Табиғат жағдайлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:06, реферат

Описание работы

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан.

Работа содержит 1 файл

Табиғат жағдайлары.docx

— 30.83 Кб (Скачать)

Табиғат жағдайлары

Ресейдің  табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен  1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан.

Сонымен қатар Ресей жерінің жазық  бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат  жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз  жағалауындағы субтропиктік климаттық  белдеуге дейін созыла орналасқанына  қарамастан, Ресей жерінде жыл  мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты  басым тараған. Батыстан шығысқа  қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте  шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын  мөлшерінің азаюы, қатал климаттық  жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән  болады. Сондықтан Ресей жерінде  көпжылдық тоң басқан аудандардың  үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң  қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді. Географиялық орны, жер бедері мен климаттық  жағдайдың арақатынасы Ресей  жерінде мынадай табиғат зоналарын  қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты  ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән.

Орман ресурстары

Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көшбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштары да басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған. Ормандар аумағының қысқаруына өрттің шығуы жиі себепші болуда. Әсіресе орман өрттері Ресейдің азиялық бөлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі байқалады.

Ресей орман қорлары бойынша әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің бірі болып табылады. Ресей Федерациясында орман қорына кірмейтін және кіретін аудан  1180 млн га құрайды. Сүрек қоры  1998 жылы 81,9 млрд. м3 болса, Ресей Федерациясының Орман кодексі есепке алмаған ормандарман қоса шамамен 82 млрд. м3. 2008 жылға қарай орман қорлары көлемі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған және 80 млрд. м3 құраған. Қылқанды породалар көлемі бойынша ресейлік орман қорларының ¾ бөлігін алады. Орман қорларының көп бөлігі Сібірде шоғырланған, алайда   вырубканың ең үлкен үлесі Солтүстік-Батыс федеральды округына келеді. Бореальды және қоңыржай ормандардың 2/3 бөлігіне ие бола отырып, осы ормандарға қатысты монополист болып табылады. Ал  әлемдік орман және сүрек қорларының 1/5 бөлігіне ие бола отырып, Ресей ормандармен қамтамасыздандырылу бойынша әлемде бірінші орын алады.

Ормандардың көміртегіні сіңіруі 

Ресей ормандарының әлемдік көміртегіні  депонирлеу және климаттың глобальды  жылуы нәтижесінде болатын салдарлардың алдын алу процесіне қосқан үлесі  айтарлықтай көп деуге болады. Жалпы Ресей ормандары жыл  сайын 262 млн т көміртегіні сіңіреді. Егер де ресей ормандары аудандарының жас құрамы бойынша біркелкі таралуына қол жеткізсе, бұл көрсеткішті екі есе арттыруға болады. Ең жоғары депонирлеуші қабілетке молодняктар ие: 20 жасқа дейінгі ағаштар жылына 0, 934 т/га береді, ал 20 жастан 40 жасқа дейін – 1, 611 т/га. Ағаштардың жастары ұлғайған сайын орманның депонирлеуші қабілеті төмендейді және перестойных древостоях нольге тең десе де болады. Көміртегінің депонирлену мөлшерін арттыратын резервтер өте көп. Бұл ең алдымен жас құрамы бойынша біркелкі таралуға қол жеткенде орманның жас құрылымын оптимизациялау. Мұнда жасы 40-қа дейінгі молодняктар мен орта жастағы ормандар орманмен жамылған ауданның  60 % алады. Екінші резерв – орманның қалпына келуі мен орман лесоразведение негізінен көмірқышқыл газын ең көп мөлшерде сіңіретін қылқанды және қатты жапырақты (емен, бук) породалар. Көміртегіні жыл сайын депонирлеу көлемі жылына132 млн т дейін арттыру әбден мүмкін. Сонымен қатар, көміртегіні депонирлеу көлемін құнды емес редкостойных қылқанды және лиственных древостоев мен орманды емес жерлерге орман егу арқылы арттыруға болады.

Орман аудандарын арттыру

Ресми ақпараттар бойынша орманмен жамылған жер ауданы 2003 жылдың 1 қаңтарынан 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін 20,1 млн га немесе 2,6%-ға өсті деп мемлекеттік статистиканың Федеральды қызметінің пресс-қызметі хабарлайды. Орман территориясы 7,8 млн га артқан, ал бұл көрсеткіш пайызбен алғанда 0,88%-ды құрайды. Осы өткен 5 жыл аралығында орманды территориялар ауданы 1,2%-ға, ал сүрек қоры 82,1-ден 83,3 млрд. м3 артқан. Орманды қалпына келтіру жұмыстары 2008 жылы 828 мың га ауданда, орман культураларын отырғызу 191 мың га ауданда жүргізілген. Алайда, экологтар бұл көрсеткіштер орман породаларының сапасының төмендеуін көрсетпей, бұрынғы ауыл шаруашылық жерлерінің көбеюі нәтижесінде тек орман аудандарының артуын көрсетеді деп есептейді. Ал шындығына келгенде, орман аудандарыны өсуі  ормандарды қалпына келтірудің комплексті іс-шаралары жүргізілуі нәтижесінде емес басқа себептер есебінен деп есептейді. Мысалы, орман қорына басқа орман пайдаланушылардың жерлерін қосу есебінен.

Орман ресурстары биосфераның генетикалық  әр түрлілігін сақтайды, атмосфераны  оттегімен байытады, климатты қалыптастырады, топырақтың құнарлылығын сақтайды және арттырады, ағын суларды реттейді және тазартады, рекреациялық потенциалдың бірі және орман жіне орман өңдеу  өнеркісібінің негізгі шикізат  көзі болып табылады. Ормандар Ресей  ауданының шамамен 45% алып жатыр.

Ресей Федерациясының ормандылығы 45,4%-ды құрайды. Ормандар ел территориясында біркелкі таралмаған және бұл климаттық, антропогендік факторларға да байланысты. Ең орманды аймақтары – Перм облысының орталық тайгасындағы аймақ тармақтарында, Коми Республикасында және Орталық Сібірде. Ормандары аз аймақтарға (ормандылығы 1%-дан аз) Ресейдің Европалық бөлігіндегі аридті зона (Қалмық Республикасы, Ставропольск өңірі, Астрахань, Ростов пен Волгоград областарының бөліктері) жатады.

Орман – күрделі көп ярусты өсімдіктер қауымдастығы. Ағаштар, бұталар, бұташалар, шөптер, қыналар, мүктер мен саңырауқұлақтар  үздіксіз байланыста болады. Басымдылық көрсететін ярусты кроналары сомкнутый ағаштар құрайды. Сүректі породалардың жылу, жарық пен ылғалға деген талаптары әр түрлі болады.

Ресей ормандары артықшылығы бойынша  бореальды болып келеді. Ресей  Федерациясының орман қорындағы  негізгі орман түзуші породалар  лиственница, қарағай, шырша, кедр, емен, бук, қайың, осина. Олар орманмен жамылған аймақтың 90%-ын алып жатыр. Басқа да сүректі породалар (алмұрт, каштан, Грек жаңғағы, Маньчжур жаңғағы және т.б.) – жерлердің 1%-дан аз, ал қалған аудан – бұталар (кедр кедровый стланик, бұталы қайың т.б.) алады.

Орман түзгіш породалар

Қылқан  жапырақты: қарағай, шырша, кедр, лиственница  

Қатты жапырақты: емен түрлері

Жұмсақ  жапырақты: осина  

Ормандар  шілденің орташа температурасы 10°С-тан аспайтын, ал ылғалдылық жеткілікті немесе артық болатын аймақтарда таралған. Ресейде олар көбінесе шығыс аудандарда – Сібір мен Қиыр Шығыстағы федеральды округтарда, сонымен қатар, Солтүстік –Батыстағы округтарда шоғырланған.

Ең көп  таралған породалар: лиственница, қарағай, шырша, кедрлі сібір қарағайы. Ормандар, сонымен қатар, екіншілік продукция көзі – жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, т.б болып табылады.

Ресей Федерациясында негізгі орман түзуші породалар отырғызылған аудандар соңғы  он жылдық бойы тұрақты күйінде қалып  отыр. Қылқан жапырақты орман аудандарының шамамен 50% спелые и перестойные насаждения болып табылады.

Ылғалдың  көп болуы, қоңыржай жаз бен суық қыс жағдайларына төзімді ең төзімді  породаларға қылқан жапырақталар жатады. Қылқан жапырақты ормандар Ресейдің орманмен жабылған ауданының  80%-дан астамын алып жатыр. Суыққа ең төзімді порода – лиственница, қылқандарын қыста толық тастап (түсіріп), - 70°С-қа төтеп береді.

Қылқанды  ормандар (тайга) орман түзгіш породаларға  байланысты қошқыл қылқанды (шырша, пихта самырсын, кедр) және ашық қылқанды  қарағайлар, лиственничные) деп бөлінеді.

Қошқыл  қылқан жапырақты ормандар климаты  қоңыржай және ылғал жеткілікті аудандарда таралған, олар Шығыс-Европалық тайга  және Батыс-Сібірлік жазықтарда, Кавказ, Орал, Сихотэ-Алиня таулары және Алтай мен Саянның кейбір бөліктерінде басым келеді. Қошқыл қылқан жапырақты тайганың аудандарының жартысынан көп ауданын шыршалы ормандар алып жатыр.

Ашық  қылқан жапырақты ормандарда негізгі  орман түзуші породалар кәдімгі  қарағай, сібірлік және даурлық лиственница болып табылады.

Лиственничные ормандар Орталық және Солтүстік-Шығыс Сібір, Байкал маңында басымдылық көрсетеді. Қарағайлы ормандар Ақ теңізден Дон низовиийлеріне дейін, батыс шекарасынан Орталық Якутия мен Алдан тауларына дейін нагорья таралған.

Жалпақ  жапырақтылар породаларынан Ресей  ормандарында емен, липа, клён, ясень, вяз, граб, бук және  т.б. кездеседі. Дубравы, еменді-липовые мен липовые ормандар басым. Кавказ бен Калининград облысындабук ормандары ұшырасады.

Ресей ормандарының жартысынан көп бөлігі мәңгі тоң басқан топырақтарда (Сібір мен Қиыр Шығыс) қатал климат жағдайларында өседі. Бұл олардың төмен продуктивтігін көрсетеді. Ормандар аудандарының тек 45% қызығушылықты арттырады және эксплуатацияға жеткілікті, бірақ олар басым бөлігі Европалық Солтүстік пен Транссібір магистралі бойында орналасқан.

Ресей ормандарының әлемдік маңызы

Орман – Жердің биосфера құрамына кіретін  күрделі биологиялық комплекс. Ормандарды мыңдаған жылдар бойы үнемі кесу түпкі  және   адам аяғы баспаған ормандардың (девственные) ормандардың жойылуына әкеп соғайын деп тұр. Ресей әлемдік орман қорының 22 % -на ие болса, Бразилия – 16 %; США – 7 %; Қытай – 6 %; Заир и Индонезия 3 %-дан ие. Әлемнің басқа елдерінің үлесі 38 %-ды құрайды.

Көріп түғанымыздай, Ресейде айтарлықтай  орман қорлары шоғырланған. Ресей  биоәртүрлілікті сақтау бойынша  және әлемдік климаттың бұзылуының алдын алатын айтарлықтай ұлттық және әлемдік маңызы зор табиғи байлық, әлемдегі ірі ресурс және адамзатөқа маңызы зор құндылыққа ие.

Ресейге бореальды ормандар зонасындағы көміртегінің жалпы қорының 75 % және Жердегі парник эффектін реттеуде маңызы зор көміртегінің неземные қорларының 15 %-на ие. Сонымен қатар, әлемдік сүрек өндірісінің 10% Ресейдің үлесіне тиесілі және әлемдік рынокта   сүректі экспорттаушы көшбасшылардың бірі болып табылады.

Алайда, Ресей ормандары біркелкі таралмаған. Ормандардың Европалық бөлігінде тек 22% ғана, Урал, Сібір мен Қиыр Шығыста 78% орналасқан. 300 жыл бойы өндірістік эксплуатация нәтижесінде Ресейдің Европалық бөлігіндегі ормандарының 60%-дан астамы өзінің биоәртүрлілігінің айтарлықтай бөлігін жоғалтып алған. Бұл аймақта ескі ормандар аудандары көбейіп, керісінше түпкі коренные және адам аяғы баспаған ормандардың девственные аудандары азаюда. Алайда, Урал тауларынан шығысқа қарай адам аяғы баспаған ормандар индустриализациямен тиіспеген қалпы қалуда және мұнда территорияның 85%-ында заготовка леса ешқашан жүргізілмеген. Бұл көлемді экосистемалар қоңыржай зонада орналасқан ормандардағы өзінің әр түрлілігі бойынша басқа аналогиялық экосистемалардан асып түсетін, уникальды түрлерді сақтап қалудың соңғы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, дал осы ормандар көмірқышқыл газының әлемдік қорларын негізгі жинақтаушылары болып табылады. Ресейдің Европалық бөлігінде негізгі орман түзуші породаларға қарағай, шырша, самырсын, ал Қиыр Шығыс пен Сібірде – лиственница жатады. Лиственные породалардан барлық жерлерінде қайың мен осина кең таралған.

Ресей ормандарының уникальдылығы мен  әлемдік рынокқа сүрек шикізатының  негізгі жеткізушісі ретінде  олардың әлемдік экологиялық  маңызы бұл ормандарды ерекше қорғау жүйесін талап етеді. Ресейдің орман  қызметін алаңдауын, көбінесе, өрттердің  пайда болу жиілігінің күрт артуы, ауру ошақтарының пайда болуы, сонымен  қатар, орман зиянкестері көбеюі тудырады. Орман шаруашылығының Федеральды қызметі бағалаулары бойынша  ормандарды өрт қаупінен, зиянкестер мен ауру ошақтарынан сақтау қызметінің үнемі жоқтығынан жыл сайын шамамен  2 млн. га орман жойылуда. “Леса России” (1997 ж) Әлемдік банкінің мәліметтері бойынша Ресей ормандарының болашағына әлемдік қауымдастықтың алаңдауына айтарлықтай себептер бар. әлемдік ормандар қорының 22%-ына экологиялық деградация, уникальды экосистемалардың және биоәртүрліліктің басқа типтерінің жоғалып кету қаупі төніп тұр. Бореальды ормандар әлемдік барлық бореальды ормандардың шамамен 60 % және Ресейдің барлық сомкнутый ормандарының  95 % құрайды.

Орман аудандары мен қорлары

Информация о работе Табиғат жағдайлары