Тараз қаласындағы жөндеу шеберханасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 22:06, курсовая работа

Описание работы

Сәулеттің міндеті тұрғызылатын құрылыстың түр сипатын құру. Белгілі бір ғимаратта, мысал үшін тұрғын, мектеп немесе өндіріс ғимаратын тұрғызу керек болса, онда құрылыс жүргізетін аумақ таңдалғанда жұмыс жүргізетін көпшілік ұжымның ішінде ең алғашқы жұмысқа сәулетші кіріседі. Бұл үшін сәулетші ең басында тұрғызатын ғимаратты өз ойынша түрғызып, одан соң әр түрлі сызулар мен суреттер арқылы нақты түрін шығарады.

Содержание

I.Түсіндірме жазбасы
Кіріспе………………………………………………..............................................3
1.1. Құрылыс ауданының сипаттамалары.........................................................5
1.2. Бас жоспардың шешімдері...........................................................................5
1.3. Көлемдік-жоспарлық шешімдер..................................................................6
1.3.1. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері........................................7
1.4. Сәулеттік-конструктивтік шешімдер..........................................................7
1.4.1. Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі.............................8
1.4.2. Іргетастың орналасу тереңдігін анықтау....................................................9
1.5. Ғимаратты инженерлік жабдықтау............................................................10
1.6. Өртке қарсы шаралар..................................................................................10
Қорытынды ……………………………………………………………….11
Пайдаланылған әдебиет тізімі …………………………………………...12

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 146.91 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сатпаев атындағы ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты

«Құрылыс» кафедрасы

 

 

 

 

 

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

 

Тараз қаласындағы  жөндеу шеберханасы

 

 

 

 

Орындаған: Терлікбаева Айгерім  Сайлаубекқызы

Мамандығы: 5В042000 – «Сәулет»

 

 

 

 

Ғылыми жетекші

т.ғ.к.,доцент

 

 

________ Г.Б.Мырзалина

 

03.12.2012 ж

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

МАЗМҰНЫ

I.Түсіндірме жазбасы

  Кіріспе………………………………………………..............................................3

    1. Құрылыс ауданының сипаттамалары.........................................................5
    2. Бас жоспардың шешімдері...........................................................................5
    3. Көлемдік-жоспарлық шешімдер..................................................................6
      1. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері........................................7
    4. Сәулеттік-конструктивтік шешімдер..........................................................7
      1. Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі.............................8
      2. Іргетастың орналасу тереңдігін анықтау....................................................9
    5. Ғимаратты инженерлік жабдықтау............................................................10
    6. Өртке қарсы шаралар..................................................................................10

Қорытынды ……………………………………………………………….11

Пайдаланылған әдебиет тізімі …………………………………………...12

 

II.Сызбалар

    1. Бас жоспар....................................................................................................13
    2. Қасбет...........................................................................................................14
    3. Жоспар..........................................................................................................15
    4. Қима..............................................................................................................16
    5. Іргетас жоспары...........................................................................................17
    6. Жабын жоспары..........................................................................................18
    7. Шатыр жоспары...........................................................................................19
    8. А түйіні.........................................................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Сәулет- бұл адам қауымының социал - тұрмыстық қанағатына қызмет жасайтын ғимараттарды, құрылымдарды және олардың құрамаларын тұрғызу өнері.

Сәулеттің міндеті тұрғызылатын құрылыстың түр сипатын құру. Белгілі бір ғимаратта, мысал үшін тұрғын, мектеп немесе өндіріс ғимаратын тұрғызу керек болса, онда құрылыс жүргізетін аумақ таңдалғанда жұмыс жүргізетін көпшілік ұжымның ішінде ең алғашқы жұмысқа сәулетші кіріседі. Бұл үшін сәулетші ең басында тұрғызатын ғимаратты өз ойынша түрғызып, одан соң әр түрлі сызулар мен суреттер арқылы нақты түрін шығарады.

Құрылыс - дегеніміз, жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп түрған негізгі фондтарда үлкейтумен және қайта жаңғыртумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.

Барлық  халықтың материалдық мәдени деңгейлердің көтерілуіне, еңбек өніміділігінің артуына, өндірістің барлық салаларының  дамуына, күрделі құрылыс саласының  қосар үлесі зор.

Қазіргі заманғы құрылыс -дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрған мәселе.

Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі ережелерімен нормалардың біріңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруды жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады.

Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, объектілердің  күрделенуі, жұмысты тосқынды әдістермен орындауды үлкен жетілдіруді талап етеді.

Өндіріс ғимараттарын жобалай отырып оның көлемдік жобалау шешімін, конструктивтік схемасына тоқталғанда міндетті түрде оның технологиялық және архитектуралық сәулеттілік талабына сай, сонымен қатар ғимаратты алдыңғы қатарлы индустриальды әдістемелермен қамтамасыз еткен жөн. Өндіріс ғимараттарын жобалағанда алдын ала онда жүретін технологиялық процесстердің жақсы жағдайда өтуін қамтамасыз ету қажет және де жұмысшылардың жұмыс істеуіне едәуір қолайлы жағдайлар жасалуы керек.

Бәсекеге төтеп беріп, сұранысқа  ие болатындай өнімдер шығару ісі  өндірісті заман талабына сай  жаңғыртып отыруды талап етеді. Бұрынғы таптаурын технологиямен ешқашан алысқа ұзай алмаймыз. Еліміздегі машина жасау, электронды және электротехника, қорғаныс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіруде бәсекеге қабілеттілікті арттыру жан-жақты қарастырылған түбегейлі шараларды қажет еткендігі түсінікті. Осы ретте Елбасының Жарлығымен еліміздің 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы өмірге келді. Бұл Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық түрленуінің жаңа кезеңі болды. ТМД жүзінде ең алғаш біздің елімізде технопарк жүйесінің дамуы үшін кешенді түрде қарастырылған заңнамалық негіз қаланды. Әрине, толыққанды инновациялық дамуды жаңа аумақтық құрылымдар - технопарктерсіз, бизнес-инкубаторларсыз, аумақтық фирмаларсыз елестету мүмкін емес.

Қазақстан Президенті Назарбаевтың халыққа  жолдауында былай деп айтты: «Агроөнеркәсіптік  кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір  мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті -азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау аландарын үйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өндеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Құрылыс ауданының сипаттамалары

 

Құрылыс ауданы- Тараз қаласы

Ғимарат-ІІ класс

Отқа  төзімділік дәрежесі-ІІІ

Үзақ  мерзімділік дәрежесі- II

Жердің  рельефі -тегіс

Климаты – күрт континентальді

Ең суық тәуліктегі температура  = -31°С

Ең  суық бескүндіктегі температура = -23°С

Абсолютті минималды температура = -41°С

Абсолютті максималды температура = 44°С

Ең  жылы айдың орташа айлық ауа ылғалдылығы  = 40%

Ең  суық айдың орташа айлық ауа ылғалдылығы  = 70%

Желдің  қысымы- 0,38 кПа

Қар салмағы  -0,5 кПа

Топырақтың тоңдану тереңдігі- 70см

Суды тұтынуы - 17,45 м3 /тәулік

Жылуды тұтынуы - 1090900 ккал/сағ

Электр куатының тұтыну мөлшері-200,6 кВт.

 

            

 

1.2. Бас жоспардың шешімдері

Жобаланатын ғимарат орталық өндірістік кооперативтің бас жоспарында орналасқан. Бас жоспар нормативтік құжаттарға сәйкес шешілген, объектілердің өртке қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Жоспардағы ғимараттар мен кұрылыстар орналасқан технологиялық процесс талабына байланысты қабылданған. Құрылыс алаңын тегістеу кезінде топырақтың құнарлы қабаты, қалыңдығы 20 см кесіліп жартысы алаңды көріктендіру жұмыстарына пайдаланады, ал артығы мұндай топырақты керек ететін басқа жерлерге жеткізіледі. Жер бетінің еңісі атмосфералық жауын -шашын суларының арыққа ағуын қамтамасыз етеді.

Ішкі  жолдар жабыны асфальтбетоннан орындалады, ал жөндеу шеберханасының -тұрмыстық блогының негізгі кіретін есік алдындағы алаң, өлшемі 100 х 100см бетон плиталарынан орындалады.

Бас жоспардағы құрылыстар орналасуы ҚР ҚНжЕ 3.01.01-2002 талабына сәйкес және жел бағыты ескеріліп қабылданады.

Құрылыстан және жолдардан бос аумақтар көпжылдық шөптер мен талдарды отырғызумен көгалдандырылады. Желдің орта жылдамдығы 2,5-3,5 м/с тең.

Бас жоспарда: жобаланған ғимараттан басқа, жолдар, тротуарлар, учаскені көгалдандыру элементтері келтірілген.

Құрылыстардың ара қашықтығы олардың өртке төзімділік дәрежесіне және өндірістің категориясына байланысты қабылданған.

 

 

 

 

1.3. Көлемдік-жоспарлық шешімдер

Жобаланған  ғимараттың көлемдік- жоспарлау шешімі осы ғимараттағы технологиялық процестерді ескере отырып шешілген.

Жобаланатын өндірістік корпус 1 қабатты ғимарат. Өндірістік ғимараттың өлшемі 12х24 м. Жалпы ауданы 288 кв.м құрайды. Ғимараттың жалпы көлемі 1152м3. Таза еден бетінен жабын конструкциялар астына дейінгі қашықтық 3,600 м. Жертөле жоқ. Өндірістік ғимараттағы бөлмелер саны 6. Ғимараттың 2 шығатын есігі бар. Олар жұмысшылардың қауіпті жағдайларда корпустан тез шығып кетуін қамтамасыз етеді.

Ғимараттың  жалпы биіктігі 5,750м. Санитарлы - тұрмыстық бөлмелердің құрамы және өлшемдері өндірістің санитарлы- гигиеналық сипаттамасына сәйкес қабылданған ҚР КНЕ 3.02.04-2002ж.

 

 

Ғимараттың ішінде төменде көрсетілген  бөлмелер бар:

 

1.1-кесте. Бөлмелер экспликациясы

 

Бөлмелер атауы

Ауданы,м2

1

Жөндеу  бөлімі

143,04

2

Механикалық бөлім

34,2

3

Ағаш  ұста бөлімі

35,5

4

Құрал-жабдықтарды тарату қоймасы

24,8

5

Кезекші бөлмесі

8,2

6

Ерлер гардеробы

5,6


 

 

 

 

 

 

 

1.3.1. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Ғимараттың  ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қазіргі заман талаптарына сай етіліп жасалады. Осы талаптарға сай келесі материалдарды қолдануға болмайды:

- жаңғыш материалдар

- адам  денсаулығына  әсер  ететін  химиялық  қоспалары  бар материалдар

  • көпжылдық әрлеу материалдарын пайдаланбау
  • жылуға жеңіл берілетіндер
  • санитарлық-гигиеналық өнделуге жеңіл берілетіндер.

Ғимараттың    сыртқы жұмыстарында    келесі    материалдар пайдаланылады: қабырға пенельдерден, қабырғалардың сырты жоғары сапалы сылақпен сыланады. Терезелер мен есіктер темір қаңқалы, айнектері көк түсті вакумды стеклопакет.

 

 

 

1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер

Жобаланатын ғимарат бір блоктан тұрады. Ғимараттың конструкциялық жүйесі қаңқалы панель. Қаңқа темірбетон элементтерінен тұрады. Өндірістік ғимараттың сыртқы қабырғасы 250мм қалыңдықтағы бір қабатты керамзитбетондық панельден.

Ғимараттың  іргетасы – темірбетонды ұстын асты тұтас құймалы бағаналы іргетас, өлшемдері есептеу арқасында анықталған. Сыртқы қабырға мен калонна және ортаңғы колонналар астына орналастырылады. Бетон классы В15.

Іргетас арқалықтары - серия 1-415-1 Вып.1. Арқалық ұзындығы - 6м, үстіңгі ені 600мм, төменгі ені - 200мм. Арқалықтар бетон тіректерге орнатылады. Бетон класы В15.

Бөлгіш  қабырғалар - керамикалық кірпіштен қалыңдығы 120мм, негізгі конструкцияларға бекітіледі.

Едендер өндірістік корпустың барлық бөлмелеріндегі едендер жер бетіне орнатылған. Топырақ  алдын ала тығыздалған. Еденнің астына қалындығы 150мм бетоннан төсеніш жасалған. Жабын ретінде асфальтбетон қолданған қалындығы 30мм және оның бетінен агрессиялы ортадан сақтау қабаты төселген.

Жабын – қабатты орама қара қағаздан жасалынады. Қара қағаз астына 20мм қалыңдықта цемент-құм ерітіндісінен тегістеу қабаты орнатылады. Орама қағаз битум мастикасымен жапсырылады.

Жабын еңісі і=3%.

 

1.4.1 Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі

Сыртцы  қабырга есебі

1.1- суретте сыртқы қабырға көрінісі келтірілген.                                                                    

 

1.1-сурет. Сыртқы қабырға көрінісі

 

Берілгендері:

  1. бір қабатты керамзитбетондық панель, δ1=250мм
  2. цементті құмды ерітінді, δ2=30мм
  3. цементті шлакты ерітінді, δ3=40мм

 

  1. Санитарлы-гигеналық және жайлылық шарттарына сәйкес келетін қоршаушы құрылымдардың жылу тартуға керекті кедергісін анықтау

 

R0=

 

          n=1             tіш=16°C         tс= -23°C             ∆tн=7°C        αіш=8,7Вт/м2С

 

         R0қ=

  1. Қоршаушы құрылымның жылулық энергиясын анықтау

   D=R1 S1+R2 S2+… +Rn Sn

               R1 = м2·°C/ Вт

                 R2= м2·°C/ Вт

                 R3= м2·°C/ Вт

 

            S1=7,75 Вт/м2·°C

                 S2=9,60 Вт/м2·°C

Информация о работе Тараз қаласындағы жөндеу шеберханасы