Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 07:58, реферат

Описание работы

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі.

Содержание

Кіріспе.
Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі.doc

— 332.00 Кб (Скачать)

Мысал. «Шығыс» АҚ аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы – 300000 және әлеуметтік  - 56700

( 300000-300000*10%*21%)) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630000 теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген.

Біз бұл  мысалда алынған терінің өзіндік  құны 4545324 теңге немесе 1 дм –ты 127,84 теңге құраған:

      • сатып алу бағасы  - 2758624 теңге (ҚҚС – сыз)
      • ҚДШ  - 1156700 теңге  (800000 + 356700);
      • Сақтау шығындары  - 630000 теңгк.

Енді  біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.

Рет № Шаруашылық  операциялардың мазмұны Сома, мың, теңге Шоттар  корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген 3200004 1610 1040
2. Жабдықтаушыдан сары тері алынды:

-  материалдардың  құнына

        - ҚҚС – ның сомасына

 
 
2758624

441380

 
 
1310

1420

 
 
3310

3310

3. Тасымалдау  шығыстары өтелді

Сақтау  шығыстары өтелді

800000

630000

3210

3210

1040

1040

4. Сары теріні алумен байланысты шығыстары материалдық құнына қосылады:

       -  тасымалдау шығысы 

   -  артып түсуі бойынша өткен  шығыстар 

    

- сақтау шығыстары

 
 
 
800000 

356700 
 

630000

 
 
 
1310 

1310 
 

1310

 
 
 
3210 

3350, 3140 «әлеуметтік салық»

3210

5. Жабдықтаушының  қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет жасалды. 
 
 
 
 
 
3200004 
 
 
 
3310 
 
 
 
1610
6. Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есептен  шығарылды.

Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447 (3555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС-сыз). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 275864 теңге құраған. Таза сатылған құнының арасындағы айырмасы 4158177 теңге құраған (2758624 – 2300447)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
48177
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8040
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1310

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.                

Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын  -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Бір қоймаға  жататын тауарлы – материалдық  қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны  «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған»  деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

Жабдықтаушылардан  сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.

Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

  • шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан  немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте  дайындалған және сақталған кезіндегі  жетіспеушілігі мен  жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт –ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.

Материалдардың  бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.

Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген  және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған  күйде ме.

Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.

Тауарларды  саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген

№ 1240 09.11.1994 ж  және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

Егер  тауарларды қоймаға жабдықтаушы  немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы  – көлік накладнойымен жеткізеді.

Түскен  тауарларды қоймада қабылдауды қойма  меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:

Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат  күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұндай  тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.

Тауарлы – материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік жіне көліктік.

Тауарлық  құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

Есеп  айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу  және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.

Көліктік  - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:

  • теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
  • Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
  • Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
  • Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның счет –  фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа  жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар  санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.

ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.  

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Тауарлы – матениалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.  

Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге  және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдардың  шығысы мынадай құжаттар бойынша  рәсімделеді:

Лимиттік  – жинақтама картасы; материалдарды  айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.

Жабдықтаушылар  тауарларды босатқан кезде әрбір  жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың  нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің  өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

Лимиттік  - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі