін өздерінің  иелігінде қалған ақша Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен пайдаланылады.

     Негізінде бюджет құрамының бірнеше деңгейлері болады. Олар: Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала Астаналық, аудандық.

     Түсіндірме  табыстарды осы деңгейлерге байланысты бөледі.

     Республикалық бюджетке түсетін  түсімдер:                                                                                        

     1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:

     -корпорациялық  табыс салығы;

     -қосылған  құнға салынатын салық, соның  ішінде Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстармен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

     -Қазақстан  Республикасының  Заңдарына сәйкес  Қазақстан Республикасының аумағанда  импортталатын тауарларға акциздер;

     -газ конденсатын қоса алғанда ішкі мұнайға акциздер;

     -үстеме  пайызға салынатын салық;

     -экспортқа  шығарылатын ішкі мұнайға салынатын  рента салығы;

     -бонустар

     -рояльти

     -Қазақстан  Республикасының жасаған келісім  шарттары бойынша өнімді бөлу  жөніндегі үлесі;

     -жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары ақылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүрі өткені үшін алым;

     -телевизиялық  және радиохабар ұйымдарына радиотипілік спекторын пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;

     -теңіз,  өзен кемелерімен шағын көлемді  төлемдерді мемлекеттік тіркеу  үшін алынатын алым;

     -дәрілік  заттарды мемлекеттік тіркегені  үшін алынатын алым;

     -азаматтық  әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін төленетін төлем;

     -радиоэлектрондық  құралдарды және жоғары құрылғыларды  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын  алым;

     -қалааралық  және халықаралық телефон байланысын  бергені үшін төленетін төлем;

     -радиожиелік  спектірін пайдаланғаны үшін  төленетін төлем;

     -республикалық  маңызы бар жалпы пайдаланудағы  автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;

     -республикалық  маңызы бар ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды   пайдаланғаны  үшін төленетін төлем;

     -жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

     -кеме  жүретін су жолдарын пайдаланғаны  үшін төленетін төлем;

     -кеден  баждары;

     -кеден  бақылауынан және кеден рәсімдерін  жүзеге асырудан түсетін түсімдер;

     -отандық  тауар өндірушілерді қорғау шаралары  ретінде алынатын баждар;

     -консулдық  алым;

     -Қазақстан  Республикасы азаматтарының паспорттары  мен жеке куәліктерін бергені  үшін мемлекеттік баж;

     -мемлекеттік  тіркеу нөмірінің берілгені үшін  алынатын мемлекеттік баж;

     -мемлекеттік  нотариат кеңселері нотариустарының  нотариоттық іс әрекет жасағаны үшін алынатын салық мемлекеттік баж болып табылады; 

     2. Республикалық бюджетке  түсетін салықтық  емес түсімдер:

Республикалық меншіктен алынатын кірістер;

      А) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың  таза табысы бөлігінің түсімдері;

      Б) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;

      В) Республикалық меншіктегі  мемлекеттік  акциялар пакеттеріне дивиденттер;

      Г) Республикалық меншіктегі  заңды тұлғалар үлесіне кірістер;

      Д) Республикалық меншіктегі   мүлікті жалға беруден алынатын кірістер;

      Е)екінші деңгейдегі банктердің штаттарында мемлекеттің сыртқы қарыздарының қаражатын орналастырғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктегі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылары;

      Ж) қару – жарақ пен әскери техниканы  сатудан түсітін кірістер;

      З) Республикалық меншіктен түсетін  басқа да кірістер;

-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыс, қызмет)  өткізуден түсетін түсімдер;

  -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

  - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінің (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

  - республикалық бюджеттен түсетін салықтық емес  басқа да түсімдер болып табылады;

3. негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер:

  -республикалық  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік   мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті сатудан  түсетін;

  -мемлекеттік  материалдық резервтен тауарлар  сатудан түсетін;

  -мемлекетке  тиесілі материалдық емес активтерді  сатудан түсетін ақша болып табылады;

4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердің түсімдері:

  -облыстық  бюджеттерден, республикалық маңызы  бар қалалар, астана бюджеттерінен  түсетін ресми трансферттер;

  -Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорынан  республикалық бюджетке түсетіннысаналы трансферттер болып табылады.

5. Республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді  өтеуден, мемлекеттің республикалық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, үкіметтік қарыздардан түсетін түсімдер республикалық бюджетке есептеледі. 

                       Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1.Облыстық  бюджетке түсетін  салықтық түсімдер:

А) блыстық  маслихат белгілеген  кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

Б) облыстық маслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

В) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін  төлем;

Г) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік  автомобиль жолдары арқылы жүріп  өткені үшін алынатын алым;

Д) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы  автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі сыртқы жарнама орналастырғаны үшін алынатын алым;

Е) жнр  үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін алынатын алым;

Ж) орманды  пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

З) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем болып табылады.

2. Облыстық бюджетке  түсетін салықтық  емес түсімдер:

А) коммуналдық  меншіктен түсетін кірістер;

-облыстық  әкімдіктің шешімі бойыншақұрылған  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың  таза бөлігінің түсімдері;

-облыстық  коммуналдық  меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивиденттер;

- облыстық коммуналдық  меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

- облыстық коммуналдық  меншік  мүлкін жалға беруден түсетін түсім;

-облыстық  бюджеттен берілген крелиттер  бойынша сыйақылар;

-уақытша  бос бюджет ақшасын депозитке  орналастырудан алынған сыйақылар;

- облыстық коммуналдық  меншіктен түсетін басқа да кірістер;

Б) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуінен түсетін түсімдер;

В) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар мен өткізуден түсетін түсімдер;

Г) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріліп алулар;

Д) облыстық бюджетке түсетін салықтық емес басқа  да түсімдер болып табылады.

3. облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

4. Облыстық бюджетке түсетін ресми трансферттердің түсімдері:

Информация о работе Бюджет табыстарының есебі