Егемендік

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:20, реферат

Описание работы

Ел тәуелсіздігінің жиырма жылы тұтас бір дәуір. Өйткені, осы бір тарихи жағынан алып қарағанда аз ғана уақыт ішінде басқа елдер мен халықтар тұтас жүз жылда бастан кешетін мейлінше қуатты, әрі мәні жағынан революциялық, қоғамдық түбегейлі өзгерістер болып өтті. Осындай бұлтарыс көп күрделі де тар жолда біз Қазақстанда егеменділіктің қалыптасуына қатысты мемлекеттік – құқықтық мәселелерді егжей-тегжей ой елегіне өткізуге ұмтыламыз.

Содержание

І тарау ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Егемендіктің жалпы теориясы

ІІ тарау ҚАЗАҚСТАНДА ЕГЕМЕНДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2.1 Қазақстанда мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы және кезеңдерге бөлінуі

2.2 Қазақстанның егемендік жолындағы конституциялық эволюциялары (дамуы)

ІІІ тарау ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3.1 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Егемендик.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

              Елдің ұстаған бағыты сан қырлы. Қазақстан Шығыстың даналығы мен Батыстың рационализмін бірдей қабылдайды. Ал Ресей – бейбітшілік қызметі мен әлеуметтік жаңаруларда республиканың стратегиялық серігі болып келді және қала береді. Қазақстан Республикасы, өз талабына қарай дербес шешіп жатқан экономикалық және саяси міндеттердің жаңашылдығы мен көлемі жаңа дәуірдің бірінші кезеңін айтарлықтай дәрежеде ұзаққа созып, күрделенуі мүмкін. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның негізгі қағидаларын дамыта отырып, конституциялық заң Қазақстан Республикасының алдағы уақытта барлық мемлекеттермен өзінің ара қатынасын тәуелсіз мемлекетке тән халықаралық құқық принциптері негізінде құратындығын жариялады. Сырттай алтын түрде көрінетін республиканың жаңа белгілерінің негізгі мәні республика егемендігін дәлелдеудің сөзсіз көрсеткіші болуынан ғана емес, Қазақстан мемлекеттігінің әлем халқы мен мемлекеттер қауымдастығы алдында ұлттық ынтымақтасу мен Қазақстан жеріндегі прогресс идеяларына адал болуды ресми түрде міндеттенетінін куәландыруынан да көрінеді. Егемендіктің сипаты одақтық мемлекеттің нақты тарихи кезеңдерінде кеңес федерациясындағы жалпы процестер мен бағыттар арқылы анықталып отыр. Қазақстан Республикасының алдағы уақытта барлық мемлекеттермен өзінің ара қатынасын тәуелсіз мемлекетке тән халықаралық құқық принциптері негізінде құратындығын жариялады.

 

ІІІ тарау ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3.1 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

      Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз;  жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады.  Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. Өркениеттер,  мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды.  Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды.  Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді.2010 жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақыларын және жоғары оқу орындары студенттерінің стипендияларын арттыру басталды.  Қазақстанның қазіргі саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:

-         мемлекеттік мүддені қорғау;

-         елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

-         әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

-         ғаламдық және аймақтық, интеграциялық процестерге белсене қатысу;

-         халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

   Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатыннасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізеді. Сондықтан көршілес мемлекеттермен өзара қатынастардың болуының мәні зор.

  Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтарығ айналадағы ортаны қорғауғ дамыту және тіл мәселесән шешу т.б.

ҚОРЫТЫНДЫ

     Қазақстан Республикасы үшін егеменділіктің Конституциялық құқықтық аспектілері мемлекеттік тәуелділікті иеленген жағдайда ғана ерекше маңыздыққа ие болады.

              Қазақстан Республикасының егемендігінің жалғыз ғана субъектісі – ол Қазақстан халқы, елдегі мемлекеттік биліктің жалғыз ғана қайнар көзі. Осыған байланысты Республика Конституциясының негізгі бастауы болып – халық егеменділік қағидасы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің қайнар көзі Республика халқы дегенді білдіреді. Халықтың еркін білдіру жолымен мемлекеттің жоғарғы органдары және оның басшылары мемлекеттік билікті иеленуші болуына қарамастан, халық мемлекеттік егемендігін шынайы сақтаушы болып қалады.

              Егемендік Мемлекеттің мәні мен ұйтқысы, өйткені ол билікті, халықты және аумақты біріктіреді. Осы тұрғыдан егемендік өзінен-өзі туындайтын және тұтастықты құрайтын жүйе болып табылады.

              Егемендік жалпы теориясы негізінің ретроспекциясы оның қағидаларының қоғамдағы жоғарғы билікті ұстанушы мен жүзеге асыру арқылы салынады. Осыған байланысты «монарх егемендігінің», «халық егемендігінің», «мемлекет егемендігінің» идеялары дамиды.

                            Егеменді Қазақстанның бүгінгі қалыптасуы этнополитогенездің үздіксіз процесінде оның мемлекеттігінің өткеніне, бүгінгі күніне және болашағына ара-қатынасы болып табылады.

              Республика егемендігінің Заң жүзінде орнығу кезінің бастамасын 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы ашты».

              Қазақстан қоғамының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жаңарулар туралы негізгі ойларын жинақтаған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясының жобасын дайындау жұмыстары басталды. Қазақстан басқа Одақтас республикалардың саясатымен салыстырғанда, өзінің мемлекеттік дамуында саналы түрде орталықтану бағытын, тұрақты түрде жүргізіп отырғанымен, 1991 жылы тамыз айында КСРО Президентін Конституцияда көрсетілмеген жағдайда биліктен босатқан мемлекеттік төңкерістің сәтсіздікке ұшырауынан кейін бұл ұмтылысын ұстамды түрде орталықтан алшақтау бағытына ауыстырды.

              Егемендік құқық пен оны қолдану дәрежесі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті Конституцияға және ерікті мондат күшіне сай, олардың басым көпшілігін иемденіп, демократиялық қоғамға сай, дербес түрде, бақылаусыз жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Зиманов С.З. Одақтық келісім шарт және республиканың егемендігі.

Алматы. 1997.

2. Котов А.К. Егеменді Қазақстан: Азамат, ұлт, халық. Алматы. 1997.

3. Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995ж. 30 тамыз.

4. Назарбаев Н.А. Стратегия становленияеи развития Казахстана как суверенного государства. Алматы. 1998.

5. Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К. «Қазақстан Республикасы егемендігінің қалыптасуы». Алматы. 1995.

6. Тайтолеуов Н.С. егеменді республиканың қалыптасу кезеңдері.

Алматы. 2004ж.

7.. Жамбылов Д. Қазақ метналитетіндегі еркіндік пен тәуелсіздік идеялары.// Саясат,2002.№5

8. www. egemenkaz.kz

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Егемендік