Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау

Дата добавления: 16 Ноября 2011 в 14:04
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (48.29 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Айналым капиталының мәні мен құрлымы.doc

  —  194.00 Кб

Қазақтсан Республикасының білім және ғылым  министрлігі.

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық – техникалық

университеті 
 

«Қаржы» кафедрасы 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Айналым қаражаттарының  кәсіпорындағы     құрамы мен құрлымын оптимизациялау» 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: 31 – топ студенті

Сламбеков К.М.

                                                                       Тексерген: аға оқытушы

Султанова З.Х. 
 
 

Орал  ,2008 ж 
 

Жоспар

Кіріспе . . . . . . . . . . .   3

1 бөлім. Айналым  қаражатының мәні және оларды тиімді басқаруды  ұйымдастыру қажеттілігі . . . . . 6-15

1.1.  Кәсіпорынның  айналым капиталының ұғымы және  ерекшелігі . . . . . . . . . .   6

1.2. Айналым капиталының  құрлымы және айналмалылығы . 9

1.3. Кәсіпорынның  айналым қаражатын басқаруды жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады . . . . . . . . . . 13 

2 бөлім. Кәсіпорынның  айналым қаражатын басқаруды  ұйымдастыру және оны  жетілдіру  бағыттары  .   . .     16-34

2.1. Кәсіпорын  қызметін қаржылай талдау . . . . 16

2.2. Ақша қаражаттарын басқару және оның тиімділігі . 20

2.3. Кәсіпорынның  материалдық айналым қорларын  басқару  тиімділігі  .  . . . . . . . . . . 24

2.4. Дебиторлық  борышты басқару және оның  тиімділігі .  28

2.5. Айналым қаражатын  басқару жолдары . . . . 30

Қорытынды . . . . . . . . . .     35-36

Қолданылған әдебиеттер . . . . . .     37-38 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

     Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік,  саяси  функцияларын орындау үшін оны қажетті  ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің  қаржы жүйесінің  маңызды сферасы  болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан алуан  өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы  іс – қимылымен байланысты.

      Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің  оның  кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып,  алынған қаражаттарды мемлекет пен  оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігі және қайта бөлумен  байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

      Мемлекет (өзінің билік пен басқару  органдары  арқылы ), бір жағынан,  жеке кәсіпорындар ұйымдар  ,мекемелер, азаматтар, бір  жағынан , бұл сферадағы ақша  қатнастарының   субьектілері болып  табылады.

     Ішкі  ұлттық өнімнің өсумен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс   ХІХ ғ. неміс экономисі Вагнердің заңы  - «Өспелі мемлекеттік белсенділік  заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы  дамыған елдерде мемлекеттің  шығындары өндіріс  көлеміне қарағанда  жылдамырақ өсуі тиіс. А.Вагнер  мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен  байланыстырады:

  1. Экономика дамуының  нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономика, құқық тәртібін,  заң қызметтерін  кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді.
  2. Техника мен технология даму капиталдың  үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе полиялардың  қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылаптын өндірістерге қатысуы тиіс;
  3. Көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық пайда бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау  сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

      Әрбір кәсіпорынның  қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры  болуы  керек. Ол  ақша қаражаты есебінен айналым  және айналыс қорларын сатып алуға  пайдаланылады.

      Айналым қордың заттық мазмұны – еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол – айналым қор өндіріс процесінде  бір рет ақан қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.

      Айналым қорларды оңтайлы және үнемді  жұмсау – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, материалдық шығындар ¾ өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.

      Айналым қорының құрамы, оның құрлымы өндірісті  мамандандыруға байланысты.

      Кәсіпорындарда  айналым қорларды пайдаланудың маңызды экономикалық көрсеткіштері оның айналғыштығы болып саналады. Ол есепті мерзім ішінде  қанша рет айналғанымен  және айналым мерзімімен  бағаланады. Әрбір кәсіпорын айналым қорының айналғыштығын тездетіп, сол арқылы  оған деген өзінің  қажетсінуін азайта алады.

      Нарықтық  экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым қорлардың  жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс  қажет ететіндей  мөлшерде өндірістік босалқы  қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың артық қоры  болмағаны жөн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 бөлім. Айналым  қаражатының мәні  және оларды тиімді  басқаруды  ұйымдастыру  қажеттілігі.

1.1.  Кәсіпорынның айналым  капиталының ұғымы  және ерекшелігі

     Кәсіпорынның  іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі  міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталының) болуы.  Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және  үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді  өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың  ақшалай қаражаттарының жиынтығы.  Айналым қаражаттарының мәні -  ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз  етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және  өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

       Капитал айналымының ерекшелігін оның  сұранысты анықтауынан көруге болады. Сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы. Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет. Айналма капиталдағы сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді.

Айналым капиталының  сұранысын есептеу үшін 2 әдісті қолдануға болады:

1) Кумулятивті әдіс. Бұл әдіс жалпы кезеңді күндік капиталды байланыстыра отырып, күнделікті орташа төлемге көбейту арқылы жүзеге асырылады. Айналым капиталына  1 мысал келтіре кетер болсақ, кәсіпорындарда өнідіріс материалдараның міндетті қорларын сақтау мерзімі 25 күнді құрайды. Материалдарды жеткізу қызметі бойынша жеткізушілер төлем уақытын 10 күнге ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Өнідірістік процесс 20 күнге созылады, яғни – бұл дайын өнім өндіруге қажетті уақыт. 5 күн ішінде дайын өнім тұтынушылар қажетіне жетеді. Өнім кірісін жоғарылату үшін кәсіпорын тауар алушысына коммерциялық несие түрінде 15 күнге тауар ұсынады. Шығынның негізгі бабы бойынша орташа күндік төлемі мынадай: материалдар алу (50 мың теңге), персонал еңбегіне төлем (150 мың тг), үстеме шығындар (80 мың тг.). Мұның ішінде персонал төлемі өнідірістік процессті бастағанынан басталады.  
Сұрақ: осы кәсіпорынның айналым капиталындағы сұранымы қандай? 
Есеп: Ең алдымен материалдарды алғаннан бастап тауар алушылардан ақша келгенге дейінгі кезеңдегі күндер санын көбейту жолымен «капитал байланысының» кезеңін анықтайды (тауарлар мен қызметтер):
 
 

        кезең
      Өндірістік  материалдар 25 күн
      Аяқталмаған өндіріс 20 күн
      Дайын өнім 5 күн
      Алу есептері 15 күн
      Барлығы 65 күн
 

     Жеткізілген тауарлардың төлемінің уақытын  ұзартуын есептеген күннен бастап, «капитал байланысы» кезеңі 55 күнді  құрайды (65күн  10 күн). Материалдарға орташа күнделікті төлемі, персонал еңбегінің ақысы мен үстеме шығындар төлемін көбейтек күнделікті орташа төлемнің жалпы бағасы шығады: 
50 + 150 + 80 = 280 мың  тг 
Жоғарыда аталған есептерді өткізген соң міндетті айналым капиталы бағасы шығады, ол – 15400 мың теңгені құрайды (55күн 280 мың тг).

2) Таңдаулы әдіс. Бұл әдіс кумулятивті әдістен  анығырақ. Мұнда еңбек ақы төлемдері, материалды алу мен үстеме шығындарды төлеуге қатысты қаржылық құралдардың «байланысының» түрліше жалғасымын негізге алады. Айналым капиталы бағасының есебі таңдайлы әдіспен 2-мысалда көрсетілген.

2-мысал. Келтірілген мысалдан айналым капиталының қажеттілігін анықтаймыз:

Айналым капиталының  қажеттігі мына бағалардан құралады:

  • Материалдар сатып алу = (25-10+20+5+15) * 50 мың тг = 2.750 мың тг;
  • Персонал еңбегінің ақысы = (20+5+15) * 150мың тг = 6.000 мың тг;
  • Үстеме шығындар = (25+20+5+15) * 80 мың тг = 5.200 мың тг.

   Айналым капиталының тауар айналымына 13950 мың тг. кетеді.  
Осы мысалдаың нәтижесі бойынша таңдаулы әдістің айналым капиталындағы қажетілігі кумулятивті әдістегіден аз болды (1,450 мың тг).

   Ұзақ  және қысқа мерзімді капитал қажеттігі  анықталған соң қаржыландырудың  мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет. 

1.2. Айналым капиталының құрлымы және айналмалылығы.

            Айналым қаражаттарының құрлымы деп барлық жиынтығындағы  олардың  бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрлымына талдау жасау және  оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және  оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы  борышкерді сипаттайды.  Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы  айналым қаражатының  оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да   азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында  айналым қаражатының  құрлымын оңтайландыру  және олардың   айналымын арттыру  басты мақсатқа айналғаны жөн.

Айналым қаражатының  құрамы мен құрлымы 
 

 

 
 

 

      Кәсіпорындарда  айналым қаражаттарының  құрлымы  тұрақсыз және көптеген себептердің  ықпалымен  өзгеріп те отырады. Әрбір  нақты  кәсіпорында айналым қаражатының  шамасы, олардың құрамы мен құрлымы  өндірістік  сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына,  оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

      Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың  өндіріс  қорларының құрамында әр түрлі болып  келеді. Мысалы, ауыр өндірістік кәсіпорындарында  жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда  ол төмен. Кәсіпорындарда айналым  қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады:  айналым қаржыларының қажеттілігін  анықтау және  олардың  құрамы мен құрлымын,  қалыптастырудың  көздерін табу  және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Страницы:1234следующая →
Описание работы
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс – қимылымен байланысты.
Содержание
Кіріспе . . . . . . . . . . . 3
1 бөлім. Айналым қаражатының мәні және оларды тиімді басқаруды ұйымдастыру қажеттілігі . . . . . 6-15
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының ұғымы және ерекшелігі . . . . . . . . . . 6
1.2. Айналым капиталының құрлымы және айналмалылығы . 9
1.3. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады . . . . . . . . . . 13
2 бөлім. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары . . . 16-34
2.1. Кәсіпорын қызметін қаржылай талдау . . . . 16
2.2. Ақша қаражаттарын басқару және оның тиімділігі . 20
2.3. Кәсіпорынның материалдық айналым қорларын басқару тиімділігі . . . . . . . . . . . 24
2.4. Дебиторлық борышты басқару және оның тиімділігі . 28
2.5. Айналым қаражатын басқару жолдары . . . . 30
Қорытынды . . . . . . . . . . 35-36
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . 37-38