Ұстаздық еткен жалықпас

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 14:38, реферат

Описание работы

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін мойындаймын.Өйткені, жүрегі мейірімге толы менің ұстазым мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстазым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің ұстазыма арналған.Қоғам әрқашан да білім саласы қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп тегін айтпаса керек.

Содержание

1) Ұлағатты ұстаз
2) Ұстаз болу-жүректің батырлығы
3)Бірінші анам - туған анам, екінші анам - ұстазым

Работа содержит 1 файл

Айгерим.docx

— 22.68 Кб (Скачать)

Ұстаздық еткен жалықпас.

 

 

 

Жоспар:

1) Ұлағатты ұстаз

2) Ұстаз болу-жүректің батырлығы

3)Бірінші анам - туған анам, екінші анам - ұстазым

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,           

 Ұстаз болу – сезімнің  ақындығы,           

 Ұстаз болу – мінездің  күн шуағы,           

 Азбайтұғын адамның алтындығы  – 

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар  болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.Иә,бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”  деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз  еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін мойындаймын.Өйткені, жүрегі мейірімге толы менің ұстазым мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстазым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің ұстазыма арналған.Қоғам әрқашан да білім саласы қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп тегін айтпаса керек.Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Ұстазы жақсының шәкірті үздік.  Жаксы маман тәрбиесі – ұстазға байланысты.Себебі ұрпақ тәрбиесі ұстаздың қолында.“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Данышпан да, дана да оқып сенен,  
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.  
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,  
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлеңді!  

Мұғалім – жалпы білім беретін  мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман, мектептің айнасы, бәйтерегі. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығын жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйретеді.Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.  
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.  
Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса- ол нағыз ұстаз.Адам баласының екі анасы болады, бірі – дүниеге әкеліп, ақ сүтін берген аяулы анасы болса, бірі - өмірге көзін ашып, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстазы.Ұстаз- ұлағатты ана, кішіпейіл жан, аяулы жар. «Ұстаздық өнер - ұлы өнер» демекші, ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаздықтың ыстығы мен суығына төзе біліп, бұл өнердің жілігін шағып, майын ішкен ұстаздар да бар, бұл өнердің асқар шыңына жете алмай кеткендер де бар.

Әрбір тұлға үшін алғаш  «Әліппе» ұстатқан ұстазы да, алғаш табалдырығын аттаған мектебі де өте ыстық. Ұғынған адамға ұлағатты ұстаздың орны бөлек екен. Мен үшін ұстаздарымның сіңірген еңбегі өте зор. Ең алғаш білім ордасының табалдырығын аттаған кезімде қазір осы шығарманы ақ қағазға түсіріп отырған қолымдағы қаламымның атын да, өзін де қалай ұстау керек екенінен мүлдем хабарсыз болатынмын. Міне, бүгін ардақты ұстаздарымыздың арқасында үйренген әріптермен, сырлы сөздермен, сырбаз сөйлемдермен өздеріне деген алғысымды білдіру үшін дәптерім мен сиқырлы қаламымды қолыма алып, шығармамды жазып отырмын.Менің ұстаздарымның саны шексіз. Бірінен – бірін бөле жарып, «ең жақыны осы» деп айта алмаймын. Әр ұстаздың сабақ беру мәнері, білім берудегі әдеби мен балалармен тіл табысу шеберлігі бір-біріне ұқсамастай ерекше. Жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде әр ұстаздың өз орны бар.Мұңайғанда мұңым мен сырымды, қуанғанда шаттығым мен жырымды бөлісетін бірінші - анам болса, екінші – ұстазым. Ұстаздың әр қимылына еліктеп, әр сөзін жаттап алуға тырысамыз. Әр баланың жүрегінде ұстазға деген бір жылылық бар. Адасқанда ақылымен жол сілтеп, жарықты нұсқаса, шаттанғанда қосыла күлетін де ұстазымыз.Ақындық қасиеті мен жанының шығармашылыққа құмарлығы қазақтың әдебиетін санамызға терең сіңірсе, әр шығармашылық кешке дайындалудағы ыждағаттылығы мен оқушыларға қояр талаптары дарынымызды дамытып, шеберлігімізді ұштайды.

Ұлт ұстазы, қазақтың өткен  ғасырдағы руханиятының көш басшысы  Ахмет Байтұрсынұлы: “Мектептің жаны  – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім  білімді болса, білген білімін басқаға  үйрете білетін болса, ол мектептен  балалар көбірек білім біліп  шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді,  оқыта  білетін ұстаз”, – депті.Сондықтан да ардақты да аяулы ұстазымызды сыйлайық!


 


Информация о работе Ұстаздық еткен жалықпас