Құқық туралы негізгі түсініктер

Дата добавления: 26 Февраля 2013 в 10:06
Автор: o********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (43.61 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

КУкук.docx

  —  46.66 Кб

Кіріспе

 
            Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.  
Құқықтық норма – мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,  
Құқық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық туралы негізгі түсініктер

 

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

  • біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
  • екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.  

Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың коғамда калыптаскан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, баскарып отыратын негізгі  құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан коғамды баскарудың, қатынастардың құралына айналды. 

 

Бұл нормалардың негізгі түрлері:

Құқық нормасы.

Моральдық   нормалар:   жақсы-жаман,    дұрыс-бұрыс, әділеттік-«әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.

  • Саяси нормалар
  • Эстетикалық нормалар
  • Қоғамдык   ұйым,   ұжымдардың   ереже   қағидалары
  • Әдет-ғұрып нормалары
  • Салт-дәстүр нормалары
  • Діни, имандылық, инабаттылық нормалары

 

 

Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен,техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың манызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлык салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.

Қоғамның тарихи объективтік  даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, Қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыратын факторлардың бірі - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бүл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.

Сонымен, құқық дегеніміз  мемлекет орнатқан және оның күшімен  қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардын) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұныныц негізгі элемепттері:

қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;

қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

коғамды  дағдарысқа  ұшыратпай,   экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;

мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын  реттеті, басқару;

-        халыкаралык қатынастарды реттеп, басқару. 
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі  функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер аркылы қогамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.Құқыктың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы карым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық катынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-катынасын реттеп, басқарып отырады,

Құқықтық нормалардың  белгілері:

1.      Норма мемлекеттік органнын қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің   үлгісіне   айналады,   өйткені   ол  нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2.      Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

Норма    ерікті    түрде    орындалмаса,    мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

Құқықтық    нормалардың    жүзеге    асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5.      Құқықтық  норма  адамдардың,  қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.  

 

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің  құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен  қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормалардың  элементтері бірігіп, оның құрылымын  қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында  толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.

Құқықтық     норманың элементтері:  диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің  құқығы   мен   міндеттерін   көрсетеді.   Мысалы,   екі немесе     көп     жақты     мәмілелер     мен    шарттардағы тұлғалардын міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтык кодексінің 482 бабы). Диспозицияның үш түрі болдады:

Жалпылама  түрі:   нормада   субьектілердің  міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық   айқын   түрі:   мазмұны   нормада   айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға   сілтеу   жасалады.   Мысалы,   Азаматтық   кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аякталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстін 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет кандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияпың турлері: абсолютmi анық, баламалы, салыстырмалы. 

 

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1.      Қоғамның  әр  саласына  қарай  өндірістік,  ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.

Құқықтың    әр    саласына    қарай    мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық- процессуалдык, т.б. саладағы нормалар.

Атқаратын   жұмысына   қарай   нормалар   екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

Мазмұнына    қарай    нормалар    үшке    бөлінеді:міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

5.      Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының карым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, кылмыстык,

зангерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б. 

 

Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

Құқықтық  әдет-ғұрып.   Бұл  құқықтың  негізгі қоғам   тарихында   мемлекеттің   қалыптасу   кезеңінде өмірге  келген  құқық  нысаны.  Әдет-ғүрып нормалары адамдардың карым-катынасында ғасырлар бойы қолданылған,   өмірде   жан-жақты   тәжірибе   арқылы   қалыптаскан.  Мысалы, Maнy заңы, орыс правдасы,  "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның   "Жеті   жарғысы"   т.б.   айтуға   болады.   Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін    дамытқан.    Қиыннан    қиыстырып    тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғүрып    нормалары   арқылы    қазіргі    кезеңде   де дамушы    елдерде    біраз   қарым-қатынастар    реттеліп,басқарылып жатады.

Құқықтық прецедент - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені карап, реттеп, шешім қабылдаған   кесімдері   басқа   істерді,   реттеп  шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.

Нормативтік   шарттар        қоғамдағы   қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік   Республикасы   мен   Германия   Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.

Референдумда қабылданған  нормативтік кесімдер  -  заңның   бір  түрі.   Сондықтан   бұл   кесімдер құқықтың   ең   күрделі,   ең басым   негізі.    Референдум жалпы  мемлекеттік  түрде  және  жергілікті   мақсатпен өткізіледі.

5. Нормативтік-құкықтық кесім  мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы карым-қатынастардың  басым көпшілігі осы нормативтік  кесімдер аркылы реттеліп, басқарылады.

Заңдык, күшіне қарай нормативтік  кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент, үкімет т.б.).

Мазмұнына карай нормативтік  актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, кылмыстық т.б. Сонымен катар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери, сауда, теңіздік, табиғат т.б.жүйедегі актілер.

Көлеміне қарай нормативтік  кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы  қоғамдық, шектеулі, төтенше актілер.

Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.

Заң - мемлекеттің ең жоғарғы  басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді. Заңның белгі  нышандары:

Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы  органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.

Ең күрделі мәселелер  туралы қабылданған кесім.

Заңның өзіне тән арнаулы  процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады:  заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.

4.      Заңды  ешкім  өзгертпейді,  толықтырмайды.   Тек қана қабылдаған орган ғана өзгерте алады, толықтырады.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Содержание
содержание отсутствует