Темекі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 20:59, реферат

Описание работы

Темекі шегушілер 5-7 жыл кем өмір сүреді. Ракпен ауырған адамдар 15-20жыл
өмірін қысқартады.
Қазіргі кезде жасөспірімдер темекі шегушілер көп.Жасөспірімдер неліктен темекі шегеді? Жасөспірімнің денсаулығына темекі шегудің қандай әсері бар,Осы тақырыпқа тоқтала кетсек

Работа содержит 1 файл

Темекі құрамындағы заттар.doc

— 38.50 Кб (Скачать)
 

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер? “ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы  И. М. Догель. Неге біз «темекі – у, темекі шегу – зиянды әдет» дейміз? ХV ғасырдың аяғына дейін бұл өсімдікті Америка континентінің байырғы тұрғындарынан басқа ешкім де білмеді. Ертеде темекі түтінінің адамды өзіне тартып алатын сиқырлы және емдік қасиетін таныған. «Темекі» деген сөз Тобаго деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша «tabacco” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1559 жылы Португалиядағы француз емшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичига үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекенінің жапырағы мен тұқымые сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай-ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Никоның құрметіне өсімдік латынша «Nicotiana” бөлінетін алкалоид - «никотин» деп аталады. ХVIғасырдың екініші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кеңірек тарала бастады. Темекіні иіскеді, түтінше арқылы шекті, шайнады, әртүрлі заттармен араластырып, суықтан ауырғанды, бас және тіс ауырғанда, тері және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды. 1580Жылы ағылшын аристократы, темекіні көп шегетін теңізші әрі ақын Вольтер Рейли мырза Ирландияда темекі плантациясында құрды, кешірек америка колонияларының территориясында тағы да бірнешеуін ашты. Олардың бірін ол «Виржиния»деп атап, оны соңынан өзінің кең тараған темекі сортына берді. ХVIIғасырдың басында қазіргі Америка территориясында,негізінен ағылшын колонияларында басқа да темекі плантациялары өсті.1611 жылы осындай плантацияны Виртиняда ағылшын Джон Рольф жасады. Темекі ұрығын ол Тринидада мен Венесуэлден әкелді, ол технологиясын Вльтер Рейлиден асып жетілдірді. 8 жылдан кейін Виртиниядан Англияға темекіні экспортқа шығару басталды, ол Джон Рольфтің өзі мәңгілікке Жаңа Дүниеге қоныстанды және өзіне темекі өсіруден бақытын сынап көруге кеңес берген индеецтер көсемінің қызына үйленді .

Темекіге қарсылар да болды. Англия королі Джеймс I ХVII ғасырдың басында-ақ темекі шегуге қарсылығы  жөнінде бірнеше рет айтқан болатын.Бұл  әдетің денсаулыққа зияндығын, темекінің  адамдарды өлімтікке ұқсататын,осылайша мемлекеттің әскери қорғанысын әлсірететінін ескертті. Ол Англияға экспортқа шығатын темекіге салық салды, осы сәтте Франция Ришелье де дәл осындай шара жасады. Бірақ бұл темекінің таралуына тосқауыл болалмады, тек темекінің жасырын контрабондылық жолмен жөнелтуіне жол ашылды .

Бокарме деген  граф өзінің қайнысын темекі жапырақтарынан алынған бір затты алып келуге жіберді. Уланған адам миында, бауыры мен бүйрегінде және басқа да органдарында никотиннің көп қойыртпасы табылды, дәрігерлердің қортындысы бойыншы адам өліміне солар себепші болған .

ХIХ ғасырдың ортасынды шу болған Бокарме графтың  сот ісі темекінің емдік қасиетіне  деген сенімді жоғалтты.

Англия король Яков I темекі шегуді зиянды, жетілген адамға лайықсыз және жарамсыз деп жариялады.

Темекі  шегуші алғашында өз ағзасын өзі уландырып жатқанын байқамайды. Ал темекіде ең күшті у- никотин бар. Ол қанға тез араласады, ішкі органдарға кіріп алып, олардың қызметін бұза бастайды.

Темекі шегушінің  қасында болу да зиянды, себебі жанында  тұрған сон,лаж жоқ, улы түтінді  жұтасың. Біраз жылдардан соң  темекі шегетіндер жөтеле бастайды, жүгірген немесе жай жүргеннің өзінде алқынып  қалады, тез шаршайды. Темекі шегуші тыныс алу оргатндарының ауруына душар болады:демікпе, туберкулез, рак.

Темекі шегуге байланысты аурулар тізбесі тым  ұзақ және қорқынышты:өкпе,тамақ, қуық,бүйрек рагы, асқазандағы жара,жүрек-қан, тамырлары  ауруы, созылмалы бронхит және орталық  нерв жүйесінің басқа да аурулары.

Темекі шегу-ақырындап  өзін-өзі өлтіру, ауру мен өлімге душар ететін зиянды әдет.

Дәрігерлер адам өмірін әрбір темекі 15 минутқа қысқарта алатынын дәлелдеді.

Темекі шегушілер 5-7 жыл кем өмір сүреді. Ракпен ауырған  адамдар 15-20жыл 

өмірін қысқартады.

Қазіргі кезде жасөспірімдер темекі шегушілер көп.Жасөспірімдер неліктен темекі шегеді? Жасөспірімнің денсаулығына темекі шегудің қандай әсері бар,Осы тақырыпқа тоқтала кетсек  

 Жас өспірімнің  түсінігі бойынша,  ол-ерліктің, сенімділіктің, есеюдің көрінісі. Сондықтан соншалықты рахаттанбаса да, ересек болып көрінгісі келіп, темекі шеге бастайды.  

 Темекі шегетін  оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп  жүйесін бұзады.Ата-аналардың, достарының  айтқан кеңестерін тыңдамайды. Балалардың  сабақ үлгерімі төмендейді. Есте  сақтау қабілеті нашарлайды.  

 Жасөспірімдік  шақта қыздар өздеріне басқалардың  назарын аударғысы келіп, көз  тартатын   тартымды болуға ұмтылады. Әдемі, сұлу, жақсы болып көріну үшін үстіне киген киіміне өзгеше үлгі таңдайды, жарасты етіп  шаштарын түзейді.  Бәзбіреулері сигаретамен тым кербезденіп, бүгінгі күннің қыздары болғысы келеді. Өкінішке орай, олар мұндай «сәнқойлықтың» өте қымбатқа түсетінің аңғармайды да, біраз уақыттан соң  сигарета оларды ұсқынсыз, көз тартпайтын күге әкеледі. Темекі шегетін қыздардың беті ескірген, ерте әжімтүседі, даусы ашық емес, күрілдеген, қырылдаған, ауызынан шыққан жаман иіс әжептәуір жерден-ақ сезінеді, тістері сарғайып, түсін жоғалтады. Сигарет қызды тұрпайы, жағымсыз етіп жібереді.   

 Жас өспірім  никотинге бар болғаны бір күнде-ақ үйір болады.Темекінің аз ғана мөлшері балада қанның аз болуына, тамақ қортудың бұзылуына әкеледі.

Темекіден бас  тартатын адам мына 9 кеңесті есінде сақтау қажет.

1.      Темекіден бас тарту ниеті пайда болатын кез келген себепті тап.

2.      Темекіні тастайтын күніңнің мерзімін анықта.

3.      Үйдегі барлық темекіні сындырып, үстіне сү құй. Темекі сасыған киімдерінді жу.

4.      Никотинге деген әдетен толық арылғанша темекі шегетін достарыңнан аулақ бол.

5.      Темкіге жұмсайтын ақшаңды бөлек қой. Бір айдан соң оларды сана. Өзіңе қажет деген затты сатып ал.

6.      Темекі шеккің келсе, сағыз шайна немесеқышқыл кәмпит сор.

7.      Темекінің орнына су іш  жеміс шырының сімір. Сұйық ағзаны тазартады.

8.      Өз мүмкіндігіңше жаттығулар жаса.

9.      Ешқандай жағдайда ішімдік ішпе.

 

Темекі шегудің  зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп  беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрарқты теріс көзқарас, қабыл  алмау сияқты әсерлер туғызуы  неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге  ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

Информация о работе Темекі