Ұрықтану мен оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:47, реферат

Описание работы

Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның (сперманың) қосылуы, соның нәтижесінде зигота түзілуі.Зигота жаңа организм бастамасы .
Ұрықтану сперматозойдтардың біраз ғана ене алатын жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде өтеді. Овуляцияланған жұмыртқа жасушалардың ұрықтануға деген қабілеті тек 24 сағатқа ғана созылады. Сперматозоидтар әйел жыныс

Работа содержит 1 файл

Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның.docx

— 17.74 Кб (Скачать)

Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның (сперманың) қосылуы, соның нәтижесінде зигота түзілуі.Зигота жаңа организм бастамасы .  
  Ұрықтану сперматозойдтардың біраз ғана ене алатын жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде өтеді. Овуляцияланған жұмыртқа жасушалардың ұрықтануға деген қабілеті тек 24 сағатқа ғана созылады. Сперматозоидтар әйел жыныс жолдарында ұрықтануға қабілеттілігін шамамен 24-48 сағат сақтайды , сондықтан ұрықтану процесі жүру үшін белгілі бір қысқа уақыт аралығында кездесу жүру керек.  
  Аталық без түтікшелерінде орналасқан сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеті болмайды. Ұрықтану қабілетіне олар аталық жыныс безінің каудальді бөлігінен краниальді бөлігіне өту барысында ие болады. 
 Қынапқа түскен сперматозоидтардың бір бөлігі қышқыл орта әсерінен өледі, қалғаны жатыр мойыны каналынан, сілтілі ортасы бар,жатыр қуысына өтеді. Сперматозоидтар жатыр түтігі клеткаларымен кездескенде капацитация атты процеске ұшырайды. Капацитация дегеніміз жұмыртқа жасушасына оның қабықтары арқылы өту қабілетіне ие болу . Жұмыртқа жасушасы жылтыр қабаттан басқа бірнеше қабат жұмыртқа тасымалдаушы клеткалар түйінімен қоршалған.Бұл кедергіні өту үшін арнайы сперматозоидтың акросома атты органоиды бар. Акросомды реакция сперматозоидтың жұмыртқа тасымалдаушы клеткалар түйінімен жанасуы кезінде жүреді. Акросомадан 10-12 түрлі ферменттер бөлініп шығады. Олар сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасың қабығынан өтуді қамтамасыз етеді. Сперматозоид жылтыр қабықтан өткен соң гаметалардың қосылуы өтеді. 
  Ұрықтану жүру үшін тек бір сперматозоид қажет. Сперматозоидтардың «артық» мөлшері өтіп кететін болса процес бұзылады, ұрықтану жүрмейді. 
  Жұмыртқа жасушасына бір сперматозоид өткен соң басқаларына өтуіне «кедергі» пайда болады.оның түзілуіне кортикальді реакция қатысады. Екінші мейотикалық бөліну жүргеннен соң аналық хромосомалар жиынтығы ядроға айналады , ол аналық пронуклеусы, ал сперматозоид басы аталық пронуклеус аталатын ядро түзіледі.Кейін бұл хромосома жиынтықтары қосылып бір ядро түзіледі де зигота бластомерлерге бөліне бастайды. Ол бөлініп морулаға айналады. Келесі кезеңге (бластоциста) бластомерлермен синтезделетін сұйықтықпен толған қуыс түзілуі тән. Моруланың бластоцистаға айналуы барысында бластомерлер екі субпопуляцияға бөлінеді – сыртқы және ішкі . ішкі клеткалар эмбриобласт түзеді, одан ұрықты түйін, ұрықтан тыс мезенхима, амнион , ал сыртқысынан имплантацияға қажет трофобласт түзіледі. 

Вложение

Размер



Информация о работе Ұрықтану мен оның маңызы