Ауыл шаруашылық экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 03:57, реферат

Описание работы

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

Содержание

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат АШ.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

      Ал  мал шаруашылығы мен жайылымдыққа пайдаланылатын жерлердің жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді. Оны тез түзете қою қиын.

      ХХ  ғасырдың екінші жартысында қоғам мен  табиғаттың өзара қарым-қатынасының  жаңа бір саласы – алып өндіріс  орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

      Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті  экологиялық жағдайлар тудыруда. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялы даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуы және игерілуі бұған өзіндік үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.

      Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд. болады деген болжам бар. Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген ашқарақ сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтыратыны даусыз.

      Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының  саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн. адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті. Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болуда.

      Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты  болып, оның ресурстарын өз қежіттілігіне  жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда  үнемі табиғатты “бағындыру” арманы болған. Қалай болғанда да адамның табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен ұштаса жүруі қажет. Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп беруде. Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар: ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу; ортаның ластануын барынша азайту; су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану; топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру; жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру; жаңа технологияны пайдалану, т.б. Адамзат баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.

      Мамандар  арасында да, экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-қайшы, бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық, экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде құлық аз. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан үдерістерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен жақсы қарым қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.

      Каспий  мұнайын өндіруде шетелдіктер қазір тек табыс көзін ойлап отырғаны белгілі, ондағы итбалықтың, теңіздің басқа да жануарларының жылма-жыл қырылып жатқаны табиғатқа үлкен зиян келіп тұрғанынан екенін ешкім ойлап жатқан жоқ.

      Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы – ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.

      Қоршаған  ортаның ластануы адам баласының  тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Әлемдік қоғамдастықпен қатар қазақстандықтардың да қалыпты салт-тұрмысы экологиялық жағдайларға қарай алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

      Экологияның нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады.

      Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

        Солтүстік Қазақстан бойынша,  құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га, техногенді ластану 2,5 млн. га жерді, жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отырса, 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануға көміліп отыр. Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда техногендік, өндірістік ластану, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиоактивті және зымыран-ғарыш қалдықтарымен ластану жоғары деңгейге жетуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдай Арал өңіріне тән Әмурдария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га қара сексеуіл орындарының құрып кетуі тағы бар.

      Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Капшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарының егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқтырды. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай елінің алып қоюы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.

      Әлемде  климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

      1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған.

      Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз.

      Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар  ғылымда жоқ емес. Оларды пайдалану  табиғатты сақтауда, шығынды азайтуда едәуір көмектесе алар еді. Кез келген құрылысын, шаруашылық нысандарын, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте олардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына тигізетін зардабы басты назарда болуы тиіс.

      Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған  экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс.

      Шаруашылыққа  байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздақтармен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекетаралық өзендерді (Ертіс, Іле) пайдалану жағдайы әлемдік мәселелерді шешуде өзек болып тартылуы тиіс. Мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекетаралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.

      Шаруашылық  әрекеттердің қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын-ала жасалатын болжамдар жан-жақты ғылыми тұжырымдар негізінде жасалуы тиіс. Экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты адамға тиетін зиянды әсерді және одан айықтыру мәселелерін қадағалауда жатыр.

        Қазақстанда экологиялық білім  беруге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  “Қазақстан-2030” Даму стратегиясы  негізінде айрықша назар аударылуы  тиіс. Білім және ғылым министрлігінің  тапсырысы бойынша менің басшылығыммен “Мектептерде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру” (1991), “Қазақстанда эколог мамандар дайындау тұжырымдамасы” (1995), “Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) сияқты бірсыпыра құжаттар дайындалды. Алматы, Орал, Семей, Петропавл қалаларында “Экологиялық білім беруді жақсарту жолдары” атты ғылыми-практикалық конференциялар өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде елімізде бірінші рет география-экология факультеті ашылып, онда “география-экология”, “география-туризм”, “халықаралық туризм” мамандықтары бойынша кадр тәрбиелеу ісі қолға алынды. Бұл бастама республиканың басқа да оқу орындары тарапынан қолдау тапты. Бұл осы саладағы мемлекеттік сұранысқа алғашқы жауап болып отыр. Республика бойынша жоғары, арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік бірлестігі мен үйлестіру орталығы – “Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау” зертханасы осы оқу орнында ашылды.

      Университетімізде барлық мамандықтар бойынша “Экология”, “Қазіргі экологиялық жағдайлар”, “Экологиялық білім мен тәрбие беру” сияқты арнаулы курстар оқытылады. Факультет ұжымының ғалым-ұстаздары ТМД елдерінің экология және табиғат қорғау ұйымдарымен, республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, лицей, колледж және жалпы білім беретін мектептермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зерттеу тақырыптарының ішінде “Үздіксіз экологиялық білім берудің теориялық негіздері”, “Экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту жолдары”, “Техникалық лас суларды тазалаудың микробиологиялық жолдары”, “Алматы облысының ландшафтық-экологиялық картасы” сияқты маңызды тақырыптар бар.

      Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім  мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.

Информация о работе Ауыл шаруашылық экологиясы