Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 23:38, курсовая работа

Описание работы

1. Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .
2. Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 31.95 Кб (Скачать)

 Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.  

2-сұрақ. Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.

 Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.

 Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.

Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік.

Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.

 І кезең – 1991-1992 жж.; ІІ кезең – 1193-1995 жж.; ІІІ кезең – 1996-1998 жж.

 Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:

· Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;

 · Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.

Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.

 Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.

Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:

 Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;

 Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

 Акцияларды ашық сату.

2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.

 Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:

 Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);

 ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

 3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.

ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын , барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.

 Қосымша ақпарат. 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жекешелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.

Информация о работе Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары