Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

   Алғы  сөз

   Адам  баласының мындаған жылдық тарихында  егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

   Адам  өз тіршілігінің барысында жеміс-жидек өсіріп, өндіруді меңгергенімен қазіргі уақытқа дейін халықты осы дақылдар өнімімен толығымен қамтамасыз ете алмай келеді

    Жалпы жидек дақылдарының көлемі ТМД елдерінде  140 мың гектар, оның ішінде негізгі жидек дақылдарынан карақат 66 мың, бүлдірген 24 мың, таңкурай 20,1 мың, түшала 20 мың гектар жерге өсіріледі. Казақстанда жидек 
дақьшдарын өсіру өз дәрежесінде дамымай отыр.Республикамыздагы жеміс-жидек дақылдарының соңғы 1985 жылғы жүргізілген санагы бойынша жидек дакыддарының көлемі 7458 гектар, оньщ ішінде қарақат 2816, таңқурай 2259, бүлдірген 1392, түшала 457, қара жемісті шетен 259, шырғанақ 289 және де сирек кездесетін жидек дақыддары 36 гектар жерді алып жатыр. Сонымен қатар жалпы өндірілетін өнім мөлшері де темен, орта есеппен жылына 6-8 мың тонна, бұл көрсеткіш халық санына шаққанда кажеттілігімізді қанағат- тандырмайды.

   Қазакстанда өсірліетін негізгі жидек дақылдарына  бүлдірген, таңкурай, қарақат және түшала жатады. Сонымеи катар әлі көп тарай қоймаған, бірақ та болашагы мол шырғанақ, қара жемісті шетен, итмүрын, сермене, бөріқарақат, қызамық, аласа жапон бекесі, ырғай және де басқа жидек дақылдарын кездестіруге болады.

    Жидек дақылдарын республиканың барлық аймақтарында дерлік өсіріп-өндіруге болады. Сондай-ақ олар кысқа мерзімде жеміс береді (бүлдірген отыргызганнан кейін бірінші -жылы, таңқурай екінші жылы, қарақдт пен түшала 3-4-жылдары), төзімді, жыл сайын мол өнім бере алады, тез және   оңай    көбейеді,   жүмсалған    шыгынды    аз   уақытта ақгайды.

     Витаминдер  жеміс дақылдарымен салыстырғганда жидектерде молырақ болады. С витаминіне бір адамның тәуліктік кджеттілігін /70 мг/ қамтамасыз ету үшін, күніне 25-30 г кара қаракат, 100-150 г бүлдірген немесе 200-350 г таңкурай жидегін жесе болады. Олардың жидегінде темір (0,5-2,0 мг%), фосфор (бүлдіргенде 23мг/%, таңкурайда 37мг/% және карақатта 43 мг/%), кальций тұздары бар. Қара қарақат жидегі калийге (365 мг/%), ал бүлдірген жидегі кобальтқа (9,8 мг/%) бай. Адамның темірге деген тәуліктік қажеттілігін кдмтамасыз ету үшін күніне 100-150 г таңкурай немесе бүлдірген жидегін жеу қажет. Фоли қышқылына (В9 витамині) бай таңкурай мен бүлдірген жидектерін қан аздыгы ауруын емдегенде қолданады. Ал адамнын. А витаминіне тәуліктік қажеттілігін өтеу үшін күніне 50г қара қарақат, 300г бүлдірген немесе 500 г таңкурай жидегін жеуге болады. Жидектердің бір ерекшелігі жасаң күйінде де, қайта өңделген күйінде де өте жақсы диеталық қоректік өнім.

   Жидек   дақылдары   адамзат   тарихында   өте   ертеден белгілі және де әр дақылдың өзіндік даму тарихы бар.

    Қара  қарақат  орта ғасырларда емдік өсімдік ретінде белгілі болды XVII ғасыр соңында Францияда жөне Италияда оны десертті дақыл ретінде өсіре бастаган, бірақ та басты мақсат бүрынғы күйінде қала берген. XIX ғасырда бүл дақыл өңдеуге қолайлылығына байланысты өте жоғары бағаланған, сондықтан да оны Германияда да көптеп өсіру қолға алынған. Бірақ кара кдрақат тек XX ғасырда ғана кең түрде мәдени дақыл ретінде тарай бастады.

    Англияда  қара қарақатты иісіне бола жактырмай, көп уақытқа дейін оны өсірумен шүғылданбаған. Кейін XIX гасыр аяғы мен XX ғасырдың басында оны өңдеуге жарамды өнім ретінде өсіре бастады. Америкада қара қарақат үзақ уақыткд дейін (XX ғ. ортасына дейін) веймут қарағайымен бірдей ауруы болғандыктан онша көп дамымады. Ресейде карақат еретерек пайда болды. Тарихи мөліметтерге қарағанда Киев каласында кара каракдтты XI гасырдың өзінде өсіре бастаган.

    Қарақат жидегінен қызыл шарап дайындалған. XVII ғасыр басында Мәскеу маңындағы бақтарда қара қарақатты барынша көбірек өсірген.

   Қызыл қарақатты емдік есімдік ретінде XV ғасыр аяғында Германияда, Францияда және Италияда пайдалана бастаганы туралы мәліметтер кездеседі. Кейінірек, XVI ғасырда ол Англияда да белгілі болған. XV ғасырда Голлаңдиядан табылған қызыл қарақат суреттеріне қарап, оны сол жерде өскен деп есептейді. Ресейде қызыл қаракдт туралы деректер тек XVIII ғасырда ғана пайда болған.

    Сары  қарақатттың отаны - Солтүстік Американың Вашингтоннан Калифорния штатына дейінгі аралықгар мен Монтана, Коларада, Нью-Мексиканың жартасты таулары болып есептеледі.

    Европаға сары қарақат XVIII ғасырдың бірінші жартысында басқа да бұга тектес өсімдіктермен бірге алып келінген. 1901-ші жыддан бастап оны құрғақшылықка қарсы қорғау алқаптары ретінде кеңінен қолдана бастады. Сары қарақат жидек дақылы ретінде шектеулі түрде қолданылды.

    Түшала  жөніңдегі алғашқы деректер XIII ғасырдагы француз әдебиетінде кездеседі.

    Англияда  ол туралы алғашқы деректер XVI ғасыр ортасында пайда болып , кеңінен тарай бастаған уақыты XVI ғасыр аяғы және XVII ғасырдың басы. Англияда тұшала сүйікті үлттық жидек дақылы болып саналған, әлі де солай бағаланады. XIX ғасырдың басында бұл жерде оның 1000-ға жуық сорттары өсіріле бастады. Италияда тұшала XVI ғасырда тарала бастаған; Осы мәліметтерге қарағанда тұшала дақылы алғаш Францияда, кейінірек біртіндеп солтүстікке және оңтүстікке қарай жылжып тарай бастаған.

    Америкада Европа тұшаласы кешірек пайда болды, мұнда алғашқы сорттарды Англиядан және жер ауып келгендер алып келген, бірақта (сферотека)  ауруымен қатты зақытмданаттын болғандықтан  көп жетістікке жете қойған жоқ.

    Ресейде тұшала XVI ғасырдан белгілі. XVI ғасырда бүл дақыл мұнда кеңінен тарай бастады және де ескі сорттары тексерілген батысевропалық сорттарымен ауыстырылып отырды.

     Бірақ та XX ғасыр басында Ирландияда Ресейге тұшала отырыидыларына көп зияныи тигізген сферотека ауруын алып кедді.

    Бүлдірген дақыл ретінде алғаш Францияда, Англияда, Италияда және Данияда өсірілді.XVII ғасырдан бастап бүлдірген Ресейде тарай бастады.

    Бүлдіргеннің  батыстан алып келінген ірі жемісті  сорттарын Ресейде XVII ғасыр аяғында өсіре бастаған. Ең көп тараған бұрыннан  келе жатқан ескі сорттардың бірі-Франциядан шыққан Виктория сорты болды.

    Таңқурай жидегін адамдар өте ертеден қолдана бастаған. Мәдени дақыл  ретіндегі алғашқы деректер IV ғасырдан белгілі. Дәлірек мәліметтер XVI     ғасырдан (Германияда және Англияда) бері берілген. Бұл кезендерде қызыл   және   ақ  жемісті   сорттары   белгілі   бола   бастаған. Америкада таңқурай дақылы XVIII ғасыр соңында белгілі бола бастады және осы уақыттан бастап бөрткен тәріздес қара   таңқурай,   ал   XIX   ғасыр   ортасында   қызыл-қоңыр таңқурай өсірілген.

    Ресейде таңкурай дақылы XVII ғасырда, Мәскеу түбінде, бояр Романовтардың бағын салған уақыттан бастап белгілі болды.

    Бөртен  дақылын адамдар ертеден бері қолданып келе жатса да, барлық басқа жидек дақылдарына қарағанда кештеу дамыған.

    Қазақстанның  көптеген аймақгарының табиғи-климаттық ресурстық потенциалы жылу қосындыларының әр турлі болуына, топырақ жағдайларының күрт өзгеріп отыруілна қарамастан, суғарған жағдайда бүлдірген, таңкурай, тұшала және қарақат жидектерінен мол өнімін алуға мүмкіндік береді. Бірақ та қазіргі кезде республика халқын жидектермен қамтамасыз ету, медицинада негізделген, ең төменгі физиологиялық норманың өзінен 8-10 есе аз болып отыр.

     Бірақ та XX ғасыр басында Ирландияда Ресейге тұшала отырыидыларына көп зияныи тигізген сферотека ауруын алып кедді.

    Бүлдірген дақыл ретінде алғаш Францияда, Англияда,Италияда және Данияда есірідді. XVII ғасырдан бастап бүлдірген Ресейде тарай бастады.

    Бүлдіргеннің  батысоан алып келінген ірі жемісті сорттарын Ресейде XVII ғасыр аягында өсіре бастағаң.Ең көп тараған бұрыннан  келе жатқан ескі сорттардың бірі-Франциядан шыққан Виктория сорты болды.

    Таңкурай  жидегін адамдар өте ертеден қолдана бастаған. Мәдени дақыл  ретіндегі    алғашқы деректер  IV'1 ғасырдан     белгілі.    Дәлірек    мәліметтер    XVI     ғасырдан (Германияда және Англияда) бері берілген. Бұл кезендерде қызыл   және   ақ  жемісті   сорттары   белгілі   бола   бастаған. Америкада таңқурай дақылы XVIII ғасыр соңында белгілі бола бастады және осы уақыттан бастап бөрткен тәріздес қара   таңқурай,   ал   XIX   ғасыр   ортасында   қызыл-қоңыр таңкурай өсірілген.

    Ресейдетаңкурай дақылы XVII ғасырда, Мәскеу түбінде, бояр Романовтардың бағын салған уақыттан бастап белгілі болды.

    Бөрткен дақылын адамдар ертеден бері қолданып келе жатса да, барлық басқа жидек дақылдарына қарағанда кештеу дамыған.

    Қазақстанның  көптеген аймақгарының табиғи-климаттық ресурстық потенциалы жылу қосындыларының әр турлі болуына, топырақ жағдайларының күрт өзгеріп отыруілна қарамастан, суғарған жағдайда бүлдірген, таңкурай, тұшала және қарақат жидектерінен мол өнімін алуға мүмкіндік береді. Бірақ та қазіргі кезде республика халқын жидектермен қамтамасыз ету, медицинада негізделген, ең төменгі физиологиялық норманың өзінен 8-10 есе аз болып отыр.

    Мұның өзінде жидек дақылдары өнімінің 50%-тен астамын жеке әуесқой бағбандар өндіріп отырғанын ескеру қажет.

    Ұсынылып  отырған бұл оқулықта авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің мұғалімдеріне, студенттеріне, жеке шаруа қожалықтарына, өуесқой бағбандарға арнап, негізгі жидек дақьшдарының биологиялық ерекшеліктерін, өсіріп-өндіру технологияларын, жидектерді қайта еңдеу тәслімен қатар, аз тараган, бірақ та Қазақстан Республикасы үшін болашағы мол дақыддардың сипаттамаларын беріп отыр. 

    ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢ ТАРАЛҒАН ЖИДЕК  ДАҚЫЛДАРЫ

. Өнімді  жинап алғаннан соң, кешіктірмей плантацияны суарып, топырақты Бүлдірген.

    Бүлдірген мен құлпынай Rosaceae түқымдастарына жатады, олардың 47-ден аса түрі бар, оның 7 түрі ТМД елдерінде кездеседі. Бүлдіргеннің латынша атауы Ғragaria, хош иісті деген мағына береді.

    Бүлдірген   4 географиялық топтан тұрады: еуропалық  бүлдірген (4 түрі бар), Еуропада,  Батыс  Сібірде,  Кавказда; азиялық бүлдірген (17 түрі бар), Шығыс Сібірде, Азияда, Жапонияда; шығыс және батыс америкалық бүлдірген (26 түрі бар), Кавказда, АКШ-та, Оңтүстік Америкада тараған. Негізгі түрлері: орман, батыс америкалық, вергиндік, чилилік, ірі  жемісті бау бүлдіргені және тағы басқалар.

    Бүлдірген көп жылдық, жъл бойы көгеріп тұратын, шөптесін өсімдіктер қатарына жатады. Өсімдіктің биіктігі 30-35 см-ден аспайды. Жер бетіндегі тым қысқартылған бөлігінің тарамдалуы өте күшті. Бүлдіргеннің басты сабағы болмайды, олардың әр түрлі жастағы 3 типті сабағы бар: мүйізшелері, гүл сидамы және мұртшалары. Мүйізшенің жоғарғы жағында жеміс бүршіктері, жанама жағында қолтық бүршіктері орналасады, одан келесі жылы жаңадан мүйізше өсіп шығады. Жеміс салып болған соң, төмен орналасқан бүршігінен төселмелі өркеңдер (мұртшалар) қалыптасады, ал бүйір бүршіктерінен бір жылдық сабақтар (мүйізшелер) пайда болады. Бүлдіргеннің бір жылдық өсімдігінде орта есеппен 2-3, ал екі-үш жылдық өсімдігінде 10-ға дейін мүйізше өсіп жетіледі. Одан кейін өсімдік ескірген сайын, бүйір бүршіктері азаюы салдарынан мүйізшелердің саны кеміп, жалпы өнімділігі де темендейді.

    Бүлдірген де басқа өсімдіктер сияқты жер беті және жер асты жүйелерінен түрады (1-сурет). Өзінің табиғи касиеті жағынан орман өсімдіктері қатарына жатады, бірақ ол орманда емес, ашық, жарық жақсы түсетін жерде, тоғай шетінде, сирек ағаштар арасында жақсы өсіп-жетіледі,

    Жеміс-жидек  дақылдары ішінде бүлдіргеннің басты  артықшылығы - ерте жеміс беретіндігінде.

    Өндірісте көктемде отырғызылатын болса, екінші жылы, ал жазда отырғызылса бірінші жылы жеміс бере бастайды. Тіршілік кезеңінің басталуынан жеміс піскенге дейінгі уақыт аралығының қысқа (35-42 күн) болуы, бейімделгіштігі бүлдірген дақылын Қазақстанның барлық аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді.

    Бүлдірген өте көп тараған, көпшілікке жақсы танымал  дақылдар қатарына жатады. Ол жеміс маусымын бірінші болып бастайтын дақыл. Өсетін аймағына байланысты, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ оңтүстік-шығыс аймақтарда, жемісі мамыр, маусым айларында пісе бастайды.

    Гүлдеу  мерзімі басталғаннан соң 20-30 күн өткенде, алғашқы піскен жидектерін жинауға болады. Ерте өнім алу үшін бүлдіргенді пленка астында өсіпген қолайлы.

    Жидек піскеннен кейін, оның жапырақтары мен мұртшаларының өсу жылдамдығы жеделдейді. Сонымен қатар, сол жылғы шыққан сабақтар түбінен жаңа тамырлар өсе бастайды да, өсімдіктер келесі жылы жидек салуға әзірлік жасайды. Күздің басында, сол жылғы шыққан сабақтардың ұшында жеміс бүршіктері пайда болады.

Информация о работе Алғы сөз