Азия даму банкі елімізге 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартпақ

Дата добавления: 28 Марта 2013 в 13:58
Автор: b*******@mail.ru
Тип работы: доклад
Скачать полностью (52.52 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

жангуль.docx

  —  55.22 Кб

Азия даму банкі  елімізге 1,5 миллиард АҚШ доллары  көлемінде инвестиция тартпақ 

2012-09-19 Жаңалықтар, Экономика Қарау 174

Бүгін Азия даму банкі мен Қазақстан серіктестікті дамытудың жаңа бағыттарына тоқталды.

Банк 1994 жылдан бері экономикалық серіктес ретінде Қазақстанның дамуына  сүбелі үлес қосып келеді. Негізінен  Азия даму банкі  шағын және орта бизнесті, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, банк қызметкерлері серіктестікті дамыта отырып, Қазақстанның жоғарғы табысқа кенелетіндігіне еш күмән келтірмейді. Бұған қоса банк Қазақстанда көлік, энергетика, ауыз су мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, Азия даму банкі 2004 жылы «Ауыз су»  мемлекеттік саласында  34,6 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын оңалтуға септігін тигізген. Енді, банк 2012-2016 жылдар аралығында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Жаңа стратегия үкіметтің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасымен тығыз байланыста болмақ. «Жаһанды дағдарыс билеп тұрған кезде ел өркениетінің алға ілгерлеуі - Қазақстанның дұрыс ұстанымда келе жатқандығын айқындайды», - дейді мамандар.

Гуангуи ЛИ, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің  директоры:

- Бүгін Қазақстан  орта табыстан жоғарғы табыс  елі деген мәртебеге ие болатын  жолда келеді. Жаңа стратегия  Қазақстанның экономикалық және  әлеуметтік прогресін, ел дамуының  басымдықтарын қолдауға бағытталған.  Қазақстанның бүгінгі аяқ алысына  өзге елдер қызығушылшық танытуда.

  • Теги: 24 KZ, Астана
  • Азия даму банкі (АДБ) Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Даму» Қорына $ 500 миллион кредит беруді мақұлдады
  • 4 қазан 2010 ж., 19:08
  • АДБ директорлар Кеңесі Қазақстанға экономиканы әртараптандыруға және шағын және орта кәсіпкерлік секторын (әрі қарай-ШОК) дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға көмек ретінде ШОКС қолдау жөніндегі инвестициялық бағдарламаның (одан әрі - Бағдарлама) көптраншты қаржыландыру тетігін мақұлдады. Бағдарламаға сәйкес «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АДБ-нен кейіннен Қазақстанның Бағдарламаға қатысушы банктерін кредиттеу үшін мемлекет кепілдігімен тіркелген теңге бағамымен ортамерзімді қарыз алады. Бұл банктерге нарық жағдайында ШОКС кредиттеу үшін қажетті қаржы қаражатына қол жеткізулеріне көмек болады.
  • Бұл Халықаралық қаржы институттарының қарыз алушы елдің ұлттық валют асында беретін бірінші қарызы . Қарыз - қаржы дағдарысынан кейінгі Қазақстан қаржы ұйымдары тарапынан тартылатын мемлекеттік емес алғашқы ірі қарыз әрі сыртқы инвесторлар үшін оң құлаққағыс болады .
  • « Бұл кредит ті А Д Б -ден алу – «Даму» Қорының даму тарихында ғана емес Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы да елеулі жаңа кезең болып табылады » деп есептейді «Даму» Қоры Басқарма Төрағасы Б о лат М ұқы шев. Бұл айтулы оқиға . Аталмыш қарыз бізді ұзақмерзімді сенімді әріптес деп тани білген Азия даму банкі тарапынан көрсетілген ишарат . А л мемлекет кепілдігі ел басшылығы тарапынан бізге деген жоғары сенімін және біздің еңбегіміздің жоғары бағалануын білдіреді және біз таңдаған Қорды дамыту стратегиясының дұрыстығын растап отыр» дейді Бо лат М ұқы шев
  • «Даму» Қоры қарызды мерзімділік, қайтарымдылық, ақылық, қамтамасыз етушілік және мақсатты пайдалану талаптарымен тартып отыр. Қарыздың жалпы сомасы – 500 млн. АҚШ доллар ы (1 - транш – 2010 ж. 150 млн. АҚШ доллар ы , 2 - транш – 2011 ж . 150 млн. АҚШ доллар ы , 3 - транш – 1 және 2- траншты игергеннен кейін 200 млн. АҚШ доллар ы ). Әр транш мерзімі – 7 жыл . Қарызды тарту сыйақысы – шамамен 5-6% (А Д Б теңге қаражатын халықаралық нарықта СВОП операциясын өткізу арқылы тарту сыйаққысы ретінде + 0,3% - операци ялық шығыстарды жабуға арналған АДБ маржа сы ретінде түзіледі ). ҚР Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі қарыз қамтамасыздығы ретінде ұсынылады .
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін АДБ қаражаты есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу ойластырылып отыр. А Д Б саясатына сәйкес , кредит ШОКС-не нарық талаптарына сай ( қазіргі уақытта нарықта ШОКС кредиттеу үшін мөлшерлеме жылдығы 14% деңгейінде болып отыр , соңғы қарыз алушылар үшін жоба бойынша мөлшерлеме де осы деңгейде болады деп күтілуде ) беріледі. Сонымен «Даму» Қорының маржасы 1% құрайды . 2010 ж . сәуір айында АДБ Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне инвестици я беру алдындағы Due Diligence зерттеуін жүргізді , нәтижесінде жоба бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ , «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Альянс банк» АҚ әріптес-банктер ретінде таңдалынды. Аталмыш банктер осы жобаны іске асыруға келісімдерін растады.
  • Тартылатын қаражаттың АДБ ШОБ секторын дамытуға берген ең үлкен қарызы болып табылатынын атап өткен жөн. Одан бөлек, бұл Халықаралық қаржы институттарының қарыз алушы елдің ұлттық валютасында беретін бірінші қарызы. Бұл әріптес банктердің және соңғы қарыз алушылардың Бағдарлама бойынша валюталық және пайыздық тәуекелдерін жоюына мүмкіндік береді. Қорландыру мерзімі ЕДБ ШОК субъектілеріне беретін қарыздарының орташа мерзімі сияқты болғандықтан немесе одан да ұзағырақ болғандықтан, банктер өздерінің өтімділігін жақсырақ басқара алатын болады,
  • Қазақстанның барлық аймақтарында АДБ қаражаты есебінен кредиттеу жүзеге асырылатын болады, соның өзінде, ЕДБ-нің ШОБ субъектілеріне беретін барлық қарызының 40% Алматы және Астана қалаларынан тыс жерлерде орналастырылуы қажет. Экономика салалары бойынша шектеулер жоқ, дегенмен басымдық қызметтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының басымдықтарына сәйкес жүзеге асырып жүрген қарыз алушыларға берілуі тиіс. Кредит қаражатының нысаналы мақсаты: ШОКС- 1) «Инвестиция туралы» ҚР 08.01.2003ж. №373-II Заңына сәйкес инвестициялық мақсатқа қаржыландыру, 2) айналым қаражатын толықтыру және бұрын алған қарыздарды сыртқы қайтарқаржыландыру. Сонымен, «Инвестиция туралы» ҚР 08.01.2003ж. №373-II Заңына сәйкес қаражаттың кемінде 50% инвестициялық мақсатқа, 50% аспайтыны айналым қаражатын толықтыруға, 50% аспайтыны бұрын алған қарыздарды сыртқы қайтарқаржыландыруға жіберілуі тиіс.
  • Манила қ. орналасқан АДБ-нің мақсаты Азия және Тынық мұхит аймағындағы жоқшылық деңгейін экономикалық өсу, экологиялық орнықты даму және аймақтық бірігу үдерістеріне қатысу жолымен төмендету болып табылады. АДБ 1966 жылы құрылған, 48 аймақтан 67 қатысушы- мүшесі бар. 2009 жылы жобаларды, тұтастай алғанда, сомасы 16,1 млрд. АҚШ долларына кредиттер, гранттар, кепілдіктер, сауда процедураларын ықшамдауды қаржыландыру бағдарламалары, инвестицияны акционерлік капиталға айналдыру және техникалық көмек жобалары арқылы қаржыландырды. АДБ жобаларды сомасы 3,2 млрд. АҚШ долларына бірлесіп қаржыландыруға да ат салысқан.
  • Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.
  • Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
  • 1.Бірінші типті инвеегациялық банктер.
  • 2.Екінші типті инвестициялық банктер.
  • Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
  • Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.
  • Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
  • Бірінші типті иңвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.
  • Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
  • • Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
  • • Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады;
  • • Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
  • Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары[2].
  • Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады. Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен 1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын қатар асыратын банктер қызмет етуде.
  • Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.
  • Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады[3].
  • Ивестицияның пайда  болуы және даму тарихы

    06.01.2012 aslan

    Скачать/Жүктеу

    Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық  қызметтің неғұрлым белсенді және ірі  ресурстар бар мүшелер. Сондай –  ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

    Шаруашылық іс-әрекеттер  процесінде оған қатынасушылар күрделі  қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға  әрекет етуші ұйымдарды кеңейту  және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

    Қазақстандағы болашақ  басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы  қатарлы салаларын бет бұрыс  жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы  орындардың бірі шетел инвестицияларын  кеңінен тартуға бөлінеді.

    «Инвестиция» деген  сөз латынның «инвест» (салу) дегенінен  шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген  сұрақтарға жауап туады. Капиталды  салады, оның көптеген түрі болады:

    Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған  пайдалары, жай адамдардың жинаған  ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен  қабылеттілік «ноу-хау», әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы  емес салудан кейіннен табыс, пайда  алу көзделеді.

    Бұл — акцияны  сатып алу, олармен биржадағы  ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық  запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

    Инвестиция дегеніміз  – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік  және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

    Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып  және инвестицияларды жүзеге асыру  бойынша тәжірибелік әрекеттер  жиынтығы.

    Инвестициялаудың  тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан  да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу  және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат  құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер  «мұның бәрін «нағыз капитал» терминіне  қосып атайды.

    Енді қаржыны  кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

    Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға,  кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

    Инвестор — бұл  капиталды салған кезде, көбіне басқа  біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл күрделі  қаржыны қаржыландырудағы делдал.

    Кәсіпкер — бұл  белгілі бір тәуекедділікпен  өз капиталың салушы адам.

    Саудагер — бұл  белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

    Ойыншы — қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын  адам.

    Инвестициялау мақсаты  — табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны  бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі  жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық — саудагерлік  іс — әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

    Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі  — шетел инвесторларының қатысуы  және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл  қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын  жетілдірудің басым міндеттерін  шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті  кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді  қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді  қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

    Шетелдік инвестицияларды  тарту үшін қажетті жағдайлар  жасалуы тиіс:

    1)шетелдік    инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.

    2)елдің ұлттық  мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі  басымды салық жеңілдіктерін  және басқа жеңілдіктерді беру  жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға  немесе кредиттерге салықтық  шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.

    3)жерді, жылжымайтын  дүние-мүлікті пайдалану құқығын 
    қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

    4)пайда әкетіліміне  үкімет кепілдіктерін немесе  оны қайта 
    капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.[17; 448-456 бет]

    Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика  да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты  заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ  саласына көбірек қаржы құйғаны  мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның  басым бөлігі кең-қазба байлықтарын  құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып  жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол  ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық «Мооdy′s Investors Service» рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

    Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру  үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық  валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық  қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен  іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан  Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі  үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне  қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық  қаржы-кредит және басқа ұйымдарға  қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер  бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі  уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық  ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ  доллары көлеміне жеткен. 

     

    Қолданылған әдебиеттер:

    Қазақстан Республикасының  “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл  және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен

    М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//

    Аналитическая  информация  о   состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,

    Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.

    Бочаров В.В. “Управление  денежным оборотом предприятий и  корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.

    Васина А.А. “Финансовая  диагностика и оценка проектов”  – СПб: Питер 2004. г.

    Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар

    Инвестициоиный  рейтинг Казахстана // Офиальный  сайт ЗАО  «Казинвест », 2006 г.

    Интернет сайт WWW.WFIN.KZ

    Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в  долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,

    Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных  инвестиций// 07.03.2006 г.

    Крушевиц Л. “Инвестиционные  расчеты” Питер 2004г

    Ковалев В.В. Финансовый анализ  Алматы Финансы и статистика. 2004 год.

    ИНВЕСТИЦИЯ АРНАСЫ КЕҢІП КЕЛЕДІ

    3 мамыр 2012 | 0 | Экономика | 65 рет оқылды

    «Астана – Еуразияның алтын қақпасы. Осы қақпадан аттаған  әрбір инвестор өзінің бизнес мүмкіндігін  ғана кеңейтіп қоймай, Қазақстанның жаңа астанасын құрушылардың тарихи шеңберіне  енеді». 
    Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі Астананың тәуелсіз Қазақстандағы ауқымды жоба ретіндегі экономикалық және инвестициялық әлеуетін ғана емес, оның табыстары мен жетістіктерін де айқын аңғартады.

    Астананың жан-жақты дамуын дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыру  міндетін жыл сайын «Astana Invest»  халықаралық инвестициялық форумы атқарып келеді. Алғашында бұл  форум отандық билік өкілдері мен бизнес өкілдерінің әлемдегі әртүрлі ел инвесторларымен, сарапшыларымен өзара әрекеттесуіне арналған ерекше алаңы ретінде ұйғарылған. Екі  жылдық тарихы бар форумның ауқымдылығы  арта түсіп, Астананың инвестициялық  ахуалын жақсартуға тың мүмкіндіктер тауып, қала экономикасына отандық  және шетелдік инвестициялардың ағылуын  одан әрі ынталандыруды басты  мақсат тұтып келеді. 
    «Astana Invest – 2012» форумы биылғы 24 мамырда V Астана экономикалық форумы ауқымында өтеді. Форумның ұйымдастырушысы – Астана қаласының әкімдігі. Қаланың инновациялық және экономикалық дамуының өзекті мәселелері ең жоғары деңгейде қарастырылады. Қалыптасқан дәстүрге сай форумды Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов ашады. Форумға шетелдердің мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, бизнес құрылымдарының, халықаралық ірі корпорациялардың, шетелдік инвес- торлар мен экономиканың нақты секторының өкілдері – барлығы 500-ден астам адам қатыспақшы. 
    «Astana Invest – 2012» форумында жылдан жылға жасарып, жайнай түскен елорданы республиканың ғана емес, бүкіл Еуразияның саяси- әкімшілік орталығы жақында құрылған Кеден одағының тірегі ретінде дамыту жайы қарастырылады. 
    Жиынды ұйымдастырушылар Астананы өркендетуге, ыңғайлы «ақылды қала» ретінде берекелі тұрмыс кешіп, белсенді тірлік істеуге мейлінше инновациялық қырын жетілдіруге аса көңіл бөліп отыр. Шапшаң әрі жоспарлы түрде дамып келе жатқан кіндік қала өзіне артылған үміттерді ақтап келеді. 
    Астананың экономикалық базасы негізгі екі бөліктен – құрылыстан және шағын, орташа кәсіпкерліктен тұрады, ел астанасының инвестициялық көркі осы екі секторға тәуелді. 2011 жылғы инвестициялар көлемі 3,9 млрд доллардан асты, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 35,7%-ға жоғары. 
    Тікелей инвестицияларды тарту барынша ашық, екі жаққа да тиімді әрі серіктестер арасындағы жоғары сенімге сүйенуі керек. Осы шешуші қызметті алдағы «Astana Invest – 2012» форумы өзіне артқалы отыр. Жиын әлеуетті инвесторлар аймақта бизнес жүргізудің экономикалық, құқықтық және басқа жағдайларымен, Астананың кәсіпорындары мен ұйымдарының түрлі жобаларымен танысып, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін бағалай алады. Қатысушылар халықаралық және аймақтық инвестициялық ынтымақтастық мәселелері мен оның келешегін ресми және іскер өкілдер арасында талқыға салады. 
    Екі жыл бойы форум өзіне жүктелген міндеттер ауқымын сәтті атқарып келеді. Өткен жылы «Astana Invest» форумы беделді мәміле алаңы екенін дәлелдеді. Жиын жұмысына әлемнің 23 елінің 700-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында халықаралық бизнес-элита өкілдері, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағының қаржы сарапшылары, Қазақстанның және шетелдің ұлттық компанияларының, мемлекеттік басқару орындарының, даму институттарының мамандары, ірі және орташа бизнес жетекшілері бар. 
    Биылғы форумға да үлкен үміт артылып отыр. Иә, «Astana Invest – 2012» бағдарламасы мазмұнды және қызықты болары сөзсіз. Ол үш: «Астана – Еуразия жүрегі және Кеден одағының қақпасы»; «Астананың инвестициялық мүмкіндіктері мен келешегі»; «Ақылды қалаға» арналған инвестиция» атты мәжілісті қамтиды. 
    Спикерлер мен модераторлар ретінде әртүрлі елдің танымал қайраткерлері: ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов, ЕврАзЭС бас хатшысы орынбасары М.Х.Мұсатаев, «Patentes Talgo SL» компаниясының жеке-дара басқарушы директоры Хосе Мария Ариол Фабре, «Ертеңгі күн қаласы» халықаралық жоба жетекшісі Тобиас Реггелин, Фраунгофер Институты, ТМД елдері мен РФ аймақтары бойынша IBM вице-президенті Алтухов Л.Г., «Бизнес Оулу» (Финляндия) директоры Джуха Ала-Мурсула, Еуропа мен Орталық Азия бойынша IFC директоры Томаш Тельма және т.б. таңдалды. 
    Әлеуетті инвесторларға қала кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша толық аймақтық дерекқоры ұсынылады. 
    Осылайша, соңғы жылдары Қазақстанның бас қаласының экономикалық және инновациялық дамуына инвестиция салушыларды ынталандыру ісі жанданып келеді. Сарапшылар болжауы бойынша, биылғы «Astana Invest –2012» форумы осы үрдіске өз үлесін молынан қосады.

    Страницы:12следующая →
    Описание работы
    Банк 1994 жылдан бері экономикалық серіктес ретінде Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Негізінен Азия даму банкі шағын және орта бизнесті, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, банк қызметкерлері серіктестікті дамыта отырып, Қазақстанның жоғарғы табысқа кенелетіндігіне еш күмән келтірмейді. Бұған қоса банк Қазақстанда көлік, энергетика, ауыз су мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, Азия даму банкі 2004 жылы «Ауыз су» мемлекеттік саласында 34,6 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын оңалтуға септігін тигізген. Енді, банк 2012-2016 жылдар аралығында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
    Содержание
    содержание отсутствует