Әдістемелік баяндамалар

Дата добавления: 26 Февраля 2013 в 13:08
Автор: s**********@mail.ru
Тип работы: курс лекций
Скачать полностью (203.95 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

0зин баскару.docx

  —  243.82 Кб

Әдістемелік баяндамалар

Студенттердің өзін - өзі басқаруды ұйымдастырудың педагогикалық  – психологиялық негізі

Қазақстан Республикасының  “Білім туралы” заңында “... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани – адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп көрсетілген. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Ел імізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыз- дың жоғары оқу орындарында студенттердің білім  сапасы мен тәрбиелеу жолдарына жаңа талаптар қойылуда. Қоғамның даму қарқыны жастарды тәрбиелеу мәселелерін түбегейлі түрде жаңа бағыттармен ойластыруды және оны  жаңартуды қажет етіп отыр. 
2001 жылдан бастап “өзін– өзі тану” курсын ұйымдастырып,оның бағдарламалық негізгі көкейкестілігі мынада: Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға білім беру және тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қазақстандықғалымдар С.А.Назарбаева, Х.Т. Шерьязданова, Т.А. Левченко, М.Х. Балтабаев, А.А. Семченко, Е.Е. Бурова, Л.К. Көмекбаева,  З.Б. Мадалиеват.б. айналысуда. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы деп біз олардың топтық ортақ мақсаттарына жету үшін қабылдай- тын шешімдерін жүзеге асыруларын,яғни балалар ұжымын ұйымдастырудың жариялылыққа негізделген  формасын айтамыз. Оқушылардың өзін өзі басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асырулары өзін өзі басқарудың міндетті белгілерінің бірі болып табылады. Әрекеттердің топтық мақсаттары ның болуы бір жағынан өзін өзі басқаруды мазмұнмен байытса, екінші жағынан –қызығушылықтарының тоғысуының негізінде өздерінің бірігуіне ықпал етеді. Оқушылардың өзін өзі басқаруы қазіргі мектеп үшін жаңалық па? Әрине,жоқ. Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Фихте еңбектерінде де оқушылардың өзін өзі басқаруына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туралы айтылған пікірлері бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Шын мәнінде практикада мектеп өмірінде әлі де әміршілдік басқарудың келе жатқаны сирек құбылыс емес.Сондықтан мұғалімдер оқушылардың өзін-өзі басқаруы туралы айтқанда белсенді балалардың ұйымдастырушылар рөліне еніп,басқа балаларды басқарғанда ғана емес,өздері шешім қабылдай алатын дәрежеге жеткенде ғана нағыз өзін-өзі басқару орнайтынын ұмытпаулары керек  педагогика тарихына ретроспективті көз жүгіртсек, оның нышандары б.з.д. XI-IX ғ.ғ. ежелгі Спарта мектептерінде-ақ байқалғны мәлім.Я.А.Коменский,Ж.Ж.Руссо,И.Г.Песталоци,Фурье,Фихте еңбектерінде де оқушылардың өзін-өзі басқаруына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туралы айтылған пікірлері бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. 
Студенттердің  өзін-өзі басқаруын  ғылыми педагогикалық тұрғыда зерттеумен айналысып жүрген   пікірін зерделей келе, өзін-өзі басқару дамуының жүйе құрушы факторы ретінде әрекеттер мақсаты қарастырылады деген тұжырым жасауға тура келеді. Әрекет мақсатын анықтау түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Оны педагогтар,қоғамдық ұйымдар, өзін-өзі басқару органының өзі айқындай алады.Бұл мақсат соңғы нәтижені айқындау формасында да қойылуы мүмкін (мысалы,қандай да бір құрал-жабдық,өнімді дайындау,жөндеу,конференция, іс-шара ұйымдастыру және т.с.с).

1-кесте

Өзін-өзі басқарудың даму кезеңдерін көптеген ғалымдар зерттеді. Барлығына ортақ амал оны А.С.Макаренко көрсеткен балалар ұжымының даму кезеңдерімен салыстырып қарастыру.Сонымен өзін-өзі басқарудың дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: туу, қалыптасу,жетілу кезеңдері.Әр даму кезеңінде ұжымды өзін-өзі басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізіледі де олар өзін-өзі басқаруы дамуы даму үрдісінің құрылымдық сипаттамасын анықтайды.Бір кезеңнен  екінші кезеңге өту ұжым қол жеткізетін негізгі бір әрекетте өзін-өзі басқару дамуының нақты бір деңгейіне сәйкес келеді.Туу кезеңінде басқару міндеттерінің негізгі мазмұны,оқушылар өз бетімен шешетін,көбіне «не істеу керек?» деген  сұрақпен анықталады. Сонымен бірге әрекет мақсаты туралы сұрақты педагогтар мен оқушылар бірлесіп талдайды. Бұл кезеңде өзін-өзі басқару органы немесе педагогтар ұсынған алгоритмді емес,алға қойған мақсатқа жету жолдарын оқушылар өздері іздеп табуы басты болып табылады.

Педагог немесе жоғарғы орган оқушыларға әрекеттер мақсатын таңдауға, нәтижесінде не шығатынын талдауға,салыстыруға мүмкіндік берулері керек.   Өзін-өзі басқарудың даму кезеңдерінің сипаттамасын (М.И.Рожков бойынша) төмендегі кестеден көруге болады.

2-кесте

Өзін-өзі басқарудың даму кезеңдері

Әрекеттер мақсаты

Мақсаттарға жету жолдары

Туу кезеңі

әрекеттер мақсатын педагогтар немесе өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы анықтайды.

Педагогтар мен оқушылар ұжымының бірлескен шешімі негізінде анықталады. Қойылған мақсаттарға жету жолдарын өз бетімен іздеуге өту бірте-бірте жүзеге асады.

Қалыптасу кезеңі

Әрекеттер мақсатын педагогтар мен оқушылар бірлесіп анықтайды.Өз әрекеттерінің мақсатын анықтауға оқушыларға ылғи мүмкіндік береді.

Педагогтардың кеңесші  ретіндегі рөлін оқушылар анықтайды. Алға қойылған мақсатқа жету жолдарын табу мен оны жүзеге асыруды оқушылардың өздері атқаруға өту жүзеге асады.

Жетілу кезеңі

Педагогтардың кеңес  беруінің көмегімен әрекеттер мақсатын оқушылардың өздері жүзеге асырады.

Алға қойылған мақсаттарға жету жолдарын анықтау мен жүзеге асыруды оқушылар өз беттерімен іске асырады.


Өзін-өзі басқарудың даму үрдісінде төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынады:

  • Әлеуметтік мәннің басымдық ұстанымы деп балалар ұжымын әрекет ету барысында ұйымшылдыққа жұмылдыратын тұтас мақсат төңірегінде топтастыру түсініледі.Мұнда басқа мақсаттар өзін-өзі басқарудың дамуының осы кезеңіндегі негізгі мақсатты жүзеге асыруға тәуелді болады.Әр кезеңде әрбір ұжымның өзіне ғана тән басым мақсаттары болады.
  • Балалардың ұжымдық және жеке қызығушылықтарына оңтайлы үйлесімділігі мен бірлігі ұстанымы әркімнің барлық өзекті мақсаттары мен негізгі басым мақсат арасында қайшылық тумауын қамтамасыз етеді.
  • Өзін-өзі басқару органы құрылымының өзгермелілігі мен вариативтілігі ұстанымы балалар әрекеті мақсаты мен өзін-өзі басқару құрылымы тікелей байланысты болуының қажеттілік екенін білдіреді.Бұл ұстаным әрқашан  ұйымдастыру құрылымын жүйелі іздестіруді талап етеді.
  • Балалардың өзін-өзі басқаруы мен педагогикалық басқаруды саралау мен кіріктіру ұстанымы өзін-өзі басқарудың даму үрдісінде педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастыққа негізделуі басты шарт екенін білдіреді.Педагогтар ұжымы балаларға өзін-өзі басқару жұмысын жандандыруда кеңес беріп,көмектеседі және жағдай туғызады.

Өзін –өзі басқарудың мақсаты,мәні,даму кезеңдері мен басшылыққа алынатын ұстанымдарына қысқаша шолудан кейін енді оның кең таралған құрылымының тар және кең түрін үлгі ретінде келтіреміз.

Тұлға туралы американдық ілімдердің көшбасшысы Г.Олпорттың тұлғаның концептуалдық теориясы бойынша даралық диспозицияның 3 типін бөлуге болады,олар:

  • Кардиналды диспозиция-бұл адамның өмірлік әрекетіне мәнді әсер етеді;
  • Орталық диспозиция-бұл тұлғаның жалпы сипаттамасы өзіне таңдап алады;
  • Қайталанатын диспозиция-бұл біршама тұрақты,қарапайым қажеттіліктермен байланысты.

Г.Олпорт бойынша әрбір жеке индивидум белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі тұлға әрекетіне позитивті-шығармашыл ұмтылушы «Менің» қатысуымен шартталады.

Г.Олпорт «Өзінділікті» мұндай тұлғалық аспектілерден құралатынын анықтайды:өз денеңді сезу;өзіндік пікір айту;өзін-өзі бағалау;өзін-өзі тану және өзін – өзі рационалды басқару.

Тұлғаның белсенділігін арттырудағы өзіндік сана-сезімнің реттегіштік рөлі тұлғаның өзін тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін,қызығуларын құндылығын,мұратын және мінез-құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауында көрінеді.

Тұлға белсенділігінің психологиялық-педагогикалық табиғатын тұлғаның құрылымына байланыстырып түсіндіруді төменгі сызба арқылы көрсетуге болады.

3-кесте



Описание работы
Студенттердің өзін - өзі басқаруды ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негізі
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани – адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп көрсетілген. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Содержание
содержание отсутствует