Сүйемін туған тілім – анам тілім

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 16:54, реферат

Описание работы

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұры, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып, үйренеді. Яғни, ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей таза тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталды. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын, бар байлығын, көркемдік қуатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші. Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады.

Работа содержит 1 файл

bookcont.doc

— 36.00 Кб (Скачать)

      Сүйемін туған тілім –  анам тілім

      Жаппарова Арайлым

      №49 Ш.Уәлиханов

      атындағы  орта мектебінің

      10-сынып  окушысы

      Сайрам  ауданы

      «Сүйемін  туған тілім - анам тілін,

      Бесікте жатканымда-ақ берген білім.

      Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

      Құлағыма  сіңірген таныс үнін,

      С.Торайғыров

      Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұры, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып, үйренеді. Яғни, ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей таза тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталды. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын, бар байлығын, көркемдік қуатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші. Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілін арқылы оқып, білім алады, өз отбасында тәрбиеленеді. Ана тілінде халқымыздын өрісін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі - халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың дүниеге келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілі ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәрбие алмаған халықтың келешегі жоқ. Себебі ол халық біртіндеп тарих сахнасынан шығып қалады.

      Өз  ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айырылған халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.

      Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылыл, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді? Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халық қажет. Ал мәдениет пен тіл, тек белгілі-бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.

      Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті. Мұралардың ең қымбаты - тіл.

      Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір  мемлекет ішінде неше түрлі халық болуы мүмкін. Әр халықтың өз тілі бар. Олар өз ана тілінде, ана тілі мен қатар сол мемлекет ішінде көп тараған басқа бірді-екілі тілдерде де сөйлеуі мүмкін.

      Сол сияқты біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі өзінің даласындай кең, жалпақ тіл. Әлемдегі ең сұлу тіл - қазақ тілі. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі казақ тілі - кез-келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Оған дүние жүзі ойшылдарының озық мәдениетінің үлгілері, мысалы, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Крылов, Гоголь, Гюго, Шекспир, Шиллер, Бальзак т.б шығармаларын өз тілімізде оқи алуымыз куә. Мұның барлығы қазақ тілінің жұмсалу аясының кеңдігін, қоғамдық қызметінің шарықтап өскенін аңғартады.

      Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына енеді. Түркі тілінде сөйлейтін отызға жуық тілдер бар. Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндері де бар. Қазақ тілі - ұрпақтан-ұрпақка, атадан-балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың талай-талай ардагер қайраткерлерінің жыр арқауына айналған.

      Әр  халық өз ана тілін анасындай жақсы көруі тиіс. Ана тілі... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал, ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауысу мүмкін емес. Бала кезінде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында ғана дариды.

      Балалық адамның ең бір сүйікті шағы ғана емес, балалық шақ _ болашақ өміріңнің беташар баспалдағы да. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналандағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқыңның мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңнен басталады.

      Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, оларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған жан-пақыр, күлкіге ұшырайтын адам.

      Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тілі болса да, көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны, жасырын емес. Қазір көптеген жастарымыз тілді шұбарлап, ана тілімізде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К.Г.Паустовский: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік», - деген сөзі ойыңа оралады. «Көш жүре түзелер» дегендей, бәрі түзелер. Әйтсе де өз тілімізді ұмытпағанымыз дұрыс.

Алтынай: Міне,қайта  оралған жұтамас байлығымызды,жойылмас үшін қазынамызды қолымыздан шығармай ардақтап,қастерлей білейік. Өйткені «Тіл- халықтың жаны» дейді ғой. Тілімізді шұбырлап,басқа тілмен сөйлесек, онда халқымыздың жанын жаралағанымыз.  

Мейірбек: Сондықтан  мен елім,жерім деп есілген  әрбір азаматты,болашақ жас ұрпақты өз тілін құрметтеуге, ана сүтіндей қастерлеп,ардақтауға шақырамын.  Әсіресе бұл сөзімді ұстаздар қауымына арнағым келеді. Себебі, ана тілі- шәкіртке білім мен тәлім-тәрбие берудің басты тірегі, қаруы десек те болады.

Сабақтың барысы:

  Алтынай: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпақтыға батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай, барлық  жиған сөз байлығын, күй мен жырын  бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де қымбат мұра, бай қазынаны, соның ішінде ана тілімізді аса қадірлеп,аялай білейік. 

                                           Туған тілім тірлігімнің айғағы                 

 Тілім  барда айтылар сыр ойдағы

                                           Өссе тілім мен де бірге  өсемін  

 Өшше  тілім мен де бірге өшемін.

Мейірбек: О туған  тіл Жас Ұрпақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы ды сенде. Анаға  қарап қыз өссе, әкеге қарап  ұл өсер жарық дүниеге жар сала келген сәби ана сүтімен ауызданып, ана тілі 

Информация о работе Сүйемін туған тілім – анам тілім