Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:21, автореферат

Описание работы

Танымдық қызығушылық — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

zhunisova.doc

— 280.00 Кб (Скачать)

Диссертациялық  зерттеу жұмысының көлемі мен  құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі тараудан,  қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты, өзектілігі, мақсаты, пәні, объектісі, міндеттері, болжамы, зерттеу кезеңдері мен әдістері, ғылыми жаңалығы практикалық маңызы ашылып көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалады. 

««Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың  танымдық қызығушылығын қалыптастырудың  ғылыми-теориялық негізі» деп аталатын бірінші тарауда психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі танымдық іс әрекет ұғымының мәні мен мазмұны ашылып көрсетілген. Мектеп оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің теориялық зерттелуі және мектеп оқушыларының танымдық іс әрекетін белсендіру жолдары, «Технология» пәні арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы қарастырылып,  оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға даярлау ұсынылып, танымдық іс-әрекеттің негізгі компоненттері анықталған, оны қалыптастыру механизмі жасалып, құрамдас бөліктері айқындалды.

 ««Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі» деп аталатын екінші тарауда мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде сатылап қалыптастыру әдістемесі келтірілген. «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған. «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану талданып, мектепте қолданылатын электронды басылымдар, электронды оқулықтар құру әдістемесіне қойылатын талаптар тұжырымдалған.  ««Технология» пәніне арналған  электронды оқулық»» атты электронды оқулық ұсынылған.

Қорытынды бөлімінде ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің келешектегі зерделенетін бағыттары көрсетіледі.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері,   анықтамалар және электрондық оқулық туралы материалдар келтірілген.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

     Біз өз зерттеу жұмысымызда «Технология» пәні мұғалімдері «Тігін бұйымдарын дайындауда ақпараттық технологияларды қолдану» атты әдістемелік оқу құралын жасай отырып, «Технология» пәнінің 5-9 сыныптарда «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде қолөнер технологиясы», 10-11 сыныптардағы «Өндірістік технологиялық элементтер» бөлімі, бойынша міндетті игерілетін білім, білік, дағдыларын ескере отырып, осы бөлімде орындалатын оқушылардың өзіндік жұмысы болып саналынатын шығармашылық жоба жұмыстарына әдістемелік нұсқау, олардың тақырыптарының түрлерін, оқушылардың өндірістік технологиялар негізінде киім үлгісін құрастыру қабілеттіліктерін дамыту мақсатында «Технология пәні. Өндірістік технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып қыздар)»  атты электронды оқу әдістемелік құралы  жасалды. Сонымен технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін «педагогикалық жүйе» жасалынды. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірістік технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу элементтерін қолдану арқылы оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру

Жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын, өзін-өзі көрсетуіне көмек жасайтын және соны өнім жасап  шығаруы бойынша іс-әрекетке дайындығы  мен білімділігін қамтамассыз ететін мотивациялық, іс-әрекеттік және және шығармашылық компоненттері бар жеке тұлғаның интегративтік қасиеті деп түсіне отырып, біз еңбекке оқытуды танымдық қызығушылықты қалыптастыру ұстанымы тұрғысынан қарастырамыз.

Технология сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруды зерттеу осы дамуға әсер ететін факторлар жөніндегі идеяларды негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар мыналар:

-оқушылардың сабаққа  деген танымдық қызығушылығын  қалыптастыру үшін, шығармашылық  қабілеттілікті бекіту мен дамыту үшін өте бай мүмкіндіктері бар оқу материалының мазмұны;

-мектеп оқушыларының  өзінше танымдық қызығушылығын  арттыруға және олардың берілген  ақпараттарды игеруіне көмектесуге  бағытталған педагогикалық тұрғыда  әдістер мен формалар.

 

1 –кесте. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық жүйесі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылып отырған педагогикалық  жүйе жұмысының кезеңдері:

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі көрсетуіне көмек жасайтын және соны өнім жасап  шығаруы бойынша іс-әрекетке дайындығы мен білімділігін қамтамасыз ететін мотивациялық, іс-әрекеттік және шығармашылық компоненттері бар жеке тұлғаның интегративтік қасиеті деп түсіне отырып, біз еңбекке оқытуды шығармашылық қабілеттіліктерді қалыптастыру ұстанымы түрғысынан қарастырамыз.

Технология сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын  қалыптастыруды зерттеу осы дамуға әсер ететін факторлар жөніндегі  иделарды негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар мыналар:

-оқушылардың сабаққа  деген қызығушылығын қалыптастыру үшін, шығармашылық қабілеттілікті бекіту мен дамыту үшін өте бай мүмкіндіктері бар оқу материалының мазмұны;

-мектеп оқушыларының өзінше  шығармашылық ізденісін арттыруға  және олардың берілген ақпараттарды  игеруіне көмектесуге бағытталған  педагогикалық тұрғыда әдістер мен формалар

Білім беру ұйымының басшылығы  білім беру стандарты негізіндегі  оқыту нәтижелерін болжайды және танымдық қызығушылықты қалыптастыруда оқушының бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне  стратегиялық болжау жасайды. Оқушының өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының өзара байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде орындалады. Оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруды негізгі бес кезеңге бөлеміз (сурет 1):

 


 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. кезең Мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру: технология пәні мұғалімдерінің уақыт талабындағы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған даярлығын жетілдіру мақсатында технология пәні бойынша электрондық оқулықты технология сабақтарында пайдалану.
  2. кезең Оқушылардағы білім, білік, дағды қалыптастыру: Оқушылардың жоғарыда аталған электронды оқулық негізінде киімді құрастыру және моделдеудің әлемдік тәжірбиелерін әдіс тәсілдері арқылы теориялық білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
  3. кезең Оқушылардың танымдық қызығушылық ізденісі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын электронды оқулықты қолдану арқылы киімдерді құрастырып, модльдеу жолдарын іздеу, тақырып табу мақсатында кіріспе сайыс -сабақ өткізу.
  4. кезең Оқушылардың өз бетінше жұмысы. Оқушылардың таңдаған немесе ұсынылған тақырып бойынша жұмыстары: ізденушілік-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды кезеңдері бойынша орындалатын іс-әрекеттерінің нәтижесі.

      5 кезең Оқыту арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйесін жүзеге асыру: оқыту арқылы танымдық іс-әрекетті қалыптастыру нәтижесін бағалау, түзетулер енгізу, ұсыныстар әзірлеу

 Танымдық қызығушылық – оқушылардың танымдық мотивтеріне мотивациялық  тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Оқушылардың мектепте білім алуы, қалыптасуы, дағдыларының дамытылуы оларды шығармашылықпен еңбек етуге үйретеді.

Оқу үдерісінде оқушылардың  танымдық қызығушылығын қалыптастырудың  өзара байланысқан төрт компоненттен тұратын: мотивациялық-еріктік, мазмұндылық, әрекетті-тәжірибелік, бақылау-бағалау құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 2). Модельде педагогикалық үдерістің келесі әдістері ұсынылады: проблемалық-ізденушілік, практикалық (тәжірибелер өткізу, шығармашылық тапсырмаларды орындау), педагогикалық ынталандыру (қолдау көрсету, жетістікке жетуге жағдай туғызу, ынталандыру), зерттеушілік (эксперименттер жасау, болжамдар, модельдеу), өзіндік-саналық әдістер (өздігінен талдау, рефлексия жүргізу т.б.).

 

2-кесте Оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру моделі

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

 

 

 

 

 

Мотивациялық-еріктік компонент

 

 

 

 

Тұлғаның танымдық қызығушылықты қажетсінуі мен танымдық қызығушылыққа ынтасы

- танымдық қызығушылықтың тұлғалық-құндылық маңызын түсінуі;

- өмірде өз орнын табуға деген  құлшынысы;

- өз мүмкіндіктерін тануға, жетілдіруге деген ұмтылысы;

-  белгіленген кезеңде атқаратын  қызығушылыққа ынтасы, өзгермелі өмірге икемделуге деген құлшынысы;

- жаңа ақпарат ағымын үздіксіз  меңгеруге деген талпынысы;

- «ақпарат-білім-ақпарат» жүйесінде  өзінің танымдық қызығушылығын жетілдіруге қабілеттілігі.

 

 

Мазмұндылық компонент

 

Жүйелілік, біртұтастық, игерілген  білімнің тереңдігі

- пәндік білімді танымдық қызығушылықты тұрақты және жүйелі қолдануы;

- танымдық қызығушылықты шығармашылық тұрғыда меңгеруі;

- танымдық қызығушылықты дамытудың тәсілдерін меңгеруі;

- танымдық қызығушылықты жүзеге асырудың тәсілі мен мазмұнын түсінуі.                                              

 

 

Әрекетті-тәжірибелік компонент

Танымдық қызығушылық негіздерін игеруі және оны тәжірибеде қолдана білуі, құзыреттілік деңгейінің қалыптасуы

- өз бетінше танымдық қызығушылықты жүзеге асыруы;    

- танымдық жағдаяттарға талдау  жасай білуі;

- танымдық қызығушылықты атқару барысында дәстүрлі емес шешімдер қабылдауы;    

- танымдық қызығушылықты қалыптастыру бағытында туындаған жағдаяттарды өз бетінше шеше білуі;   

- танымдық қызығушылықты жоспарлауы және оны тиімді ұйымдастыру жолдарын таба білуі.

 

 

Бақылау-бағалау компоненті

 

Танымдық қызығушылықты рефлексиялау қабілетінің дамуы

- танымдық қызығушылықты обьективті бағалай білуі;

- танымдық қызығушылықтың маңызды сипаттамасы ретінде өзін өзі бақылау мен бағалау дағдыларын меңгеруі;

- танымдық қызығушылыққа талдау жасай білуі; рефлексия;

- танымдық қызығушылықты қалыптастыруда жіберілген кемшіліктерді анықтауы және түзету енгізуі.


Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру. Бірінші компоненттің негізгі мақсаты мұғалімдердің теориялық білімдерін жетілдіру болып табылады. Технология пәні мұғалімі сала бойынша технологиялық білік, дағды, іскерліктерді игерген кәсіби маман. Ол оқулық мазмұны бойынша оқушының білім, білік, дағдыларын теориялық және практикалық іске асыруына педагогикалық іс- әрекет жасай отырып, әлеуметтік қажеттілік пен қоғамдағы өзгерістерге байланысты теориялық және практикалық білімін жаңа әдіс-тәсілдермен жетілдірудің қажеттілігі туындайды. Міне осы орайда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін көтеру мақсатында біз технология пәніне арналған электронды оқулықты жасадық.

Біз ұсынып отырған «педагогикалық жүйе» «Технология пәні. Өндірістік технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралын,  «Технология пәні. Ақпараттандыру технологиясының элементтері (8-9 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралын және «Тігін бұйымдарын дайындауда ақпараттық технологияларды қолдану» атты  әдістемелік оқу құралын  әдістемелік қамсыздандыруға біріктіреді.

 «Технология пәні. Өндірістік технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралының қысқаша мазмұнына тоқталайық. Электронды оқулықта берілген материалдар, оны пайдаланған мұғалімдердің киімдерді құрастыру және моделдеу әдістері, бөлімдер бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтайтын бақылау сұрақтары мен технологиялық білім берудегі әдістемеліктерін толықтыруға, оқушылардың құрастыру мен моделдеуге бағытталған танымдық қызығушылығын, білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Белгіленген міндетті шешу үшін технология пәніне арналған электронды оқулықта (10 сынып қыздар) әр бөлім бойынша барлық оқылатын теориялык, практикалық және өз бетінше орындайтын жұмыстарының барлық түрлері қамтылды:

 Әр бөлімге арналған оқушылардың білімін бекіту мақсатында бақылау сұрақтары берілген.

Эксперименттік жұмысы Қызылорда қаласының №257 қазақ орта мектебінде  өтті.  Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесін негізге ала отырып, біз эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде оқушылардың танымдық қызығушылық негізінде белгілі шығармашылық еңбекке бағытталған білім, іскерлік және дағдысын, яғни технологиялық білімдерін қалыптастыруға орай ізденістерін тексеру көзделді.

Технология пәнін оқыту  үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын  қалыптастыру әдістемесін жетілдіру мақсатында біз сонымен бірге оларға “Өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу” деп аталатын факультативтік  сабағын меңгертеміз (2-кесте).

Сабақтың міндеттері: жоғары сынып оқушыларына өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеудің негізгі құрылымдарын қолдана білуге үйрету; сол арқылы оқушыларды технология құрылғыларымен таныстыру, әдіс қолданысын жетік білу арқылы технология пәнін қажетті машықтарды практикалық тұрғыда шешу іс-әрекеттерін қалыптастыру және технологиялық білімді автоматты түрде дербес компьютер көмегімен шығаруға дағдыландыру. Сабақты оқыту барысында мынадай функциялар жүзеге асырылады:

  • оқу мазмұнын меңгертуде  пәнаралық байланысты іске асыру;
  • ЭЕМ-ді қолдану саласындағы дағдыларды дамыту және тереңдету.

Жоғары сынып  оқушыларының ақпараттық технологияны технологиялық білімді қалыптастыру мазмұны оқушылар үшін қабылдауға жеңіл, түсінікті, олардың күнделікті өмір қажетін толық қанағаттандыратындай, өздігінен ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға бағыттайтындай болуы керек.

 

 

3-кесте – “Өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу”  деп аталатын факультативтік сабақтың тақырыптық жоспары

 

Бөлімнің аты

                   Бөлінген сағаттар

теория

практика 

Барлығы

1

Кіріспе

2

-

2

2

Арнайы жабдықталған кәсіптік тігін  машиналары

4

-

4

3

Иық бұйымдарын жобалау

2

18

20

4

Жеңіл киім бұйымдар түйіндерінің және негізгі жеке бөліктердің өңделуі

-

24

24

5

Костюм тарихы

2

8

10

6

Жобалау шығармашылық жұмыстар

-

6

6

7

Жобалау шығармашылық жұмыстарын қорғау

-

2

2

8

Барлығы

10

58

68

Информация о работе Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері