Жүсіп Баласағұн Жүсіп Баласағұн

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:13, задача

Описание работы

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 59.27 Кб (Скачать)

Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.

Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық  және құндылықтық бағдары Ислам  діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Ахлақ – мұсылманның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Ахлақ – мұсылманның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасайтын адам. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.

Дұға оқып, «Сақта» деп хан жалынды, 
Қолын жайып, Жаратқанға табынды ... 
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп, 
Үміттеніп, шарапаты тиер деп –  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 145 б.).

Бұл – Құдайға құлшылық етудің шынайы жүректен шығып, кіршіксіз амалмен іске асатындығы туралы ойшылдың шынайы сенімінен туындаған ой. Жаратушыға деген сүйіспеншілік пенденің ниеті мен амал-әрекетінен туатындығы айдан анық. Ниет тазалығы және амалдың айқындылығы құлшылықтың мәні мен мағынасын байытып, мұсылманның иманын күшейтеді. Ниет – адам пейіліндегі мақсат. Құлшылық атаулының қабыл етілуі ниетке байланысты. Дін құлшылық пен ғибадатты қажет етеді.

Бек кісіге – керек ұят, ақыл, ар, 
Зұлмат күш жоқ, ақыл – арды жапырар. 
Ұяты бар адамдар пәк, момын да, 
Ұятты іске тигізбейді қолын да. 
Кімге тәңір берсе ұят, намысты, 
Оған қоса бергені құт, даңқты!  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 54 б.).

Баласағұн шығармашылығына тән ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады.

Ар-ұят  – бұл адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылылықтың негізі. Жаратушыдан қорыққан адам жамандыққа, арсыздыққа, рухсыздыққа, намыссыздыққа, көргенсіздікке алып баратын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі бекер емес. Ал дана халқымыздың «Жаным арымның, малым жанымның садағасы» деген өмір мәндік ұстанымы мен рухани құндылық тұғырының тамыры тереңде жатыр. Хадисте: «Ұят –иманнан» делінген. Қазақы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, сыпайлық пен сыйластықтың қайнар көзі Ислам ілімі мен мәдениетінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік ұстанымның тұғыры Ислам мәдениеті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. Қазақ болмысын және оның рухани әлемін, мінез-құлқын зерттеуде Ислам құндылықтарын назарда ұстауымыз қажет.

Әрбір адамның өзі жасаған кемшіліктері мен күнәлары үшін өзінің ары алдында және қоршаған ортасынан ұялмаса, онда адам баласын күнәлі істерден тыю мүмкін болмас еді. Әдепті адам адамдармен ізгі қарым-қатынаста болып, өзінің адами абыройын асқақтатады. Арлы адам келеңсіз іс-әрекет пен жағымсыз мінездерден алыс жүріп, ұнамсыз іс-әрекет жасап қойса өкініп, болашақ іс-әрекетінде ұнамсыз іс-әрекет жасаудан сақтанып жүреді. Парасатты адамға білместіктен жасаған қателіктері үшін ұялу тән. Ал арсыз адам қатесі мен күнәсі үшін еш қысылмайды. Арлы адам болса ар-ұжданын өмірлік ұстаным ретінде, азаматтық мұрат ретінде қастерлейді.

Ислам ілімі бойынша ар мен ұят адам болмысын ұнамсыз және дертті мінез-құлықтардан сақтайтын қорған. Ислам мәдениетінде адам баласы өзі жасауға мәжбүрлі болған күнәлі істерін адамдарға айтып жария етуі дұрыс емес, адамның жасаған күнәсінің сыры Аллаһ пен адам арасында сақталады. Сондықтан да күнәлі істің адамның өзінде ғана сақталуы бұл ұнамсыз мінез-қылықтардың басқалар үшін үлгі болмауы үшін қажет. Хадисте «Ұялмаған соң білгеніңді істе» делінген. Адам баласында ұят сезімі болмаса, ол арсыз, намыссыз болады. Адамзат баласы үшін ұят сезімі басты қасиет болып табылады. Ислам ахлағында ұялудың екі түрі айқындалған, Жаратушыдан ұялу, өзі сынды пенделерден ұялу.

Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады.

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, 
Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! 
Біліммен ер басын алып жүреді, 
Ал, білімсіз басын оққа тігеді. 
Білім алып, биіктей бер адам бол, 
Ел ішінде мал атанған надан мол 
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 115-116 б.).

«Құтты  білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

Құран кәрімде ілім-білім деген сөздер сегіз жүзден аса кездеседі, Алғашқы түскен аят «Оқы» деп басталады. Алғашқы түскен бес аятта Құранның даналығын оқып білу, ұғыну және жаратылған дүниенің құпия сырын ашып білу керектігі көрсетіледі. Құранда: «Аллаһ сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп көрсетіледі (Әл-Мужәдәлә, 11). Ислам діні мен өркениеті мұсылманның ғылым-білімге ұмтылуын парыз және құндылық ретінде қарастырады. Дана халқымыз да «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деп білім мен ғылымды жоғары бағалаған.

Орта  ғасырлық мұсылмандық ренессанс  құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ.И Сәтбаев атындығы

№7 мектеп-лицейі

 

 

 

Реферат     

Тақырыбы: «Жүсіп Баласағұн және         

Құтты білік еңбегі»

 

 

                           Орындаған: 9 «д» сынып оқушысы Асхат А.

                          Қабылдағын:дін тану пәнінің мұғалімі  

 

Моя идеальная школа.

Я хотел бы иметь свою идеальную школу в центре города, но около большого парка так, чтобы  студенты могли пойти туда после  обеда, чтобы расслабиться. также  была бы кофейная, где мы могли собраться  во время разрывов. у моей школы ould также есть компьютеры во всех комнатах класса. Другой вещью была бы музыкальная студия, где мы могли играть и записать музыку.

Студенты изучили бы все  обычные предметы, такие как математика, наука и иностранные языки.  однако, были бы некоторые новые дополнительные предметы, например, уроки по вождению, кулинария или самозащита.  кроме того, у всех студентов были бы некоторые свободные уроки, чтобы сделать самостоятельные исследования или домашнюю работу.

Так же как предметы на расписании, были бы многие после школьных клубов, таких как шахматы, драма, фотография и спортивные состязания. были бы регулярные поездки в места как музей и картинные галереи также. чтобы подвести итог, я думаю, что у моей школы было бы хорошее разнообразие действий - что-то для всех. это - конечно, место, в которое я хотел бы пойти!


Информация о работе Жүсіп Баласағұн Жүсіп Баласағұн