Ұлыттық брентд

Дата добавления: 28 Февраля 2012 в 11:26
Автор: S************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (27.34 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ұлттық бренд.docx

  —  29.79 Кб

                                             Жоспары:

                

    1. Кіріспе бөлім.

 

    1. Негізгі бөлім: 1. Бренд ұғымының қалыптасуы.

                               2.Әр елдің ұлттық нышандарының  бренд                                    ретінде танылуы және қазаққа  тән ұғымдар.

                                          

    1. Қорытынды бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Ұлттық бренд.

 

 

 

 

           "Бренд" деген сөздi қайсыбiр қарапайым оқырман түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол – бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағысын тағы болуы мүмкiн. Бұл – ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қаламыз деген сөз емес. Егер мақтанарлық жағдайы болса, ол қанша болса сонша бола алады. Дегенмен солардың арасында барша жұрт қабылдаған шоқтығы биiк дара бiреуi болуы қажет. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек.

 

 

 

Бүгінде бренд ұғымы тек экономика, тауарлық белгі, сауда үлгісінен бөлек ұғымдарда кеңінен пайдаланылады. Мемлекет беделін құру, өлшеу және басқаруды мақсат тұтқан ұлттық брендинг түсінігі де қоғамның барлық  салаларына енуде. Сондықтан ұлттық брендинг пен мемлекеттің ұлттық имиджі ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста.

Енді кейбір мемлекеттердің ұлттық нышандарын бренд ретінде қалыптасу себептеріне тоқталсақ.

Франция:

-         галл әтешінің себептері;

-         араны пайдалану себептері (Наполеон Францияның символы ретінде арабейнесін таңдаған);

-         Эйфель мұнарасы;

-         лотарингтік крест себептері;

-         француздық брендингтегі иіссу, парфюмерия мен косметика, француз асханасы.

Германия:

-         Саксонияның ежелгі нышаны - жылқы;

-         Германияның дәстүрлі нышаны - қыран;

-         ежелгі германдықтардың өмір және сенім нышаны - емен;

-         Бремен музыканттары, Рюбецаль секілді неміс ертегілерінің кейіпкерлері;

-         германдық асхана.

Ұлыбритания:

-         Англияның бірінші елтаңбасында пайда болған - арыстан;

-         ағылшын иттерінің арасындағы танымал түрі - бульдог;

-         Биг-Бен;

-         «Виктория» фрегаты (адмирал Нельсонның флагмандық кемесі);

-         мифтік себептер - Қасиетті Грааль және Дөңгелек үстел рыцарьлары, сиқыршы Мэрлин мен жезтырнақтар.

Америка Құрама Штаттары:

-     қыран (Германия, Ресей және Польшамен салыстырғанда, американдық қыран тек жай ғана геральдикалық белгі емес, ол сонымен бірге үндістік тотем);

-     бостандық Колоколы (Филадельфияда орналасқан бұл орында 1776 жылдың 4 шілдесінде тәуелсіздік Декларациясының қабылданғандығы туралы хабарланды);

-     Бостандық ескерткіші;

-     есек пен піл (демократиялық және республикалық партиялардың ресми емес таңбалары);

-     ковбой (Қараңыз: Пименов П.А. Основы рекламы. - М.: Гардарики, 2006. - С. 106-109.)

Батыстың дамыған төрт мемлекетінің ұлттық брендтеріне қысқаша шолу арқылы, еліміздің ұлттық идеясының көрсеткіштері ретінде қалыптасқан өзіміздің нышандарымыздыұлттық бренд тұрғысынан қарастырып көрейік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 бабы бойынша: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді». Демек, Ту мен Елтаңбада бейнеленген ұлттық ою-өрнек, қыран, көк түс, шаңырақ (отбасының нышаны), пырақ мемлекетіміздің басты нышандары ретінде есептеледі. Сондықтан еліміздің ұлттық брендтері төмендегідей деп есептейміз:

-     Қазақстанның азаттық символы - Алтын адам;

-     танымал сақ ғұламасы - Анахарсис (ол туралы жазбалар Геродот, Платон, Аристотель, Плутарх еңбектерінде ұшырасады; Афины реформаторы Солонмен достық қарым-қатынаста болған);

-     парсы патшасы Кирдың басын алған сақ патшайымы - Томирис;

-     әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби;

-     Арыстан баб, Қожа-Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелері;

-     күллі түркі халықтарының ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі саналатынҚорқыт атаескерткіші;

-     шығыстың қос жұлдызы атанған - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова;

-    М. Әуезовтың әлемге танымал«Абай жолы» роман-эпопеясы (эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылып, «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында жарық көрді);

-    барыс (қазақ барыстың тектілігін, батылдығын пір тұтады; Алматы және Астана қалаларының таңбаларында бейнеленген);

-     көшпелі мәдениеттің белгісі - киіз үй;

-     ұлттық киімдеріміз - шапан, сәукеле, тақия және т.б.;

-     ұлттық музыкалық аспаптарымыз – домбыра мен қобыз;

-     бүкіл әлем таныған өнер - айтыс;

-     ұлттық спорт ойыны - көкпар;

-     елордамыз - Астана қаласы және Ақорда;

-     Астана қаласындағы «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументі және Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі;

-     ғылыми-техникалық прогрестің белгісі - Байқоңыр ғарыш айлағы (алғашқы жер серігінің ұшуы, адамзат тарихында тұңғыш рет адамның ғарышқа аттануы, ғарыш саяхатшысының тұңғыш сапары осы ғарыш айлағында өтті);

-   қазақ халқының ескі көшпенді өмірін көрсететін – «Көшпенділер» фильмі;

- жасанды мұз айдыны бар әлемдегі ең ірі «Медеу» спорт кешені;

- дүние жүзіне танымал демалыс орындары - Шымбұлақ, Бурабайжәне т.б.;

- географиялық орналасу себептері - Каспий теңізі, Алатау.

            Қорытындылай келе мықты ұлттық брендинг қуатты Қазақстанды көрсетеді. Елімізді өзгелерге танытатын басқа да құндылықтарды қалыптастыру барысында бренд түсінігімен байланыстырған абзал деп ойлаймыз. Ұлттық бренд - мемлекетіміздің ұлттық идеологияға қаншалықты көңіл бөліп отырғандығына тәуелді. Ұлттық идеология жолға қойылса, ұлттық бренд те қалыптасады. Ұлттық бренд қалыптасса, қазақ деген ұлттың келбеті домбыра, қобыз, киіз үй, асық, Яссауи кешені тәрізді қаншама құнды да қастерлі ұлттық кәдесыйларымыз бірте-бірте әлемге танылады. Мысалы, өзбектердiң ала тақиясы, қырғыздардың айыр қалпағы. Қанша қоғам ауысып, қаншама қызыл қырғын мен қуғын-сүргiн болса да, қанша жерден "ер басына күн туып, етiгiмен су кешсе де" көршiлес осы ағайындар бас киiмдерiне ие болып қалды. Бас киiмiңе ие болу деген сөз – басыңа ие болу деген сөз. Басқаның жетегiнде кетпей, басына ие болған елдiң болашағы кемел болмақ.


Описание работы
"Бренд" деген сөздi қайсыбiр қарапайым оқырман түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. О
Содержание
Кіріспе бөлім.

Негізгі бөлім: 1. Бренд ұғымының қалыптасуы.
2.Әр елдің ұлттық нышандарының бренд ретінде танылуы және қазаққа тән ұғымдар.

Қорытынды бөлім.