Астық жинауға арналған машиналар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 22:04, лекция

Описание работы

Біздінң елімізде астық дақылдарын бір фазды, екі фазды, (бөлектеп жинау) және үш фазды әдістермен жинайды. Бір фазды әдіспен астық жинау дегеніміз — оны тікелей комбайнмен орып, бастырады, яғни агрегаттын, бір жұмысшы жүрісінде барлық ору, бастыру жұмыстары атқарылады. Бұл әдіс онша тиімді емес.

Работа содержит 1 файл

АСТЫҢ ЖИНАЙТЫН КОМБАИНДАР.doc

— 28.50 Кб (Скачать)

АСТЫҚ ЖИНАЙТЫН КОМБАИНДАР

 

Біздінң елімізде астық дақылдарын бір фазды, екі фазды, (бөлектеп жинау) және үш фазды әдістермен жинайды. Бір фазды әдіспен астық жинау дегеніміз — оны тікелей комбайнмен орып, бастырады, яғни агрегаттын, бір жұмысшы жүрісінде барлық ору, бастыру жұмыстары атқарылады. Бұл әдіс онша тиімді емес.

Астықты екі фазды әдіспен  жинау дегеніміз – оны арнаулы жаткалармен орып, дестеге жинайды. Бұл дестені жерде жатып кепкеннен кейін комбайнмен бастырады. Бұл әдістің көптеген артықшылық жақтары бар. Екі фазды әдіспен жинау үшін астықты толық пісуден 7 – 8 күн бұрын ора бастайды. Ерте орылғандықтан астық жинау науқанын тез бітіруден басқа, астықтың шығынын да азайтады және әрбір центнер өнімге жұмсалатын шығын да кемиді. Оның себебі астық дәндері дестеде жатып кебу кезінде, сабақтарында қалған ақырғы қоректі заттарды түгел пайдаланады да, толықсып піседі. Оған коса астық көк күйінде шабылғандықтан дәндердің төгілуіне мүмкіндік болмайды және піскен масақтардың сынып жерге түсуіне де жол берілмейді.

Екі фазды әдіспен астық  жинау тиімді болу үшін, оларға бірнеше  агротехникалық шарттар   қойылады. Сол шаралар бізді қанағаттандырғанда ғана бұл әдіс тиімді болмақ. Ол щараларға  негізінен мыналар жатады;

1) жер бедері тегіс  болу керек, яғни дестені комбайнмен көтеріп, алу кезінде подборщик   саусақтары топырақты қоса жинамауға тиіс. Егер жер бедері тегіс болмаса, астыққа топырақ араласып, оның сапасын нашарлатады;

2) өсімдік сабақтарының жиілігі белгілі мөлшерден төмен болмауы керек, яғни жиналған десте кесілген сабақ түбірлерінің арасынан кұлап, жерге түспей, сол түбірлердің үстінде көтеріліп тұруға тиіс. Егер өсімдік сабақтарының арасы сирек болса, онда жиналған десте жерде жатады да, араларына ауа бармайды. Сөйтіп дестенін, кебуіне жағдай жасалмай, ол шіріп кетуі мүмкін;

3) өсімдік сабақтарының кесілген ұзындығы да белгілі мөлшерден аз болмауға тиіс. Өсімдік сабақтары қанша жиі болғанмен, бірақ қысқа болса, сабақ кұлап жерге жатады да, жоғарыда көрсетілген жағдай кайталанады. Осы шарттар орындалғанда ғана астықты екі фазды (бөлектеп) әдіспен жинауға болады.

Жоғарыда көрсетілген  екі әдістің де бір кемшілігі  бар. Ол – сабан жинаудың толық механикаландырылмағандығы. Сабан жинау үшін дән жинаудан 2 – 4 есе еңбек шығыны артық жұмсалады. Осы көрсетілген кемшіліктен құтылу үшін Қазақтың ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендіру ғылми-зерттеу институты үш фазды әдісті үсынып отыр.

Астықты үш фазды әдіспен  жинау дегеніміз – астықты жаткамен шауып дестеге жинайды да, оны транспортқа тиеп бір орынға (қырманға немесе егіс даласының бір шетіне) жинайды. Жиналған астықты комбайн бір орында тұрып бастырады. Бұл әдістің тиімділігі сол, астық та сабан да бір мезгілде жиналып бітеді. Ғылыми тұрғыдан бұл әдіс әлі де тексерілуде.

Жүмыс кезінде комбайнды реттеу үшін оның құрылысын, жұмыс технологиясын толық түсіну керек. Соларға біраз түсінік бере кетейік. Комбайн мынандай негізгі і бөліктерден тұрады: жатка, молотилка, шөмелелегіш, жүріс бөліктері мен басқару механизмдері және двигатель.

Жатка – астықты орып, оны молотилкаға жеткізеді (бір фазды әдіс кезінде) немесе дестені подборщик арқылы алып, оны молотилкаға жеткізеді (екі фазды әдіс кезінде). Молотилка – жаткадан келген астықты бастырып, дәндерді масақтан ажыратады. Ажыратылған дәндерді сабан-топаннан тазартып, бункерге жинайды, ал сабақты, топанды шөмелелегішке жеткізеді. Шөмелелегіш сабан мен топанды белгілі мөлшердегі шөмелеге жинап, егіс даласына түсіріп кетеді. Жүріс беліктері барлық қозғалатын жұмысшы мүшелерін қозғалысқа келтіріп, комбайнның өзін де жүргізеді. Ал басқару механизмдері осы жүмысшы беліктердің жұмысын баскару үшін койылған. Двигатель – комбайнның барлық қозғалатын бөлшектеріне күш береді. Төменде осылардың жұмысын реттеу жөнінде түсінік беріледі.


Информация о работе Астық жинауға арналған машиналар