Қазақстан - 2050 стратегиясының негізгі бағыттары

Дата добавления: 09 Января 2013 в 13:35
Автор: m********@mail.ru
Тип работы: доклад
Скачать полностью (21.57 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Буклет_1.docx

  —  23.89 Кб

Қазақстан - 2050  стратегиясының негізгі бағыттары

 

Болашақты алыстан болжайтын  стратег саясаткер Нұрсұлтан  Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға  дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси  даму стратегиясына негіз ете  отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға  тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. 
Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.

Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

 «Алдымен экономика, cодан соң саясат», деген Қазақстандық даму формуласы өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Тәуелсіздік алған жылдары басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы сөгілген жабығыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды. Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні артты, бойға қуат бітті. Тәуекелшіл экономиканың басты жауы саналатын қаржылық дағдарыстың екі толқынына төтеп бердік. Іркес-тіркес келіп соқтықтан бұл дағдарыстар қазақ экономикасының қамалын алып, діңгегін шайқай алмады. Тек банк секторы, құрылыс индустриясы секілді бұтақтарын теңселтіп кетіп еді, қазір Үкімет қамқорлығының арқасында, олар да есін жинап, ел қатарына қосылып қалды. «Жаһандық дағдарыстың әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында. «Қазақстан-2050» стратегиясында Ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып тұрған әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерді жазалау механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуі тиіс.

«Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі  даму стратегиясы шеңберінде Үкіметтің  алдында Қазақстанның дамыған 30 елдің  қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеу, ел инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік  бағдарламасын, агроөнеркәсіп кешенін  дамыту бағдарламасын, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалар  бойынша бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау міндеті тұр. Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық  жоспарының жобасы қаралып, мақұлданған  үкімет отырысында Премьер-Министр  Серік Ахметов: «Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев пен барша  қазақстандықтардың арқасында бұған  дейінгі стратегиялық құжаттың көптеген көрсеткіштер бойынша орындалғандығын  іс жүзінде көрсете алдық. Осыны  негізге ала отырып, енді назарымызды  болашаққа – 2050 жылға дейінгі  стратегиялық дамуға салуымыз керек» – деп атап көрсетті. Мақсат-межелерге  қол жеткізу үшін Елбасы айқындап берген нақты да маңызды міндеттерді  орындау бағытында Үкімет пен  Президент Әкімшілігі бірлесіп Жалпыұлттық  жоспарды бекіту туралы Жарлық жобасын  әзірледі. Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда  министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, құжат Жолдауда айтылған жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіптік машық, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту, дәйекті де болжамды сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм бағыттары бойынша құрылды.

Қазақстан дамуының 2050 жылға  дейінгі стратегиясы мемлекетімізді қазіргі заман сипаты мен сынына сай жаһандық және тұжырымдамалық міндеттерді  шешуге, соның қатарында қуатты да бәсекеге қабілетті экономика, сенімді  әлеуметтік саясат, жоғары технологиялы индустриалдық сектор құрудың алғышарттарын  жасауға бағыттайды. Бұл міндеттер  ел өңірлерінің тікелей әрі белсенді қатысуымен жүзеге асырылып, өңірлер  инвестиция тарту, инфрақұрылымдарды  кеңейту мен жаңғырту, жаңа өндіріс  орындарын ашу орталықтары болып  бекиді. Осыған орай ең алдымен мемлекеттік  органдардың өңірлік даму саласындағы  жұмыстарын үйлестіруді күшейту  қажеттілігі баса айтылды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру – басты міндет. «Үкімет өңірлердегі қажетті және келешегі зор жобалардың тізбесін анықтауды және тарифтендіруді 2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ жүргізуі тиіс» делінген стратегияда. Осы орайда жуық арада Үкімет әкімдіктерімен бірлесе отырып мақсатты бағдарламалардың стратегиялық даму шарттарына сәйкестігіне баса назар аударатын болады. Ел аумағында шағын және орта бизнесті өркендету үшін кәсіпкерлік шарттарын оңтайландыруды жаңа мақсат-міндеттермен сабақтастыру арқылы жүргізу маңызды. Даму бағыты өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруды, инвесторларды елімізге ең озық өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру, жаңа өндірістер құру шартымен қатыстыруды көздейді. Сонымен қатар шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшіруге, инновациялық құрылымның негізін қалауға жағдай жасайды.

Кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау мәселесі мемлекеттік басқару саласында барлық реформалардың дәл ортасында болуы тиіс. Себебі елдің орта мерзімді даму бағдарламалары мен ұзақ мерзімді стратегиясын ойдағыдай іске асыру мемлекеттік аппараттың құзыреттігіне байланысты. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жоғарғы партия мектебі кәсіптік басқарушыларды даярлау саласында тиімді тәжірибесі бар, оның көптеген түлектері жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып отыр. Біздерге алдағы уақытта тек қана халықаралық тәжірибеге иек арта бермей, отандық тәжірибені де басшылыққа алудың мәні зор. Сонда ғана «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруда табысқа қол жеткіземіз. Себебі, өзге елдік модельді қанша барлап, өзімізге әкелгенімізбен, оның сәйкеспейтін тұстары да болады. Үнемі жаңа бағдарламалар, жаңа жұмыс істеу тәртібін енгізе беру ұзаққа апармайды, қажытады, халықтың мемлекеттік жұмысқа, заңға көңілі толмайтын ахуал қалыптасады. Біз, жоғарыда айтқанымдай, өзіміздің басқару үлгілерін пайдалана бастадық, енді соны одан әрі дамыту маңызды. Отандық тәжірибе әр салада жинақталды, 20 жылдық жұмыстың оң өзгерістерін байқап отырмыз, соны сараптан өткізе отырып, ары қарай жетілдірмелі жұмыс жасау ауадай қажет.Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақ елі әлеуметтік-экономикалық жаңғыру кезеңін бастан кешіруде. Бұл бағытта қоғамдық-саяси өмірімізде әлеуметтік саяси тұрақтылыққа, ұлтаралық келісімге толықтай қол жеткізіп, Қазақстанның орнықты дамуын үдете түсуіміз керек. Болашақта ДСҰ-ға мүше болып, бәсекеге қабілетті мемлекет құру міндеті тұр. Әлемдік іс-тәжірибеге назар салсақ, жасыл экономикаға көшу зияткерлік экономиканы қалыптастырудың мәні зор екенін байқаймыз. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, «Жасыл стратегияны» әзірлеген Германия, Норвегия, Оңтүстік Корея және басқа да көптеген дамыған елдердің клубына еліміздің қосылғаны белгілі. Бұл елдерде жоспарлау, салық салу, инвестициялаудағы «жасыл» механизмдер арқылы ресурстық экономикадан зияткерлік білім экономикасына эволюциялық көшу жүзеге асырылады. Зияткерлік экономиканы дамыту жағына жүйелі қозғалыс қазақстандықтарға болашақ ұрпақ үшін ұлттық әл-ауқатты дамытуға серпін береді. Көштен қалмау бір басқа да, өзіміздің сән-салтанатымызбен, елдің алдына түсу бір басқа. Қазір экономикалық реформаларда Қазақстан көшке ілесуші емес, ілестіруші мәнге ие ел болып отыр. Осы қадамды жетілдіре түсу, жаңа экономикалық бағыттарға қол созу Жолдауда нақты көрсетілген. ЭКСПО-ны жеңіп алудың бір мәні, біздің жасыл энергияны үйлесімді пайдалану ұсынысымыз екені анық. Оның арғы тінінде осы жасыл экономика жатыр. «Болашақтың энергиясы» – болашақ капиталы. Табиғи ресурстармен қоса, заманауи жетістіктерді бірдей пайдалану бүгінгі күннің талабы. 
 Сыртқы саясат туралы. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады. Біз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз.Біздің таяудағы мақсатымыз – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Осыған орай біз мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдейміз. Саяси егемендікке қысым көрсетілмейді. 
Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді.

Әлеуметтік  саясат туралы.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды. 
Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет. Шектес елдерден келіп жатқан көші-қон ағынына бақылауды күшейту керек. Ерекше назарды шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн. 
Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту қажет. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс. Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. 

Қазақстандағы дін туралы. Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек.

Қазақстандық  патриотизм туралы. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады. 
Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. 
Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз  сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде  өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этностық әркелкіліктерді біріктіреді.Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.  Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. 
Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. 
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.


Описание работы
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді.
Олар: жаңа бағыттың эко¬номикалық саясаты, кәсіп¬керлікті жан-жақты қолдау, әлеу¬меттік саясаттың жаңа прин¬циптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм
Содержание
содержание отсутствует