Қуаттылығы 12 млн дана жылына, қалыңдатылған керамикалық кірпішті иілімді тәсілмен өндіретін цех

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Керамика – деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Кермикалық деп әр алуан ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық бір келкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғары температурада белгілі режимде өртеу.

Содержание

Кіріспе
Цехтың жұмыс ережесі;
Өнеркәсіп бұйымдарының номенклатурасы және олардың техникалық сипаттамасы;
Шикізат және қосымша материалдар;
Бұйым өндірісінің тәсілін таңдау және негіздеу;
Бұйым өндірісінің технологиялық схемасы;
Материалдық балансты есептеу;
Негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу;
Жылу қондырғыларының өнімділігін есептеу;
Шикізаттың, дайын өнім сапасын және өндірісті бақылау;
Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
Қолданылған әдебиет тізімі.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

арман ck kurs.docx

— 174.97 Кб (Скачать)

    Бұдан басқа  әртүрлі техника қауіпсіздік  ережелері, санитариясы, ережелер  мен нормалары қарастырылған.

     Еңбекті қорғау  жағдайына өндіріс администрациясы  жауапты болады, ол жұмысшылардың  техникалық қауіпсіздігін, жұмыс  істеуде жақсы жағдай жасалуын, норма мен  ережелердің, санитарлы  нормалардың сақталуын бақылап  отыру керек.

    Өндіріс ұйымдарының  манызды принциптерінің бірі  қауыпсіз және зиянсыз еңбек  жағдайын жасау, барлық өндіріс  процестері үшін.

Жұмыс орыны мен  еңбек процесiне қойылатын талаптар      

Жобаланатын еңбек процесiнiң, технологиялық жабдықтардың және жұмыс  зонасының өлшемiнiң ерекшелiктерiне байланысты, ыңғайлы жұмыс позасында  жұмыс атқаруды жұмыс орыны қамтамасыз етуi керек. Еңбек операциялары қажет  ететiн аймақтың шегiнде (аймақ шекарасы жоғары созылған қолдың арақашықтығымен  анықталады) орындалуы керек. Жиi пайдаланатын еңбек құралдары мен басқару  органдары (1 минутына 1 рет және одан да көп) жұмыс бетiнiң шетiнен 300 миллиметрден (әрi қарай - мм) аспайтын қашықтықта ең қолайлы аймақтың шегiнде орналасуы  қажет.     

Отырып орындалатын жұмысқа  арналған жұмыс орыны - көтерiлетiн-бұрылатын  орындықпен және рационалды конструкциядағы  аяқ тiреуiшiмен, ал еңбектiң сипатына қарай түрегелiп жасалатын жұмысқа  тағайындалған жұмыс орыны сүйенiш  орындықпен және демалуға арналған орындықпен қамтамасыз етiлуi керек.     

 Жұмыс орнының (профилактикалық  тексеру жүргiзу, жөндеу технологиялық  жабдықтарды жөндеу және қалпына  келтiру кезеңдерiнде) құрылуына  және қызмет етуiне ашық алаңдарды,  сонымен бiрге жұмысшылардың жұмыс  атқару аймағында еркiн қимылдауы  үшiн бос аулалар қалдыруды  жұмыс орнындағы негiзгi және қосымша  құрал-саймандардың технологиялық  ұйымдастырылып жабдықталуының  орналасуы қамтамасыз етуi керек.      

  Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтармен жұмыс iстеуге және  жөндеуге байланысты еңбек операцияларын  орындау барысында жұмысшылардың  дене тұлғасы мен оның орналасу  жағдайына байланысты, жұмыс зонасының  төмендегiдей ең кiшi өлшемi (жабдықтардан  жұмыс зонасының шекарасына дейiн)  метрмен алынады: 
      1) 15 градусқа дейiн еңкейiп, түрегеп тұру 0,7 (0,6) м; 
      2) 30 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 0,8 (0,6) м; 
      3) 60 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 0,9 (0,6) м; 
      4) 90 градусқа дейiн еңкейiп түрегеп тұру 1,2 (0,9) м; 
      5) жүресiнен отыру                         1,1 (0,8) м; 
      6) жүрiс жолы өтетiн жер                   0,7 м. 
      Жұмысшылардың қолы немесе тұлғасының бiр бөлiгiнiң жартысы жабдықтың үлкен бөлiгiнде (шығып тұрған элементтерде) қалатын болса, жұмыс аймағының өлшемiн жақша iшiнде көрсетiлген шамаға дейiн кiшiрейтуге болады.     

  Объектiдегi еңбек  процесiн жобалау төмендегi жағдайларды  қарастыруы керек: 
      1) еңбектi көп қажет ететiн технологиялық операцияларды механизациялау және автоматизациялау, iс-әрекет түрлерiн алмастыру, өндiрiс операцияларын кезектестiру, еңбек ету мен демалыстың рационалды тәртiбiн енгiзу, кәсiби даярлық деңгейiн жоғарылату; 
      2) смена барысында адамның динамикалық еңбекке қабiлетiне сәйкес қарапайым еңбек тәсiлдерiнiң қайталану санын шектеу, конвейердiң қозғалу қарқынын өзгерту, ол тұрақты болмаса технологиялық процестiң барысына үздiксiз бақылау ұзақтығына шектеу жасалуы керек.     

  Екi және үш сменалық  еңбек тәртiбiнде жұмыс сменасының  аяқталуы 24 сағаттан кем болмауы  керек. Смена аралығындағы күнделiктi демалудың ұзақтығы жұмыстың  ұзақтығынан екi есе көп болуы  керек. Төтенше жағдайларда (апатқа  ұшырау жұмыстарында) азғантай демалыс  (бiрақ 8 сағаттан кем емес) рұқсат  етiледi.     

  Мызғып алуға құқылы  ұзартылған сменадағы жұмысшыларға  ыстық тамақ қабылдауға және  ұйықтауға арналған бөлмелер  жабдықталуы қажет.

Жылуға, вентиляцияға және ауаны кондиционерлеуге 
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар     

  Бөлменiң көлемiнде  зиянды заттардың, жылудың және  ылғалдылықтың бiркелкi емес таралуын  ескере отырып ауа шығыны есептеумен  анықталады. Ауа алмасудың еселiгi  бойынша вентиляцияға кететiн  ауа шығынын анықтауға болмайды.      

  Бiрнеше зиянды зат  бiр мезгiлде жұмысшы зонасына  бөлiнетiн болса, жалпы алмасулы  вентиляцияға есептелген ауа  шығыны ауаның ең көп шығынын  қажет ететiн зиянды зат бойынша  есептелуi керек.     

  Бiрқатар заттардың  организмге бiр бағытта әсер  етуi туралы мәлiметтер болғанда, жалпы алмасулы вентиляцияның  есептеуiн ауаның ластануын ескере  отырып, әрбiр затты жеке-жеке, оның  концентрациясының мүмкiндiк шегiне  дейiн ерiтуге қажет ауа шығынын  қосу жолымен есептеп шығарылуы  керек.     

  Өндiрiс бөлмелерiнде  табиғи немесе механикалық вентиляцияны  жобалағанда, бiр жұмысшыға сыртқы  ауаның келуi осы санитарлық ережелердiң  4-шi қосымшасына сәйкес қамтамасыз  ету керек.     

  Вентиляция мен ауаны  кондиционерлеу жүйелерiнiң қабылдағыш  саңылаулары және табиғи ауа  келетiн вентиляция арқылы ғимараттар  мен имараттардың iшiне түсетiн  ауадағы зиянды заттардың концентрациясы  жұмыс зонасындағы ауаның деңгейiнiң  мүмкiндiк  шегiнен 30%-ке аспауы керек.     

  Қауiптiлiк кластары  әртүрлi зиянды заттар бөлiнетiн  өндiрiстiк немесе көршiлес бөлмелердi  бiр ғимаратқа бiрiктiру кезiнде,  ең улы зиянды заттарды бөлетiн  бөлме үшiн ұйымдастырылған ауа  әкелетiн сорғыштың басым болуы  қарастырылуы керек.     

  Көп қабатты өндiрiстiк  ғимараттардың алаңының төбесiне  жабылған монтаждың ойықтары  жекеленген баспанамен қамтамасыз  етiлуi керек, ал ауа алмасуы  әр қабатқа жеке есептеледi.     

  Жылдың салқын мезгiлiнде  шығаратын ауаның орнын толтыру  үшiн биiктiгi 6 м және одан аласа  бөлмелерде сағатына бiр рет  ауа алмасудан артық емес көлемiнде,  ал биiктiгi 6 м-ден жоғары бөлмелерде - еден алаңының әр 1 м2-на сағатына 6 мкөлемiнде сыртқы ауаны ұйымдастырмай әкелуге (вентиляцияның терiс дисбалансы) рұқсат етiледi.     

  Көршiлес бөлмелерде  жағымсыз иiсi бар заттар болса  және жұмыс ауасындағы зиянды  заттар концентрациясының деңгейi мүмкiндiк шегiнен 30%-тен аспаса, осы бөлмелерге ұйымдастырылмаған ауаның келуi рұқсат етiледi.     

  Вентиляция, ауаны кондиционерлеу  және ауаны жылыту жүйелерiнiң  шашыратқыштарындағы температурасы  мен ауаны шығару жылдамдығын,  осы санитарлық ережелердiң талаптарына сәйкес метеорологиялық жағдай жұмысшы зонасында қамтамасыз ететiндей есеппен анықтау керек.     

  Келетiн ауаны бергенде, бөлменiң таза және аз ластанатын  бөлiгiне келетiн ауа, бөлменiң  лас аймағынан келмеуiн қарастыру  қажет.     

 Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетiн көздер  технологиялық жабдықтарға бекiтiлген, болмаса бөлу көзiне мейлiнше  жақын орналастырылған меншiктi сорғышы  бар, жергiлiктi ауа шығаратын вентиляция  құралымен жабдықталуы қажет.     

  Бөлмеде бөлiнетiн  немесе жергiлiктi сорғышпен шығарылатын  зиянды заттардың, жылудың және  ылғалдың саны жобаның технологиялық  бөлiмiнiң бойынша қабылдануы керек.  Қажеттi мәлiметтер болмағанда сәйкес  объектiлерде жүргiзiлген табиғи  зерттеулердiң нәтижелерi пайдаланылады.      

  Технологиялық жабдықтардан  қауiптiлiгi I-шi және II-шi кластағы  зиянды заттарды шығаратын жергiлiктi сорғыштар жергiлiктi ауа шығаратын  вентиляция жұмыс iстемеген жағдайда, бұл жабдықтан iске қосылмайтындай  етiп қоршалуы керек.     

  Егер ауа шығаратын  вентиляция жұмыс iстемей қалғанда  өндiрiстiк процестi тоқтату мүмкiн  болмаса немесе жабдықты (процестi) тоқтатқанда жұмысшы зонасының  ауасындағы КМШ-нен асатын концентрациядағы  зиянды зат бөлменiң ауасына  бөлiнiп жатса, жұмыс тәртiбi  автоматты өшiрiлетiн резервтiк  вентиляторларымен жергiлiктi сорғыш  қарастырылуы керек.     

  Вентиляцияға, ауамен  жылытуға және ауаны кондиционерлеуге  арналған ауаның рециркуляциясы, ауасында қауiптi концентрацияда  ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе саңырауқұлақтары бар бөлмелерге, сонымен қатар жағымсыз иiсi бар немесе қауiптiлiгi I-шi және II-шi кластағы зиянды заттары бар бөлмелерге қарастыруға рұқсат етiлмейдi.     

  Қауiптiлiгi III-шi және IV-шi  кластағы бiр зиянды заттан  артық бөлмейтiн бөлмелерге ауаның  рециркуляциясы рұқсат етiлмейдi.      

  Технологиялық жабдықтардың  қыздырылған беттерiмен және ауамен  жылытудың ауа қыздырғыштарымен  жанасуы кезiнде, жанғыш зиянды  заттарды бөлмейтiн болса ғана, вентиляциямен қатар қолданылған  ауамен жылытудағы рециркуляцияны  қарастыруға болады.     

  Жылытудың, вентиляцияның  және ауаны кондиционирлеудiң  қондырғылары тұрақты жұмыс орындары  мен жұмыс атқарылатын зонаның  қосалқы бөлмелерiнде деңгейiнiң  мүмкiндiк шегiнен асатын шу  және дiрiл шығармауы керек.     

  Ғимараттар мен имараттарды  жылыту үшiн зиянды факторларды  және жағымсыз иiстердi шығармайтын  жүйелер, приборлар және жылу  апарғыштары қарастырылуы керек.      

  Шаң бөлетiн өндiрiстiк  бөлмелердегi қыздырғыш приборлар  жеңiл тазаланатын, бетi тегiс  болуы керек. Сыртындағы газды  қыздырғыштардан тiкелей жану  өнiмдерiн шығарғанда ғана инфрақызыл  газды сәулеленетiн жылуды қарастыруға  рұқсат етiледi.     

  Қыздырғыш элементтерiнiң  құрылыс конструкцияларына жапсырылған  сулы жылыту жүйелерiнiң және  тұрақтың жылытатын бетiндегi орташа  температурасы тұрақты жұмыс  орнындағы еден үшiн плюс 260С-тан; кiсiлер уақытша болатын еденнен плюс 30С-тан; төбелер үшiн: бөлменiң биiктiгi 2,5-нан 2,8-ге дейiн болса плюс 280С-тан; 2,8-ден 3,0-ге дейiн болса плюс 300С-тан; 3,0-тен 3,5-ға дейiн болса плюс 330С-тан; 3,5-нан 4,0-ке дейiн болса плюс 360С-тан; 4,0-тен 6,0-ға дейiн болса плюс 380С-тан аспауы керек.      

  Жылу көздерiнiң температурасы  төмен жылыту жүйелерiндегi радиациялық  кедергi еденнен 1,5-2,0 м биiктiктегi жұмыс орнында метр квадратына (әрi қарай - м2) 35 Вт-тан (сағатына 27 ккал/м2-тан) аспауы керек.     

  Жылуды бөлетiн жабдықтар  вентиляция жолының мүмкiндiгiн  ескере отырып орналасуы керек.  Бөлменiң көлемiне келетiн аэрациялық  ауа ағысының таралуы үшiн,  жабдықтар арасындағы қашықтық  ағыстың бағыты бойынша, оның  өлшемiнен көп болуы керек.     

  Жоғары жылу бөлетiн  цехтар мен учаскелердi табиғи  вентиляциямен (аэрациямен) жабдықтағанда,  шатырда дистанциядан басқарылатын  механизацияланған фрамугамен жабдықталған  тұтанбайтын шахталар немесе  аэрациялық күн тартарлар қарастырылуы  керек. Табиғи вентиляция кезiнде  желденетiн бөлмелерге ауаның келуi жылдың жылы мезгiлiнде еденнен 1,8 м-ден артық емес, ал жылдың суық мезгiлiнде вентиляциялық ойықтың түбiне дейiн 4 м-ден төмен емес деңгейде қарастыру керек. Осы мақсатпен жобаның құрылыс бөлiмiнде көрсетiлген деңгейлерге ауа беретiн терезеде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көтерiлетiн қозғалтқыш қабырғалар қарастырылуы керек. Ашылатын ойықтардың алаңы терезенiң жалпы алаңынан 20%-тен кем болмауы керек.     

  Шаңды және жеңiл  конденсацияланатын буларды, сонымен  қатар араластырған кезде зиянды  немесе өрт қауiптi қоспалар шығаратын  немесе көрсетiлген қасиеттермен  жаңа химиялық қосылыстар түзе  алатын заттарды жергiлiктi сорғыштың  жалпы шығаратын қондырғысына  бiрiктiруге болмайды. Жергiлiктi сорғыштың  мұндай жүйелерiн жалпыалмасулы  ауа шығаратын вентиляцияның  жүйелерiмен бiрiктiруге рұқсат  етiлмейдi.     

  Егер де, зиянды заттардың  мөлшерi жұмысшы зонасындағы КМШ-нен  аспайтын, ал микроклиматтың параметрлерi  нормаланатын көрсеткiштерге сәйкес  келетiн болса, онда қозғалатын  крандардың кабиналарында қоршаған  өндiрiстiк бөлменiң ауасын қосымша  өңдеусiз қолдануға рұқсат етiледi. Қайшы болған жағдайда, крандардың  кабинасын кондиционерлермен жабдықтау  керек.     

  Мүмкiндiк концентрациясынан  30%-ке асатын Сыртқы және рециркуляциялық  ауаның шаңдануы кезiнде немесе  ол өндiрiстiң технологиясы бойынша  қажет болса, кондиционерлеу жүйелерiнде;  ауа душында ауаны тазарту;  жұмысшылардың демалу зонасына (басты  немесе беттi қорғайтын шлемдерге,  маскiлерге, қалқандарға) тiкелей  ауаны беру қарастырылуы керек.      

  Ауаны әкелетiн және  шығаратын қондырғылары бар табиғи  желдетусiз өндiрiстiк бөлмелердiң  жалпы алмасулы вентиляция жүйесi  ауаны шығаратын жүйенiң резервтiк  вентиляторымен жобалануы керек.  Ашылатын ойықтар арқылы талап  етiлетiн ауа алмасудың 50%-тей  түсетiн көршiлес бөлмелермен бiрiктiрiлген көрсетiлген бөлмелер үшiн резервтiк вентиляторды жобалауға рұқсат етiлмейдi.     

  Бөлмелердегi, сонымен  бiрге табиғи желдетусiз бөлмелердегi  жыл бойына және тәулiк бойына  жұмысқа тағайындалған кондиционерлеу  жүйелерi жылдың суық мезгiлiнде  берiлген температураны және талап етiлетiн ауа алмасудың 50%-iн қамтамасыз ететiн резервтi кондиционермен жобалануы керек.     

  Сменасына 40 мин.-тан  кем емес немесе бес реттен  көп емес ашылатын бөлмесiз  қақпаларда; сыртқы ауаның есептi  температурасы минус 150С-тан және одан төмен аудандарда салынып жатқан жылытылатын ғимараттардың технологиялық ойықтарында ауалы және ауалы-жылулы бүркеулер қарастырылуы керек.     

  Қақпаны, есiктi және  технологиялық ойықтарды ашқан  кезде бөлмеге түсетiн ауа қоспасының  температурасы жеңiл дене жұмысында  плюс 140С-тан; орташа ауырлықтағы жұмыста 120С-тан; ауыр жұмыста 80С-тан төмен болмайтындай етiп ауалы және ауалы-жылулы бүркеулердi есептеу керек. Қақпаның (6 м-ге дейiнгi арақашықтықта), есiктiң және технологиялық ойықтардың маңында жұмыс орындары болмағанда, егер де ол технологиялық талаптарға қайшы келмесе осы зонадағы ауаның температурасын плюс 50С-қа дейiн төмендетуге рұқсат етiледi.     

Информация о работе Қуаттылығы 12 млн дана жылына, қалыңдатылған керамикалық кірпішті иілімді тәсілмен өндіретін цех