ҚР 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы

Дата добавления: 24 Октября 2013 в 17:22
Автор: m***@bk.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать полностью (243.02 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

tyzhyrymdamasy.pdf

  —  254.06 Кб
Page 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1. Кіріспе 3
2. Ағымдағы жағдай және білім беруді
дамытуды тежейтін факторлар 4
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері 5
4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны 6
4.1. Деңгейлері 6
4.2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 6
4.3. Орта білім беру 7
4.3.1. І саты – бастауыш білім беру 8
4.3.2. ІІ саты – негізгі білім беру 8
4.3.3. ІІІ саты – орта білім беру 9
4.3.3.1. Бейіндік оқыту 9
4.3.3.2. Техникалық және кәсіптік білім беру 9
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру 11
4.5. Жоғары білім беру 11
4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 13
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер 15
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері 15
1. Кіріспе
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен
нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын
айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан-2030» стратегиясына,
«Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік
бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жӛніндегі
конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына,
Жоғары білім жӛніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері
білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің
және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жӛніндегі кеңесінің, Еуразия
Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен
атақтар туралы құжаттарды ӛзара тану және олардың баламалылығы жӛніндегі кеңестің
конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан
Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға,
қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару
жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жӛніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
• ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
• Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
• білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
• Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
• Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
2. Ағымдағы жағдай және білім беруді
дамытуды тежейтін факторлар
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік
алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік ӛркениетпен ықпалдасуда,
жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары
айқындалған.
Осыған орай қоғам ӛмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық
қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің ӛлшемдері
ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рӛлі мен мәні арта түседі.
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі ӛзгерістер ӛз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа
тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай
алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз
болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында ӛтіп жатыр.
Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын кӛрсетеді.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге
негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған
білікті кӛзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының ӛмірлік жолын, мүдделері мен перспективаларын таңдауына

Page 2

нақты дәлелдемелер бермейді. Жоғары сынып оқушыларының тек 30%-ы ғана ӛздерінің қабілеттеріне сәйкес
келетін кәсіби қызметті таңдайды. Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70%-ының ӛмірден ӛз орындарын
табуға мүмкіндігі аз деген сӛз.
Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО-ның зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерді тестілеудің
нәтижелері білім сапасының ұдайы тӛмендеп келе жатқанын кӛрсетеді.
Орта білім берудің жоғары сатыларында кәсібилендірудің жеткіліксіздігінен мектеп бітірушілер еңбек
рыногында талап етілмей отыр.
“Кәсіптік бастауыш және орта білім берудің” мазмұны мен атауының сәйкессіздігі 1997 жылғы ISKED Білім
берудің халықаралық стандарттық жіктелімінің ӛлшемдеріне қарсы келеді.
Техникалық және кәсіби білім беру жұмыс берушілер мен еңбек рыногының қызметкерлердің біліктілік
деңгейіне қоятын жаңа талаптарына байланысты “кадрлық ашығу” проблемасын толық кӛлемінде шеше
алмайды.
Жоғары білім жүйесінде де жағымсыз үрдістер қалыптаса бастады.
Жекелеген жоғары оқу орындары мен олардың кӛптеген филиалдарының қазіргі талаптарға сәйкес келетін
интеллектуалдық, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жоқтығынан, жоғары оқу орындарына түсудің
жалпыға бірдей қол жетімділігі мамандарды қайта ӛндіруге және еңбек рыногын талап етілмеген кадрлармен
тоғытуға әкеліп соқтырды. Бұған сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан, тұрақты салаларға және тұтынушыларға
ғана бағдар ұстанған тар шеңбердегі мамандықтар бойынша жаппай даярлауға ықпал етті. Біздің білім беру
бағдарламалары мен олардың шетелдік баламаларының ӛзара есептесу, білім туралы құжаттарды ӛзара тану
тетігінің жоқтығы студенттердің, оқытушылардың және жұмысшы күшінің академиялық ұтқырлығын тежеп
отыр.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне
оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық-
техникалық базасын нығайтуға қаражат бӛліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды
түбірімен ӛзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың, ашық азаматтық қоғамның
қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын кӛрініп отыр.
Білім беру жүйесіндегі мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:
• жүйеде білім берудің барлық деңгейлерінде келеңсіз сәттерді тудыратын білім берудің сапасын субъективті
түпкілікті бағалаудың басым болуы;
• білім беру жүйесінің жаңа енгізілімдерді қабылдауға қауқарсыздығы және оқыту сапасының жүйесін енгізуге
дәлелдемелердің болмауы;
• материалдық-техникалық базаның, оқу-лабораториялық жабдықтың, оқу және әдістемелік әдебиеттің қазіргі
талаптарға сәйкес келмеуі;
• мамандар даярлау жүйесінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуде дәлелдеменің жоқтығы.
Білім беру саласында қалыптасқан ахуал республиканы дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогресшіл тәжірибесіне сәйкес келеңсіз құбылыстарды
болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, білім берудің мазмұнын жаңарту және мамандар
даярлаудың сапасын жетілдіру қажет екенін кӛрсетеді.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын кӛп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді
дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.
Міндеттері:
• білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс
істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
• білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
• білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
• білім беруді, ғылым мен ӛндірісті ықпалдастыру;
• кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
• әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны
4.1. Деңгейлері
Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі
кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
4.2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа дейінгі білім беру – ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес
атауы) – баланың жасын және ӛзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін
даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі.
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға деген құқығын мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім
беретін мектептердің мектепалды сыныптарының, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп- интернаттардың мектепке дейінгі
топтарының және мектептен тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі топтардың желісі қамтамасыз етеді. Осы
кезең сонымен бірге мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдары мен топтарында, “мектеп – балабақша”
кешендерінде болуға айрықша мұқтаж балалардың ұйымдасқан тәрбиесі мен оқуын қамтиды.
Мақсаты –мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде
ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
• әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен
ертерек қамту;
• бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

Page 3

• мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін, жасына және
даралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық
кеңістік ортасын жасау;
• мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау
мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты ӛмір салтының құндылықтарына баулу
арқылы денсаулығын нығайту;
• баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің ӛзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның
кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті.
4.3. Орта білім беру
Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді.
Балалардың орта білім алуға деген құқығы жалпы білім беретін мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі.
Оқытудың ерекше жағдайлары бойынша мектептер мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер және т.с.с. болып бӛлінеді.
Мектептен тыс мекемелер балаларға қосымша білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ете отырып, орта білім
беру жүйесіне енеді.
Орта білім берудің мақсаты – жылдам ӛзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, ӛзін-ӛзі іске асыруға, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛз бетінше дұрыс,
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
• азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, ӛз Отанын сүюге
тәрбиелеу;
• білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін азайту;
• оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен
педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру;
• білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар
алуына жағдай жасау;
• денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
• даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар қажет:
1) білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру)
ӛзгерту;
2) білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін: тіл мен әдебиет, адамтану,
қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, ӛнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім берру
салалары арқылы іске асыру;
3) оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейіндік және кәсіптік
бағдарлы оқыту жүйесін құру;
4) білікті жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет кӛрсету еңбегінің мамандарын даярлаудың кәсіптік
білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
5) техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін ынталандырудың және жұмыс
берушілердің қаражаттарын тартудың нормативтік және құқықтық тетіктерін әзірлеу.
Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді
құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бұл құрылым балалар дамуының ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-
10 жас – балалық шақ, 11-16 –жеткіншектік шақ, 17-18 –жасӛспірімдік шақ) сәйкес келеді және қазіргі мектептің
барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған.
Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір сатының білім бағдарламаларын
меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталатын болады.
4.3.1. І саты – бастауыш білім беру, 1-4-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл
жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады.
Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш
мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін
анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу,
жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, ӛзін-ӛзі
шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты ӛмір
салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын
меңгеруге база жасайды.
4.3.2. ІІ саты – негізгі білім беру, 5-10-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 6 жыл. Негізгі мектептің функционалдық
қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың
бойында жеке бастың және этникааралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның
ӛзін-ӛзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып табылады. Бұл сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі
базалық білім беру деңгейінде қисынды түрде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зерделеу
үшін оқу жоспарының вариативтік бӛлігі кеңейтіледі. Бейіндеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады.
Сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша орта білім берудің ІІІ сатысында оқытудың одан кейінгі бейіні мен
нысандарын таңдау үшін оқушылардың қабілеттері мен даярлық деңгейі айқындалады.
4.3.3. ІІІ саты – орта білім беру.
4.3.3.1. Бейіндік оқыту, 11-12-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 2 жыл. Орта білім берудің жоғары сатысының
функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын
жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
Орта білімнің ІІІ сатысын құрудағы принципті жаңа кӛзқарас оқытудың оқу мазмұнын саралау, ықпалдастыру
және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне байланысты туып отыр.

Page 4

ІІІ сатыда білім алуға берілген нұсқаудан әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді
меңгеруге және оларды ӛз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге кӛшу қамтамасыз етілуі тиіс.
ІІІ сатының оқушылары оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын таңдауына
болады, онда шығармашылық қызметке және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға
айрықша орын бӛлінген.
Ауылдық жерде шағын жинақталған мектептердің балаларына арналған бейіндік мектеп-интернаттар ашу
және салу қажет.
4.3.3.2. Техникалық және кәсіптік білім беру. Оқудың ұзақтығы – 2 жыл. Неғұрлым білікті техникалық және
кәсіптік білім алу үшін оқу мерзімі 1 жылға ұзартылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру – негізгі білім беру базасында қоғамдық пайдалы қызметтің барлық
бағыттары бойынша техникалық және қызмет кӛрсету еңбегінің білікті кадрлары мен мамандарын даярлауды
қамтамасыз ететін кәсіптік білім беру.
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің негізгі бағыты білім алушылардың жаңа технологиялар
талаптарының деңгейінде және еңбек рыногының дамуына сәйкес білікті кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету
үшін жеткілікті және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты жеке тұлғаның және жекелеген әлеуметтік топтардың ӛзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногының техникалық және қызмет кӛрсету еңбегінің жоғары
білікті жұмысшы кадрлары мен мамандарына деген қажеттілігін қанағанаттандыру болып табылады.
Мақсатқа жету және жоғарыда кӛрсетілген міндеттерді іске асыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
• халықтың барлық жіктері үшін жоғары білікті техникалық және кәсіптік білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз
ету және олардың қызығушылығын арттыру;
• техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының кӛп бейінді және кӛп функциялы желісін құру;
• кәсіби даярлықтың сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру жүйесін құру.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің кәсіптік білім беру
бағдарламаларын ойдағыдай меңгеруде жетекші болып саналатын жалпы білім беретін, әлеуметтік-
экономикалық пәндер бойынша ықпалдастырылған курстарды зерделеуді және қалаған мамандық бойынша
жұмыстың кәсіби дағдыларын меңгеруді кӛздейді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы іске асырылатын кәсіптік білім беру бағдарламаларының
мазмұнына қарай мыналардан тұрады:
1. Бірінші сатыдағы техникалық және кәсіптік білім беру, ол күрделі емес жалпы кәсіптер бойынша немесе
тереңдетілген теориялық және кәсіби даярлықты қажет етпейтін кәсіптердің тобы бойынша жұмыстарды
орындаудың біліктері мен дағдыларын меңгеруді кӛздейді.
Бұл сатыдағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру негізгі білім беру базасында жүзеге асырылады.
Оқудың ұзақтығы – 2 жыл. Білім алушының оқу бітіргеннен кейінгі кәсіптік біліктілігі таңдаған кәсібі бойынша ІІІ
разряд беруді қамтамасыз етеді.
2. Екінші сатыдағы техникалық және кәсіптік білім беру, ол неғұрлым күрделі (аралас) мамандықтарды
меңгеруді және жоғары технологияның ӛндірістік жұмыстарын орындау мен экономиканың ғылымды қажет
ететін саласындағы кәсіптік қызметті кӛздейді. Білім беру бағдарламалары жалпы гуманитарлық,
экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және кәсіби дағдыларды сіңіру мен нығайту жӛніндегі
практикалық жұмыстарды орындауды кӛздейді. Оқудың ұзақтығы 2+1 жылды құрайды.
Екінші сатыдағы кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны оқу аяқталғаннан кейін техникалық немесе
кәсіптік білімнің кәсіптік біліктілігін және таңдаған кәсібі бойынша 4 разрядтан (санаттан, сыныптан) кем емес
жұмысшы біліктілігін беруді кӛздейді.
Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын ӛзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін
арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім беруші педагогтың орнына жаңа
педагогикалық технологияларды,оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген
кәсіби білікті педагог келуге тиісті.
Орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен –
Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру (орта білімнен кейінгі жоғары емес білім – ЮНЕСКО-ның
ұсынымдарына сәйкес атауы) қызмет кӛрсету және басқару сипатындағы орта буынның білікті кадрларын
даярлауға арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын қамтиды. Орта білім базасында оқытудың ұзақтығы
– кемінде 2 жыл, техникалық және кәсіптік білім беру базасында – 1 жылдан кем емес.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің мазмұны кәсіптік бағдарламалармен қатар бакалавриаттың
әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндерін қамтитын, және қауымдастырылған дәреже беру
немесе 3 курстан бастап бакалавр бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру
мүмкіндігін беретін қауымдастырылған білім беру бағдарламаларын меңгеруді кӛздейді.
Кәсіптік оқыту және кадрлар даярлау курстары бір бейінді кәсіптер бойынша күрделі емес жұмыстардың
біліктері мен дағдыларын меңгеруді және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша қолда бар біліктілік деңгейін
ескере отырып жасалған, ӛндірістегі жаңа техника мен ақпараттық технологияларды пайдалану жӛніндегі
кәсіптік білім беру бағдарламаларын орындауды кӛздейді. Оқудың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін. Мұндай
курстар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары емес кәсіптік білім беретін оқу орындарында,
кәсіпорындарда және фирмаларда немесе қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың салааралық оқу
орталықтарында ұйымдастырылуы мүмкін.
4.5. Жоғары білім беру
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу
қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік

Page 5

сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды
жетілдіру болып табылады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды
оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді кӛздейтін жаңа сапа мен қоғамдық
мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген
мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен
мүмкіндік беру.
Міндеттері:
• іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын
талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
• білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру
қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
• жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден ӛтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын
дамытуға объективті жағдайлар жасау;
• жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық
жоспарлау жүйесін енгізу;
• студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны басшыларының сапалы білім
беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.
Кӛрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылы ашық азаматтық қоғамның
талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарын басқару жүйесін жетілдіру;
2) үздік жоғары оқу орындары арасында кәсіптік кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бӛлу
тетігін енгізу;
3) оқу процесін ұйымдастырудың технологиясын ӛзгерту және білім алушыларды оның мүддесіне бағындыру,
оқытушылар арасындағы бәсекелестікті құру;
4) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық сенімділікті күшейту үшін олардың қаржы-шаруашылық
қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдау;
5) сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жоғары оқу орындары
басшыларының жауаптылығын кӛздейтін заңнамалық нормаларды енгізу;
6) жоғары оқу орындарында білім беру қызметін кӛрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген
бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық
аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен ӛзара келісілген
бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.
Бакалавриатта жоғары білімнің білім беру бағдарламалары іскен асырылады, онда алғашқы екі курс
сәйкестендірілуі және жалпы міндетті пәндер (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми)
цикліне біріктірілуі тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта дайындау базалық пәндер бойынша
жүргізіледі, ал жоғары оқу орны компоненті шеңберінде бейіндік дайындау болуы мүмкін.
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең кӛлемді базалық кәсіптік даярлауды ұсынады және болашақ
мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, бұл бакалавр-бітірушіні кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық
(пәнаралық) әдіснамасымен қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын дамытуға,
ӛзіне-ӛзі білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуға тиіс.
Бакалавриат оқытудың кредиттік технологиясы бойынша іске асырылатын міндетті және жоғары оқу орнының
білім беру компоненттерін қамтиды.
Нақты мазмұн шетелдік ұқсас нұсқаларды ескере отырып, пәндердің типтік оқу бағдарламаларында кӛрініс
табуы керек.
Бакалавриаттағы нормативтік оқу мерзімі 4 жылды құрайды және мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен, сол
және ӛзге де саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін берумен аяқталады.
Бакалавриатты бітірушілердің одан әрі 1-2 жылдық магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
4.6 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оған
магистратура мен докторантура (РhD) кіреді.
Бұл деңгейдің мақсаты білім беру мен ғылымды ықпалдастырудың негізінде қоғамды, экономиканы, ӛндірісті,
ғылымды жетілдірудің проблемаларын шешуге, батыл технологияларды әзірлеуге қабілетті жаңа тұрпатты
ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасау болып табылады.
Міндеттері:
• магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру және PhD докторлық бағдарламаларын
енгізу;
• магистратурада жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың базасында оның жұмыс істеуін кӛздейтін
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа моделін енгізудің тетіктерін әзірлеу;
• Болон процесіне (бакалавр-магистр- PhD) сәйкес кәсіби кадрларды даярлаудың оқытудың дем беруші
кредиттік технологиясына негізделген тұтас жүйесін енгізу;
• еңбек рыногының сұраныстарына сәйкес жаңартылатын білім беру бағдарламаларының негізінде
мамандарды мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;
• бірнеше қазақстандық университеттердің базасында халықаралық аккредиттелген докторлық
бағдарламалары бар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте PhD докторларын даярлау
жӛніндегі орталықтар құру.
Магистратурада даярлау үш бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін:
1) іскерлік әкімшілік, менеджмент және т.б. салаларда мамандардың бейіндік,тереңдетілген даярлығы;

Page 6

2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет үшін ғылыми-зерттеу даярлығы;
3) құрамдастырылған бейіндік даярлық.
Магистрлерді даярлау оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттылуын, және тиісті саладағы тереңдете
мамандандырылған даярлықты қамтитын білім беру бағдарламаларына негізделетін болады.
Магистратураны бітірушілерге магистрдің академиялық дәрежесі беріледі және олардың докторантурада
оқуын жалғастыруға құқығы бар.
Докторантура Қазақстанның білім беру жүйесін аяқтайтын білім беру деңгейі болып табылады.
Докторантураның мақсаты жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
Докторантураға (PhD) аспирантура, резидентура, адъюнтура, ізденімпаздық, шығармашылық демалыстар
беру, дәстүрлі докторантура және диссертациялар дайындаудың барлық басқа да нысандары жатқызылуға
тиіс.
Докторлық бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері:
• оқу мен зерттеу қызметінің арасындағы оңтайлы балансты қамтамасыз ету;
• кең кӛлемдегі ғылыми, біліми және әдіснамалық даярлық алу;
• елдің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету болуға тиіс.
Докторантураның бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия
докторы (PhD) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураны меңгерген кезде – бейін жӛніндегі доктор
академиялық дәрежесі беріледі.
Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде үш жыл құрайды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне, жаһандану
процестеріне, жалпы танылған халықаралық талаптарға сәйкестендірілетін болады, жастардың академиялық
дәреже алуға қызығушылығын арттырады, ғылыми-педагогикалық кадрлардың “қартаю” проблемасын
шешеді.
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі:
• “ғұмыр бойғы білім” принципінен “ғұмыр бойғы баршаға арналған білім” приципіне кӛшуді;
• білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігін және сабақтастығын;
• нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді;
• барлық басқа әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда білім беруді жеделдете
дамытуды, қоғамдық пікірді қоғамдық дамудың барлық салаларындағы әлеуметтік-экономикалық прогрестің
маңызды шарты ретінде білім беру саласының басымдықтарының пайдасына қалыптастыруды;
• педагогикалық және білім беруді басқару қызметкерлерінің еңбегін мемлекеттік қолдау және ынталандыруды
күшейту тетіктерін әзірлеуді;
• материалдық-техникалық базаны нығайтуды;
• кадрларды кәсіби даярлаудағы әлеуметтік әріптестікті дамытуды;
• ғылыми және инновациялық қызметті дамытуды;
• білім беруді қаржыландырудың нормативтік әдістеріне кӛшуді қамтамасыз етуге тиіс.
Тұжырымдаманы іске асыру білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік және
құқықтық негіздерін құруға мүмкіндік береді.
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
Концепция кезең-кезеңімен іске асырылатын болады:
Бірінші кезең. Білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сайма-сай жаңа заңнамалық және
нормативтік-құқықтық база құру және ғаламдық стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті
білім берудің жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде мектепке дейінгі білім берудің міндеттерін тек қана балаларды
мектепке даярлау емес, сонымен бірге әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан
қорғалмаған әрі аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау кӛрсететін әлеуметтік институт ретінде іске
асыратын балабақшалардың желісін дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік негіздерді әзірлеу кӛзделеді.
Ауылдық мектептерді ашық әлеуметтік институт және кӛп функциялы білім беру ұйымы ретінде қайта
құрылымдау бойынша оларда “мектеп – балабақша” кешендерін, мектепке дейінгі тәрбиенің ақысыз шағын
орталықтарын құру мақсатында нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу кӛзделеді.
Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептерді базалық және бейін бойынша ұстау жетілдіріледі, он екі
жылдық орта білім беруге кӛшуге байланысты эксперименттік оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленетін болады.
Бұл кезеңде нәтижеге (ООР) бағдарланған орта білім беру моделін құру және сынақтан ӛткізу міндеттерін
шешу тұр.
Мұндай модель жасау үшін мынадай шаралар қолданылатын болады:
1. Үш деңгейден тұратын күтілетін нәтижелер түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу:
а) ұлттық деңгей: қоғам оқытудың нәтижесінде қандай адамды және азаматты алғысы келеді. Қазақстан үшін
білім берудің ұлттық мақсаттары бірнеше кең ауқымдағы базалық біліктіліктерден құралуы мүмкін: үш тілді
білу, еуразиялық мәдениеттілік, коммуникативтілік, технократтық және т.с.с.
б) ұлттық мақсаттар басты біліктіліктер ретінде нақтылануға тиісті кең ауқымды білім беру салаларының
деңгейі.
в) білім беру пәндерінің деңгейі.
2. Сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесін құру.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін (БСҰЖ) құру білімнің сапасын кешенді емтихандар арқылы
бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалап отыру үшін білім
сапасы мониторингінің ұлттық жүйесін әзірлеуге, оқушылардың оқу жетістіктері басты компоненттері болып
табылатын білім сапасын тұрақты қадағалап отырудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Алда PISA,

Page 7

TIMSS сияқты әлем елдерінің білім беру жүйелерінің нақты жетістіктерінің салыстырмалы талдау жүйесіне
қосылу міндеті тұр.
3. Оқытуды ұйымдастыру принциптерін, білім алуға, біліктер мен дағдыларды меңгеруге енжар оқушының
рӛлін білім беру процесінің субъектін белсенді танушының рӛліне ӛзгерту.
4. Барлық қоғамдастықты мектепте оқытудан күтілетін нәтижелерді талқылау процесіне тарту және
мониторинг деректерінің негізінде олардың жетістікке жету жолдарының жүйесін құру.
2007 жылы барлық жерде он екі жылдық оқытуға кӛшу басталады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын қайта
қарау, оқушыларды негізгі жалпы білім беру базасында орта кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледждерге)
қабылдауды кезең-кезеңімен қысқарту басталады, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін
кеңейту жӛнінде нормативтік және құқықтық негіздер жасалып, арнайы пәндер мен ықпалдастырылған курстар
бойынша жаңа оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленетін
болады.
Кәсіптік даярлықтың сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру жүйесі құрылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде Қазақстанның Болон процесіне қосылуы, үш деңгейлі
даярлық құрылымына (бакалавриат – магистратура – докторантура) толық кӛшу, аспирантурадан, дәстүрлі
докторантурадан біртіндеп бас тарту, жетекші жоғары оқу орындарының базасында тиісті халықаралық
аккредиттеуден ӛткен шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, PhD докторларын даярлау
бағдарламасын ашу жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді жүзеге асыруға,
студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасалатын болады.
Ӛз бойына білім беру және ғылым компоненттерін барынша үйлестірген, магистратура мен докторантураның
(PhD) жаңартылған бағдарламалары арқылы, білім беру мен ғылымның нақты ықпалдасуына негізделген
ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа моделі іске асырылатын болады.
Докторларды жаңа бағдарлама бойынша даярлауды ынталандыру тетіктерін әзірлеу мақсатымен:
• PhD дәрежесі бар кадрлардың міндетті түрде болуы бӛлігінде жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лерге
қойылатын лицензиялық, аккредиттік талаптарға толықтырулар; Басшылардың, мамандардың және басқа
қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамасына толықтырулар мен ӛзгерістер енгізіледі;
• PhD дәрежесі бар адамдардың қызметте ӛсуін қамтамасыз ететін механизм құрылады;
• Ғылым кандидаттары мен докторларының дәстүрлі дипломдары мен PhD дипломдарының қосарласа жүруі
қамтамасыз етілетін болады.
Бұл кезеңде білім беру ұйымдарының заттық құқықтар саласындағы материалдық-техникалық, ақпараттық
және заңнамалық базасын нығайту, олардың меншігіне жер телімдерін ӛтеусіз беру кӛзделеді.
Екінші кезең – Тұжырымдаманы толық кӛлемде іске асыру, оны жинақталған тәжірибені, елдегі еңбек
рыногының және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып түзету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің әлеуеті мен ресурстарын дамыту, бұдан былай олар балаларға
ерте білім берудің бағдарламаларын іске асыру үшін ұтымды және барынша тиімді пайдаланылатын болады.
Он екі жылдық оқытуға кӛшуді аяқтау, техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын ӛзгерту, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
жеткілікті желісін жасау іске асырылады. Орта білімнен кейінгі барлық сатыларда бакалаврлық, магистрлік,
докторлық бағдарламалар мен кредиттік технология бойынша оқыту бойынша жоғары білікті кадрлар
даярлауға толық кӛшу жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеуден ӛтуі басталды, Болон декларациясының негізгі
принциптерін іске асыру аяқталып келеді, кадрлар даярлаудың сапасы халықаралық талаптарға сәйкес
қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарды нәтижеге бағдарланған ұлттық курикулумдарға
трансформациялау іске асырылады..
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде тиімді жұмыс істейтін білім берудің қазақстандық моделі
құрылып, Қазақстанның бүгінгі дүниеден лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадр даярлаудың
сапалы жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.

Описание работы
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз
болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында ӛтіп жатыр.
Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын кӛрсетеді.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге
негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген.
Содержание
1. Кіріспе 3
2. Ағымдағы жағдай және білім беруді
дамытуды тежейтін факторлар 4
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері 5
4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны 6
4.1. Деңгейлері 6
4.2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 6
4.3. Орта білім беру 7
4.3.1. І саты – бастауыш білім беру 8
4.3.2. ІІ саты – негізгі білім беру 8
4.3.3. ІІІ саты – орта білім беру 9
4.3.3.1. Бейіндік оқыту 9
4.3.3.2. Техникалық және кәсіптік білім беру 9
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру 11
4.5. Жоғары білім беру 11
4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 13
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер 15
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері 15