Ішкі ортаның ұлпалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 19:38, лекция

Описание работы

1. Мезенхима.
2. Қан.
3. Қанның түзілуі.

Работа содержит 1 файл

1305 Ішкі ортаның ұлпалары.doc

— 88.50 Кб (Скачать)


Лекция 3

Тақырып: Ішкі ортаның ұлпалары.

 

Сұрақтар:

1.       Мезенхима.

2.       Қан.

3.       Қанның түзілуі.

 

1. Мезенхима:

Ішкі ортаның ұлпалары организмнің ішкі ортасының негізгі бөлігін құрайды. Түрлі органдар құрамына кіріп сыртқы ортамен тікелей қатынасқа түспейді. Ұлпалардың бұл тобының бәріне ортақ белгілері клеткаларының гетерополярлы болмауы мен қабат кұрамауы. Сонымен бірге клеткалардан және талшықтар мен негізгі заттан тұратын клеткааралық материалдан тұратындығы.

Ішкі орта ұлпаларының негізгі топтары - меншікті дәнекер ұлпа, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек пен сүйек ұлпалары. Ішкі ортаның ұлпалары әр түрлі функциялар атқарады. Мысалы, кан мен лимфа және борпылдақ дәнекер ұлпасы негізінде организм клеткаларының қоректенуін камтамасыз етіп, трофикалық функция атқарады; организмнің ішіне түскен инфекциямен немесе бөгде белоктармен күресіп қорғаныш қызметін де атқарады; шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр механикалық функцияны камтамасыз етеді.

Эволюция процесінде ішкі орта ұлпалары эпителиймен бір мезгілде пайда болған. Ішкі ортаның ұлпаларының бәрі онтогенезде мезодермадан дамиды.

Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзілетін жабайы дәнекер ұлпа. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрыктық жапырақшалар мен біліктік мүшелердің аралығын толтыратын тармақтары бірі-бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдыз пішінді клеткалардан тұрады.

Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы эндомезенхима деп атайды. Мезенхима қан клеткаларына, алғашқы қан тамырларына, дәнекер ұлпасына, шеміршекке, сүйек ұлпаларына жіктеледі. Мезенхиманы түзуге эктодермадан пайда болатын ми қабығы дамитын ұрықтық бастама - эктомезенхиманы немесе нейромезенхиманы құраушы нерв жолағы да қатысады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы да мезенхимадан пайда болады. Мезенхиманың клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопақша келеді, цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондрияларда көп болады. Клеткаларының арасында белоктармен қосылған мукополисахаридтік клеткааралық зат орналасқан.

2. Қан:

Қан трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Клеткалық элементтер мен плазмадан тұрады. Клеткалық элементтерге қызыл және ақ клеткалар жатады.

Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашкан, қанның негізгі клеткалары лейкоциттерге қарағанда 500-1000 есе көп. Ерлердің 1 мм3 қанында 5 млн. жуық, әйелдерде - 4-4,5 млн. эритроциттер болады. Адам организміндегі эритроциттердің жалпы саны орташа есеппен 25 триллион. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қандағы эритроциттердің саны 6-7 млн. жетеді, содан кейін азаяды, 10-11 жасқа келгенде калпына келеді. Ерлерде қартайған кезде қайтадан көбейеді, оның себебі олардағы гемоглобиннің азаюының салдары. Эритроциттер санының кемуі қан аздық (анемия) кезінде байқалады. Эритроцит құрамының 66% су, 33% жуығы гемоглобин белогі. Гемоглобин белоктік бөлік - глобинмен онымен қосылған пигмент гемнен тұрады. Эритроциттерде басқа белоктар, атап айтқанда фер-менттер және липидтер болады. Сонымен бірге эритроциттерде липоидтар (холестерин, лецитин) мен тұздар (әсіресе калий тұздары) болады. Сүтқоректілердің эритроциттері мамандалу кезінде ядросын жойған бір бағытта мамандалған клеткалар. Бұл белгілері жағынан сүтқоректілердің эритроциттері ядролы эритроциттері бар балықтардан, амфибилерден, рептилийлер мен кұстардан ерекшеленеді. Сүтқоректшердің эритроциттері екі беті ойыс диск тәрізді болады. Эритроциттердің бұндай пішіні олардың бетінің өсуін қамтамасыз етеді. Төменгі сатыдағы омыртқалылардың эритроцитгері ядролы клеткалар, өздерінің саны мен пішіні жағынан өзге. Әдетте ұсақ клеткалар ұлпалық метаболизм деңгейі жоғары жануарларға тән. Эритроциттерде митохондриялар, рибосомалар, клетка ішіндегі мембраналар жүйесі болмайды. Бұл жағдайда олардың тіршілігі ұзаққа созылуға тиісті емес, 100-120 күннен кейін өледі. Секунд сайын организмде эритроциттердің миллиондаған саны өліп отырады, бірақ олардың саны қан жасалуы арқылы қалпына келіп отырады. Өлген эритроциттер көк бауыр, сүйек майы мен бауырда макрофагтармен жойылып отырады.

Эритроцитгер организмде көптеген маңызды функцияларды атқарады - оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізеді, ал көміртегінің диоксиді мен басқа алмасу өнімдерін керісінше бөліп шығарып отырады, қорғаныш функциялары да тән. Сонымен бірге органдар қызметінің гуморальдік реттелуін қамтамасыз етеді.

Лейкоциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда аз. Бір лейкоцитке 1000 эритроцит келеді. Ересек адамның 1 мм3 қанында 6-8 мың лейкоциттер, жаңа туған нәрестеде - екі есе көп болады. Лейкоциттердің саны бір тәуліктің өзінде де өзгеріп отырады. Мысалы, ас қорыту кезінде көбейеді. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды, бұлар ядролы клеткалар және өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады. Сонымен бірге жалған аяқтар түзіп қозғала алады. Лейкоциттердің қозғалу бағытын хемотаксис анықтайды. Лейкоциттер эндотелийдің клеткаларының арасы арқылы дәнекер ұлпасына өтеді. Лейкоциттер фагоциттер болып есептеледі және иммундық денелерді түзуге де қатысады.

XIX ғасырдың 80 жылдарында Эрлих лейкоциттерді екі топқа бөлген: гранулоциттер, немесе түйіршікті лейкоциттер және агранулоциттер, немесе түйіршіксіз лейкоциттер деп.

Гранулоциттердің ерекшеліктері олардың цитоплазмасында ерекше түйіршіктер болады, ядролары сегменттелген. Митоздық жолмен көбейетін қабілеті болмайды, бір түрі екінші түріне айналмайды. Гранулоциттер адам қанының лейкоциттерінің ең көп тобы болып   есептеледі.

Агранулоциттердің белгілері гранулоцитгердің белгілеріне қарама-қарсы: оларда ерекше түйіршіктер болмайды, ядролары сегменттерге бөлінбеген, агранулоциттердің кейбіреулері бөліне алады және бір түрі екінші түріне айнала алады. Түйіршіктерінің боялу ерекшеліктерін еске алып гранулоциттерді үш топқа бөледі: эозинофильдік, базофильдік және нейтрофильдік гранулоциттер деп. 

Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын лейкоциттерді ацидофилдік түйіршікті лейкоциттер дейді, немесе эозинофильді түйіршікті лейкоциттер, я болмаса эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негіздік бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді базофильдік түйіршікті лейкоциттер, немесе базофильдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лейкоциттер, немесе нейтрофильдер дейді. Нейтрофильдерді полиморфтар деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнің қысқартылған аты.

Нейтрофилдер лейкоцитгердің 50-70% құрайды. 1 мм3 қанда 3000-нан 6000 дейін нейтрофилдер болады. Адамның бес литр қанында 15-тен 30 млн. дейін нейтрофилдер болады. Нейтрофилдер гранулалық лейкоциттердің ішіндегі көбі. Нейтрофилдер миелдық ұлпада (сүйек майында) дамиды. Гранулоциттер қан ағысында 8-12 сағаттан артық болмайды, сонан кейін олар ұсақ тамырлардан (венулалардан) шығып дәнекер ұлпасына барады. Нейтрофилдің ядросының пішіні бірдей болмайды, таяқша, таға және S әрпіне ұқсас болуы мүмкін. Нейтрофилдердің ядроларының үш түрінің қатынастарының диагностикалық маңызы бар. Пісіп-жетілген нейтрофилдердің ядросы 2-5 сегменттен тұрады. Цитоплазмасында көптеген гранулалар болады. Әрбір клеткада 50-ден 200 дейін гранулалар болатыны анықталған. Нейтрофилдер лизосомаларға бай келеді. Нейтрофилдердің митохондрияларында тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі жоғары. Нейтрофилдерде гидролиздеуші және тотықтырғыш ферменттердің көп болуы олардың маңызды қызметімен байланысты. Бұл клеткалардың фагоцитоздық активтігі күшті. Нейтрофиддер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. И.И.Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып қозғалып тамырлар арнасынан шығып қабыну ошағына көп мөлшерде жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап оларды гидролиздейді, сонымен бірге клетканың өзі де ферменттердің әсерімен ыдырайды. Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бөгейтін және клеткалардың көбеюіне дем беретін физиологиялық белсенді заттар бөлініп шығады.

Эозинофилдер лейкоциттердің 1-ден 4% дейінін құрайды. 1 мм3 қанда 120-дан 380 дейін эозинофилдер болады. Нейтрофилдерге қарағанда ірірек ядросы жіппен байланысқан екі беліктен тұрады. Эозинофилдерде Гольджи кешені мен митохондриялардан басқа органеллалар болмайды деуге болады. Эозинофилдің гранулалары белоктардан, липоидтардан тұрады. Сонымен бірге фосфор, темір және түрлі ферменттерде болады. Өздерінің түзілетін орны сүйек майын қалдырып эозинофилдер бірнеше сағат канда болады да, содан кейін нейтрофилдер сияқты, олар қан арнасынан шығып ұлпаларға кетеді, онда бірнеше күн болады. Эозинофилдер әдетте ішектің, өкпенің, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында байқалады. Нейтрофилдерге қарағанда олар баяу козғалады және фагоцитоздық белсенділігі де кем.

Базофилдер лейкоциттердің 0,5-тен 1% құрайды. Клетканың жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Цитоплазмасында ірі базофилдік түйіршіктер болады. Түйіршіктер гликогеннен, мукополисахаридтерден, РНҚ, гепарин мен гистаминдерден тұрады. Гепарин қанның ұюына кедергі болады, ал гистамин қайсыбір қылтамырлардың өткізгіштігін арттырады. Сонымен бірге бірыңғай бұлшық ет клеткаларға әсер етіп бронхтардың спазмасын (тарылуын) туғызады. Қанның ұю процестеріне қатысады және қанның пішіндік элементтерінің тамырға өтуін қамтамасыз етеді. Аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысады деген деректер де кездеседі. Агранулоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп екі топқа бөледі.

Лимфоциттердің үш типін ажыратады: кіші лимфоцит, орта лимфоцит және үлкен лимфоцит. 1 мм3 қанда 1000-4000 дейін лимфоциттер болады. Адам қанының лейкоциттерінің жалпы санының 25-25% лимфоциттер. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60% жетеді, ал кәрі адамдарда 20% дейін кемиді. Цитоплазмасы аз клеткалар. Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында бос орналасқан рибосомалардан басқа органеллар жоқтың қасында. Орта лимфоциттің цитоплазмасында бос рибосомалардан басқа митохондриялардың жеткілікті саны және гранулалық эндоплазмалық ретикулум болады.

Кіші лимфоциттердің екі популяциясын ажыратады:

1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимоциттер деп аталатын тимуста, немесе алқым безінде орналасқан лимфоциттер. Тимустан шыкқаннан кейін бұларды Т-лимфоциттер деп атайды. Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды, кем-кетікті дамыған клеткаларды жойып жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды.

2) В-лимфоциттер. Лимфоциттердің бұл түрі алғаш рет Фабрициус бурсалары (bursa- дорба) деп аталатын кұстың лимфоидтық мүшесінде байқалғандыктан аталған. В-лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар - антиденелерді бөліп организмді бактериялық және қайталаушы вирустык инфекциядан корғайды.

Моноциттер лейкоциттердін 2-ден 8% дейінгі санын құрайды. 1 мм3 қанда 200-ден 600 дейін болады. Лейкоциттердің ішіндегі ең ірісі. Цитоплазмасында жақсы жетілген Гольджи кешені, бос рибосомалар мен полирибосомалар, гранулалық эндоплазмалық ретикулум (тор) және бірен-саран митохондриялар болады. Моноциттердің ядролары әркелкі болады және айнымалы келеді. Бұршақ тәрізді, таға тәрізді және бөлікшелі пішіндері кездеседі. Моноциттерге амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер бактерияларды, клеткалардың калдығын, антигендер мен бөгде белоктарды фагоцитотоздайды. И.И.Мечников бұларды макрофактор деп атаған. Моноциттер трофикалық функцияны да атқарады. Дағдылы жағдайда моноциттер қанда үш күндей болады да содан кейін оны тастап шығып кетеді.

Қан пластинкалары (тромбоциттер)

Сүткоректілердің қан пластинкалары ядросыз диск пішінді кұрылымдар. Адамның шеткі (тамырдағы) канның 1мм3-де 250-400 мың қан пластинкалары болады. Пластинканың енсіз органоидтар болмайтын шеткі зонасы (гиаломер) мен органоидтар - лизосомалар, митохондриялар, құрамында серотонин комплексі - АТФ болатын көпіршіктер болатын орталық аймағын (грануломер) ажыратуға болады. Қан пластинкасы серотонинді қақпа венасынан алады. Мембраналық фракциялар мен гиаломерлерде биохимиялық әдістерімен зерттеу кезінде қанның ұю факторларынан байқалған. Сүтқоректілердің қан пластинкаларын электрондық микроскоп әдісімен зерттеу оларда микротүтікшелердің болатынын анықтады.

Сүт коректілердің кан пластинкалары қанның ұюына қатысады. Бұлардың цитоплазмасында бұл процеске қажет зат - тромбокиназа болады. Сонымен бірге қан пластинкалары «қанның ағып тоқтамауына кедергі» деп аталатын қызмет атқара алады. Тромбоциттер саны азайған кезде қанның ұю қабілеті кемиді және қанның ұйымай ағуы жүреді. Пластинкаларды мегакариоциттер түзеді.

Қанның плазмасы

Қан плазмасы сұйық клеткааралық зат болып есептеледі.

Қан плазмасының химиялық құрамы күрделі. Негізгі бөлігі белоктар - альбуминдер, глобулиндер мен фибриноген. Плазмада белоктардан басқа майлар, көмірсулар мен басқа органикалық қосылыстар және ұлпалардан қанға келетін алмасудың ақырғы өнімдері - мочевина, несеп қышқылы, креатинин, билирубин т.т. болады. Глобулиндер, әсіресе гамма-глобулин, қорғаныштық манызы бар антиденелер болып есептеледі.

Қан плазмасының белоктары ферменттік функцияны да атқарады. Плазмада амилаза, фосфатазалар, дегидрогенезалар, протеазалар, липазалар ферменттері болады.

3. Қанның түзілуі:

Қанның гистогенезі (гемопоэз).

Қан түзілу процесі, немесе гемопоэз (грекше haima - қан, poiesis - түзу) дегеніміз қан клеткаларының дамуы. Қан клеткаларын түзетін ұлпаны гематопоэздік ұлпа дейді. Гемопоэздік ұлпалардың екі түрін ажыратады - миелиндік және лимфалық. Эритроциттерді, түйіршікті лейкоциттер мен қан пластинкасын түзуші сүйек майының ұлпасын миелиндік (грекше миелос - сүйек майы) деп атайды. Лимфоцитерге бай ұлпаларды - алқым безін (тимус) лимфалык, түйіндерді (бездерді) көк бауырды біріктіріп лимфалық ұлпа деп атаған. Гемопоэздің екі түрін ажыратады: эмбриондық гемопоэз бен постэмбриондық гемопоэзды. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондык гемопоэз канның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитопоэз, моноциттердің түзілуін моноцитопоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.

Эмбриондық кезеңдегі қанның түзілуі

Эмбриондарда қан бастапқы кезде сарыуыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында және лимфа түзуші органдарда (тимус, көк бауырда, лимфалық бездерде) жүреді. Қанның барлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан пайда болады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Бұл процесс жүретін жерде мезенхиманың клеткалары топтанып пішінін өзгертіп жұмырланып қан аралшықтарына айналады. Олардың арасында қанның алғашқы клеткалары (стволовые клетки) түзіледі. Қанның барлық клеткалары бастапқы клеткадан (стволовая клеткадан) түзіледі. Бастапқы клетка полипотентті, яғни түрлі бағытта жіктеле алатын клетка. Оны колония түзуші бірлік (колония образующая единица — КОЕ) деп те атайды. Даму кезінде қан түзуші бастапқы клетка сарыуыз қапшығынан шығып қан арнасы арқылы алдымен бауырға, кейін сүйек майына барады. Қан аралшықтарын шектеуші клеткалар болашақ тамырдың қабырғасын құрайды. Қанның түзілуі қан тамырларының ішінде жүреді. Гемопоэз процесінде бастапқы клеткадан (стволовая клеткадан) гемоцитобласт пайда болады. Гемоцитобластлерден гемоглобиннің жиналуы мен ядроның жойылуының нәтижесінде гемоцитобластлер алғашқы эритроциттер - мегалоциттерге айналады. Мегалоциттер ядросыз клеткалар. Бауырда эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер мен мегакариоциттер түзіледі. Құрсақтық дамудың соңғы кезінде бауырда қан түзілу аяқталады.

Эмбриондарда лимфоциттердің дамуы алдымен тимусте жүреді. Көк бауырда эмбриондық қан жасауға қатысады, мұнда лимфоциттерден басқа эритроциттер, гранулоциттер және тромбоциттер қалыптасады. Кейін постнаталдық (туғаннан кейін) кезеңде көк бауыр мен лимфалық түйіндер (бездер) лимфоциттерді ғана түзетін орган болып қалады. Эмбриондық қан түзілудің соңғы дәуірінде қан түзуші негізгі орган сүйек майы болып есептеледі. Сүйек майында эритроциттер, гранулоциттер, қан пластинкасы және лимфоциттердің белгілі саны түзіледі. Сонымен эмбриондык даму кезінде гемопоэз организмнің түрлі бөліктерінде жүреді. Гемопоэздың бірінші кезеңі сарыуыз қапшығында; екінші кезеңінде негізінде бауырда, тимусте жүреді.

Ересек организмдегі қанның түзілуі.

Жоғары сатыдағы омыртқалылардың ересек организмдерінде қанның түзілуі түрлі органдарында жүреді. Эритроциттердің, лейкоциттердің, қан пластинкаларының, моноциттер мен лимфоциттердің бір бөлігінің түзілуі жіліктердің эпифиздерінде, төс пен бас қаңқасының сүйектерінде жүреді. Сонымен бірге лимфоциттер көк бауырда, лимфа түйіндерінде, тимуста, Пейер түйінде, баданшалар мен аппендиксте (соқырішекте) түзіледі.

Эритропоэз.

Информация о работе Ішкі ортаның ұлпалары