Сүт және сүт өнімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:28, шпаргалка

Работа содержит 1 файл

Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.docx

— 66.96 Кб (Скачать)

       Сүт  және сүт өнімдерін жоғары  температуралы пастерлеу 77 0С-дан  125 0С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді.

       Сүт және сүт өнімдерін зарарсыздандыру өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін 100 0С-дан жоғары температурада ұстала отырып, тығыз жабылған тұтынушы орамында (ыдысында) жүзеге асырылады.

       Сүтті және сұйық сүт өнімдерін қайта өңдеу кезінде ультрапастерлеу:

       1) кейіннен  асептикалық буып-түю кезінде  - өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздығы  талаптарына сәйкестігін;

       2) кейіннен  асептикалық емес буып-түю кезінде  - өнімнің қалдық микрофлорасының  елеулі азаюы мен сақтау ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ететін 125 0С-138 0С температура кезінде кемінде 5 секунд ұстала отырып, жүзеге асырылады.

       Сүт  және сүт өнімдерін ультражоғары  температуралық өңдеу жабық жүйе  ағынында 135 0С-140 0С температура кезінде  жылытылған үстіңгі бетімен жанасу немесе зарарсыздандырылған буды өніммен тікелей араластыру жолымен кемінде 2 секунд ұстай отырып жүзеге асырылады.

       32. Нақты  өнім түрлерінің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі арнайы  технологиялық процестердің кезеңділігі  мен тиімділігін бақылау әдістері  өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді.

       Сүт  және сүт өнімдерін термикалық  өңдеуді бақылау кезінде қолданылатын  әдістер дайын сүт өнімі қауіпсіздігінің  берілген деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

       Термикалық  өңдеуден өтетін сүтті және сүттің қайта өнімдерін суыту 4 0С + 2 0С-дан аспайтын температураға дейін жүргізіледі.

        Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

7. Дайын сүт өнімдерінің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

       33. Сүт  және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі  сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі  ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.

       Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.

       34. Өткізуге  арналған сүт және сүт өнімдерінде  уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің  болуы, сондай-ақ тотығып бүліну  көрсеткіштерінің ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.

       35. Сатуға  арналған сүт шикізатында, кілегей  шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде  санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.

        Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       36. Дайын  сүт өнімдерінде фосфотазаның  және (немесе) пероксидазаның болуына  жол берілмейді.

       37. Алып  тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       38. Мерзімінен  бұрын бүлінуі туындау қаупінің  алдын алуды қамтамасыз ететін  дайын сүт өнімдерін шығару  кезіндегі температура нақты  сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.

       39. Аралас  құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің  көрсеткіштерін анықтау салмақтық  үлесі бойынша да, сол сияқты  нормаланатын контаминанттардың  рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.

       40. Алынып  тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       41. Алынып  тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       42. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. P080032

       Байыту  өнімдердің тұтынушылық қасиетін  төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық  заттарда қамтылғанды және олардағы  басқа да қамтылғандарды игеру  деңгейін төмендетпеуі және олардың  қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.

        Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       43. Сүт  өнімдерін витаминдермен және  тағамдық қоспалармен байыту  кезінде байытылатын қоспалардың  өзара және байытылатын өнімнің  компоненттерімен химиялық өзара  іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.

       44. Сүт  өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен  байыту үшін пробиотикалық қасиеттері  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі  саласындағы Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  расталған дақылдардың ресми  коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.

       45. Экологиялық  таза сүт пен сүт өнімдері  генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

8. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

       46. Сүт  және сүт өнімдерін дайындау  және өндіру (дайындау) жөніндегі  ғимарат пен оған іргелес маңдағы  аумақ объектісі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.

        Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       47. Сүт  өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын  ұйытқылар мен пробиотикалық  дақылдар нормативтік және техникалық  құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған  кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.

       Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

       1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналастырылуы;

       2) ұйытқылар  мен дақылдарды микроорганизмдердің,  бактериофагалар мен басқа да  ластаушылардың ластауынан қорғауды  қамтамасыз ететін жағдайларды  жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;

       3) тасқынды-сорғыш  желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау  мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.

       48. Кәсіпорынның  кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.

       Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.

       Ашық  су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.

       Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.

       Ағын  суларға арналған қайта айдау  станцияларының тазалау құрылыстары  мен өзге де қондырғылар жарамды  қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.

       49. Өндіру (дайындау) объектілері:

       1) қоршаған  ортаны ластау объектілерінен  және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;

       2) жеткілікті  алдын алу шараларының қабылданған  жағдайларынан басқа, су тасқынына  душар болған өңірлерден;

       3) зиянкестердің  шабуылына ұшыраған аудандардан;

       4) қатты  немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары  тиімді аласталмайтын аудандардан  қашықта орналасуы тиіс.

       Сүт  және сүт өнімдерін өндіретін  (дайындайтын) кәсіпорынның ішкі  схемасы мен орналасуы шикізат  пен дайын сүт өнімдерінің  тоғыспалы қозғалысына жол бермеуге  тиіс.

       Тоғыспалы  ластануы ықтимал орындарда операциялар  табиғи немесе басқа да тиімді  тәсілдермен бөлінуі тиіс.

       Ғимараттар  мен өндірістік үй-жайлар шикізатты алған сәттен бастап, түпкі өнімге дейінгі ағындарды реттеуді ескере отырып жоспарлануға тиіс.

9. Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

       50. Сүт  және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірге сақтауға тыйым салынады.

       Сүт  және сүт өнімдерін сақтау  өнімнің сақталуы ветеринарлық-санитарлық  және санитарлық-эпидемиологиялық  ережелермен және нормаларымен  және осы техникалық регламентпен  белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес қамтамасыз етілетін шарттарда жарамдылық мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

        Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       51. Сүт  және сүт өнімдерін тасымалдау  кезінде олардың ластануы мен  бүлінуін болдырмауды қамтамасыз  ететін шарттар сақталуы тиіс.

       Құрғақ  және қоюлатылған сүт өнімдерін  қоспағанда, сүт және сүт өнімдері  тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.

       Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.

       Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

10. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жарату кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

       52. Мынадай:

       1) осы  техникалық регламенттің талаптарына  сәйкес келмеген;

       2) сапасыздықтың  анық белгілері болған;

       3) олардың  шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе берушінің құжаттарының болмауы;

       4) тамақ  өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметті қамтитын таңбасының болмауы;

       5) жарамдылық  мерзімі белгіленбеген немесе  өтіп кеткен;

       6) ауру  тудыру және таралу немесе  адамдар мен жануарларды уландыру  қаупін, адам мен жануарлардың  денсаулығына және өміріне қатер төндіретін әрі қоршаған ортаны ластау қаупін тудыру себептері бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған сүт және сүт өнімдері кәдеге жаратуға жатады.

        Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

        53. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жаратуды өндіруші (дайындаушы) немесе сүтті және сүт өнімдерін сатушы оларды бастапқы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кез-келген техникалық қол жететін және сенімді тәсілмен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырады. P080140

11. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түюге (ыдыстарға) және таңбалау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

       54. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын буып-түю және мамандандырылған барлық көлік түрлерінің сүт өнімдерімен жанасуы үшін белгіленген тәртіппен рұқсаты болуы тиіс.

       Орама  тығыз жабылуы және кез-келген  ластану мүмкіндігін болдырмауы, белгіленген сақтау және (немесе) жарамдылық кепілдігі берілген  мерзімдері бойы тасымалдау, сақтау  және өткізу кезінде өнімдердің  сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

       Көп мәрте қолданылатын орама (ыдыс) берік және (немесе) жөндеуге келетіндей болуы, жеңіл тазалануы әрі залалсыздандырылуы тиіс.

       Орама  (ыдыс) немесе буып-түйілген сүт  және сүт өнімдерін ашқан және (немесе) оралған өнімді алу кезінде,  оның ішінде немесе тұтынушылардың  белгілі бір санаттары (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер) үшін ғана қиындықтар немесе ықтимал қауіп тудыратын жағдайларда мыналарға:

Информация о работе Сүт және сүт өнімдері

Описание работы

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.