Қазақстан экономикасындағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері

Дата добавления: 05 Октября 2011 в 06:49
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (28.75 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ақшагүл қаржы.docx

  —  31.12 Кб

    Қазақстан экономикасындағы меншікті қайта құрудың  ерекшеліктері. 
 

    1. Меншіктің  құқықтық және экономикалық мазмұны.

    2. Меншіктің формалары және олардың ерекшеліктері.

    3. Меншікті қайта құрудың экономикалық критерилері.

    4. Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері.

    5.Қазақстандық  жекешелендірудің нәтижелері, кезеңдері формалары. 

    1.Меншіктің  құқықтық және  экономикалық мазмұны.

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете  алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық  ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.Экономикалық теория меншіктік қатынастарда  барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.  Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл

-өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

2.Меншік  формалары және  олардың ерекшеліктері.

    Өндірістік  қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану  арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі. Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады. 

3. Меншік қайта құрудың экономикалық критерилері.

ХІХ ғасыр  үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс  күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән  болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен  жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті.Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылуы шарт.Оның формаларының көп түрлілігі болуы мүмкін.Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол

    өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады:  «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік  өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

    Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіке  алғашқы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2.2. кесте). Қоғамдық меншікті іске асыру.

    Қоғамның  барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өндіріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қаражаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның экономикалық қайшылықтары, бара-бара шешілмейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі  өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей  араласуынсыз іске асырылады.

    Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық  мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық  формаларының объективті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халықтың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады.

    Тағы  бір  әлеуметтік және экономикалық тосқауыл, нарық қызметтерін реттейтін, ынталандыратын маңызды экономикалық категориялар біртіндеп ыдырай бастады. Жай түсінікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынтасы, ізденушілігі, тұтынушылық жұмысы жоғалып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға болмады, ал нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепке бейім өндірушілерді таңдады және таңдайды.

    Қоғамдық  меншік - нарықтың реттейтін, ынталандыратын рөлдерін жоспармен ауыстырды. Тәуекел, ынта, ізденушілік - осының барлығы жоспарда қарастырылуы керек болды. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның   орындалмаушылығы мен асыра орындалуын болдырмады. Халық шаруашылығы – теңгерілген. Өндіріс монополиясы дамып, бәсекелестік, тәуекелдік жойылады.Социалистік экономика өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салалық бәсекедегі нарық осы ЕҚҚШ-ты анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді. Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарысқа түсуге әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білімді жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқуға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдерді шығындық сипаты негізінде қабылдады.Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.

    4. Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құру ерекшеліктері 

    Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп  дамып және өндірістің барлық өмірлік  маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер  ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс іӘлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

    Мемлекет  иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

    Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген  деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

    Жекешелендірудің  негізгі себебіне тәртіп бойынша  мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

    Жекешелендірудің  басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер  өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік  тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының  барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға,  яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

    Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

    Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендіру  бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде  жүргізілді:

  1. жаппай жекешелендіру;
  2. шағын жекешелендіру;
  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

    Жаппай  жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу  болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Страницы:12следующая →
Описание работы
1. Меншіктің құқықтық және экономикалық мазмұны.

2. Меншіктің формалары және олардың ерекшеліктері.

3. Меншікті қайта құрудың экономикалық критерилері.

4. Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері.

5.Қазақстандық жекешелендірудің нәтижелері, кезеңдері формалары.
Содержание
содержание отсутствует