Жыныссыз көбею

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:24, реферат

Описание работы

Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар организмдерінің бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа организмнің өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда.

Работа содержит 1 файл

Жыныссыз көбею.doc

— 96.50 Кб (Скачать)

Жыныссыз  көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар организмдерінің бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа организмнің өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда.

Жыныссыз  көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану.

Жыныссыз  көбеюдің нәтижесінде түрлердің  биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа  беріліп, сақталып отырады. Жыныссыз көбеюде  бір ата-аналық дарабас тұқым қуалау белгілері бойынша өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жаңа дарабасқа бастама береді. Жыныссыз көбею гаметалардың түзілуінсіз, бір клеткалы және төменгі сатыдағы организмдердің бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, сондай-ақ әрі қарай жеке өмір сүруге қабілетті спора түзу арқылы жүзеге асады. Жаңа организмнің дамуына бастама беретін арнайы клеткалар (споралар) түзілуін – жыныссыз көбею және вегетативтік көбею деп бөліп қарайды. Олар негізінен өсімдіктерде кеңінен таралған. Олардың айырмашылығы: біріншісінде көбею тек бір клеткадан (цитогония), ал екіншісінде көп клеткадан немесе клеткалар топтарынан түзіледі. Бөліну арқылы бір клеткалы организмдер көбейеді. Әр дарабас өзіне ұқсас екі немесе одан да көп клеткаларға бөлінеді. Клетканың бөлінуінің алдында ДНҚ-ның репликациясы болып өтеді. Көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас клеткалар түзетін бинарлы бөліну байқалады. Бұл жолмен бактериялар, көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір бір клеткалы балдырлар (мысалы, эвглена) бөлінеді. Көптік бөліну , организмнің ядросы алдымен бірнеше қайтара бөлініп, соңынан ядро санына қарай өте көп дарабастар пайда болуы арқылы жүзеге асады. Мысалы, оған адамдағы безгек ауруын қоздырушы безгек плазмодийі жатады. Бүршіктену арқылы көбейгенде жаңа дарабас алғашында аналық организмінен өскін ретінде түзіліп, соның нәтижесінде оған өте ұқсайтын жеке организм болып бөлініп түседі. Бүршіктену ішекқуыстыларда, мысалы, гидра және бір клеткалы саңырауқұлақтарда кездеседі. Дарабастардың екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы көбеюі талшықты балдырларға, теңіз құрттарына тән. Олардың әр бөлігінен жаңа дарабас түзіледі. Спора арқылы көбейетін түрлерде, жаңа организм ата-анасының біреуінің тұқым қуалайтын негізі бар арнайы клетка – спорадан дамиды. Спораның түзілуі бактерияларда, қарапайымдарда, саңырауқұлақтарда және өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Споралар өзінің құрылымы және қызметі бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Дәнді өсімдіктердің микроспоралары (тозаң түйіршіктері) және мегаспоралары (ұрық қапшығы), тозаң қапшығы және ұрық бастама деп аталатын спорангияда түзіледі. Споралар өте көп мөлшерде түзіледі және олар жеңіл болғандықтан жел, жануарлар және жәндіктер арқылы оңай таралады. Жыныссыз көбею. структуралық-физиологиялық құрылымы төмен сатыдағы жануарларда, мысалы, адамның паразиттерінде кездеседі. Паразитті тіршілік ететін түрлерде Жыныссыз көбею олардың санының өсуіне ғана емес, сондай-ақ қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтап қалуға да көмектеседі. Мұндай жағдай сүтқоректілердің кейбір түрлеріне де тән. Мысалы, сауыттылардың эмбриондық дамуының ерте кезінде бөлінуге қабілетті ұрық дискісі бірнеше дарабастарға бастама беретіні анықталған. Мұндай сирек құбылыс адамда да кездеседі (мысалы, бір жұмыртқалы егіздер). Тіршіліктің даму процесінде Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерте пайда болған. Жыныссыз көбеюдегі генетикалық өзгергіштіктің бірден-бір көзі кездейсоқ мутациялар болып есептеледі.

Жыныстық  көбею  – аналық және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттары әр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс клеткалары аналық (жұмыртқа-клетка) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-клетка және сперматозоидтар аналық және аталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дарабастары бар түрлерді даражынысты деп атайды. Бірүйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-клетка және сперматозоид бір дарабаста түзілсе, екіүйлі өсімдіктерде және даражынысты жануарларда олар әр түрлі дарабастарда түзіледі. Егер түрлерде бір дарабас аналық және аталық гаметаларды түзе алса, оларды гермафродиттер немесе қосжыныстылар деп атайды. Жыныстық көбеюге – партеногенез де жатады. Бұл – аналық гаметаның аталық гаметамен ұрықтанбай дамуы. Партеногенез кезінде дарабастың соматикалық клеткалары диплоидты түрде дамиды. Хромосоманың диплоидты жиынтығының қалыпқа келуі мейоздың екінші бөлінуіндегі ооциттердің және редукциялы денешіктің қосылуынан іске асады. Партеногенетті көбею жануарлар және өсімдіктер патшалығында кездеседі және кей жағдайларда көбею жылдамдығын өсіреді. Аналық гаметадағы хромосомалар санына байланысты партеногенезді гаплоидты және диплоидты деп екі топқа бөледі. Көптеген жәндіктерде, соның ішінде құмырсқаларда және араларда гаплоидты партеногенез нәтижесінде организмдердің жаңа топтамалары (касталар) пайда болады. Бұл түрлерде мейоз процесі жүреді де гаплоидты гаметалар түзіледі. Кейбір жұмыртқа-клеткалар ұрықтанады да олардан диплоидты аналықтар, ал ұрықтанбаған жұмыртқа-клеткалардан ұрықты гаплоидты аталықтар дамиды. Көбеюдің мұндай механизмі жәндіктердің әр типті ұрпақтарының санын реттеуде маңызы зор. Бітелерде диплоидты партеногенез жүреді. Олардың ооциттерінің хромосомалары ажырамайтын мейоздың ерекше формасынан өтеді, яғни барлық хромосомалар жұмыртқа-клеткаларға өтеді де, шеткі (полюсті) денешікте бірде-бір хромосома болмайды. Партеногенез өсімдіктерде де кеңінен тараған. Соның бір формасы – ұрықтанбаған аналық жыныс клеткасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты клеткадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-клетканың дамуынан пайда болған партеногенездің екінші бір түрі – андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы – гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық

Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы

  1. Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбак, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.
  2. Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.

Бір қызығы, бактериялық жасушалар үшін «табиғи өлім» ұғымы қолданылмайды, өйткені олар қолайлы жағдайларда шексіз рет бөлінеді. Бактериялар тек азық жетіспегенде ғана өледі. Бактерия табиғи жағдайларда қосылу арқылы көбею нәтижесінде ғана өледі.

Қосылу арқылы эукариоттардың көбеюі

Бұл кірігікшелілер мен жіп тәрізді балдырлар спирогираларда (кейбір өзге жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда) жүретін гендердің алмасу үдерісі. Алмасу тек ДНҚ молекуласында жүріп қоймайды. Кірпікшелілерде тұтас ядро құрамы бір дарақтан екіншісіне ағып өтеді, әрі екеуі де тірі қалады. Ал балдырларда бір жасушаның құрамы екіншісіне өтеді. Бұл жерде жойылу туралы емес, зигота түзіліп, бір жасушаның екіншісіне кешуіне ұқсас жағдай болды деген жөн.

Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Өсімдіктер тозаңданған кезде және жануарлар ұрыктанғанда осылай өтеді. Бұл кебею жолын екі топқа бөлсе де болады. Біріншіден, қызтекелік (гермафродит) және өздігінен ұрықтануды жеке бөліп қарауға тура келеді.

Информация о работе Жыныссыз көбею