Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары

Дата добавления: 05 Декабря 2011 в 15:37
Автор: n********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (526.19 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қазақстан Ұлттық банкі.doc

  —  671.50 Кб

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 

Экономика және бизнес факультеті

«Қаржы  және есеп» кафедрасы

«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша 
 

КУРС  ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары 
 
 

Орындаған: «Қаржы» мамандығы ОКБ

негізіндегі 2 курс студенті

Маулутканова  Н.Б.

Тексерген: «Қаржы және есеп» кафедрасының

аға оқытушысы, э.ғ.к. Конуспаев Р.Қ. 
 
 
 
 

Өскемен, 2011

Мазмұны: 

   Кіріспе                                                                                                                3

  1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және функционалдық құрлымы                                                                                                        4
  2. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары       9
  3. Қазақстан Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі                                      13
  4. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатты                                 19
  5. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын – валюта резервін

    басқару қызметі                                                                                           25

    Қорытынды                                                                                                 28

    Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                     30

    Қосымша                                                                                                        31 
     
     
     
     
     
     
     
     

    Кіріспе 

       Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмисиялық  және резервтік орталығы ретінде  мемлекеттің ақша – несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты  пайда табу емес, яғни мемлекеттің  ақша – несие саясатын жүргізу  және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.

       Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл бұрынғы  қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктер  орталығы, эмиссиялық банкке түрлендіррілген  «банктердің банкі» болып табылады.

       Іс  жүзінде Қазақстан Ұлттық Банкінде барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Қазақстан Ұлттық Банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассанын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Ұлттық Банктің мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкінен несие ала алады.

       Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жылдағы таза табысы сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. 
 
 
 

     Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және функционалдық құрлымы. 

       Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын – валюта резервтерден, басқа да материалдың құндылықтардан тұратын мүліктерге ие заңды тұлға.

       Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет – тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қорының мөлшері – 20 млрд. Теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал – жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары баке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

       Қазақстан Ұлттық Банкі резервтік және басқа да қорларды құрайды. Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға жұмсалады.

       Қазақстан Ұлттық Банкінің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды обсалюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның мекемелері Қазақстан Республикасы салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған.

       Қазақстан Ұлттық Банкінің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:

    • Меншікті қаражат есебінен;
    • Басқа банктерден тартылған және Қазақстан Ұлттық Банкінде шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
    • Қазақстан Республикасының төңірегінде тартылған қаражаттардан;
    • Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

       Қазақстан Ұлттық Банкінің басқару құрылымы.

       Қазақстан Ұлттық Банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің басқару органына: Басқарма және Директорлар кеңесі жатат.

       Қазақстан Ұлттық Банкінің – жоғары басқару  органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер  жүктеледі:

    • мемлекеттік ақша – несие саясатын дайындау;
    • банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық Банкінің

нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

    • Ұлттық Банктің баніктермен операциялары бойынша ресми қайта

қаржыландыру  мөлшерлемесін белгілеу;

    • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу

туралы  шешім қабылдау;

    • жекелеген банктің операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар

беру  туралы шешім қабылдау;

    • банктер үшін резервтік талаптар нормасын беру;
    • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын

анықтау;

    • Қазақстан Республикасы валютасының айырбасы бағамын

анықтау тәртібін бекіту;

    • Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыс туралы жылдық есепті қарау,

қабылдау  және Президенттің бекітуіне беру;

    • Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық балансын және табысы мен

зияны туралы есебін қарау және бекіту;

    • Қазақстан Ұлттық Банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық

капиталы  мен резервтік қордың қалыптасу  тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілнттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

    • банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да

мендеттер нормаларды және шектерді бекіту;

    • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау

және  бекіту;

    • Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және басқа да

ұйымдарға қатысу туралы шешім қабылдау;

    • Директорлар Кеңесінің құрамын бекіту;
    • бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартын ескере отырып,

Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.

       Ұлттық  Банк басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық Банк басқармасын құрамына:

    • Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасы және бес лауазымды

тұлғалары;

    • Қазақстан Республикасы Президентіне бір өкіл;
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінен екі өкіл кіреді;

       Қазақстан Ұлттық Банкінің оперативтік басқару  органы – Директорлар кеңесі болып  табылады. Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық Банк төрағасы, оның орынбасары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

       «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

    • Парламенттік келісімімен Қазақстан Республикасының

Президенті Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

    • Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасының орынбасарларын да

Қазақстан Ұлттық Банк Төрағасының ұсынуымен  Қазақстан Республикасының Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

    • Қазақстан Ұлттық Банкнің жылдық есебін Қазақстан

Республикасының Президенті бекітеді;

    • Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын

Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;

    • Қазақстан Ұлттық Банкнің Қазақстан Республикасының

Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

       Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің негізгі қызметтерін  жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы және Алматы қаласының бас филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен құзіреттері шегінде ғана жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді. (Қосымша 1).

       2007 жылы Үкіметтің және Ұлттың  Банктің қызметін ақпараттық  – талдамалық қамтамасыз ету  мақсатында «Қазақстан Республикасының  Үкіметі және Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғам құрды.

       Орталық қызметінің негізгі мәні мыналар  болып табылады:

    1. мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер

жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;

    1. Қазақстанның экономика салаларына қатысты жүйелік және

салыстырмалы  талдау, еңбек өнімділігінің мониторингі және бағалау және олардың бәсекелестік қабілетін айқындайтын факторларды анықтау;

    1. Мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігін

бағалау;

    1. Қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары. 

       2007 жылдан бастап, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндетті – баға тұрақтылығын қамтатамасыз ету болып табылады.

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмисиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша – несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктер орталығы, эмиссиялық банкке түрлендіррілген «банктердің банкі» болып табылады.
Содержание
Кіріспе 3
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және функционалдық құрлымы 4
Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары 9
Қазақстан Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі 13
Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатты 19
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын – валюта резервін
басқару қызметі 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі