Балет

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 22:31, реферат

Описание работы

Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореография формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драматикалық, комедиялық сюжеттер Балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Балет, Балет-пантомима, Балет-феериялар болып бөлінеді.

Работа содержит 1 файл