Ұлыбританияның саяси жүйесі. Парламент және партиялар

Дата добавления: 24 Октября 2013 в 00:12
Автор: f*********@mail.ru
Тип работы: задача
Скачать полностью (1.85 Мб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ұлыбританияның саяси жүйесі.pptx

  —  1.87 Мб

Ұлыбританияның  саяси жүйесі. Парламент және партиялар

Саяси жүйе

 

Королева

 

Парламент

 

   Халық палатасы

 

Лордтар палатасы

 

          Ұлыбритания – саяси (Солтүстік Ирландия, Шотландия) және әкімшілік (Уэльс) автономияларымен күрделі унитарлы мемлекет.

          Британдық  заң жалпыға ортақ заңдардан,  бекітілген құқықтар мен конвенциялардан  тұрады. Конвенция – бұл заңдық  күші жоқ ережелер мен ғұрыптар, алайда үкімет қызметінде аса  қажетті болып саналады. Көптеген  конвенциялар қазіргі үкімет  жүйесін қалыптастыруға әсер  еткен тарихи оқиғалардан бастау  алады. 

Партиялық жүйе

 

           Ұлыбританияда екі партиялық жүйе орнаған, яғни буржуаздық консервативтер партиясы мен солшыл лейбористер партиясы жоғары билікте алам-кезек бірін-бірі алмастырып отырады. Бірақ басқа партияларға тыйым салынбайды, алайда тек екеуі ғана билікке келуге қабілетті.  Бипартизм тікелей дауыс беру арқылы сайланатын екі партияның біреуіне өзінен-өзі парламенттегі басым орынды иемденуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде парламенттік басқару тәртібінде үкіметтің тұрақтылығын кепілдендіріп, мемлекеттің "басқармалығын" арттырады. Жалпыұлттық деңгейде бұл екі партиядан басқа он шақты партия қызмет етеді. Қазіргі таңда Ұлыбритания партиялық жүйесін әрбір деңгейдегі партиялардың әркелкі статустары және функцияларына қарай 5 деңгейлі құрылым ретінде қарастыруға болады.

  •  І деңгейлі жетекші партиялары: 1997 жылы сайлауда тиісінше 165 және 418 парламенттік орынды иеленіп, жеңіске жеткен Консервативтер және Лейбористер партиясы. Саяси жүйеде бұлар ресми құрылымдар болып жарияланды: парламенттік көпшілік фракциясы мен үкімет және парламенттік азшылық фракциясы.
  • ІІ деңгейлі партиялар “үшінші” партиялар (Ұлыбританияда оларды “шағын партиялар” деп атайды): парламентте көрсетілген саяси ұйымдар, бірақ оның ресми құрылымына кірмейді және парламент шешімдерін қабылдауда ықпалы аз. Бұлар – Либерал-демократтар партиясы, Солтүстік Ирландия Социал-демократиялық жұмысшы партиясы, Шотланд ұлттық партиясы, Уэльс ұлттық партиясы, Шинн фейн(солтүстік ирландық ұлттық партия).
  • ІІІ деңгейлі партиялар “төртінші” ретті партиялар: сайлауға қатысады, бірақ парламенттік орындарды жеңіп алу үшін жеткілікті дауыс жинай алмаған саяси ұйымдар. Олар -  Ұлыбритания Коммунистік партиясы, Жұмысшы революциялық партия, Социал-демократиялық партия, Гуманистер партиясы
  • IV деңгейлі партиялар: аймақтық партиялар тек аймақтық сайлауға қатысып, аймақтық партиялық жүйені қалыптастырады.
  • V деңгейлі партиялар: сайлауға қатыспайтын микроскопиялық деңгейдегі партия-көрермендер. Ұлыбританияда қазіргі таңда олардың саны 200-ге жуық.

Саяси партиялар

 

Консерваторлар  партиясы

 

Лейбористер партиясы

Консерваторлар  партиясы

 

Консервативтік партия – ұйымдық жағынан ХІХ ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Партияның ресми түстері – көк пен жасыл. Консервативтік партия – ұйымдық жағынан ХІХ ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Партияның ресми түстері – көк пен жасыл. Консерваторлар бағдарламасының басты тармақтары: әлеуметтік бағдарламаларды артық қаржыландыру мен мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту; мемлекеттік қаржыны барынша жауапкершілікпен жұмсау; жеке кәсіпкерлік пен дәстүрлік отбасылық құндылықтарды қорғау шараларын ынталандыру; Ұлыбританиядан Еуроодаққа өкілетті билікті беру туралы кез келген шешімді міндетті түрде референдумға шығару туралы заңды қабылдау. Кезекті сайлаудағы партияның басты ұраны “Өзгерістер уақыты” (“Time for Change”) деп аталады.

 

Партия басшысы  Дэвид Камерон

“Маргарет Тэтчер дәуірі”

 

       Экономика мен әлеуметтік саладағы  жаңа саясат «тэтчеризм» деген  атақ алды. Себебі, қатаң монетарлық  саясат, яғни айналымдағы ақща  көлемін шектеу, шығындарды азайту  саясаты басталды, бұл инфляцияны  азайтты, бірақ жұмыссыздықты  арттырды. Халықтың үштен бірі – жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.

        Мен басшылыққа бір ғана нақты ойлап тапқан мақсатпен келдім: ағылшын қоғамының біреудің асырауындағы толық бағынышты жағдайын сенімді болашақ іскер кәсіпкерлерге айналдыру, дәстүрлі «маған беріңізші, өтініш» деген жағдайдан «барлығын өзіміз жасаймыз» дейтін ұлтқа айналдыру, «күте тұрайық, артынан көре жатармыз» деген Англияның орнына «Оян, аяқ бас» дейтін Англияны қалыптастыру.

Джон  Мейджор өкілеттігі

 

         Джон Мейджор М.Тэтер бастаған курсты жалғастырды. Бірақ ол М.Тэтчерге қарағанда:

- либералдық ішкі саясатты жүргізуге көбірек көңіл бөлді;

- әлеуметтік бағдарламаларға көбірек мән берді;

- салықтар туралы заңның өзгеруіне және жан басына салынатын салықтан бас тартуды қолдады;

           Дж. Мейджор үлкен еңбегінің арқасында 1992 ж. парламенттік сайлауда жеңіске жетті (әйгілілейбористер жетекшісі Нейл Киннокты жеңіп шықты) және сол арқылы консерваторлардың өкілеттік кезеңін 1997 ж. дейін ұзартты. Бірақ 1997 ж. консерваторлар партиясы лейбористерден жеңіліс тапты.

Дэвид Камерон өкілеттігі

 

  • 2010 жылдың 6 маусымынан бастап Премьер-министр;
  • Ол либерал-демократтармен бірге билеуші коалицияны құратыны туралы жариялайды.
  • 2010 жылдың 12 маусымында Британия тарихында бірінші рет соғыстан кейінгі жылдары коалициялық үкімет құрылды. Либерал-демократтар жетекшісі Ник Клегг Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2010 жылы 5 қазанда Камерон сайлау алдында айтқан өзінің балалар күтіміне байланысты жәрдемақыны төлейтіні туралы уәдесін орындай алмағаны үшін өз сайлаушыларының алдында кешірім сұрады – жоғары кіріске ие 1,2 млнға жуық адам жәрдемақыдан айырылды.

Лейбористер партиясы

 

 Лейбористер партиясы ХХ ғасырдың басында солшыл бағыттағы жұмысшылар қозғалысы өкілдерінің белсенділігімен құрылған. Ағылшын тілінен аударғанда "labour" – "еңбек", "жұмысшы күш" деген мағына береді. Басты ұстанымдары: мемлекеттің экономикадағы рөлін сақтау; қоғамдық теңсіздікті жою; білім, денсаулық сақтау және жұмыссыздықпен күреске арналған әлеуметтік бағдарламаларды қолдау; төменгі таптың құқығын қорғау; белсенді еуропалық интеграцияға түсу. Кезекті сайлаудағы партия ұраны - "Әділетті болашақ барлығы үшін" ("Future fair for all")

Гордон Браун  өкілеттігі (2007-2010жж.)

 

2007ж 27 маусымда  ІІ Елизаветаның бұйрығымен елдің  премьер-министрі болып тағайындалды. Г.Браун өз қызметіне орналасқаннан  кейін, ресей-британ дипломатиялық  қатынастары нашарлады. 

2008 жылдың күзінде  басталған әлемдік қаржылық дағдарыс  кезіндегі Г.Браунның әрекетіне  сарапшылар дәл уақытында және  жемісті жасалған деген баға  берді. Банктік жүйені сақтауға  арналған шаралар, сонымен қатар  бизнес пен сұранысты ынталандыру  шаралары біріккен корольдікке  ЖІӨ көлемінің құлдырау қарқынын  бәсеңдетуге септігін тигізді. 

2010 ж. Г.Браун  бастаған Лейбористер партиясы  либерал-демократтар партиясымен  бірге жаңа үкімет құру туралы  келіссөздер жүргізуге кірісті.  Алайда оның сәтсіздікке ұшырауына  байланысты Г.Браун қызметтен  кететіні туралы Корлеваға арыз  жазады.

Либерал-демократтар  партиясы

 

Партия басшысы – Николас

Вильям Питер Клегг

 

            Либерал-демократиялық партия – Ұлыбританиядағы үлкендігі және саяси ықпалы бойынша үшінші орындағы партия. Партия 1988 жылы Либералдар партиясы мен Социал-демократтар партиясының бірігуі арқасында қалыптасқан. Партия басшысы Ник Клегг оңшыл көзқарасты ұстанады. Партияның негізгі бағдарламалары: экологиялықжәне проеуропалық бағдарламалар; Лордтар платасын қолдау; экономикаға мемлекеттің аздап араласуы. Консерваторлар мен лейбористерден айырмашылығы өз уақытында Ирак компанияларына Британияның араласуына қарсы болды және сол үшін елде қолдау тапты. Сайлау алды ұраны – "Біз үшін қызмет ететін өзгерістер: барынша әділетті Британияны" ("Change that works for you: building a fairer Britain").

Пайдаланған әдебиеттер

 

  •  http:/www.politex.info/content/view/517/30//
  • http://ria.ru/spravka/20100406/218657155.html
  • http://ru.euronews.com/tag/uk-candidate-nick-clegg/

 

Назар аударғандырыңызға  
РАХМЕТ!


Описание работы
Ұлыбританияда екі партиялық жүйе орнаған, яғни буржуаздық консервативтер партиясы мен солшыл лейбористер партиясы жоғары билікте алам-кезек бірін-бірі алмастырып отырады. Бірақ басқа партияларға тыйым салынбайды, алайда тек екеуі ғана билікке келуге қабілетті. Бипартизм тікелей дауыс беру арқылы сайланатын екі партияның біреуіне өзінен-өзі парламенттегі басым орынды иемденуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде парламенттік басқару тәртібінде үкіметтің тұрақтылығын кепілдендіріп, мемлекеттің "басқармалығын" арттырады. Жалпыұлттық деңгейде бұл екі партиядан басқа он шақты партия қызмет етеді. Қазіргі таңда Ұлыбритания партиялық жүйесін әрбір деңгейдегі партиялардың әркелкі статустары және функцияларына қарай 5 деңгейлі құрылым ретінде қарастыруға болады.
Содержание
содержание отсутствует