Әкімшілік құқықтың қайнар көздері

Дата добавления: 15 Марта 2012 в 20:24
Автор: a*********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (27.90 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.docx

  —  30.61 Кб

 

    Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде мақұлдаған нысандары. Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1)Субъектілердің  белгілі бір категориялары  орындау үшін  міндетті  бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2)Осындай  болуы  үшін  мемлекеттік билік ресми түрде  мақұлдауы қажет;

3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.       

 Жалпы алғанда,  еліміздің көптеген заңгер-ғалымдары құқық нысанына немесе қайнар көздеріне мыналарды жатқызады:

1) нормативті-құқықтық акт - бұл осыны шығаруға құзырлығы бар, заңмен белгіленген тәртіпте қабылданған, жалпыға міндетті сипаты бар  құқық нормаларынан тұратын, бірнеше рет қолданылуға арналған ресми құжат. Нормативті-құқықтық акт -қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін  негізгі құрал, сондықтан да құқықтың қайнар көздері ішінде ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Нормативті -құқықтық актті заңдық күшіне байланысты екі топқа бөлуге болады:  заң (мысалы, ҚР Конституциясы, "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заң, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі және т.б. ) және заң күшіндегі актілер (ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, ҚР Үкіметінің қаулысы мен өкімі және т.б.).

2) құқықтық әдет-құрып -бұл ұзақ уақыт бойында бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әдетке енген және мемлекет санкциялаған мінез-құлық ережелері. Құқықтық  әдет-ғұрып мемлекет пен құқытың  ертерек даму кезеңдерінде  маңызды болды.  Қазіргі уақытта ол қайтадан өз қолданылуын тауып отыр. Осылай, 1994 жылы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық Кодексі қабылданып, оның 3 бабында  азаматтық құқықтың қайнар көздерінің бірі деп құқықтық әдет-ғұрыпты көрсетеді.

3) заң прецеденті - бұл нақты заңды іс бойынша  қабылданған  шешім және кейіннен дәл осындай істерді қарастырғанда міндетті болып басшылыққа алынады. Оның екі түрі бар: сот  және әкімшілік прецеденттер. Құқықтың бұл қайнар көздері әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқықтық жүйеде кең таралған. Ал Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды.

4) нормативті шарттар - мінез-құлық ережелерінен тұратын, екі немесе одан да көп субъектілердің келісімі және осы шартқа қатысушылар үшін міндетті күші болады.

5) Сот практикасының қорытындылары - бұл соттардың нақты істерді шешу кезінде қалыптасқан, сәйкес нормативті-құқықтық  актілермен барынша толық  реттелмеген қатынастарға  біркелкі және бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әзірленген құқықтық ережелер. Егерде олар ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен рәсімделген болса ғана құқықтың дербес қайнар көзі ретінде  ресми танылады. Сот практикасын  қорытындылау құқық қолданушылық және құқық шығармашылық  қызметте зор рөл атқарады, өйткені  сот практикасын есепке алып талқыламаусыз  соттардың қызмет етулері, заңнаманың болуы, жалпы, заң ғылымының дамуы мүмкін емес. Олар құқықтағы кемшіліктердің орнын толтыруда, сондай-ақ қолданыстағы құқық нормаларын нақтылау кезінде өте маңызды мәнге ие болады.

6) Ғылыми құқықтық доктрина - бұл заң ғылымының қандайда болсын саласында  қалыптасқан, жалпыға  мәлім ресми көзқарастар, жағдайлар мен қағидалар жүйесі. Ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес және соның негізінде  мыналар жүзеге асырылады:

- құқық шығармашылық қызмет;

- құқық нормаларын қолдану барсында  заң баптарына түсінік беру;

- құқықтағы кемшіліктерді жою.        

 Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина  құқықтың қайнар көзінің функциясын атқарады, бірақта оны бірқатар  себептер бойынша әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі бола алмайды.Сөйтіп, Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде  нормативті-құқықтық акт және нормативті шарттар ғана танылды. Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзідерінің басқа құқық салаларының қайнар көздерінен өз ерекшеліктері болады. Олар әкімшіліктің құқық реттейтін қатынастардың мазмұнымен, құқықтық реттеу әдісімен және әкімшіліктің құқықтың субъектілерінің ерекшеліктерімен айқындалады.  Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акт- бұл құқық нормасынан тұратын, заңды күші бар,  белгіленген тәртіпте құзырлы орган шығарған, атқарушы билік органының  ресми құқық шығармашылық актісі. Қазіргі уақытта ол басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды құқықтық реттейтін  негізгі құрал болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынастар атқарушылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан, олардың "жоғарыдан төмен" қатаң бағыты болады, өйткені оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше көптеген субъектілерге құқық нормаларының әрекетінің таралуы тиіс, және де азаматтардың  құқықтарын қорғау үшін атқарушы билік органдары  жасайтын барлық әрекеттерді нақты, анық регламентациялау қажет, өйткені басқарылатын субъектілерді басқарушылардың бассыздығынан қорғауға кепіл болады. Нормативті -құқықтық акт барлық осы талаптарға сай келеді. Қазақстан Республикасында әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акттің көптеген түрлері бар:

1) ҚР Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз (1998 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);

2) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, 2001 жылы 31 қаңтарда қабылданған (толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);

3) ҚР Парламенті қабылдаған өзге де заңдар, мысалы, ҚР Үкіметі туралы конституциялық заң;1995 жылы 07 сәуірдегі  "Маскүнемдерді, нашақорларды және уытқұмарлық дертіне шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу туралы" ҚР Заңы;

4) ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері;

5) ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;

6)ҚР орталық атқару органдарының нұсқаулары, бұйрықтары, ережелері, жағдайлары, мысалы, ҚР ІІМ Жол Полициясының Комитеті туралы Жағдай. 2001 жылы 08  маусымдағы №777 ҚР Үкіметінің қаулысымен бектілген.

7)ҚР жергілікті атқару (облыстық, аудандық  әкімшіліктердің және т.б.) және өкілді (облыстық, қалалық, аудандық маслихаттардың) органдардың актілері;

8) ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативті қаулылары;

9) ҚР Жоғарғы Сотының  нормативті қаулылары;

10) ҚР Конституциясына және Қазақстанның территориясында  орныққан практикаға сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар танылады, мысалы, 1966ж. 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт; 1948ж. 10 желтоқсандағы адам мен азаматтың құқықтарының Жалпыға ортақ  Декларациясы;       

 Нормативті -құқықтық акт вертикаль құқықтық қатынастарды анағұрлым тиімді реттейді. Ал Әкімшіліктің құқықтың көптеген субъектілері  бір-біріне бағышынты бола бермейді, сондықтан горизонталь қатынастарды құқықтық реттеу үшін "шарт" сияқты құқықтық реттеу құралы лайықты болып келеді. Нормативті шарттың нормативті-құқықтық актіден мынадай айырмашылықтары бар:

1) шартпен қарастырылған мінез-құлық ережелері тек оның қатысушылары үшін ғана  міндетті болып табылады;

2) шарт өзара тең құқықтық мүмкіндіктері бар субъектілер арасындағы қатынастарды реттейді.       

 Әкімшілік шарт әкімшілік құқықтық қатынастардың  заңды нысаны болып табылады. Әкімшілік болып табылуы үшін, оның мынадай белгілері болуы тиіс:

1) горизонталдық әкімшілік қатынастарды реттеуі;

2) міндетті субъект ретінде  мемлекеттік басқару  органын ұйғару;

3) мемлекеттік басқару органдарының  атқарушы-бұйырушы  функцияларын жүзеге асыруы;

4) басқару органының құзырлығын анықтайтын, құқық нормасымен қарастырылған, нәтижеге жетуге бағытталған тараптардың келісімін білдіруі тиіс;

5) заңды факт ретінде қатысуы қажет, соның салдарынан  әкімшілік құқықтық қатынастар туындайды, өзгереді немесе тоқтатылады.       

 Әкімшілік шарттардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

а) мемлекет аралық;

б) үкімет аралық;

в) ведомство аралық;

г) аймақ аралық.       

 Әкімшілік құқықтың қайнар көздері  құқықтық құбылыс ретінде  одан әрі жетілдіруді және терең зерттеуді қажет етеді, атап айтқанда ғылыми құқықтық доктрина және сот практикасы сияқты  нысандардың рөлін қарастыру, "құқықтық әдет-ғұрып"  ұғымына кеңінен түсінік беру , өйткені  әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің жүйесін қоғамдық болып жатқан кез келген өзгерістерге шапшаң әсер ететіндей икемді ету үшін  және т.б. сияқты.


Описание работы
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандары. Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:
Содержание
содержание отсутствует