Iштегі баланың өсіп дамуы

Дата добавления: 05 Октября 2011 в 08:33
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (219.38 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Іштегі баланың өсіп-дамуы.doc

  —  256.00 Кб

Іштегі  баланың өсіп-дамуы

Ана құрсағындағы баланың қалай өсіп-дамитынының  көп жайттары туралы біліміміз бұрын  тым аз болатын. Мамандар бала қап-қараңғы, тып-тыныш жатырда қоршаған ортамен  ешбір 
байланыссыз, түк сезбей дамиды деп ойлайтын. 
 
Соңғы жылдары ғана түрлі ғылыми және техникалық жетістіктердің арқасында ана жатырында жатқан нәрестенің қалай дамитынын тікелей бақылай алатын күйге жеттік. Құрсақтағы 
Баланың сыртқы түрі қандай, ол қалай қимылдайды, қалай өседі, осының бәрін енді бүге-шігесіне дейін көре аламыз.

1 - інші ай 2 - нші ай 3 - інші ай
4 - інші ай 5 - інші ай 6 - інші ай
7 - інші ай 8 - інші ай 9 - інші ай
 

 

Құрсақтағы  баланың өмірінің алғашқы айлары

Айына бір рет, екі етеккірдің аралығында аналық бездерден бір аналық жасуша босап шығып, фаллоптық қос түтіктің біреуіне түсіп, сол арқылы жатыр  қуысына өтеді.  Егер осы кезден сәл бұрын әйел жыныстық қатынасқа түскен болса, аналық жасуша аталық жасушамен қосылып, әйелдің бойына бала бітуі мүмкін. Аналық және аталық жасушалар қосылғанда жаңа тіршілік иесінің ең алғашқы жасушасы пайда болады. (1 - суретті қар.) Бұл қосылу фаллоптық қос түтіктің бірінде жүзеге асады. Ұрықтанған жасуша 3 – 4 күннен кейін түтік арқылы жылжи отырып, жатырға өтеді де, оның қабырғасына бекінеді. Ұрықтанғаннан кейінгі 8 аптаны ұрықтық (эмбриондық) кезең деп атайды, бала да әлі ұрық (эмбрион) деп аталады. Осы уақыттың ішінде алғашқыда жалғыз ғана жасушадан тұрған ұрық дамып, дене мүшелері, сүйек қаңқасы, ми мен жүйке жүйесі сияқты негізгі ағзалары анық байқалатын организмге айналады.

1 - інші ай

Орталық жүйке  және қан айналу жүйелері қалыптасады. Үшінші аптада жүрек соға бастайды. Ми мен жұлын қалыптаса бастайды.

2 - нші ай

Аяқ-қол, көз бен құлақ көріне бастайды. Бұлшық еттер мен омыртқа  сүйегі қалыптасады. (2 - суретті қар.)  Пайда болған көз қабағы жарыққа сезімтал көздерді жауып, жүктіліктің жетінші айына дейін жабық болады.  Барлық басты ағзалардың (мыс., бүйрек, бауыр, өкпе) негіздері қалыптасады. 
Нәресте қимылдай бастайды, бірақ анасы бұл қимылдарды әлі сезбейді. Ми дамып, бұлшық еттер мен ағзалардың жұмысын басқара бастайды. (3, 4 – суреттерді қараңыз.) 
Бүкіл жүктілік кезінде нәрестенің миы оттегі мен нәрлі заттарды анасының қан айналу жүйесі 
арқылы қабылдайды.  Оның қан айналу жүйесі анасының қан айналу жүйесімен бала жолдасы (плацента) арқылы байланысқан. Бала жолдасы анасының қанын баланың қанынан ажыратып, 
оған нәрлі заттар мен оттегіні ғана жібереді.  Сегіз аптадан кейін ұрықты дәрігерлер фетус деп атайды.  Сол кезде ұрықта толық дамыған ересек адам денесіне тән нәрселердің бәрі де бар.  Енді оған әрі қарай дамып, өсе беру керек. Бұл кезде нәрестенің ұзындығы 2,5 сантиметр шамасында болады. 
 

  

3 - інші ай

Бұлшық еттер мен жүйке жүйесі біршама дамып, нәрестенің қимылдары  күшейіп, бұрынғыдан 
әлдеқайда үйлесімді бола бастайды, бірақ оларды анасы әлі де сезбейді.  Ол баланың қимылын 
18 – 20 аптада сезе бастайды, ал бұдан кейінгі жүктіліктерде бұрынырақ та сезуі мүмкін. Нәрестеде сору және жұту қабілеттері пайда болады.  Тыныс алу рефлексі қалыптасады.  Нәресте өзін қоршап 
тұрған қағанақ (амнион) суымен «тыныстап », бұл оның тыныс жүйесінің дамуына септігін тигізеді. Кейбір қарапайым рефлекстер қалыптасады. Мысалы, егер жатырдағы нәрестенің алақанына 
бір нәрсе салынса, оның саусақтары оны ұстамақ болып бүгіледі. Нәресте еріндерін жыбырлатып, маңдайын тыржитып, басын бұра бастайды. (5 – суретті қараңыз.) Оның жынысын анықтауға 
болады.  Бүйректері жұмыс істейтіндіктен, нәресте несеп шығара бастайды.  Шашы өсіп, денесін түк басады. 
 

4 - інші ай

Нәрестенің тез  өсуі жалғаса береді.  Саусақтарында тырнақ өсіп, көз, құлақ пен мұрны жақсы 
қалыптасқан.  Нәресте анасының даусын, жүрегінің соғуын және сыртқы ортаның шуларын 
ести алатыны жайлы дәлелдер бар. 
 

5 - інші ай

(6 - суретті қар.) Шамамен осы уақытта  анасы алғаш рет нәрестенің  қозғалысын сезе бастайды. 
Баланың терісіндегі нәзік түк пен лосьон сияқты қоймалжың ақшыл сұйықтық оны 
айналасындағы қағанақ суынан қорғап тұрады.  Жүктіліктің соңына қарай қоймалжың 
сұйықтықтың көбі өздігінен жоғалып кеткенмен, туғанда нәрестенің терісінде оның аздаған 
бөлігі әлі де қала береді, әсіресе, егер бала мерзімінен бұрын туса. 
 

6 - ншы ай

Бұлшық еттер  мен ішкі ағзалар тез өседі. Миы дамып жетіле береді. Баланың ояу болатын, 
ұйықтайтын кездері жақсы қалыптасқан.  Оның ұзындығы 33 см, салмағы 500 г шамасында.  
 

7 - нші ай

Нәрестенің көздерін жауып тұрған қабақтары енді ашық, кірпіктері бар. Баланың көру, есту, дәм сезу мен сипау сезімдері қалыптасқан, ол анасының дауысын таниды.

8 - інші ай

Терісінің астындағы  майлы шел қабаты бала туылғаннан кейін оны қуатпен қамтамасыз 
етеді және дене температура-сын реттеуге көмектеседі. Бала жолдасы арқылы келетін анасының 
гормондарының әсерінен нәресте оның көңіл күйі мен сезімдерінің қандай екенін сезе алады.

9 - ыншы ай

Жүктілік соңына жетіп, бала дүниеге келуге дайын.

Описание работы
Ана құрсағындағы баланың қалай өсіп-дамитынының көп жайттары туралы біліміміз бұрын тым аз болатын. Мамандар бала қап-қараңғы, тып-тыныш жатырда қоршаған ортамен ешбір
байланыссыз, түк сезбей дамиды деп ойлайтын.
Содержание
содержание отсутствует