Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету

Дата добавления: 02 Ноября 2012 в 10:51
Автор: i**********@mail.ru
Тип работы: доклад
Скачать полностью (37.24 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Документ Microsoft Word (2).docx

  —  40.24 Кб

  

 Жоспар

 

Мазмұны

 1. Кіріспе бөлім

2.Негізгі бөлім

   2.1. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі

    2.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету жолдары

    2.3. Қазақстанның құрылыс саласының техникалық реттеу

3.Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           

 

                                                                    Кіріспе

      Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің  құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.

Еліміздегі  құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің  күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық  шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын  жақсарту шараларын жүзеге асыруда  бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін  жетілдіру, бақылау механизмдерін  тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып  отыр. Сол себепті құрылыста ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитін  ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік  негіздерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының есептеліну тәртібін зерттеу, ішкі аудит  қызметін ұйымдастыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысындағы  жұмсалған материалдық қорлардың  есебі мен ішкі аудитін одан әрі  жетілдіру бойынша ұсыныстар  жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы  диссертациялық жұмыстың тақырыбын  таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін  және ғылыми зерттеудің өзектілігін  алдын-ала анықтауға мүмкіндік  берді.

     Еліміздегі құрылыс саласының соңғы жылдары жедел қарқынмен дамуына қарамастан, құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру мәселелеріне арнап жазылған ғылыми еңбектерді жоқ деуге болады. Сонымен қатар құрылыс саласында есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеп жүрген еліміздің ғалым-экономистерінің еңбектерінде құрылыстағы есеп тақырыбында жалпы сұрақтар қарастырылғанымен, құрылыс саласындағы кәсіпорындардың ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне арналған сұрақтар терең зерттелмеген, сонымен қатар құрылыс ұйымдарында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне соның ішінде материалдық қорлардың есеін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан нарықтық экономикаға көшуге байланысты жан-жақты қаралмаған.

 

 

2.1.Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ПРИНЦИПТЕРІ» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар осы форумды ұйымдастырушылардың басшылығымен: Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы (ҚР Мемстандарт) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің реттеу және метрология жөніндегі комитеті, Стандарттау жөніндегі «Архитектура, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитеті (ТК-55), Қазақстан Жобалаушыларының Қауымдастығы мен «KAZGOR» Жобалау академиясы шешім қабылдады:

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  құрылыс саласының техникалық  реттеу жүйесін реформалау жөніндегі,  әлемдік қоғамдастықпен құрылыс  саласында инвестицияларға, өнімдер  мен кәсіби қызметтерді көрсетуге  арналған инновацияларды еңгізудің  және тосқауылдарды жоюдың, үдемелі  құрылыстық өз еркімен пайдалану  нормативтік құжаттарын (Еврокодтар, IBC, алдыңғы қатарлы әзірлеушілердің  ауқымды стандарттары және т.  б.) қолданудың, құрылыс объектілерінің  қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз  етудің барынша үдемелі, икемді  және тиімді тәсілі болып танылған  параметрлік әдісті құрылыстағы  техникалық реттеудің жаңа жүйесінің  негізіне жатқызылуын қарастыратын, осыдан ерте мақұлданған «Қазақстан  Республикасының құрылыс саласының  техникалық реттеу жүйелерін  реформалаудың тұжырымдамасының»  негізінде бастамашылығын қолдау.

Қазақстан Республикасының Үкіметі  қолдай отырып, құрылыс заңнамасының, нормалардың, стандарттардың, құрылысты  қадағалау мен бақылаудың сәйкестік  бағасы мен практика механизмдерінің  әлемдегі экономикалық дамыған елдерінің  ұқсас жүйелерімен жақындасуын  қарастыратын кәсіби қоғамдастықты  тартып, техникалық реттеудің ұлттық стратегиясын әзірлеу, талқылау және қабылдау ұсынылады.

2 Алдыңғы қатарлы технологиялар  мен тәжірбиені тиімді пайдалану  мақсатында құрылыстағы нормалау, стандарттау, қадағалау-бақылау  қызметі, кәсіби қызметті лицензиялау,  кәсіби білім беру және үздіксіз  оқыту, жобалау-құрылыс шешімдерінің  сәйкестігін бағалау, құрылыс  материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының  және басқа да техникалық реттеу  салаларындағы қажетті білімдері  мен тәжірбиесі бар алдыңғы  қатарлы отандық және шетелдік  мамандарын техникалық реттеу жүйесіндегі реформалау мәселелерін шешуге кеңінен тартып қатыстыруға жағдай туғызу.

3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік  басқару органдарының, кеңес беру-мәслихат  органдарының және қоғамдық ұйымдардың  «Құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі  туралы» ЕврАзЭс бірыңғай техникалық  регламентінің жобасына енгізілген, шетелдік актілерге ұқсас осы  өңірлік нормативтік актінің  үйлесімділігіне бағытталған, соның  ішінде Еуропалық Одақтың №  89/106 Құрылыс директивасымен бағытталған  түзетулерді мақұлдау. Сонымен қатар,  құрылыстың техникалық реттеу  саласындағы мемлекеттік басқару  органдарына, экономикалық дамыған  елдерде қабылданған алдыңғы  қатарлы параметрлік нормалары  мен құрылыс заңнамасын сақтау  құралдары негізінде Қазақстан  Республикасының Ұлттық құрылыс  регламентін әзірлеуде қолғабыс  ету.

4 Биік және техникалық күрделі  объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мақсатында, объектілердің инженерлік-техникалық  жағдайының мониторинг пен экспертті  зерттелу тәжірибесін жинақтау  және тарату. Құрылыстағы нормалау  және стандарттау саласындағы  нормативтік құжаттар сапасының  артуын қамтамасыз ететін шараларды,  әлемде кең танылған консенсус  принциптерін, ашықтықты, айқындықты, мүдделерінің балансын, тәуелсіздігін,  демократиялылығын оларды әзірлегенде  қолдану, сондай-ақ нормативтік  құжаттардың мемлекеттік тілге  аударылу сапасын жетілдіру жолымен  қабылдау.

5 ҚР Үкіметіне, құрылыс қызметінің тиімділігін және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылыс объектілерінің құрылысын салуға және пайдалануға кететін (соның ішінде, тұрғын үй қоры мен коммунальдық шаруашылығы бар) шығындарды қысқарту, құрылысқа рұқсат беру мерзімдерін қысқарту және сәйкестік пен құрылыс бақылауының бағалауын жүргізуге кететін шығындарды қысқарту мақсатымен Building Information Modeling (BIM) ғимараттардың ақпараттық моделдеу технологияларын кешенді қолдануға құрылыс саласының біртіндеп ауысуы жөнінде нақты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныспен өтініш жасау.

6 Осы қарардың мәтіні қазақ,  орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Құрылыс қызметіне қатысушылардың арасында, конференцияның қатысушыларымен ұсынылған материалдарды, салалық журнал, газеттерді арнайы рубрикаларында («Экспресс-Информ», «Строительный вестник», «Бюллетень строительной техники» және т. б.) және веб-сайттарда ұсынылған материалдардың авторларымен бірлесе отырып таратуды ұйымдастыру.

7 Қазақстан Республикасының заңнамалық  және мемлекеттік атқарушы органдарының жауапты тұлғаларына, кәсіби құрылыс қоғамдасытығының пікірлерімен және ұсыныстарымен танысу үшін конференция материалдарының жинағы жіберу

2.2.Құрылыс өнімдерінің сапасы:Құрылыс өнімдерінің сапасы төмендегідей анықталады:

мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптары мен нормаларының сақталуы (мемлекетаралық);

сәулет, қаласалу және құрылыс қызметтерін және мамандарды лицензиялау;

құрылыс және жобалық құжаттар инвестициясының  негіздемелік экспертизасы;

сәулет-құрылыс бақылаумен, техникалық және авторлық бақылаумен;

жобалау мен құрылыста қолданылатын өнімдерді стандарттау;

құрылыста пайдаланылатын өнім сертификаттарын, сынау-сараптамалық зертханаларды аттестациялау және аккредиттеу, сонымен қатар жаңа өнімнің техникалық бағасы, өндіру тәсілдері мен құрылыстағы жарақтарды;

жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет; аяқталған құрылыс нысандарын эксплуатацияға жіберуді қабылдау және жіберудің ұйымдастырылуы;

техника мен технологиялық құрылысты  жетілдіру; сейсмикалық қауіпті аймақтардағы нысандарды құжаттау; нормативтік түрдегі қату мақсатымен аяқталмаған құрылыс нысандарын және эксплуатацияланған нысандарды бақылау және зерттеу.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мыналар арқылы бақылау жасайды:

берілген жер учаскесіне құқығы туралы тапсырыс берушінің құжаттары мен мердігерлермен жасалған келісім-шарттар;

сәйкес құрылыс – монтажды жұмыс түрлеріне лицензиясы бар мердігерлік ұйымдармен;

секітілген тәртіппен берілген жобалық шешімдерді сақтаудағы жобалық-смета құжаттамаларымен;

атқарушылық техникалық құжаттардың  құрылыс қатысушыларымен уақтылы  құжаттау мен енгізу, соның ішінде жобалық-сметалық құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуде қабылданған құрылыс  материалдары мен бұйымдар мен құрылымдардың сәйкес сертификаттарымен жүзеге асыру;

өткізілген құрылыстық-монтаж жұмыстарының сапасымен, атқарылған жұмыстардың толық көлемімен және аяқталған құрылыс нысандарын эксплуатацтия процедурасына қабылдау мен енгізуге толықтай әзірлік.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бақылауына мыналар жатпайды:

сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс нысандары мен басқа да арнайы жобалық шешімдерді талап ететін аймақтарды есепке алмағанда жеке тұрғын үй құрылыстары;

бақшалық серіктестік учаскелері немесе жеке аулалық учаскелерді уақытша құрылысқа енгізу, сонымен қатар маусымдық жұмыстар үшін берілген тұрғындық және шаруашылық-тұрмыс алаңдары;

азаматтардың жеке пайдалануындағы басқа да техникалық қиын емес құрылыстарды өзгерту

 

Қазіргі таңда елімізде цемент, бетон  бұйымдары, қабырғалық және жылу сақтайтын  материалдар, гипс, таскендiр, арматура, гипстi картон, қиыршық тас, құм сынды  құрылыс материалдарын өндіру ісі  жолға қойылған. Дегенмен де шектен тыс қадағалаулар саланың қанатын кеңге жайып жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Себебі отандық құрылыс материалдары құнының шетелдердің арзан импортымен салыстырғанда қымбат. Дағдарыс кезінде еліміздегі құрылыс материалдарын тұтынуының қысқаруы, өндiрiс көлемiнiң төмендеуіне әкеп соққаны жасырын емес. Алдағы уақытта отандық құрылыс материалдарының сапасы мен өндiрiс көлемiн арттырып, жоғары сапаға қол жеткізуінің маңызы зор. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғауды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Үкімет бұл бағытта отандық құрылыс материалдарын өндіруге ден қойған кәсіпорындарға сұраныстың болуына, инновациялық даму мүмкiндiгін кеңейтуге, құрылыс материалдары өндiрiсi бойынша кәсіпорындарды басқарудың озық үлгісі мен жаңа технологияларын енгізуіне көмек қолын созуы тиіс. 
Соңғы уақыттары Үкіметтік деңгейде қабылдаған «Қолжетімді баспана — 2020» және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламалары мен ірі жобалар ел аумағындағы құрылыс материалдарын өндіретін компанияларға тың серпіліс бергені белгілі. Айталық, бір ғана «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзiрлеу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi осы бағдарлама бойынша 7 млн шаршы метр баспана салуды жоспарлап отыр. Осы ретте министрлік құрылыс жұмыстарының көлемiн қайта есептеп, қаншалықты құрылыс материалдары қажеттiлігін анықтауы тиіс. Дәл осындай есеп-қисаптар ТКШ-ні жаңғырту және «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру барысында да жүргізудің маңызы зор. Бұдан басқа еліміздегі жол құрылысына да қомақты құрылыс материалдары қажет болып тұрғаны белгілі. Осындай ауқымды жұмыстарды абыроймен атқару үшін бізге сапалы құрылыс материалдары аса қажет. Бүгінде Үкімет үдемелі индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан өндіріс ошақтарына қажетті құрылыс материалдарының 80 пайызға жуығын отандық кәсіпорындар ұсынуы керек деген талап қойылып отыр. Егер ойға алған бұл меже толықтай іске асатын болса, мемлекеттік бағдарламалар құрылысқа қажетті түрлі бұйымдар шығарып жатқан отандық кәсіпорындардың жұмысына серпіліс туғызатыны сөзсіз. Бүгінде құрылыс жүргізу ісі заман көшінен қалмай, алға озып кеткені белгілі. Іргелі, стратегиялық маңызды құрылыстарды жүргізу үшін бізге білікті құрылысшылар аудай қажет. Үкімет «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге жастарды оқыта бастаған тұста елімізде кәсіби-техникалық мамандарды дайындауды қосымша алып жүрудің маңызы зор еді. Кезінде кәсіптік маман дайындауға тиісті деңгейде көңіл бөлгенімізде маман тапшылығы мәселесімен бұлайша бетпе-бет келмес едік. Бұл бағытта Үкімет пен кәсіпорындар бірлесіп жұмыс істеуінің маңызы зор. Ауылдағы кәсіптік-техникалық мамандар дайындайтын колледждермен арадағы байланысты жандандырған жөн. Алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңгер, экономист мамандарын оқытудың қажеті жоқ. Олар сырт елдерге барады да сол елдің заңы мен экономикасы жайында терең білім алып келеді. Ал Қазақстандағы экономика мен құқықтық қатынастар мүлде басқа. Заңгерлер мен экономистерді дайындауға еліміздегі жоғары оқу орындарының шамасы жетеді. Қайта біз сырт елдерге техниканың сырын үйренуге талпынған жастарды жіберуіміз керек. Тәуелсіздік жылдары гуманитария саласының тұтқасын ұстайтын мамандар толығымен қалыптасты. Ал техникалық интеллигенция барынша қартая түскен. Алдағы уақытта біздер жастардың техникалық мамандықтарды таңдауына кеңінен жол ашуымыз керек. Қазіргі таңда өндіріс пен құрылыстың басында жүрген білікті мамандардың жасы 50-ден асып кеткен. Жастарды техникалық мамандықтарға баулымасақ, алдағы он жылда өндіріс ошақтарында жұмыс істейтін мамандарды емге таба алмай қалуымыз мүмкін.

Меніңше, еліміздің Кедендік одаққа мүше болуы да құрылыс индустриясын дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Үштік одақ құрылған соң, әлі аяғына нық тұрмаған отандық кәсіпорындарымыз Ресей мен Белоруссияның кәсіпорындарымен бетпе-бет келіп, өзінің мүмкіндігін бағамдағаны белгілі. Қазақстандағы кәсіпорындардың аталған екі елдің кәсіпорындарымен бәсекелестікке түсе алатын толық мүмкіндігі бар. 
Ал Шығыстағы көршіміз Қытаймен құрылыс материалдарын өндіріп, жарысқа түсу мүмкін емес. Үкімет құрылыс материалдарын өндіруге талпынған кәсіпорындарға салықтық, жеңілдетілген несие тұрғысынан қолдаулар көрсетуі тиіс. «Индустриялық-инновациялық бағдарламаның шеңберінде салынатын зауыт, фабрикаларға 80 пайызға дейін отандық құрылыс материалдарын қолдану керек», деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегені белгілі. Түсіне білген адамға бұл үлкен қолдау. Алдағы уақытта отандық кәсіпорындардың мүддесін көздейтін мұндай игілікті бастамалардың аясын кеңейте түсуіміз керек. Президент Үкіметтің алдына нақты осындай міндет қойған соң, құзырлы орындар құрылыс материалдарын өндіретін отандық кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейтуі қажет. Қазақ-стан — жер аумағы үлкен мемлекет. Алматыда өндірген құрылыс материалын сонау Атырауға, Шығыс Қазақстанға жеткізу үшін қыруар шығын шығады. Ал Ресей мен Белоруссияда халық тығыз орналасқан, қажетті инфрақұрылым да жоғары деңгейде дамыған. Үкімет отандық кәсіпорындардың өрісін кеңейтуді ойласа, ел ішіндегі көлік пен темір жолдарды барынша дамыту қажет. Бұдан басқа кәсіпорындар үшін коммуналдық төлемдерді де кемітіп, салықтық жүктемелерді мейлінше азайтудың да маңызы зор. Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын кәсіп-орындардың өнімі бағасы бәсекелестеріне қарағанда төмен болуы шарт. Бұл үшін Үкімет электр бағасы мен коммуналдық төлемдердің бағасын Ресейден кем қылмау тиіс. Сондай-ақ бизнесте жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың да жолын кесуіміз керек. Ресейдің құрылыс материалдарын өндіретін кәсіп-орындарымен салыстырғанда Қазақстанның зауыттары шағын. Зауыттың өндіретін өнімі көп болған сайын, оның өзіндік құны да аз болатыны белгілі. Сондықтан біздер Ресейдегі бәсекелестерімізді айналып өту үшін инновациялық заманауи өндіріске бой ұруымыз керек. Бұл үшін құрылыс саласы жоғары деңгейде дамыған елдермен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, көптеген біріккен кәсіпорындар ашуға күш салуымыз керек.

Құрылыс қызметі қатысушылары –  мемлекеттік өкіметтің уәкілетті органдарының, ғалымдардың, кәсіби оқу орындары оқытушыларының, жобалаушылардың, құрылысшылардың, ізденушілердің, құрылыс салушылардың, жылжымайтын мүлік иегерлерінің мүддесіне жататын адамдардың денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты және қоршаған орта үшін құрылыс объектілерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті назарға ала отырып;

Страницы:12следующая →
Описание работы
Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.
Содержание
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
2.1. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі
2.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету жолдары
2.3. Қазақстанның құрылыс саласының техникалық реттеу
3.Қорытынды бөлім