Қазақстандағы қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қоғамдағы орны

Дата добавления: 24 Ноября 2011 в 12:49
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (25.43 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Kog uiym.doc

  —  101.50 Кб

ЖОСПАР

  КІРІСПЕ

  НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 
    2.1.  Қазақстандағы қоғамдық  саяси ұйымдар мен қозғалыстардың  қоғамдағы орны. 
    2.2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.

  ҚОРЫТЫНДЫ

  Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

     Саяси қоғамдық ұйымдарға  халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. 
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. 
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. 
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. 
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: 
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. 
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар. 
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). 
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

     Көпшілік  ұйымдардың ішінде айрықша көзге  түсетіні-кәсіподақтар. 
Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда  ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының  көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың  саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.

    Қоғамның  саяси жүйесіне кіретін саяси  партиялар мен ықпалды топтардың  іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.

    Көп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір  тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің  ойынша көп партиялылықты шұғыл  енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.

    Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан  құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл  жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде  Президент Н.Ә.Назарбаев «… Басшы  партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады» [1], – деп ашық айтуы бекер емес.

    Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т.б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т.б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» – деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.

    Саясатқа  еркін араласудың алғы шарттарының  тағы бірі – саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси  мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т.б.) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т.б.

    Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.

    Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? – деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36,5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді. Солтүстік және Шығыс аймақ өкілдері Оңтүстік және Батыс аймақ өкілдерімен салыстырғанда саяси партия бағдарламаларымен көбірек таныс. Ал партиялар мүшелерінің ұлттық белгілері де сондай екені белгілі болып отыр.

    Саяси партиялар мен қозғалыстар өз іс әрекеттерінде жалпы ұлттық, мемлекеттік  мүдделерді ескеруі негізінде ғана түрлі этникалық топтардың жарасымын  нығайтуға тиісті үлес қоса алады. Осы ретте көп партиялық жүйе туралы екі түрлі пікір барын нәрсе деуге де, тек қана жағымсыз, жаман болмайтын сияқты. Әрине, партиялық жүйе түптеп келгенде қоғамның тепе-теңдік жағдайына жетуге жәрдемдеседі, яғни азаматтардың өз пікірлері мен талпыныстарын білдіруге, олардың саяси өмірге араласуына, сөйтіп саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен сиысып жұмыс істеуіне, өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар көп партиялық өтпелі кезеңде, әсіресе дағдарыстар етек алған жағдайда, қоғамның әлеуметтік және этникалық топтары арасында алауыздыққа, қоғам мүшелерінің партиягершілдік жолға түсіп, өзара араздасуына итермелеуі ықтимал. Мысалы, Қазақстанда «Алаш» қозғалысы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұран тастаса, Ресейде Либерал-демократиялық партия өз лидерлері В.В.Жириновскийдің басшылығымен бұрынғы империялық саясатқа қайта оралуға шақырғаны мәлім. Ал, мұның өзі мемлекет пен мемлекет арасында, ұлттар арасында сенімсіздік пиғылдардың тууына апаруы да мүмкін. Осының бәрін саяси жүйе басшылығында отырған элита ескереді. Сөйтіп қандай бір партия немесе саяси қозғалыс болмасын қоғамның саяси жүйесінен өз бағасын, өз орнын алады. Ол ең алдымен электоратқа байланысты. Сайлаушылар қай партияны, қай қозғалысты жақтап дауыс беруіне қарай олардың қоғамда алатын орны анықталады [3].

    Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың  мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңбердегі партиялық саясат үстемдік етсе, қазір  қоғам дамуынан одан да шектелген  номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Содан да болар, С.Хангельдин «Саяси тәуелсіздік бар ма бізде? Ол да күмәнді. Біз өзіміздің әр қадамымызды теріскейдегі көршіміздің ыңғайына қарай реттейміз. Бұл бұлжымас дағдыға айналды» [5], – дейді. Оның бұл пікірі, біздіңше, тым ұшқары. Дегенмен, біздіңше, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек.

    Ол үшін: 1. Қоғамның саяси жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің залалды ықпал да болмай тұрмайды. Егер елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде бір айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей тұрып, факторларды зерттеп, тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.

    2. Саяси жүйе қоғамның тепе-теңдік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерінің  нашарлау көріністерін дер кезінде  байқап, оларды қалпына келтіруге және нығайтуға бағытталған шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси әлеуметтік және этникалық топтар, жалпы халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси және әлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.

    2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады.

    Зерттеулер  қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады: Саясатпен еркін және белсенді араласатындар. Олар әр деңгейде өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап отырады (25%); Саясатты түсінуге ынталы. Бірақ әлі еркін іс-әрекетке бара қоймағандар (57%); Саясатта не болып жатқанын түсіну мүмкін емес дейтіндер, саясатқа араласудан өзін аулақ ұстайтындар (18%).

    Бұдан көріп отырғанымыздай, Қазақстан  азаматтарының басым көпшілігінің саяси еркіндігі жоғары (82%). Селқос қарайтындары – 18%.

    Зерттеулер  көрсеткеніндей, қоғамдағы ақын, жазушы, жалпы зиялы қауым атаулы әлеуметтік топтағылардың саяси белсенділігі жоғары деуге келмейді. Қазақстан азаматтарының жалпыұлттық деңгейден гөрі жергілікті деңгейде саясатқа қатысуының жоғары екендігін көреміз. Бірақ жергілікті деңгейдегі өзін-өзі басқару институттарының жоқтығы, азаматтарды жалпыұлттық деңгейде қатысуда енжарлық көрсетуге алып келеді. Мамандардың зерттеуінше, азаматтық қоғам институттарының жеткілікті бекітілмеуі; мемлекеттік ұйымдардың ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс жасауға тырыспауы; ҮЕҰ-ның әлсіздігі; азаматтық қоғам құру тәжірибесінің жоқтығы; патернализм – осының бәрі азаматтар еркіндігі мен белсенділігінің төмендігіне әсер етеді. 
       Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия,  Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды «жауапты» кәсіпорын дейді.  
Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға  да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді. 
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайндау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі. 
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:  
1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы. 
2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. 
3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру. 
Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі. 
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.  
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады. 
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. 
Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды. 
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан». 
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады. 
Қоғамдық құрылысқа қатынасына  қарай саяси қозғалыстар: 
Консервативтік. 
Реформистік. 
Революциялық. 
Контрреволюцялық  болып бөлінеді. 
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: 
1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:                             
2.Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы: 
3.Дамыыған жұмыс кезеңі: 
4.Саяси  қозғалыстың өшу сатысы. 
Қоғамдық  қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің  негізінде құралады және  жұмыс істейді. Онда қатаң  айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар: 
Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. 
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары. 
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т.с.с.          

Страницы:12следующая →
Описание работы
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар.
Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Содержание
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қазақстандағы қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қоғамдағы орны.
2.2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер