Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 13:13, реферат

Описание работы

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.

Работа содержит 1 файл

фольклордын теги мен жанрына карай жиктеу.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

Б.Абылқасымов бұл жинақта М.Дүйсеновтің  «Фольклор ма, әдебиет пе?» деген  мақаласындағы (Қазақ әдебиеті, 1971, 2 июль) ойды қайта қозғап, бүгінгі күнде бұл ұғымдардың өзіндік ерекшелігімен қабылдануына қол жеткізілді.

Фольклортанушы ғалымдар ұжымдық  монографиялар дайындаумен бірге  жеке зерттеулермен де айналысып, фольклордың  түрлі жанрындағы типологиялық ұқсастықтар  мен ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын еңбектерді жарыққа шығарды. Мәселен, Е.Д.Тұрсынов «Генезис казахской бытовой сказки» (1973), «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» (1976); Б.  Уахатов  «Қазақтың халық өлеңдері» (1974),  «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы» (1983); Р.Бердібаев «Қазақ эпосы»  (1982), Б.Әзібаева «Казахские  народные романические дастаны» (1990), т.б. кітаптар жарияланды.

С.А.Қасқабасовтың «Казахская волшебная  сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984),  «Казахская несказочная проза» (1990) атты кітаптары   фольклорлық жанрлардың типологиялық және стадиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған. Мәселен, ғалым «Қазақтың халық прозасында» қазақ фольклорындағы миф ұғымымен европалық түсініктегі мифтің бірдей еместігін, т.б. осындай айырмашылықтарды саралап,  талдаған. Ғалымның бұл кітабы Қазақ ССР ҒА Төралқа шешімімен Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды. Ал, 1992 жылы Президент  Жарлығымен «Казахская несказочная проза» кітабы үшін әдебиет, өнер және архитектура салаларындағы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін  фольклордың идеологиялық қызметі  ашық түрде зерттеле бастады. Жазықсыз «халық жауы» атанған фольклортанушы ғалымдардың еңбектері зерттеліп, ғылыми айналымға қосылды. Батырлық және тарихи жырлардың арасында ұлттық идеологияға байланысты айтылмай, зерттелмей қалған «Едіге батыр», «Шора батыр» эпостары да арнайы зерттеулердің нысанына алынды. Бұл кезеңде де, әрине, фольклорист ғалымдардың жинаған материалдары жинақ болып шығып жатты. Мәселен, В.В.Радловтың қазақ фольклорына қатысты жинаған мәтіндері «Алтын сандық» (1991) және «Ел қазынасы – ескі сөз» (1994) деген тақырыптармен алғашқы жарияланым бойынша жарық көрді. 

«Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993) атты ұжымдық жинақта халықтың әр дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, наным-сенімімен тығыз байланыста өрбитіндігі жан-жақты зерделенген. Бұл кітапта архаикалық, классикалық, романдық және реальды-тарихи эпостардың ерекшеліктері мен олардағы тарихи шындықтың бейнеленуі, арақатынасы зерттелген.

Фольклорлық поэтика, әрине, әр жылғы  зерттеулерде сөз болған. Дегенмен  «Қазақ фольклорының поэтикасы» атты (2001) атты ұжымдық монография  оны ауқымды әрі мақсатты түрде тереңінен зерттеді. Бұл ұжымдық монографияда эпос поэтикасының түрлі қырлары: фольклорлық шығармалардың сюжеттік және композициялық құрылымы, кейіпкерлерді суреттеудің тәсілдері, анимистік, тотемдік, магиялық нанымдардың көркем фольклорда өзгеріске түсіп, қолданылу ерекшелігі, тұтастану құбылысының сипаттары мен түрлері, т.б. зерттеулер қамтылған.

Он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы»  кітабының фольклорлық кезеңіне арналған бірінші томы  (2008) қазақ фольклорының тарихын зерттеуге арналды. Алдыңғы «Қазақ әдебиетінің тарихымен» салыстырғандағы өзгерістер: фольклор тарихы әдебиет тарихынан іргесін ажыратқан, қазақ фольклорының статусы мен теориялық негіздері айқындалған.  Атап айтқанда: фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра, фольклор −  тұрмыстың бір бөлшегі, фольклор  сөз өнері ретінде қарастырылды.

Ұжымдық еңбек «Ежелгі замандағы рухани мәдениет», «Орта ғасырлардағы фольклор», «Жаңа дәуірдегі фольклор»  деген үш бөлімге бөлініп, жанрлар тарихи-стадиялық даму тұрғысынан   зерттелген. Мәселен, қазақ хандығы тұсындағы фольклор құрамында қаралған кейбір жанрлар сол заманда тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дәуірдің» де біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып, көркемделіп  дамуын  XVIII-XIX жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, XX ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда, жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы жанрлардың өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылған. Сондықтан «Кітаптың мақсаты – ұлттық фольклорымыздың даму жолдарын көрсету, оның жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін айқындау» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. I-том. Алматы, 2008, 16-б.) болған. 

Фольклортану бөлімі 2006-2008 жылдар аралығында «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі  фольклорлық дәстүр» атты іргелі зерттеу бойынша жұмыс атқарды.  Соның нәтижесінде «Қазіргі әдебиет және фольклор» атты ұжымдық монография жарық көрді. Оның «Қазіргі поэзия және фольклор», «Қазіргі прозадағы фольклорлық дәстүр», «Бүгінгі драматургиядағы  фольклорлық сарындар» атты үш бөлімінде фольклор мен әдебиеттің  генетикалық, оппозициялық, үндестік байланыстарының қолданыс ерекшеліктері зерттелді. Бұл зерттеу тәуелсіздік тұсында жазылған көркем шығармаларды ғылыми нысан етіп алуымен ерекшеленеді.   Ұлттық әдебиеттің даму жолында фольклордың рөлі, көркемдік сапасына ықпалы, т.б. ерекшеліктері әлем мәдениетінің дамуындағы басты заңдылықтардың негізінде тексерілді.

Қаламгерлердің фольклордан үйрену, меңгеру, сіңдіру, қайта жаңғырту үдерістеріндегі  даралық қолтаңбасы айқындалды.

Фольклортанушы ғалымдар ұжымдық  монографиялар дайындаумен қатар  жеке зерттеу еңбектерін де жарыққа  шығарды. Б. Абылқасымов қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклорына арналған «Телқоңыр» (1993), Ш.Ыбыраев «Эпос әлемі» (1993); К.Ісләмжанұлы «Рухани уыз» (1995), Ш.Керім «Қазақ жұмбағы» (1999),  Б.Әзібаева «Казахский дастанный эпос» (1998) атты еңбектерін тарихи-типологиялық, тарихи-генетикалық зерттеуге арнады.

Соңғы он жылда С.А.Қасқабасов әр жылғы  зерттеулері топтастырылған «Елзерде» (Алматы, 2008), «Алтын жылға.  Зерттеулер мен мақалалар», т.б.  жинақтар шығарды. Сондай-ақ академиктің 70-жылдық мерейтойына арналған  «Заман және руханият» кітабы шықты. Мұнда алыс және жақын шетелдік ғалымдардың фольклортану мен әдебиеттануға байланысты зерттеулері енгізілген.  Ал, «Ой-сана» кітабында ғалымның әр жылдары түрлі басылым беттерінде жарық көрген сұхбаттары қамтылған.

С.А.Қасқабасовтың «Президент және мәдени мұра» кітабында  «Президент назарында – Мәдени мұра», «Мәдени мұра – рухани жаңғырудың негізі», «Ұлт мұрасын ұрпаққа жеткізу – парыз», «Мәдени мұра – ұлттық рухтың тірегі», т.б. қазақ ғылымын дамытуға байланысты пікірлері топтастырылған.

Бөлімнің  жетекші ғылыми қызметкері К.Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» (2007) атты монографиясында отбасылық ғұрып фольклоры арнайы зерттеу нысанына алынып, зерделенді. Ғалым отбасы фольклорын әлпештеу фольклоры; үйлену фольклоры; азалау фольклоры деген жіктеулерге жүйелеп, зерттеген. 

Бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері Р.Әлмұханованың «Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар» (2009) атты монографиясы қазақ фольклорында архаикалық аталып келген тарихи жыл санауға дейінгі орын алған антикалық сарындарды тарихи-типологиялық, тарихи-мәдени байланыстар тұрғысынан зерттеуге арналды. Қарастырылатын фольклорлық сюжеттер мен сарындар, образдар, жанрлар антикалық грек мифімен типологиялық талдауға алынып, қазақ және антикалық грек фольклорындағы сарындар мен образдардың ортақтығы анықталып, қазақ фольклорының архаикалық сипатты молынан сақтауының себептері  тарихи-қоғамдық формациялардың ерекшелігімен және мемлекеттіліктің қалыптасуымен байланыстылығы тұрғысынан талданды.

Бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері А. Тойшанұлының «Түрік – моңғол мифологиясы» атты монографиясында (2009) қазақ пен  моңғол материалы негізге алына отырып, түрік, моңғол халықтарының мифологиясы өзара әрі әлемдік үлгілермен кешенді салыстырылып, мифтердің түрлері, шығу тегі, образдардың қалыптасу эволюциясы фольклорлық заңдылықтар мен құбылыстар аясында жүйелі тексерілді. Еуразия кеңістігінде ежелден қанаттас, санаттас өмір сүрген – алтай, телеуіт, тува, хакас, шор, саха, бурят, қырғыз, татар, өзбек, түрікмен, түрік сияқты бауырлас халықтардың мұралары дәйекті байыпталып, олардың мифологиясы әлемдік діндерге дейін ортақ болған деген түйін жасалған. Сонымен бірге қазақтың дәстүрлі баспанасы – киелі киіз үй рухани мұра тұрғысынан зерттеліп, оның мифологиялық  толымды бейнесі жаңғыртылған.

Фольклорлық материалдар  жинау мақсатында ғалымдар 1961-1971-жылдар аралығында республика аумағына және Қарақалпақстанға тұрақты түрде экспедицияларға шыққан.  Атап айтқанда, 1963 жылы Б.Ысқақов, Т.Бекхожина, Т.Қанағатов Қарақалпақ автономды республикасында болса, А.Жұбанов пен Т.Мерғалиев, Г.Сұлтанғалиева Қазақстанның батыс, ал, Б.Адамбаев шығыс  аймақтарын аралаған. 1965 жылы С.Мұқанов, Е.Исмаилов, Б.Адамбаев солтүстік Қазақстан өңірінде іссапарда болып, жыршы Молдахмет Ержановтың және бұрын есімдері белгісіз болып келген жыршылар − Таласпай Нұрпейісов, Камали Мұқажанов, Топаш Сыдықов,  Есенбай Шыныбаев, Әбдіраш Оспанов, Тайса Садықов репертуарларын жазып алған. Осы сапарда жалпы көлемі 45-50 мыңдай жол өлең жазылып алынған. Бұл сапардың маңыздылығы – Шоқан Уәлиханов 1841  жылы жазып алған Жаманқұл туралы деректер табылған. Кіші ғылыми қызметкер Н.Төреқұлов Оңтүстік Қазақстан облысында Шәуілдір, Шаян, Арыс, Қаратас елді мекендеріне барып, 200 мақал-мәтел, 200 нақыл сөз, 20 ертегі, және т.б., К.Сейдеханов Шелек, Арал, Жалағаш, т.т. аудандарынан 20 000 жол дәстүрлі және қазіргі шығарма (қисса, өлең, айтыс) жинаған. Қызылорда, Шымкент  фольклорлық іссапар кезінде Ташкент архивінде сақталған С.Маловтың Ә.Диваевқа жазған хатының көшірмесі әкелінді. Кіші ғылыми қызметкер  Б.Ысқақов «Қыз Жібек», «Қобыланды», «Құлбек батыр», «Мақамбай батыр» жырларын  қолжазба күйінде және магнит таспаларына жазып әкелген.

Ғалымдар тарапынан фольклорлық  экспедициялар әр кезде де болып  тұрған. Оған ҚР БҒМ қарасты Орталық  ғылыми кітапхананың және өзіміздің  институттың қолжазба қорларында сақталған  қолжазбалар куә. Бұл қолжазбалар 1920 жылдары Ә.Диваев жинаған қолжазбалардан бастап сақтаулы және осы кезге дейін олар ғылыми қолданыстан түскен емес.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде  де фольклорлық іссапарлар жүзеге асуда. Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен 1998 жыл  «Ұлттық тарих және халық бірлігі жылы» деп аталуына орай республика көлемінде ауқымды экспедиция өткізілді, бұған фольклортану бөлімінің қызметкерлері белсене атсалысты.

2005 жылы институттың бастамашылығымен  Моңғолияда қазақ диаспорасы  шоғырланған аймақтарға фольклорлық-музыкалық экспедиция ұйымдастырылды. Оған музыкатанушы Ә.Нұрбаев пен фольклортанушы  А.Тойшанұлы қатысты. Нәтижесінде осы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген мәтіндер анықталды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша 2007-2008 ж. аралығында үш том «Мировая фольклористика» жинағы жарық көрді (құраст.:  С.А.Қасқабасов,  А.Тойшанұлы). Оған Америка, Европа мен Азияның белгілі ғалымдарының фольклортануға қатысты зерттеу еңбектері топтастырылған. Мұндай жинақтың жарық көруінің себебі: шетелдерде жарияланған фольклортануға қатысты еңбектердің біздің республика ғалымдары үшін де қызығушылығын тудыруы сөзсіз және олар осы заманғы зерттеулерге қажеттігі айқын. Құрастырушылар субъективті пікірге ерік бермей, ғылымдағы түрлі ойлардың өмір сүру мүмкіндігін ескерген. Жинақ соңында әр ғалым туралы өмірбаяндық, т.б. қажетті маңызды мәліметтермен толықтырылды.

«Бабалар сөзі» бойынша бес  том «Ертегілер» жанрішілік-стадиялық  ерекшелікке сай дайындалды. Фольклорлық  мәтіндер қолжазбалық және алғашқы жарияланымдар бойынша алынып, текстологиялық  жұмыстар жүргізілді, сюжеттердің халықаралық типі анықталды. 

Халықаралық байланыстар. Кеңестік республикалар арасында ғылыми байланыс ғылымды дамытудағы қозғаушы күш, өзекті мәселе ретінде бағаланды. 1961 жылы Киев қаласында кеңес дәуіріндегі халық поэзиясына арналған  Бүкілодақтық мәжіліске М.Қаратаев пен институт директорының ғылыми істері жөнінен орынбасары О.Нұрмағамбетова, фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Б.Адамбаев, 1965 жылы О.Нұрмағамбетова мен кіші ғылыми қызметкері К.Сейдеханов Улан-Удэ қаласында өткен кеңес фольклорын зерттеуге арналған ғылыми конференцияға қатысқан. Ал, СССР ҒА Әдебиет және тіл бөлімінің жанындағы ғылыми кеңестің ұйымдастыруымен фольклордағы тарихилық мәселесіне арналған ғылыми конференцияға М.Қаратаев, ҚазССР ҒА корр.-мүшесі, фольклортану бөлімінің меңгерушісі Е.Исмаилов Мәскеуде өткен этнографтар мен антропологтардың   VIII Халықаралық конгресіне қатысты (1964). 

Фольклор мен әдебиеттің байланысы  туралы Душанбе қаласында өткен Бүкілодақтық ғылыми кеңесте О.Нұрмағамбетова «Қазақ совет әдебиеті және оның фольклормен байланысы», Н.С.Смирнова «Казахская советская поэзия и традиции фольклора», М.Ғабдуллин «С.Мұқановтың 20-жылдардағы поэзиясындағы фольклор», Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік өнері және олардың әдебиетпен байланысы» (1968) деген тақырыпта баяндамалар жасаған.

Аға ғылыми қызметкері Ү.Субханбердина  мен кіші ғылыми қызметкер Г.Сұлтанғалиева  Қазан, Уфа, Чебоксары қалаларында болып, қазақ фольклорына қатысты сақталған материалдарды (1967 23/IX-12/X) алып келген.   

Фольклорлық экспедициялар тек  Қазақстан аумағымен шектелмеген. Мәселен, 1963 жылы Б.Ысқақов, Т.Бекхожина, Т.Қанағатов Қарақалпақ автономды  республикасында болса, 1965 жылы  институт фольклористерінің мәжілісі өткізілген. Оған М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институты директорының орынбасары А.А.Петросян келіп, КСРО халықтарының эпостары туралы баяндама жасаған.

Мәскеудегі М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтымен тығыз байланыс болғанын мұрағатта сақталған құжаттар айғақтайды. 1967 ж. М.Сильченко мен О.Нұрмағамбетова «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» эпосының  орыс тіліндегі жолма-жол аудармасын жасап, осы Әлем әдебиеті   институтына жіберген. Ал, 1969 жылы олардың «Едіге» жыры туралы ғылыми конференция өткізу жоспарлап отырғаны, Әдебиет және өнер институтынан бір баяндамашы мен бұл эпос туралы бекітілген тұжырымды Ленинград қаласында тұратын академик В.М.Жирмунскийдің атына жіберуді сұраған өтініш келген.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында алыс және жақын шетелдермен халықаралық байланыстар дами түсуде. Бүгінде бөлім қызметкерлері ТМД, Түркия, Иран, Египет, Моңғолия, т.б. елдердің ғалымдарымен тығыз байланыс жасауда. Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, ғылыми басылымдарға зерттеулер жариялануда.

Коференциялар. 1969 жылғы қазан айының 27-30-сы күндері аралығында Алматыда «Қазіргі қазақ фольклорының жағдайы және оның даму жолдары» тақырыбына арналған ғылыми-творчестволық конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияда СССР ПҒА академигі, профессор М.Ғабдуллин «Қазақ фольклористикасының даму жолдары» атты тақырыпта баяндама жасаған. О.Нұрмағамбетова «Елу жылда қазақ фольклорының жиналуы мен зерттелуі», Н.С.Смирнова «Алтайские и казахские версии эпоса «Козы-Корпеша», ф.ғ.к. Б.Адамбаев «Халық ақындарының шығармашылығындағы В.И.Ленин образы», Т.Сыдықов «Қазіргі халық ақындары поэмаларының даму жолдары», ф.ғ.к. Б.Уахатов «Қазақ халық өлеңдері және оны орындаушылар», Б.Ысқақов  «Қазіргі замандағы жыраулық дәстүр», А.Рақымжанов «Шынайы айтыс» атты тақырыпта баяндамалар жасаған. 

Информация о работе Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы