Мақта шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Оңтүстік аймақ байлықтарының бірі – мақташаруашылығы. Оңтүстік Қазақстан облысындаосы жылы 154 мың гектар жерге мақта себілген. Ал 2010 жылы 134,2 мың гектар алқапқа себілген мақтадан 240 мың тонна шикізат алынған. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, өнімді. Мақта плантациясының көлемi жыл өткен сайын кемiп, шитті мақтадан алатын өнімнің азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған орай, оңтүстікте біраз басқосулар болып, мақтаның түсімділігін арттыру мен сапасын жақсарту негізгі мәселелер болып отыр. Өнімділікті жақсартудың жолдары ұсынылып, «Мақта саласын дамыту туралы» Заңдар еңгізілді.

Содержание

Кіріспе
1.Оңтүстік Қазақстан мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты туралы қысқаша сипаттама
1.1 Шаруашылықтың орналасуы: облысы, ауданы, ауылы, облыс және аудан орталықтарына дейінгі қашықтық
1.2 Табиғат-климаттық жағдайлары: топырақ-климаттық жағдайы, жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғылары
1.3 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты, әр саланың меншікті үлесі(өсімдік шауашылығы,мал шаруашылығы және тағы басқалар).
1.4 Жер түрлері (жыртылған жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және тағы басқалары)
1.5 Өндірісті механизациялау деңгейі (техникалармен, ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз етілуі).

2.Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптар
2.1 Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.
2.2 Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.
2.4 Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы «Мақтаарал» сорттарын өсірудің агротехникасы.
Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.
2.6 Еңбекті қорғау.

3.Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

макта отчет.docx

— 2.91 Мб (Скачать)

 

Кесте 4.Тұқымдық шитті мақта дақылын себу тәсілінің оның өніміне әсері

 

Себу тәсілі

1 гектардағы тұқымдық шитті мақта-өнімінің  тығыздығы, (мың дана/га)

Тұқымдық шитті мақта өнімі, ц/га

Қосымша өнім, ц/га

60 х 60 (1)

72

24,3

-

60 х 60 (1)

81

23,1

-1,2

90 х 20 (2)

93

28,9

4,6


 

Культивация. Қозаның қатараралығын баптаудың  аса маңызды тәсілі болып табылады. Ерте кіріскен абзал. Мұның өзі әсіресе  қозаның тамыры шіри бастайтын ауруды болдырмау үшін өте қажет. Өйткені  топырақ қопсытылып үстіңгі қабаты дегди бастайды да, қоза тамырының  мол ылғалдың салдарынан шіруге бет  алуы тоқтатылады, арам шөптерді жояды. Қозаның өсіп жетілуінің алғашқы  кезеңіндегі бірінші культивация 6-8 см тереңдікте үш дөңгелектік МТЗ  – 80 тракторына орнатылған КРХ-3,6 агрегатымен  іске асады. Кейінгі культивациялар шеткі органдары 10 см тереңдікте, ортасындағы  органдары 14-16 см тереңдікте қопсытылады.

Тыңайтқыш қолдану. Мақтаның өнімділігін арттыруда  минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Азот қозаға оның өсіп-өну барысында, вегатациялық өсіп жетілуінің түйін  салу, гүлдену кезінде өте қажет. Азот тез өсуге ықпал жасайды.

Фосфор тыңайтқыштары  өнім беретін элементтердің жақсы  мол салуынағ көсектердің ірі  болуына әсерін тигізеді. Қоза енді гүлдей бастағанда енгізсе, өте құп  болады.

Ауыспалы  егіс танаптарында қозаның әр гектарынан 25-30 центнер өнім алу үшін екпе шөптен кейін бірінші рет жыртылған  жерге алғашқы жылдары әр гектарға шаққанда берілетін азот тыңайтқыштарының мөлшерін 80-100 кг, 3-4 –ші жылдары 140-460 кг дейін, ал ескі жерлерде 200-300 кг жеткізу  қажет. Ал фосфор 100-110 кг дейін берілсе  болады.кесте 5.

 

Кесте 5. Мақта саласындағы ауыспалы егіс кестесінің түрлері

 

І түрі

ІІ түрі

1. Жоңышқа 1 жылғы

2. Жоңышқа 2 жылғы

3. Жоңышқа 3 жылғы

4. Мақта

5. Мақта

6. Жүгері сүрлемге

7.Мақта

 

 

 

43 %

1. Жоңышқа 1 жылғы

2. Жоңышқа 2 жылғы

3. Жоңышқа 3 жылға

4. Мақта

5. Мақта

6. Күздік бидай

7. Мақта

 

 

 

43 %


 

 

ІІІ түрі

ІҮ түрі

1. Жоңышқа 1 жылғы

2. Жоңышқа 2 жылғы

3. Мақта

4. Мақта

5. Күздік бидай, н/е  соя, бақша

6.Мақта

 

 

 

50%

1. Жоңышқа 1 жылғы

2. Жоңышқа 2 жылғы

3. Мақта

4. Мақта

5. Жартылай пар, асбұршақ +сұлы, балаусаға н/е тыңайтқышқа.

6. Мақта

 

 

 

50 %


 

Кесте  6.Егіс алқаптарының топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері мен қоректік химиялық элементтер

 

Топырақ

қабаты-

ның те-

реңдігі,

  см

 

 

РН

 

 

Қара 

шірінді,

   %

  Жалпы мөлшері,%

    Жылжымалы 

   Түрлері, мг/кг

 

Азот

 

Фосфор

 

Калий

Жеңіл ыдырайтын азот

 

Фосфор

 

Калий

 

 

0-20

 

7,86

 

1,11

 

55,8

 

16,0

 

318

 

0,017

 

0,06

 

0,015

20-40

7,79

1,09

54,6

15,8

300

0,021

0,012

0,063


 

 

Қозаның ұшын шырпу. Қозаның ұшын шырпу жұмыстары  су мен қоректік заттар бойға кеткені  оның жанама бұтақтағы түйіні мен  гүлдеріне беру үшін атқарылады. Негізгі  сабақтың үш жағын 1-2 см қысқарта кесу керек. Қозаны шырпу өсімдіктің бойында 14-16 көсек пайда болған кезде жүргізіледі. Шырпу жұмыстарының  жақсы нәтижесін  беретініне ұзақ жылдардың тәжірибесі дәлел бола алады.Қозаны шырпужүргізілген1 өсімдіктегі ашылмаған қорабшалар саны 0,5 дана, тұқымдық шитті мақтаның өнімі, 27,3 ц/га, ал  жүргізілмеген  жағдайда 1 өсімдіктегі ашылмаған  қорабшалар саны 1,6 дана,тұқымдық шитті  мақтаның өнімі, 23,1 ц/га берген. кесте 7.

 

 

Кесте 7.Қозаны шырпу шарасының тұқымдық шитті мақта дақылының өніиіне әсері

 

Қозаны шырпу

1 өсімдіктегі ашылмаған қорапшалар саны (дана)

Тұқымдық шитті мақтаның өнімі, ц/га

Жүргізілген

0,5

27,3

Жүргізілмеген

1,6

23,1


 

 

Суару. Өсімдік  тіршілігінде ең қажетті негізгі  фактор  - су.

өсімдік суға әбден қанған кезде ғана ондағы маңызды  тіршілік процесстері толық әрі  ойдағыдай жүреді. Топырақта ылғалдылық жетіспеуі салдарынан өсімдік клеткаларының  құрғай бастауы мақта өнімінің азайуына әрі талшықтың сапасының төмендеуіне  әкеліп соғады. Қоза өсімдігі, әсіресе  гүл қауызы жетіліп, көсек байлар кезінде суды көп қажет етеді. Тәулігіне 1 га мақталық алқап 90-100 текше  метр, одан да көп су ішеді. Жер асты сулары жақын жатқан судың едәуір бөлігн жер асты суларының есебінен алады.

Қозаның жапырағын  түсіру. Қозаның жапырағын түсіргеннен  кейін мақта теретін машиналар  өнімдірек жұмыс істейді, әрі  шитті мақтаны таза тереді. Қазіргі  кезде мақтаны қолмен теру ыңғайлы, тиімдірек. Ал деформацияның қол  терімге пайдасы зор, ол қоза көсектерінің пісуі мен ашылуын тездетеді. Таңертең және кешкі уақыттарда шашылып  берілгені жөн.

Мақта терім. Соңғы жылдары 90 % қол теріммен жиналып  келеді. Бұл әрі таза, әрі сапалы болады. Жалпы механикалық терімге 75-80 % ашылған кезде салу керек.

 

 

 

 

Мақта тұқымшаруашылығы, тұқымдық шиттің сапасын жақсарту.

 

Тұқым шаруашылығы - өнімді мол беретін  сапасы жоғары ең таңдаулы жаңа сорттардың тұқымын жасап шығаратын, және тұқымын  көбейтетін сала.

Аудандастарылған  жаңа сорттарды шығарып, талшықтың  технологиялық қасиетін және шаруашылық сапасын сақтап қалу – тұқым шаруашылығының негізгі міндеттері болып табылады.

Мақтаның  тұқым шаруашылығы сортты жаңартудың бес жылдық тізбегін қолдана отырып үшінші репродукциялық шитті техникалық егіске де пайдаланады. Мемлекеттік  стандарт бойынша элиталық тұқым 100 пайыздық таза болуы тиіс, бірінші репродукциялық тұқымдық шиттің өнгіштігі 99 пайыздан кем болмау керек. Ал R2 98, R3 96 пайыздан кем болмау керек. Тұқымның сорттық тазалығы 96 пайыздан төмен болғанда 4-ші және кейінгі репродукциялар таза сортты болып есептелмейді. Бесінші жылы тұқымның үшінші репродукциясы тұқымдық емес жалпы егіс есебінде егіледі.

Қазіргі таңдағы  тұқым шаруашылығының ғылыми тұрғыдан жетілгендігі аудандастырылған жаңа сорттардың жоғарғы сапалы мақта талшығының өндірілуі, ішкі де сыртқы сұраныстарға сапалық жағынан жауап бере алады.

Жаңа экономикалық қатынасқа өту барысында мақта  талшығының бүкіл әлемде сапалы болуына  және өнімнің мол болуына мынадай  шараларды орындаған жөн.

1). Мақта  егілетін аудандарда тек қана  аудандастырылған сорттарын егу  керек.

2). Тұқым  шаруашылықтарына құнарлы, мол  өнім беретін салма ауруымен  залалданбаған, жоңышқадан кейінгі  2-3 жыл мақталық жер бөлінуі  керек.

3). Тұқым  өндіретін алқаптарда мақта түп  саны гектарына 80-90 мыңнан аспауы  керек.

4). Мақта  зауыттарында тұқымдық шиттерді  жоғары сапалы дайындауда мемлекеттік  стандартқа сай болуы тиіс.

Мақтаның  жаңа отандық элиталық тұқымы ішкілей  сорттықты шағылыстыру арқылы тұқым  қуалаушылығымен тексмер келе. Жекелеп  – сұрыптау әдісімен үш жылдық кестесі  арқылы шығарылады.

1. Тұқымдық  питомниктің 1-ші жылы 1500 мың сұрыпталып  жеке алынған үлгісі 1 гектарға  себіледі.

2. Тұқымдық  питомниктің 2-ші жылы 400 мыңдай  ұясы 2 гектарға себіледі.

3. Тұқымдық  көбейту үшін 1250 ұялық үлгі 50-60 гектардан  алынады.

Мақтаның  элиталық тұқымдық шитін қайтадан көбейту  жұмыстары элита және 1 репродукциялық аудандастырылған сорттарды қайтадан шығару нұсқасына сәйкес жұргізіледі.

Алынған элиталық шит агротехникалары өте жоғары сақталған үлкен шаруа қожалықтарына  беріліп, одан жаңа сортың 1 репродукциялық мақта шиті өсіріледі.

Мақта дақылы -  өзін-өзі  факультативті тозаңдандыратын  дақылдарға жатады.

Сондықтанда элиталық тұқым шаруашылық жұмыстары  дұрыс орындалмай жүргізілсе, үлкен  көлемде басқа гибридтермен тозаңданып мутация пайда болып, аудандастырылған сорттардың көрсеткіштері төмендеп кетуі әбден мүмкін.

Мақта көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдік,өздігінен  тозаңданудың ұзаққа созылуы бұл  сорт тұқымының басқа сорттардың тұқымымен араласып кетуі, агротехникасының дұрыс қолданылмауы, өнгіштігі және өніп шығу қуаты, нашар тұқым себілуі бұл сорттың өзіне тән шаруашылық құндылығымен технологиялық сапасы нашарлап және жойылып кетуіне, яғни тұқымның ұрпақ қуалау қасиетінің немесе сорттың мүлде өзгеріп кетуіне апарып соқтыруы әбден мүмкін болатын жағдай.

Өсіп жетілуге бейімділігі күшті және сортының сапасы жақсартылған тұқым өндіру элита  тұқымын өсіретін арнаулы шаруашылықтарда  жүзеге асырылады.

 

Мақтаның  элита тұқымы жыл сайын үш жүйемен  сорттарды өзара: 1.   будандастыру питомнигімен;

2.    тұқым питомнигімен;

3. тұқымды өсіріп көбейту питомнигімен  ұйымдастыру жолымен өндіріледі.

 

Элита және бірінші репродукция тұқымы бес  жылдық жүйе бойынша сортты жаңарту  жолымен өндіріледі:

- бірінші  жылы арнайы бөлінген – элита  тұқым шаруашылықтарында элита  тұқымы өндіріледі.

- екінші  жылы элита тұқымын өсіретін  шаруашылықтарда бірінші репродукция  тұқымы өндіріледі.

- үшінші  жылы элита және бірінші репродукция  тұқымы өсірілетін белгілі бір  ауданларлың мол өнім алуға  неғұрлым қолайлы жағдайы бар  шаруашылықтарда екінші репродукция  тұқымы өндіріледі.

- төртінші  жылы мақта тазалайтын әр бір  завод жұмыс істейтін аймақта  үшінші репродукция тұқымы өндіріледі. Мұнда осы элита тұқымын өсіретін  шаруашылық жұмыс істейтін аймақтағы  бүкіл егіс көлемін тұқыммен  қамтамасыз ету мүмкіндіктері  ескеріледі.

- бесінші  жылы төртінші репродукция тұқымы  өндіріледі, егін егіледі.

 

 

 

Мақтаның түпнұсқалық (элиталық) тұқымдық шитін өндіру технологиясы

 

Жоғары сапалы сорттық тұқымды шығаруда арнаулы  шаралардың өте  қатаң түрде мұқияттылықпен жүргізілуін талап, осы жиынтықтардан  кейін барып тұқым шаруашылығы  ұйымдастырылады. Тұқым шаруашылығының бағыты жоғары сапалы сорттық түпнұсқалық  тұқымды, барлық морфологиялық, шаруашылық – биологиялық белгі мен қасиеттерін  өзіне тән сақтап, көбейту. Олар IV-V үлгілі талшықтардан тұратын орта талшықты мақта болуы тиіс.

Жаңа сорттық  тұпнұсқалы тұқымы өндірісінің селекциялық  жұмыстары өте үлкен алқаптарда жүргізілуі керек.

Мұнда келешектік жаңа сорттар түзіледі және көбейтіледі. Жаңа сорттың алдын-ала көбейтілуге  беріліп, бір немесе бірнеше негізгі  белгілерімен жақсы болуы тиіс, ал басқа белгілерімен бақылаулы аудандастырылған сорттардан жаман болмауы керек. Түпнұсқалық мақта тұқымының  барлық мәліметтері мен толық  мінездемелері бақылаулық аудандастырылған сорттармен салыстырмалы болуы тиіс.

Жаңа сорттың  алдын-ала көбейтілуіне, 1 гектер жер  бөлінеді, ал ұялық жиынтық себілу мөлшерімен сәйкес 3 гектар жерді қамтып. Гектарына себілу мөлшерімен сәйкес 3 гектар жерді қамтып, гектарына  себілу мөлшері 40-45 кг. жалаңаштандырылған шит себілу қажет.

Сонымен қатар  әр жекешелік сұрыптау мінездемелері  бір мезгілде болуы керек, мысалға: тұқым салмағы, талшық ұзындығы, ал ұялық жағынан шаруашылық сапасымен  талшықтың технологиялық қасиеті.

Түпнұсқалық жаңа сорттық тұқымының барлық өндіру жұмыстары селекционердің тікелей  бақылауында болуы тиіс.

Жұмыс бағыты үздіксіз жекешелік сұрыптау тәсілімен  жүргізіліп, ұрпақтары тексеріледі.

Жаңа сорттарды  алдын-ала көбейтілуі жұмыстарына  бес-алты сорттарды қосып тіркеуге болғанымен және де әр түрлі ботаникалық  үлгілерге қарайтын, сондай-ақ морфологиялық  белгілерімен тез ерекшеленетін  сорттармен жұмыс жүргізуге болмайды.

Информация о работе Мақта шаруашылығы