Әлемдік қаржылық дағдарыстың себептері мен салдары

Дата добавления: 13 Октября 2013 в 23:22
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (32.54 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

реферат.docx

  —  35.74 Кб

Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым Министірлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 реферат      

 

тақырыбы: “Әлемдік қаржылық дағдарыстың себептері мен салдары”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Орындаған: Нұржан М.Т, Қ –  23 тобы

                                                              Тексерген: Шамишева Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2013

Әлем елдерінің экономикасы  әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әлемдік қаржы дағдарысының себептері мен салдарын, оның алдын алу, одан шығу жолдарын үнемі кең ауқымда, әлемдік деңгейде қарап, біліп отыру маңызды. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқыны біздің елімізді де біраз тығырыққа тіреді. Алайда Үкіметтің дер кезінде қолға алған сауатты бағдарламасының арқасында соңғы екі жылда экономикамыз тұрақталды. Дамуға бет түзедік.

Алайда, айналамызда дағдарыстың екінші толқыны  бар екені белгілі болды. Бұрынғы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бір шолушысына берген сұхбатында: «Дағдарыстың екінші толқыны бәрібір болады. Менің ойымша, әлемдегі саясаткерлердің ешқайсысы осы дағдарысты болдырмау үшін ештеңе істей алмас. Бұдан екінші мәселе туындайды, яғни дағдарыстың күші қандай болмақ және қай жақтан келеді. Бұл туралы әзірге нақты ешкім айта алмайды. Қазақстан үшін ең маңызды мәселенің бірі – табиғи қорлардың құны, өйткені олар мемлекеттік бюджетті толтыруда үлкен мәнге ие. Басталған рецессияның біздің негізгі экспорттық тауарлар бағасына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бізге макроэкономикалық тұрақтылық қажет», - депті. Үкімет басшысының бұлайша сақтық шараларын алдын-ала ойласуы ақша айналымының нақты экономикаға тигізетін пайда – зыянын есептеу жолдарын зерттеуді талап етеді.  Өйткені дағдарыстың  себеп салдары  әлемдік елдерінің экономикаларының сәйкессіздігінде жатқаны  расқа айналып отыр.  

Дағдарыстың себеп-салдарын іздегендердің бәрі негізгі ақау экономиканы басқару жүйесіндегі үйлесімсіздікте деп есептейді. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Дағдарыстан шығудың кілті», «Бесінші жол» сияқты мақалаларында бүге-шүгесіне дейін талқылап берген болатын. Басқару жүйелерінің, капитализмнің де, социализмнің де «қартайғанын» айтып, бүгінде «дефекталда» өмір сүріп жатқанымызды жазды. «Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек», - дейді «Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаласында. Ал бұл «кілт» дағдарыстың қазіргі екінші толқынына да дәру екеніне күмән жоқ.

Негізінен соңғы екі-үш жылдағы әлемдік зерттеулердің нәтижесі де басқару жүйесінің тозғанын басты себеп деп қарастырады. Мәселен, Франция бұрынғы Президенті Николя Саркози: «Капитализмге реттелетін сипат бере отырып, оны қайта құру керек. Бұл алыпсатарлар мен рантьенің капитализмі емес, шығармашылықтың капитализмі болуы тиіс. Капитализм виртуалдық экономикаға емес, нақты экономикаға жағдай туғызуы тиіс. Сөйтіп капитализм дамуға, яғни адамға қызмет етуі тиіс» десе, АҚШ Президенті Барак Обама «Егер біз істегеннің бәрі – ақшаны туындату емес, жұмсау болса, онда уақыт өте келе көптеген елдер бізге қарыз беруден шаршап, мейрам аяқталады. Ашығын айтқанда, мейрам аяқталып бітті. Біздің жинақталымдар деңгейі айтарлықтай азайды және тұтыну шығындары қозғаушы күш болған экономика ендігі жерде тұрақты дами алмайды», - деп қазіргі жүйенің ақауын мойындайды.

Ешкімге жасырын емес күні бүгінге  дейін де экономиканы саясат басқарып келді. Социализм, капитализим сияқты идеологиялардың жетегінде болды. Ал мұның соңы экономиканы ғылымнан алшақтатты. Есеп-қисаптың үйлесімділігінен айырды. Теңсіздік орнады. Өндіріс пен ақшаның ара салмағы ашылды. Бүгінде берекесі кетіп отырған Еуропа елдеріндегі жағдай осыған дәлел. Ақша жасайтындар мен өндіріс жасайтындардың арасында алшақтық артты. Әлемдік өндіріс 60 триллион долларды құрап, айналымда жүрген ақша 600 триллионға жетуі, шынымен, алаңдатарлық көрсеткіш. «Ал экономиканың екі түйіндес секторы, яғни, нақты сектор мен қаржы секторының арасындағы тізбек шынымен де үзілген болса және ол үзілістің арты дағдарысқа соқтырса, онда нарықтық экономиканың басқару механизмінде үлкен кінәрат, кемістік бар деген сөз. Бұл кемшіліктің нарыққа немесе ортақ меншікке еш қатысы жоқ. Ол кемшілікті басқару жүйесінің ғылыми негізінен іздеген жөн»,- дейді Экономикалық зерттеулер институты жетекшісі, академик Сайлау Байзақов. Осы ретте  мына бір кестеге назар аударып көріңіз:

 

2000-2010жж.

Орташа ЖІӨ-ге қатысты экономикалық еңбек  өндісінің интегральді индексі 1/p1, %

2000-2010 жж. Орташа ЖІӨ-ге қатысты ақша инфляциясының интегральді индексі

- р2, %

Бизнес жасаушылар мен ақша жасаушылардың арасындағы айырмашылық

р2/р1, %

Литва

118,0

525,4

620,2

Латвия

121,5

346,6

421,1

Эстония

54,4

750,3

408,1

Румыния

126,9

291,6

370,1

Болгария

106,0

335,7

355,9

Үндістан

302,9

107,7

326,4

Ирландия

80,8

398,5

321,9

Қазақстан

145,3

201,9

293,3

Кипр

114,9

239,6

275,3

Австрия

107,6

245,0

263,6

Испания

87,6

295,0

258,4

Дания

85,5

247,7

211,7

Италия

88,9

232,3

206,6

Нидерланды

96,5

209,0

201,6

Мальта

101,4

196,9

199,7

Финляндия

105,9

187,0

198,0

Франция

91,7

196,2

180,0

Бельгия

104,8

170,2

178,4

Бразилия

145,5

122,3

177,9

Ресей

75,8

226,7

171,8

Словения

102,7

166,5

170,9

Швеция

100,3

167,8

168,4

ҰлыБритания

105,4

159,5

168,1

Беларусь

88,3

170,5

150,5

Португалия

97,5

142,4

138,9

Германия

95,5

145,3

138,8

Люксембург

90,2

147,5

133,0

Польша

105,0

122,9

129,1

АҚШ

110,0

111,2

122,2

Грекия

83,8

141,9

118,9

Жапония

112,5

96,7

108,8

Венгрия

90,3

114,6

103,5

Словакия

69,5

130,5

90,7

Қытай

121,1

65,3

79,1

Чехия

100,4

72,3

72,5

Қорытынды

110,10

117,58

129,46


*Кестедегі мәліметтер 2000-2010 жылдардағы БҰҰ институттарының базасынан алынып, доллар өлшемімен жасалған.

Кестеден әлем экономикасында жетекші рөл ойнайтын 35 ірі мемлекеттерінің ішіндегі  16  елдің тауар өнімімен ақша арасындағы айырмашылығын айқын аңғаруға болады. Бұл, ақшаның молдығы да  дағдарыс тудырады деген сөз. Ендеше басқару жүйесінің жұмысы да нақты есеп шотты, дәлдікті, «жеті рет өлшеуді, бір рет пішуді» талап етеді. Басқару жүйесіне де, басқа жобалау- реттеу  жұмыстары сыяқты жаңа инновация, жүйелі, ғылыми негізделген  технология қажет. Әлем экономикасын басқаруға жаңа технологияның қажеттігін, оның тиімділігін  әлем экономикасының өткен дағдарысқа жұмсаған  4-5 трлн. доллардың құнымен де дәлелдеуге болады.

Басқару жүйесіндегі кемшілік - жоғарыда  біз көрсетіп отырған ақша айналымы мен нақты экономика арасындағы алшақтық. Оны   жою жолдарын ғылыми негіздеудің, ақша айналымы мен нақты экономика арасындағы  үйлесімділіктің, оларға  тән тепе-теңдікті зерттеудің маңызы зор. Үйлесім дегенді  тек экономикада ғана емес, жалпы әлем елдерінің бірлігі, басқару  тетіктерінің, оны құрастыруға қажетті инновациялық шешімдердің бір жерге тоғысуы, консенсусы  деп қарауға да болады. Қорыта айтқанда, жер бетінің байлығын игеру мен дүниенің ақшасын жұмсаудың өзінде белгілі бір заңдылық, бір-біріне сәйкестік, бірегей ережеге негізделген өз технологиясы болуы тиіс.

Ал бұл ережемен жүру үшін де әр мемлекеттің өзіндік экономикалық салмағы, интелектуалды потенциалы болуы керек. Сондықтан да басқару жүйесінің дәрменді, сапалы болуы  әліде зерттей беруді талап  етеді. Бірақ бұл жұмыс елімізде жақсы дәрежеде дамып келеді деп айта алмаймыз. Мәселен, үстіміздегі жылдың интелектуал потенциалына түскен бәсекеде біз көтеріп отырған проблемаға арналған зерттеу жұмыстары жоқтың қасы.  Әлі күнге дейін зерттеу жұмыстарында ведомстошылдық басым, валюта-қаржы саласында өзінше, нақты экономика саласында өзінше, өндіріс-аймақ экономикаларында  өздерінше жеке дара зерттеу жүргізу тенденциясы орын алып отыр.  Ғылыми зерттеу институттарының, жоғарғы оқу орындарының алдына қоятын ірі мәселелердің бірі осы.  Өйткені басқару тетіктерінің де, олардың әдістемелерінің  де инновациялы технологиясы көп жылдар бойы саяси идеалогияның шырмауында қалып  жетіле алмай келеді. Ендеше экономиканы басқарудың озық технологиясын жасау кезек күттірмейтін, қайтарымы жылдам тиімді кәсіпкерлік жұмыс.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://personal.akorda.kz
  2. http://www.group-global.org

Описание работы
Әлем елдерінің экономикасы әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әлемдік қаржы дағдарысының себептері мен салдарын, оның алдын алу, одан шығу жолдарын үнемі кең ауқымда, әлемдік деңгейде қарап, біліп отыру маңызды. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқыны біздің елімізді де біраз тығырыққа тіреді. Алайда Үкіметтің дер кезінде қолға алған сауатты бағдарламасының арқасында соңғы екі жылда экономикамыз тұрақталды. Дамуға бет түзедік.
Содержание
содержание отсутствует