Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 23:10, реферат

Описание работы

Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз оп-оңай жетеді. Ол үшін тек қана ірі жаратылған піл, түйе, мамонт сияқты тіршілік иелерін мысалға келтірудің тіпті де қажеті шамалы. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек...
Сіз өміріңізде тым болмаса бір рет араның ұясын қолыңызға ұстап көрдіңіз бе?! Көрмесеңіз солай етуге кеңес береміз.

Содержание

Кіріспе
1. Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы
1.1. Араның пайдасы шаш етектен...
1.2. Араның жойылуынан келетін қауіп көп
2. Бал арасының адамға пайдасы
2.1. Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері
2.2. Балдың құрамы мен қуаты:
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Бал арасының ауыл шаруашылығындағы маңызы.docx

— 389.18 Кб (Скачать)

Жоспар:

Кіріспе

1. Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы

1.1. Араның пайдасы шаш етектен...

1.2. Араның жойылуынан келетін қауіп көп

2. Бал арасының адамға пайдасы

2.1. Ара балының басты  ем болатын аурулары мен оны  емге қолдану тәсілдері 

2.2. Балдың құрамы мен қуаты:

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Бізді қоршаған  табиғат небір тылсым сырларға  толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне  көзіңіз оп-оңай жетеді. Ол үшін  тек қана ірі жаратылған піл,  түйе, мамонт сияқты тіршілік  иелерін мысалға келтірудің тіпті  де қажеті шамалы. Мысалы, араны  алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап  маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге  қонып, сіз бен біз үшін бал  жинайтын ара... Оның өмір сүру  қалыбы тылсым сырларға толы. Солардың кейбірі жайлы жеке  сөз қозғап көрсек...

        Сіз өміріңізде  тым болмаса бір рет араның  ұясын қолыңызға ұстап көрдіңіз  бе?! Көрмесеңіз солай етуге кеңес  береміз. Әрине, бал аралары  айнала ұшып, құжынап, бал құйып  жатқан «қызметтегі» ұяны емес. Күзге салым босап қалатын  немесе дүкендерде балымен қоса  сатылатын осынау араның мекенін  қолыңызға ұстап бір сәт бағамдаңызшы. Небір кереметті көрер едіңіз. Мен бұл кереметті қалай сезіндім?

        Көрші үйдегі  сарай боғатына салынған ара  ұясы күзге салым жерде домалап  жатқан еді. Алты ай қыс қар  мен жаңбырдың астында мыжылған  әлгі ұя келер жазда сол  маңда әлі домалап жатты. Ойын  балалары қызық көріп, ләңгі  іспетті тепкілесті. Соған да  төтеп берген ескі ұяны олар, тіпті болмаған соң, қолдан  бұтарлаған болатын. Осы көрініске  қарап тұрып: «өздері жейде  түймесіндей кіп-кішкене ғана  бола тұра аралар осындай мықты  үйді қалай соғады екен?» деп  ойға қалған едім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы

 

Еңбекқор жәндіктің ыңғайын тауып өсірген адамға пайдасы ұшан-теңіз. 1990 жылға дейін еліміз 10 мың тоннаға жуық ара балын шетке экспорттаған екен. Ғалымдар елімізде сол уақытта 10 миллионнан астам ара болған деседі. Бүгінде соның 400 мыңы ғана қалыпты. Кеңес Одағы кезінде балды экспорттаушы үш елдің ішінде Украина, Ресейден кейінгі үшінші орында Қазақстан тұрған екен. Ал бүгінде ара шараушылығына көптеп көңіл бөлінбеудің салдарынан 3 мың тоннаға жетер-жетпес бал шетке шығарылады. Онда да оның көбін жеке шаруашылықпен айналысатындар өндіреді. 
Өзбекстан мен Қырғызстаннан әкелінетін балдың бір келісі 500-600 теңге болса, елімізде өндірілген өнім 800 теңге тұрады. Тіпті кей аймақтарда 1 200-1 500 теңгеге дейін барады. Оның үстіне қытайлық баға да бет қаратпай тұр. Көршілерден келген арзан әрі сапасыз бал дүкен сөрелерінде сіресіп тұр...  
Дүниежүзілік омарташылар қауымдастығына еліміз мүшелікке өте алмай отыр. Өйткені жағдай мәз емес. Тіпті экономикасы көш соңында қалған дейтін Тәжікстанның өзі – осы одаққа мүше. Кәсіп көзін тапсақ, ара балынан бренд жасауға болар еді. Оған мойнымыз жар берер емес. Хиросима мен Нагасакидің қайғылы қасіретінен кейін Жапония балды үзбей пайдаланып келеді. Радиацияның зардабын жоятын балдың көмегі көп екенін жапондықтар беске біледі. Оған арнайы бағдарлама да жасалған. Жуырда ғана Жапониядағы орын алған атом стансысының зардабынан кейін балға деген сұраныстың күрт артары сөзсіз. Арабтар да өткен жылы «халал бал жасаса, алар едік» деп ұсыныс айтыпты. Осы тұсты тиімді пайдалана алсақ, қазына қоржынын қомақтыландыруға көп үлес қосылар еді...  
Кезінде ара өсірушілердің басым бөлігінің Ресейге, Германияға қоныс аударуынан омарта шаруашылығы ойсырап қалды. Қандастарымыздың арамен айналысуға құлықсыз екені белгілі. Бір «отар» арадан бір маусымда 12 миллион теңге таза табыс табуға болады екен. Бірақ оған қазекемнің мойны жар берер ме? Ірі қара мен жылқы сияқты көз алдында қарайып жүрмеген соң, ара шіркінді малға санамайды. Жыл сайын қойы қоздап, бұзауы мөңіремеген соң, мал санатына жатпайтын арадан қыруар пайда табасың десе де, аттап аяқ баспайды. Тарқатылуы тиіс түйткілдердің бірі де – осы. Бүгінде ара балының 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында да бал шаруашылықтары бар. Бірақ там-тұм. Шымкенттен Сарыағаш, Түркістан, Таразға қарай шығатын жол бойында жағалай бал сататындар көп. Өздері өндірген өнімдерін өздері саудалап, әйтеуір, өлместің күнін кешкен бір күй. Осылардың бәрінің басын қосып, орталықтандырып, шетке экспорттауға жұмылдырса ғой. Оның үстіне қазір «самопал» бал әзірлейтіндер көбейіп кетті. Құр шекерден дайындалатын мұндай өнімнің денсаулыққа пайдасы емес, кері әсер етері сөзсіз. Шыны ыдыстың түбіне тұнып қалатын әсіре бал өндірушілерді құрықтап, жауапқа тартып жатқан жан тағы жоқ. «Ұсталмаған ұры емес» деп, олар базардағы сауданың көрігін қыздырып жүр... Бүгінде балды терең өңдеу күн тәртібіндегі басты мәселеге айналып отыр. Тіпті мамандарымыз тиісті зауыт салса да, артықтық етпейді деп отыр. Осыны елімізде кеңінен өріс алған ауқымды бағдарламаларға енгізсе, орынды болар еді. Сондай-ақ басты мәселенің екінші тармағына омарташы мамандар тапшылығын жатқызуға болады. Орта кәсіптік білім жүйесіне осы мамандарды даярлауды енгізсе. Бүгінде осы салада нанын тауып жеп жүргендердің дені – Ресейде оқып келгендер. Одан бөлек осы салаға байланысты жаңалықтардың денін олар интернет арқылы алып білімдерін жетілдіріп отырады. Әрине, ресейлік сайттар арқылы...  
 
1.1. Араның пайдасы шаш етектен...

 
 
Негізінен, ара өсіру – аграрлық салаға өте тиімді. Мәселен, мақсары, күнбағыс өсірсе, ара бөлетін тозаң  өсімдіктің тез жетілуіне, мол өнім алуға әсер етеді. Далада ұшып, қонып, ызыңдаған даусымен мазаны алатын араның табиғи таза ресурстарды сақтаушы күш екенін екінің бірі біле бермейді. Шетелдік ғалымдар араларды жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсартуда басты фактор деп септейді. Оның ең бастысы – қара топырақтың құнарлылығын қалпына келтіре алатындығында. Ол шөптің түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналуына септігін тигізіп, құнарлылығын арттырады. Соңғы кездегі қылтиған қауіптердің бірі – бал арасы азықтанатын өсімдіктердің қатары сиреп барады. Егіс алқаптарына улы химикаттар көп себіледі. Осының салдарынан табиғатқа залал келуде.  

1.2. Араның жойылуынан келетін қауіп көп

 
   
Қазір әлемдегі түрлі қауіп-қатерлердің көбеюімен қоса, адамзатқа келер тағы бір қауіптің басы қылтиды. Ол – табиғат тепе-теңдігін сақтаушы кәдімгі бал арасының жойылып бара жатқандығы. Мәселен, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде аралар түгелге жуық жойылып кеткен. Соңғы кездері аралардың 10-15 пайызға азайып кеткендігін айтып, әлем ғалымдары дабыл қағуда. Әлем омарташылары бас біріктіріп, жедел ұсыныс қабылдауға асығуда. Америкалық омарташылар қоғамы Үкіметтен араларды көбейту үшін арнайы бағдарлама қабылдап, осы саланы дамытуға 50 миллион доллар бөлуді сұрап отыр. Ұлыбританиялық бал арасы шаруашылығы ассоциациясы осы сала үшін арнайы бағдарлама жасауға 8 миллион фунт стерлинг бөлуді өтініпті. Міне, өзге елдерде араның азаюына байланысты осындай іс-шаралар қолға алынған. Ал біз қамсыз отырмыз. Алпауыт елдермен бәйге жарыстыра алмаспыз, дегенмен табиғатты қорғап қалу үшін тамшыдай болса да үлес қосуға болар еді. Әлі де кеш емес...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бал арасының адамға пайдасы

 

 

       Аралар тобы  бал жинау үшін әуелі ұясын  сайлайды екен. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара жұмыспен тек қана  жұмысшы аралар айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысатындары  - басқалар. Зер салып қарасаңыз,  бал құйылатын ұя клеткаларының  алты бұрышты екендігін және  әрбір қабырғасы мен бұрыштарының  өлшемі бір бірімен керемет  үйлесімділікпен дәл келетінін  байқайсыз. Бейне бір түзу, сызық  бойына сызғышпен өлшей отырып, әдейі орналастырғандай дәлдікпен  жасалған.

Осы жерде «Ол неге үш, төрт я  болмаса жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» деген сауал  туындауы мүмкін. Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор-клеткаларын  бір бірімен үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете  орналастыру ісінде алты бұрышты  геометриялық кескіннен артық қолайлы  «сәулет» өнері мүмкін емес көрінеді. Қолыңызға қалам алып, өзіңіз де жайлап сызып қарасаңыз, алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өзінен сұранып  тұрғанын байқайсыз. Яғни алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ине шаншар жер қалмайды екен.

Ғалым Ибн әл-Қайымның «Шипа» атты еңбегінде дәлелдеуінше, осындай  үлкен шеберлікпен салынатын  ара «үйінің» тағы бір артықшылығы  бар көрінеді. Атап айтқанда, бал  арасын еш қуыс қалдырмастан толтыруға  тек алты бұрышты ыдыс қана ыңғайлы. Үш, төрт бұрыштыға да бал құюға  болады. Алайда оның бұрыштары аса  кең болмағандықтан, бал жарықтық оны толық толтыра алмайтынға ұқсайды.

Заманауи жабдықтармен жарақтанған  қазіргі құрылысшылардың өзі  осындай алты қанат үйлерді бір  біріне жапсарластыра, сантиметрлік аса  дәлдікпен сала алар ма еді?

       Жұмысшы бал  арасының гүлді өсімдіктердің  шырынынан өңдеп шығаратын өнімі  – қоймалжың, тәтті сұйықты  бал деп атайды. Және де бал  арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

       Ара – ара  патшасы, еркек ара, жұмысшы  ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы  араның дене тұрқы кішілеу,  өңі қара, басы, кеудесі және жонында  сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында  үш жай, екі күрделі көзі  болады. Аузы үлкен, бал жинауға  қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі  жұп жарғақ қанаты бар. Үш  жұп аяғының тозаң жинайтын  себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген  конус тәрізді, сауыр жағында  қара сары түсті 1-4-ке дейін  келген қара белдеулер бар.  Құйрығында үшкілдеу безі және  шанышқы инесі болады.

       Бауыр жағында  төрт түп балауыз пластинкасының  ішіндегі балауыз безі балауыз  бөліп шығарады.

       Ара патшасының  денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею  органы ерекше жетілген. Еркек  ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық  жағы жұмыр болады. У безі және  шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы  мен еркек араның ауыз қуысы  кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын  жинайтын тозаң себеті, сондай  – ақ балауыз шығаратын балауыз  безі болады.

       Ара топтасып  тіршілік етеді. Ара үйірі бір  ғана ара патшасы мен бірнеше  жүздеген еркек арадан және  он мың-даған жұмысшы аралардан  құралады. Ара патшасының бірден  бір міндеті – жұмысшы араларға  гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру,  балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау  сондай – ақ, қорғау міндетін  атқарады. Еркек араның бірден  – бір міндеті – ара патшасымен  шағылысу. Араның бөліп шығаратын  балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке  жасалады.

       Жинау мен өңдеу  – жаз және күз айларында  омарта ішіне жиналған балды  алу әдістері бойынша сауып  алады. Дәрілікке жасалатын балды  отқа жылытып, сұйылған сүзгіден  өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және  сарғылт түсті болады. Жаз, күз  мезгілдері тұнық өсімдік майы  тектес сұйықтау болып, қыс  мезгілінде қоюланып, шекер өңдес  іріткі кристаллға айналады. Балы  – тәтті, дәмді, усыз болады.

       Негізінен, ара  балы бір шырынды және көп  шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды  бал – тек өсімдіктердің бір  түрінен ғана жиналған шырын.  Оны өсімдіктердің түріне қарай  – қара-құмық балы, жөке ағашының  балы деп, неше түрлі атайды.

       Көп шырынды  бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен  жиналған шырын. Оны табиғи  бал беретін өңірлерге байланысты  дала балы, тау балы, бақ балы  деп ерекшелейді. 

       Өмірде табиғи  балды ажырату оңай емес. Қантты  бал араны қант шырынымен қо-ректендіру  арқылы алынады. Сатушылар оны  табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды  ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді.  Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың құрамында крахмал-дың бар екендігінің айғағы.

       Гүлдейтін қанша  ма өсім-діктер бар болса, сонша  ма балдың түрлері бар. Біз  енді солардың бастыларын атап  айтсақ.

       Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

       Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

       Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

       Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

       Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

       Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

 

2.1. Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері

 

1. Қол-аяқ жансызданған-да, сары ара ұясының үлкені-нен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышы-маға бірнеше рет жағады.

3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұн-дырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

4. Ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясы-ның ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жа-раға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.

12. Отқа, қайнаған суға күй-ген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қо-сып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.

16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қо-сып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

17. Мәйітті бір мезгіл сақ-тауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұ-зылмайды.Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.

Информация о работе Бал арасының халық шаруашылығындағы маңызы