Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу.docx

— 29.66 Кб (Скачать)

Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу

Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр.

Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

Адамзаттың ойшылы Аристотель «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек. Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді. Бұл - жеке бастың арнаулы уақыт тауып, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануы.

Иә, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - салауатты өмір сүрудің негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады.

Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам сол төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп-созылып, отырып-тұрып, басын қозғап, одан қолды жоғары-төмен, алдыға-артқа созып, жалпы қолды созып, аяқтың сілтеуімен бірге денені оңға-солға бұрып, еңкейіп-шалқайып, аяқты оңға-солға сілтеу, т.с. сияқты жалпы дамыту жаттығуларын 10-15 мин. аралығында орындауға болады. Аса пайдалы қозғалыс - таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын 15-20 мин. аралығында далаға шығып серуендеп, реті келсе, жүгіріп, жаттығуларды құрал-жабдықтармен орындап келген адам күні бойында өте сергек жүретіндігі ғылыми негізде дәлелденген. Осылайша, күнделікті үзбей таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау ақыл-кеңес, немесе қаражатты талап етпейді. Тек жеке тұлғаның өзінің дені сау болсын деген ынтасы мен ниеті болу керек. Әсіресе, аз қозғалыста болатын кеңсе қызметкерлері үшін бұл өте қажет-ақ.

Салауатты өмір сүру үшін әлеуметтік маңызы бар дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде үзбей шұғылдануды - спортпен шұғылдану дейді. Спортпен шұғылдану деген жаттығудың бір түрімен үнемі шұғылданып, оны дағдыға айналдыру. Әрине, күнделікті таңертеңгілік бой жазғанда орындалатын жалпы дамыту жаттығуларынан гөрі бұған қойылатын талап жоғары. Спортпен шұғылдану үшін әркім өзінің ағзасының мүмкіншілігін білу керек. Салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп жүріп, мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп, ағзаны ауруға шалдықтырып алмау керек.

Салауатты өмір сүру үшін тағы бір әлеуметтік маңызы бар мәселе - адамның етжеңді болуы. Толық адамның денсаулығы қандай болуы мүмкін?

Француз халқының мынадай мәтелі бар: « Семіздіктің үш түрі бар - біріншісі, қызықтырады, екіншісі -күлкілі, үшіншісі - жиіркендіреді». Толықтық дененің сұлулығын, әдемілігін бұзып қана қоймай, әр түрлі ауыр науқастарға әкеліп соқтырады, адамды мезгілінен бұрын ерте қартайтып, өмірін қысқартады. Семіздіктің аяғы неге әкеп соғатынын бұрын Шығыс және Батыс медицинасының негізін қалаушылар Гиппократ, Ибн-Сина айтқандай, ертедегі Эллада және Рим елдерінде халықтың тамақтануы және оның тәртібі мен мөлшері заңда қаралған.

Информация о работе Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу